Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Psikh-psikh_shporrrr_2 (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
107.03 Кб
Скачать

23. Жеке адам психологиясы.

Жеке тұлға психологиясы біздің ғасырдың алғашқы он жылдығында эксперименталды ғылымға айналды. Оның қалыптасуңы мен дамуы А.Ф.Лазурский, Г.Оллпорт, Р.Кеттел сияқты ғалымдардың есімдерімен тығыз байланысты.

Тұлға психологиясы саласындағы зерттеулер бұрыннан жүргізіліп келеді, олардың өзіндік тарихы бар. Тұлға психологиясы дам­уының 3 кезені келесідей: философиялық-әдеби, клиникалық және тәжірибелік.

Зерттеулердің, бірінші кезеңі яғни философиялық-әдеби кезең көне ойшылдардың жұмысынан басталып, XIX ғ. басына дейін жалғасқан. Бұл кезеңдеп тұлға психологиясының негізгі мәселелеріне адамның енегелік және әлеуметтік табиғаты жөніндегі сұрақтар жатады. Тұлға туралы алғашқы анықтамалар айтарлықтай ауқымды. Ол анықтамаларға адамны бойындағы бар нәрсе, оның жеке басына деп саналатынын бері жатқызылған: биологиясы,психологиясы,мүлігі,мінез-құлқы, мәдениеті және т.б. Тұлға туралы осындай түсінік кейін уақытқа дейін сақталыпты. Нақты мазмұнға толы, тұлғадан бөлек көптеген басқа да түсініктер мен ғылыми категориялары бар психологияшіл мұндай анықтама өте көп, болып табылады.

XIXг. бірінші он жылдығында тұлға психологиясының мәселелерімен философтармен қатар дәрігер-психиатрлар да айналыса бастады. Олар ең бірінші рет клиника жағдайында науқасқа тұлға ретінде жүйелі түрде байқаулар жүргізіп, оның жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын жақсырақ түсіну үшін өмір тарихын зерттей бастаған. Психикалық ауруларды диагностикалау және емдеумен байланысты кәсіби қорытындылар ғана жасалып қоймай, адамзат баласының табиғаты жөнінде жалпы ғылыми қорытындылар да көрсетілген. Философиялық-әдеби кезеңмен салыстарғанда клиниалық кезеңде тұлға ерекше құбылыс деген түсінік мағынасы айтылған. Психиатрлардың аса мән бергені - әдетте, науқас адамнан табылатын тұлғаның ерекшеліктері дәрігерлер тапқан ерекшеліктер барлық дені сау адамдарға тән болғанымен, наукастарда олардың көріністері гипертрофияланатыны (асырабілінетіні) аныкталды. Мысалы, күйгелектік пен ригидтілік, тежелу мен қозғыштық..

Қалыпты, патологиялық және акцентуацияланған (норманың екі варианты) тұлғаны сипаттауға мумкіндік беретін терминдерді дәрігерлер тұлғаға анықтама беру үшін қолданған. Алайда мұндай көзқарас психология үшін жеткіліксіз деп танылды. Өйткені, қалыптыалғаны тұтас сипаттау үшін ол анықтамалардың мазмұны тар, Шй анықтамаларға шектен тыс көріне бергенімен кез келген жағдайда "калыпты" деп саналатын тұлға қасиеттері (мысалы, түррлі қабілеттердің болуы, адамгершілік касиеттер) енгізілмеген.

XX г. басына дейін тұлға философиялық-әдеби және клиникалық тұрғыдан ғана зерттелсе, кейін бұл іске таным процестері мен адамның күйін зерттеумен айналысқан психологтар кірісті. Ғасыр басында психологияда тәжірибелік зерттеулер қарқынды гипотезаларды нақты тексеру және айқындалған фактілерді алу максатымен психологтар зерттеулерге мәліметтерді математикалық.-статистикалық өңдеу әдістерін енгізуге тырысқан. Осыған байланысты психологтар ұзақ жылдар бойы қалыпты тұлғаны сенімді және валидті тестер арқылы зерттеу тәсілдерін жеткізуді алдарына мақсат етіп қойған.

Жеке тұлғаны зерттеудегі эксперименталды кезең негізгі таным процестерін зерттеудегі елеулі жетістіктерге жеткен уақыттардан басталады.

