Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Psikh-psikh_shporrrr_2 (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
107.03 Кб
Скачать

15. Психология әдістерінің жіктелу моделін құрастырыңыз.

«Әдіс» сөзі ғылыми білім жүйесін түзу мен негіздеудің жолын білдіреді, сонымен бірге болмысты тәжірибелік және теориялық тұрғыдан игерудің тәсілдері мен қимыл-әрекеттер тобын танытады. Психологияға орайластыра әдісті психика жөніндегі деректерді алудың және оларды талдап түсінудің жолы деп білеміз. Психологиядағы  негізгі  әдістер 1. Бақылау әдісі 2.Эксперименттік  әдіс Қосалқы зерттеу әдістері. 1.Анкеттік  әдіс 2.Әңгімелесу  әдісі 3. Тест әдісі. 4.Әлеуметтік  өлшем  әдісі

Бақылау кезінде зерттеуші баланын мінез-кұлқын табиғи жағдайда белгілі бір мақсат көздей отырып кадағалайды және көріп байқағандарын көзден таса қылмай есепке алады.Бақылаудың табысты болуы оның мақсатының қаншалықты дұрыс тұжырымдалғандығына байланысты.

Эксперимент. Бақылауға зерттеушінің бала психикасындағы өзін қызықтыратын белгілерді табуына әсер ететін неғұрлым белсенді әдіс көмекке келеді.Ол — психологиялық эксперимент.Эксперимент кезінде зерттеуші баланың іс-әрекеті  өтетін жағдайды әдейі жасайды және түрін өзгертеді, олардың алдына белгілі міндет қояды. Осы міндеттің қалай шешілуіне қарай -сыналушының психологиялық ерекшеліктері қаралады.

16. Педагогикалық, даму, жас ерекшелігі психологиясының арасындағы айырмашылықтарды беріңіз

Жас ерекшелік психолгиясы – әр қилы психикалық процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтық қасиеттерін, психологиялық сапаларын зерттейтін бұл сала мынадай тармақтардан құралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологияс, ересектер психологиясы, қарт адамдар психологиясы. Бұл сала оқыту мен ақыл-ойдың дамуын және олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін зерттеп, оқыту ісіндегі адамның ақыл-ойын, сана сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын нендей әдістер арқылы өрістеуге болады деген мәселелерді іздестіреді.

Педагогикалық психология - білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық негіздерін зерттейді және жастың даму (жас ерекшелігі) психологиясымен тығыз байланысты, өйткені, білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын оқитындардың жас шамасын және даралық ерекшеліктерін ескермейінше дамыту мүмкін емес. Педагогикалық психология саласындағы зерттеулер білім беру мен тәрбиелеудің мәнін дұрыс түсінуге, оқулықтар мен оқу құралдарына қойылатын әр түрлі талаптарды анықтауға, оқушылардың ақыл-ой әрекеті мен мінез-құлығын басқара отырып, олардың дамуын қамтамасыз ететін білім беру және тәрбиелеудің тиімді тәсілдерін тауып негіздеуге мүмкіндік береді. Педагогикалық психология педагогтар мен оқушылардың арасындағы өзара қатынас мәселелерін, педагогтың жеке басына қойылатын талаптарды зерттейді, педагогикалық қабілеттер мазмұны мен қалыптасу үрдісін ашады. Сонымен қатар оқушылар ұжымындағы өзара қатынастармен, олардың психологиялық даралық ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оқу-тәрбие жұмыстарын және балалардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырып, бірқалыпты даму зандылықтарынан ауытқыған балалармен тәлім-тәрбие жұмысын жүргізу әдіс- тәсілдерінің психологиясын зерттейді. Сондай-ақ, ересек адамдармен жұмыс істеудің ерекшеліктерімен және оларды қалай оқыту мәселелерімен де шұғылданады.

Даму психологиясы — жеке адамның психикалық дамуын, өмір тіршілігінде қалыптасу зандылықтарын танып білуге көмектесетін психология ғылымының дербес саласы. Даму:

  • 1) материалдық объектілердің заңды, бағытты, қайтымсыз өзгеруі, нәтижесінде объектінің жаңа қасиеттері туындайды;

  • 2) тұлғаның сыртқы және ішкі, басқарылатын және басқарылмайтын факторлардың әсерімен даму үрдісі.

Даму кезінде адамда сандық және сапалық өзгерістер туындайды. Даму психологиясы адамның жеке басының қалыптасуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейді, адам жасының өсуіне сәйкес психикалық даму ерекшеліктерін азаматтық қасиеттерінің кемелдену жағдайларын, өзіндік ерекшеліктеріндегі психологиялық зандылықтарымен таныстырады. Даму психологиясы психикалық дамудың қозғаушы күшін, заңдылықтарын және адамның онтогенезде қалыптасуын қарастырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]