Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология 1 рубежка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
98.63 Кб
Скачать

10. Экологиялық мониторинг. Экологиялық мониторинг міндеттері

Экологиялық мониторинг – табиғи құбылыстардың және антропогендік іс-әрекеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау,тексеру және болжау жүйелері. «Мониторинг» деген термин «Монитор»- сақтандырушы,қадағалаушы деген латын сөзінен алынған. Бұл термин Б.Ұ.Ұ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында (1972 жыл,маусымда), «бақылау» ұғымын толықтыру ретінде пайда болды.

Эколонгиялық мониторинг қоршаған орта жағдайын бақылаудың кешенді жүйесін табиғи және антропогенді факторлардың әсерінен жағдайының өзгеру боламы мен бағасын көрсетеді.

Мониторингтің объектілері болып қоршаған ортаны құрастырушылар – су, ауа, топырақ, өсімдік және жануар әлемі, космостық кеңістік.

Экологиялық мониторингтің негізгі міндеттері:

  1. Антропогенді әсер ету көздерін бақылау

  2. Әсер ету факторларын бақылау

  3. Табиғат ортасы мен онда жүріп жатқан үрдістерді бақылау

  4. Табиғат ортасының нақтылы жағдайын бақылау

  5. Антропогенді әсер нәтижесінде табиғат ортасы жағдайының өзгерісін бақылау

12. Экологиялық проблемаларды шешудегі биотехнологияның тарихы

13. Табиғаттық экожүйенің биотасы

Биота - кеңістіктегі барлық тірі организмдер жиынтықтарының кез келген түрі, (мысалы, экожүйе биотасы, құрлық биотасы, теңіз биотасы, биосфера биотасы, т.с.с).

Экожүйе-зат,энергия,ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез-келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайының жиынтығы.

Биота-(гр. biota -өмір)тірі организмдер жиынтығының кез-келген түрі (Мысалы;экожүйе биотасы,құрлық биотасы,теңіз биотасы,биосфера биотасы т.с.с)Биота құрамына тек

жасушалы ағзалар ғана емес(өсімдік,жануар,бактерия т.б) жасушасыз ағзаларда (Мысалы:вирус) кіреді.Биота ол биосфераның құрамына кіретін ең маңызды экосистемасы.

14. Генетикалық инженерия әдістері: рекомбинантты технологияларын құрастыруда антимағыналы рнк арқылы адамға қауіпті микроағзалардың генетикалық ақпаратының жұмысын тежеу

15. Микроағзалардың көмегімен жүргізілетін ксенобиотиктердің деградациясы

Ксенобиотиктер – бұл организм үшін бөгде заттар. Оларды 3 топқа:

1. адамның шаруашылық іс-әрекетінің өнімдері (өнеркәсіп, ауыл ш, автокөлік)

2. тұрмыстық химия заттары (жуғыш заттар, паразиттермен күресуге арналған заттар, парфюмерия)

3. дәрілердің көпшілігі

Ксенобиотиктердің биодеградациясы органикалық ксенобиотиктерді қоршаған ортадан кетірудің ең тиімді және экологиялық тұрғыдан жарамды тәсілі болып табылады. М/о-ң ксенобиотикті немесе өзге полютантты ыдыратуға қабілеттілігі жасушаларда қосылыстың деградациялануына қатысатын ферменттердің синтезін анықтайтын гендертің болуына байланысты болып келеді. Бактерияларда даградация үшін жауапты гендер хромосомада тұрады, әлде хромосомадан тысқары элементтерде – катаболдық плазмидаларда, деградация плазмидаларында грамтеріс бактерияларда бәрінен көбірек тараған. Олар Pseudomonas тұқымдастығынаң бак-да ең жиі идентификацияланады. Деградация плазмидалары, мысалы, алифатикалық көмірсутектердің , ароматикалық көмірсутектердің деградауиясын бақылай алады. Хлорорганикалық қос-ң, жекелей алғанда, 2,4-дихлорфеноксиацетат, 2-метил-4-хлорфеноксиацетат, 2-хлорбензоат секілді пестицидтердің деградация плазмидалары ерекеше қызықты.

Биодеградация (минералдану) барысында 2 сатыны айырады:

  1. Осының кезінде молекула м/о-ң әсер етуімен трансформацияланатын затқа тән қасиеттерді көрсетпейтін қос-р түзе отырып трансформацияланған бастапқы биоыдырау.

  2. Толық биоыдырау жүреді – ксенобиотиктің молекуласы м/о-ң қалыпты метаболалық үдерістерімен байланысты минералдық заттарға және өнімдерге айналады.