Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Psikh-psikh_shporrrr_2 (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
107.03 Кб
Скачать

1.Тұлғааралық коммуникация психологиясы Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi.Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады. Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың басқа түрлерi пайда болды. М;жазбаша қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлек-мiзге тәуелсiз түрде адам-мен қарым-қатынасқа түсемiз. Адамдар түрлі әлеуметтiк топтардың құрамына кіреді. Адам бір уақытта белгілі жұмыспен айналыса алады, спорт клубының мүшесі бола алады, қоғамдық қызметтер атқара алады, саяси өмірге араласа алады және сонымен қатар отбасындағы әке мен шеше міндеттерін де атқара алады. Адам өзі кіретін топтың әрқайсысында белгілі орын ала отырып сол топтың iшiнде әлеуметтiк әрекеттестiктi қалыптастырады. Әлеуметтiк әрекеттестiк – бұл бiр-бiрiне уақыт аралата әсер етiп, әр серiктестiктiң әлеуметтiк әрекетi жүзеге асып отыруын және серiктестiктердiң бiр-бiрiнiң әрекеттерiне бейiмделуiне қол жеткiзу. Мұндай әрекетте екi адамның немесе бiрiккен әлеуметтiк топтың қарым-қатынасын айтамыз. Қарым-қатынас туралы ұғым: 1-ден Бiрiгiп әрекет ету қажеттiлiгiнен туындайтын, құрамына ақпарат алмасумен өзара әрекеттесудiң бiртұтас стратегиясын жасау, өзге адамдарды қабылдау және түсiну адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуының күрделi көп мақсатты процесi. 2-ден Субъектiлердiң белгiлi құралдарымен жүзеге асыратын бiрiгiп әрекет ету қажеттiлiгiнен туындаған және серiктесiнiң жай-күйiн, мiнез-құлқымен тұлғалық маңыздылық құрылымын едәуiр өзгертуге бағытталған өзара әрекеттесу.  Кезінде бірінші болып қарым-қатынастың көпдеңгейлі, иерархиялық, көпөлшемді ұйымдасуын көрсеткен белгілі кеңес психологы Б.Г.Ананьев қарым-қатынастың макро-, мезо-, микродеңгейлерін бөледі: қарым-қатынасқа түсуші адамдар өмір сүретін қоғам, өздері мүшесі болып табылатын әр типті ұжымдар, өздері жиі байланысқа түсетін жақын қоршаған ортасы, сонымен қатар осы іс-әрекет субъектісі ретіндегі өзара әрекеттесуші адамдардың қарым-қатынаста қалыптасатын және жүзеге асатын индивидуалды сипаттамалары.Микродеңгей тұлғааралық қарым-қатынастың ең ұсақ бөлшектерінен тұрады. Макродеңгейге басқару мен сауда сияқты ірі құрылымдар кіреді. Кез-келген әлеуметтік жағдайларда адамдар барлық деңгейлерде өзара әрекеттеседі.  Әдетте тұлғааралық қарым-қатынастың екі формасын қарастырады: монологиялық, бұл кезде серіктестердің біреуіне ғана белсенді қатысушы рөлі беріледі, ал басқасына – пассивті орындаушы, және — диалогтық, қатысушылардың ынтымақтастығынан көрінеді. Екі адам қарым-қатынасы процесін білдіретін сөздер көп емес — әңгімелесу, сөйлесу, диадикалық қарым-қатынас (екеудің қарым-қатынасы). Бұл процеске қатысатын адамдарды сөйлеуші және тыңдаушы әңгімелесушілер немесе қарым-қатынас серіктестері деп атайды. Коммуникативтiк құралдарды тек қатынас процесiн қолдау мақсатында ғана падаланылатын мазмұнсыз құбылыс. Әлеуметтiк психологиялық бiлiктiлiк.

2. Тұлғааралық коммуникациядағы Маслоу теориясының маңызы

Адамның қажеттіліктер саласының құрылымын қарастыру тұрғысынан А. Маслоудың «қажеттіліктер үшбұрышы» үлкен қызығушылық тудырады, мұнда бір жағынан, адамның әлеуметтік, интерактивті тәуелділігі, екінші жағынан – оның өзін-өзі өзектендірумен байланысты танымдық, когнитивті табиғаты айқын көрінеді. Төменде А. Маслоудың қажеттіліктер үшбұрышы келтірілген. Оны қарастырған кезде біріншіден, адамның когнитивті (танымдық) және коммуникативтік қажеттіліктеріне берілген орын мен мағына назар аудартса, екіншіден адамның қажеттіліктер саласы оның іс-әрекеті құрылымынан тыс – тек оның тұлғасына, өзін-өзі өзектендіруіне, дамуына, ыңғайлы тіршілік етуіне қатысты қарастырылуы (Дж. Брунердің түсінуінде).