Ол психология ғылымының біртұтас мінез-құлық актісін түсіндіру уақытындағы психологияның қанағаттанарлықсыздығы негізгі себеп болып табылатын жалпы кризисті кезеңімен тура келеді.Эксперименталды психологиялық зерттеулерді Ресейде алғаш А.Ф.Лазурский, ал шет елдерде Г.Айзенк және Р.Кеттел бастады.

24.Тұлғааралық коммуникация психологиясы каузальды атрибуция қолдану ерекшеліктері Психологияның өзекті мәселелерінің бірі мотивацияны іс-әрекет мәселесі және мотивтердің шығу тегін Х.Хеккаузен “Мотивация және іс-әрекет” жұмысында қарастырған. Мотивация – бұл тұлғалық және іс-әрекеттік жүйелердің бірігуі негізінен пайда болған психологиялық ерекшелік. Адам іс-әрекеті мотивациясының ең маңызды мәселелерінің бірі- оның қылықтарын себепті тұрғыдан түсіндіру. Психологияда осындай түсіндіру каузальды атрибуция деп аталады. Каузальды атрибуция адамның мінез-құлқы туралы қабылданған ақпаратты мағыналауға, қылықтарының себебін анықтауға, адамның оларды алдын ала болжау қабілетін дамытуға бағытталған когнитивті түрдегі мотивацияланған мінез-құлық болып табылады. Бір адам басқа біреудің істеген қылығының себебін біліп жатса, оны түсіндірмек түгілі болжай да алады. Бұл адамдар арасындағы қатынастар мен әрекеттер үшін өте маңызды. Бұған қоса каузальды атрибуция адамның көріп жүрген құбылыстарын түсіндіруге деген қажеттілігі ретінде болып келеді. Каузальды атрибуция адам қатынастарын реттеумен тікелей байланысты болып, адамдардың қылықтарын түсіндіру, ақтау және кінәлау сияқты әрекеттерді біріктіреді. Каузальды атрибуцияны зерттеу Ф.Хадердің 1958 жылы шыққан “Жеке адамның аралық қатынастар психологиясы” деген еңбегінен бастау алған. Осы кітаппен бірге баспада адам туралы ақпаратты көрсету арқылы адамдардың бірін-бірі қабылдау жайында маңызды зерттеулер пайда болған. Білімнің осы саласында Г.Келлидің жеке адамдық құрылымына адамның әлемді қабылдауға мүмкіндік беретін ұғымдар жүйесі болып табылатын тұрақты когнитивті-бағдарлама құрылымдар теориясы жөніндегі жұмыстары үлес қосты. Жеке адамдық құрылым деп айтатынымыз – бір адамның басқа бір адамға немесе айналасында болып жатқан жағдайларға беретін мінездемелерінде жиі кездесетін қарама-қарсы бағаламалық қос ұғым (мысалы, “ақ-қара, “жақсы-жаман”). Бір адамға сай жеке адамдық құрылымдары арқылы оның әлемге деген өзгеше көзқарасын бейнелуге болады. Мұндай құрылымдар адамның мінез-құлқын болжау , оны мотивациялық-когнитивтік тұрғыдан түсіндіру (каузальды атрибуция) қызметін атқарады.

Әлеуметтік психологияның ерекше санасы - каузальды атрибуциия деп атайтын зерттеушілер: Г. Келли, Э. Джонс, К. Дэвид, Д. Кеннауз, Р. Нисбет, Л. Стриккленд.

Атрибуцияның аудармасы - телу, есептеу дегенге келеді. Лат. тіл. аударғанда "самза"-себеп, яғни каузальды атрибуция себепті телу деп түсінуге болады.

Кауз.атриб. адамдар туралы алынған мәліметтердің жеткіліксіз болған жағдайда оның мүмкін әрекеті мен қасиетін тауып, сол обьектіге телу жағдайы Г. Келли атриб-ң 3 түрін қарастырады:

