- •2. Тұлғааралық коммуникациядағы Маслоу теориясының маңызы
- •3. Мінез-құлық теориясы тұлғааралық коммуникациядағы талдану ерекшеліктері.
- •4. Экономикалық психология тұлғааралық коммуникацияның талдануы.
- •5. Когнитивті диссонанс тұлғааралық коммуникациядағы орны.
- •6. Психоаналитикалық теорияның тұлғааралық коммуникация психологияда талдануы.
- •7.Тұлғааралық коммуникациядағы альтруизм
- •8.Психология ғылымының жалпы мәселелері мен негізгі даму кезеңдерін ашып көрсетіңіз.
- •10. Психология пәні туралы түсініктердің негізгі даму кезеңдерін талдаңыз.
- •13. Мотивация және оның теорияларына анықтама беріңіз.
- •15. Психология әдістерінің жіктелу моделін құрастырыңыз.
- •16. Педагогикалық, даму, жас ерекшелігі психологиясының арасындағы айырмашылықтарды беріңіз
- •17. «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы» атты тақырыпқа интерпретация жасаңыз
- •18. Жеке адамның қажеттіліктері мен қызығушылықтарының айрмашылығын айқындаңыз.
- •19. «Ххi ғасыр – психология ғасыры» деген тақырыпта эссе жазыңыз.
- •20. Топ және топтың даму деңгейіне мысал келтіріңіз.
- •21. Психологияның даму тарихы
- •22. Мотивация және оның теориялары
- •23. Жеке адам психологиясы.
- •12. Жеке адам және оның негізгі компоненттері туралы талдаңыз
7.Тұлғааралық коммуникациядағы альтруизм
Альтруизм (лат. alter - өзге, фр. altruisme) - басқалардың мүддесі жолында өз мүддесінен бас тартуға дайын моральдық принцип, басқаларға риясыз қызмет етуге тырысу. Эгоизмге (лат. -ego - мен) қарама-қарсы және оны жаншып басуға бұйырады; бір түрдің қимыл әрекетімен басқа түрдің өмір сүру бейімділігінің артуы ал өз бейімділігінің төмендеуі.
Кейбір жануарлардың мінез-құлқы оның өзінің көбейуіне кедергі келтіріп ал бірақ сол популяцияның басқада өкілдерінің көбейуіне әсер етсе мұны альтуризмнің бір түрі деп санауға болады. Альтруистік мінез-құлық ағзалардың эволюциялықдаму жолында ерекше орын алады — егер популяцияның көпшілік өкілдері сол жолда болған жағдайда
Ұғымды мораль теориясына енгізген француз философы әрі әлеуметтанушысы О. Конт. Ол бойынша альтруизмнің - "басқалар үшін өмір сүр" - қағидасы қоғамды моральдық тұрғыда жетілдіруге көмектеседі. Альтруизм идеясы көне- шығыс өнегелік ілімдерінде көрініс тапқан. Жаңа заманда альтруизм жайлы толғамдарды ағылшын философ-моральшысы А. Шефтсбери өрбітті, этикалық ілімдердің негізгі бөлігі ретінде Ф.Хатчесонның, Адам Смиттің, Ж.Ж. Руссоның және басқаларының этикалық ілімдерінің құрамдас бөлігі ретінде қаралды. XIX ғ. басы XX ғ. ресейлік православиелік философиялық ой (К. Н. Леонтьев, Н. А. Бердяев) буржуазиялық-демократиялық моральды сынау барысында альтруизмді де сынға алды. П. А. Кропоткиннің этикасында альтруизм, басқа да өнегелік сезімдер сияқты өзін-өзі қорғауға жағдай туғызады.
Марксистік этикада коммунистік өнегеліктің негізгі қағидасы өзінің және өзгелердің мүдделерін қарсы қоюдан тұрмайды, керісінше, барлық еңбекшілердің мақсаттарының ортақтығына негізделген бірлігі деп сендірді. Буржуазиялық қоғамда альтруизм жеке қайырымдылық, рақымшылық ретінде түсіндірілді.[2]
Әлеуметтік биологияда (Э.О. Уилсон, М. Рьюз және басқалар) адамдар альтруизм мен эгоизмге бейімдікті биологиялық жолмен иеленетінін алға тартады. Альтруизм - басқалардың пайдасы үшін өзін құрбандыққа шалатын мінез-құлық. Марапат пен мадақтау күтпейтін санасыз альтруизм (альтуризмнің бұл түрі барлық түрілерде басым) және саналы, яғни, жауап ретінде өзіне игіліктер күтетін, тек адамға ғана тән түрі. Даму тұрғысынан қарағанда альтруистік қылық тірі сақталып қалу жолында мол мүмкіндіктер береді деген пайымдаулар да бар (У.Д. Гамильтон).