Мотивтердің қайдан және қалай пайда болатыны жөнінідегі мәселе психологиядағы басты мәселелерден. Мысалы, А.Маслоу мотивтердің негізін бірінен бірі деңгейі бойынша жоғарылай түскен қажетсінулертобы деп біледі, олар биологиялық қажетсіну, қорғаныс қажетсіну, сыйластық, абырой қажеттігі мен ең жоғары қажетсінулер: өз мүмкіндіктерін ашып, оларды жүзеге асырады. Бірақ А.Маслоу талдауларындағы дара адам әлеуметтік қатынастар жүйесінен тыс, қоғаммен байланысы жоқ. Оқшауланған тұлға. Қоғам, ғалым пікірінше, дара адам дамушы мекен, қорошаған орта ғана.

“Үшінші күш” ретінде танылған жеке тұлғаны зерттеудің тағы бір бағыты “өркендеу теориясы” деп аталады. Бұл теорияны гуманистік психология өкілдері А.Маслоу, К.Роджерс және К.Голдштейн ұсынды. Өркендеу теориясы адамның жетілуге тапынуын өз мүмкіндігін жүзеге асырылуын белгіледі.

А.Маслоудың мотивацияның “тұлғалық”теориясының негізінде өз-өзін актуализациялау концепциясы жасалған. Негізгі еңбектері: “Мотивация и личность”(1954,1957). А.Маслоу осы уақытқа дейін адамның психикасының дамуын зерттеуге жануарларға тәжірибе жасау арқылы қол жеткізуге толықтай қарсы шықты.

Маслоу концепциясы бойынша ,әрбір адамда өмірге келген сәттен бастап ,бегілі-бір қажеттіліктер жүйесі бірге дамып отырады. Олао өзара иерархиялық деңгейлерге бөлініп орналасқан. Қажеттіліктердің деңгейі неғұрлым төмендеген сайын,оның адам өмір сүруі үшін маңызы күрделеніп ,адам жүріс-тұрысының қозғаушы күші ретінде маңызы артады. Осы төмендегі деңгеідегі қажеттіліктер өтелген кезде ғана одан жоғары орналасқан қажеттіліктері бой көрсете бастайды.

-Физиологиялық қажеттіліктер (тамақ, демалу, шөл,жыныстық қатынас);

-Қауіпсіздік қажеттіліктері (өзін сәтсіздік,қорқыныш жағдайларынан қауіпсіз сезіну, өз-өзін қорғау қажеттілігі):

-Сүйіспеншілік және өзін қабылдау қажеттілігі (өзінің белгілі бір ортада қабылдануы,ұнатуы сезімдеріне бөлену қажеттілігі):

-Өзін құрмет тұтуға қажеттілік (өзінің қажеттілігін сезіну,біліктілік,табысқа жету,құптау,жетістігін мойындату):

-Өзін жүзеге асыруға немесе жетілдіруге қажеттілік (өз мақсатын,қабілеттерін жүзеге асыру,жеке тұлғасын дамыту)

Бұл теория бойынша,ең маңыздысы-өз-өзін актуализациялауға жүзеге асыруға бағытталған.Өзін-өзі актуализациялау,олар арқылы адамның даралығының қалыптасуы бастапқы мотивациялық негіз ретінде анықталады өзін-өзі актуализациялаудағы қажеттілік негізінде адамда белгілібір жеке адамдық қасиеттердің жиынтығын дамытуға мүмкіндік беретін мотивацияның ерекше типі қалыптасады. Жүріс-тұрыс қажеттіліктермен қабілеттерге тәуелді және ішкі,сыртқы мотивтер арқылы анықталады.

Американ психологы А.Маслоу өзінің «Мен» өзін жүзеге асыру `(самоактуализация) жөнінде» деген еңбегінде адамның өзгелерге қатынасы жөнінде былай деп жазған: «Өзгеге өзіңе қарағандай қара, ал екінші өзін айналаны қалай қабылдаса, өзгені солай қабылдайды».

   Американ ғалымы Э.Шостром А.Маслоудың бірінші типтегі адамын – актуализатор, екінші типті -  манипулятор деп атайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]