1. жеке тұлғалық атриб-я

2. обьектілік атриб-я

3. жағдайлық атриб-я

25. Педогогикалық даму, жас ерекшелігі психолгиясының арасындағы айырмашылықтарды беріңіз. Психология ғылымның бір саласы бола отырып, ж.ер.психологиясы ғылыми талдауға ұшырауы мүмкін психологиялық фактіні – бақылау мен эксприментті алудың негізгі екі әдісін пайдаланады. Алайда, психологиялық – педагогикалық зерттеу пәнінің ерекшелігі аталған әдістерді пайдалануда айрықша өзгерістер тудырады. Мәселен, жас ерекшелігі психологиядағы бақылаулар, көбінесе, бала психологиясының дамуын дәлелдейтін фактілерді жүйелі тіркеуді сипатына күнделікті жазу түрінде ие болады. Балалар пихологиясы, былайынша айтқанда, ерте сәбилік шақ психологиясы тек бақылауға негізделеді. Педагогикалық - психологиялық зерттеуде пайдалануының жилігі жағынан лабораториялық экспримент баланы зерттеуде жетекші орын алып жүрген табиғи эксприментке ғана жол береді. Оқу – процесі жағдайында жүргізілген табиғи экспримент оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін жеке адамнаң қалыптасу ерекшеліктері мен жәке адамдар арасындағы қатынастарды тәжірибенің табиғи жағдайға жақын әлеуметтік ұйымдастырған және арнайы өзгерткен жағдайларында зерттеуге мүмкіндік береді. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының өзіне бақылау мен эксприменттің және олардың өзгеріліп пайдаланған барлық түрлерін қамтитын сан алуан нақтылы зерттеу әдістерін кең қолданылады. Нақты психологиялық әдістердің молдығы мен сан алуандығы қазіргі педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының кұрделі теориялық әрі практикалық мәнді проблемаларын шешуді қамтамассыз етеді.

Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы психология ғылымның ертеден келе жатқан және тұрақты дәстүрлі бар неғұрлым дамыған саласы. Педагогикалық және жас ерекшелігі проблемаларын ғылымында күрделі еңбектерімен байытқан белгілі психолог - ғылымдар: Б.Г. Ананьев, Л.И. Божович, П.Я.Гальперин, В.В. Давыдов, Л.В.Занков, Г.С.Костюк, н.ф.Тальцина, т.б. нәтижелі зерттеп келеді. Жас ерекшелігі психологиясының концепциясының бірі ақыл – ой әрекеттерінің кезеңмен қалатасу теориясы б/ы. Ол 50 жылдарда П.Я.Гальпериннің еңбектерінде қалыптасты. Бірқатар совет ғылымдарының еңбегінде оқушылардың материалды игеруі олардың танымдық іс - әрекеттерінің құрылымына тәуелді болып келетіндігі, ал оның өзі оқыту әдістерімен анықталатындығы байқалды, яғни оқушылардың білімді игеруі мен ойларының дамуы оқытудың сипатына, оның мазмұны мен әдістеріне тәуелді болатына ашып көрсетілді. Мұғалімнің басшылығымен оқушылар шерілуіге тиісті. Ұғымдардың белгілерімен жаңа типті есептерді шығарудың тәсілдерін өздігінен іздестірген жағдайларда оқытуда неғұрлым жоғары дамытушы нәтиже пайда болады. Адамзат тарихында іс- әрекетті жүзеге асыру құралдары ғана дамып қоймай, осы құралдарды, қоғамдық тәжірибені кейінгі ұрпаққа жеткізудің ерекше жолы да қалыптасып, дамып, күрделене түсті. Бұл ерекше жол-оқыту, ол қоғамдық тәжірибені берудің бағытталған және ұйымдастырылған әдісі болып табылады. Оқыту баланың психикалық даму процесінде айқындаушы роль атқарады.Адамның психикалық іс-әрекеті - өте күрделі құрылым. Оның ерекшеліктері алдымен баланың тіршілігі және тәрбиесімен сабақтас. Сөздік-логикалық ес, ұғынымды ойлау, заттық қабылдау және (басқа да жоғары психикалық жолмен қалыптасып), адамға тән жоғары психикалық функциялар биологиялық тұқым қуалаушылық жолмен қалыптасып берілмейді. Бұл олардың тарихи даму процесінде өзгерістерге ұшырап, жетілі түсінуге мүмкіндік береді.Адамның өмірде қалыптасатын күрделі психикалық іс-әрекеті (ойлау, сөйлеу) мен неғұрлым қарапайым табиғи функцияларын (қозу мен тежелу процестерінің арақатынасы мен ерекшелігі) ажырата білу керек. Балалардың дамуының оқыту процесіндегі ең басты және анықтаушы жағы білімдерді, іс-әрекет әдістерін күрделенуден тұрады. Қазіргі кезде көптеген психолог-зерттеушілер оқыту мазмұны, яғни балаға берілетін білімдерді және іс-әрекет әдістерін өзгерте отырып, баланың дамуын елеулі өзгертуге болатынын дәлелдеп берді. Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала-дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л.С. Высотский жас шағы дамудың белгілі, біршама тұйық кезеңі деп қарады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуде пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]