8.Психология ғылымының жалпы мәселелері мен негізгі даму кезеңдерін ашып көрсетіңіз.
Психология өз алдына ғылым ретінде ХІХ хасырдың 60 ж. бөлініп шықты. Оған себеп болған ғылыми-зерттеу мекемелері-психологиялық лабораториялар және институттар, жоғары оқу орындарындағы кафедралар сонымен қатар пихикалық құбылыстарды оқып-білуге байланысты экспериментті насихаттау жұмыстары. 1879ж Лейпцигте Вундт алғаш рет дүние жүзінде экспериментальды психологиядан лаборатория ашты. ХҮІІІ ғ .” Психология” терминін неміс философы Христиан Вольф кіргізді. Психологияның ғылым ретінде даму жолдары нақты кезеңдерден тұрады 1-ші кезең (б.з.дейінгі 5ғ.). Психология жан туралы ғылым ретінде. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (б.э.д. 427-347) керісінше “жан- мәңгі өлмейді, өшпейді”,- деп тұжырымдады. Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүние- материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274ж.ж.) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік берді. 2-ші кезең. Психология сана туралы ғылым ретінде. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы философтар психиканы түсінудің методологиялллық алғы шарттарының негізін қалады,оның психологияның өз алдына білімнің жеке саласы ретінде қалыптасуына ықпалы тиімді. Р.Декарт (1596-16650 ) жануарлар мен адам психикасына әр түрлі қаруды белгілейді.оның теориясы бойынша ,жануарлардың жаны жоқ олардың мінез-құлқы,сыртқы әсерге рефлекс болып табылады. Д.Локк(1632-1704) сенсуализмнің–ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері арқылы өтпейтін еш нәрсе жоқ дейтінді уағыздайтын философиялық бағыттың аса көрнекті өкілдерінің бірі.Ғалым психикалық іс-әрекет механизмін ассоциациялардан ,яғни жеке түсініктер мен идеялар арасындағы байланыстардан көреді.Д.Локк сананы өзімен-өзі тұйықтап,сана туралы ілімде іс жұзінде декарттық тұрғыда қалып қойды. 3-ші кезең. Психология іс-әрекет туралы ғылым ретінде. 1913жылы американ психологы Д.Уотсонның психологияны мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрді. Зерттеуші интроспекция әдісін субъективті деп жоққа шығарды :оның нәтижесінде алынған деректерді Уотсон тек бақылаушының өзі үшін ғана нақтылы нәрсе деп есептеді. Бихевиоризм сана жөніндегі декарттық –локктік концепцияның дәрменсіз екенін атап көрсетті. Бихевиористердің пікірі бойынша психология сананы, оның мазмұны мен қызметін зерттеуден бас тартуға тиіс. Ғылым тек объективті түрде байқауға болатын және әр кім үшін белгілі,яғни мінез –құлықты зерттеуі қажет. Зерттеу пәні өзгерді /сананың орнына мінез-құлық алынды/сөйтіп жаңа ғылыми тіл пайда болды. “Сана” ,“түйсік” “қабылдау ”, “ерік ”деген және басқа терминдер ғылыми мазмұны жоқ сөздер ретінде жоққа шығарылды. “Стимул” (сыртқы орта қоздырғышы ) “реакция ” (организмнің қозуға қайтаратын жауабы)және стимул мен реакция арасындағы “байланыс”( ассоциация, коннексия )негізгі психологиялық ұғымдарға айналды. Сондықтан да бихевиоризмді көбінесе стимул-реактивті теория немесе С-Р ассоциационизмі деп атайды. Психологиялық зерттеулердің мақсаты–ортаға бейімделуге бағытталған мінез-құлықтың принциптерін зерттеу. 4-ші кезең. Психология ғылым ретінде психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейді. Сыртқы әсердің адамның ішкі ерекшеліктері арқылы өңін өзгертуі көптеген жағдайларға оның жас мөлшеріне, білім деңгейіне, белгілі бір сыртқы әсерге бұрыннан қалыптасқан қарым-қатынасына, белсенділік деңгейіне және,ең бастысы,қалыптасқан дүниетанымына тәуелді. Сонымен психиканың мазмүны реалды,бізге тәуелсіз және өмір сүретін заттардың, құбылыстардың ,оқиғалардың ақиқат бейнесі (яғни ,объективті дүниенің бейнесі ) болып табылады. Бірақ бұл бейнелер әр адамда оның өткен өмір тәжірибесіне, мүддесіне,сезіміне, дүниетанымына тағы басқаларға байланысты өзіндік өзгешелікпен пайда болады.Сондықтан да бейнелеу субъективті. Осылардың бәрі психика дегеніміз-объективті дүниені субъективті бейнел ендіру деуге әбден болады. Психикалық бейнелеудің дұрыстығын мойындаудың принциптік маңызы зор.
9. Психология ғылымның салаларына талдау беріңіз.
1. Еңбек психологиясы Адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының даму заңдылықтарын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастырады . 2. Педагогикалық психология Оқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің жоспары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту (алдын-ала жасалынған үлгіге қарап оқыту әдісін ұтымды етіп ұйымдастыру), педагогикалық психология зерттейтін ғылыми мәселелердің бір тобы. Тармақтары: 1. Оқыту; 2. тәрбие; 3. Ұстаз. 3. Медициналық психология Дәрігер мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі құрылыстарын зерттейді. Емдеу мен психотерапияның психологиялық әдістерін жасаумен айналысады. Ол өз тарапынан нейропсихология, психофармакология, психотерапия, психопрофилактика, психогигиена дейтін салаларға бөлінеді. 4. Инженерлік психология Адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді зерттейді. «Адам-машина» жүйесінде әрекетті тиімді етіп ұйымдастыру, басқару жүйелерінің құрылымын үйлестіру, мұндағы творчестволық міндеттерді тиімділікпен шешу, информацияны сақтау, өңдеу, оны жобалау, оперативті модельдер қалыптастыру үлкен орын алады. Негізгі проблемаларына операторларды кәсіптік тұрғыдан таңдап алу, оларды үйрету және жаттықтыру, тиісті информациялық модельдер мен басқару орындарын жобалау, операторлардың хал-күйін анықтау, техникалық эстетика мен эргономиканың, ЭВМ-нің алгоритмдеріне қойылатын талаптарды тұжырымдау, түрлі агрегатты басқарудағы адамның дара психологиялық өзгешеліктерін, оның ерік-сезім сферасын, интеллект деңгейін зерттеу жатады. Мұндағы инженерлік психологиялық міндеттерді шешу консультациялық және сан салалы тәрбие жұмысымен айналысатын ұйымдар үшін қолданбалық мәні зор. 5. Жас ерекшелік психологиясы Қалыпты адам психологиясының даму заңдылықтарын нәрестелік кезеңнен қарттық кезеңге дейінгі психологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін психология саласы. Тармақтары: 1. Балалар; 2. Жеткіншектер; 3. Жастар; 4. Ересектер (акмиология); 5. Қарт адамдар психологиясы (геранто психология). 6. Арнаулы психология Адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуы. Ми ауруына ұшыраған психикалық күйзелістері мен осы саладағы себептерді қарастырады. Тармақтары: 1. Олигофрено психология – ми зақымы ауруымен туылған адамдардың психологиясының зерттелуі; 2. Сурдо психология – саңырау немесе керең адамдардың психологиясын зерттейді; 3. Тифло психология – нашар көретін немесе соқыр адамдардың психологиясын зерттейді. 7. Салыстырмалы психология Салыстырмалы психологияға зоопсихология, этология дейтін салалар кіреді. Мәселен, балалар психологиясы қоғамдық жағдай мен биологиялық факторлардың баланың дүниеге келгеннен кейінге дейін психикалық дамуына тигізетін әсерлерді зерттейді. Салыстырмалы психология жануарлар психикасымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады. 8. Әлеуметтік психология Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық көріністерін, индивидтің басқа адаммен өзара қарым-қатынасын, адамдардың психологиялық үйлесімдігін, үлкен топтардағы әлеуметтік психологиялық көріністерді зерттейді. 9. Әскери психология Адамның соғыс жағдайы кезіндегі мінезі, соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістерін зерттейді.
