- •Ағынды суларды биологиялық тазарту
- •2. Атмосфераның газдануы – so2, NaO, co2, co; шаңдануы; қышқыл қауіпті жаңбырлар (pH 4.5-5.7)
- •4. Биосфераны қорғаудағы биотехнологияның рөлі
- •5. Биоремедиация. Топырақтың, судың және жанармай өнімінің биологиялық тазартылауы
- •6. Қоршаған ортаны сақтау барысында қолданылатын биотехнологиялық әдістер
- •7. Экологиялық биотехнологияның ғылыми-зерттеу бағыттары және басқа пән ғылымдарымен байланысы және пәндермен бірлестігі
- •9.Экологиялық биотехнология туралы түсінік
- •10. Экологиялық мониторинг. Экологиялық мониторинг міндеттері
- •12. Экологиялық проблемаларды шешудегі биотехнологияның тарихы
- •13. Табиғаттық экожүйенің биотасы
- •14. Генетикалық инженерия әдістері: рекомбинантты технологияларын құрастыруда антимағыналы рнк арқылы адамға қауіпті микроағзалардың генетикалық ақпаратының жұмысын тежеу
- •15. Микроағзалардың көмегімен жүргізілетін ксенобиотиктердің деградациясы
- •16. Химикаттарға байланысты топырақтардың бұзылуын жақсартудағы фито және биоремидицияның маңызы
- •17. Қоршаған ортада жиналатын қалдықтарды утилизациялаудың экономикалық тиімділігі
- •18. Қоршаған орта факторлары және олардың ерекшеліктері
- •23. Химиялық және биотикалық әдістердің экологиялық бақылаудағы маңызы
- •24. Әлемдегі экологиялық жағдай және оны жақсартудағы биотехнологияның рөлі
- •25. Қалалық ағынды сулардың тазартуда қолданатын аэробтық тазарту жүйесі
- •26. Анаэробтық тазартудың жүйесі. Метан ашытқысы
- •27 Метанды түзетін бактериялардың сипаттамасы
- •28. Отын жағудың қоршаған ортаға тигізетін әсері
- •29. Популяциялардың статистикалық сипаттамасы. Популяция санының реттелуі.
- •30. Популяцияның түраралық реттелуі
- •31. Экологиялық факторлардың әсеріне ағзалардың кеңістік пен уақытқа байланысты реакциясы
- •32. Биогеоценоз және биогеохимиялық циклдер. Экологиялық қуыс. Экожүйелер. Экотоптар
- •33.Экологиялық пирамидалар. Қауымдастықтар мен экожүйелердің биологиялық өнімділігі
- •34. Қоректік тізбектер. Тіршілік циклдары. Экожүйенің энерегетикалық балансы.
- •35.Антропогендік әрекет және экологиялық болжам
- •36. Биосфераның табиғи-ресурстық потенциалы туралы түсінік. Қазіргі заманның әлеуметтік-экологиялықжағдайы, проблемалары.
- •37.Табиғатты қорғау және табиғатты пайдаланудың экологиялық принцптері
34. Қоректік тізбектер. Тіршілік циклдары. Экожүйенің энерегетикалық балансы.
35.Антропогендік әрекет және экологиялық болжам
Антропогендік әрекет(грек. anthropos – адам, genos – тегі, пайда болуы, лат. factor – іс-әрекет) – адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері. Антропогендік факторға қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде атмосфера, өзен-көл және мұхит құрамының өзгеруі, сондай-ақ технология қалдықтар мен радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп, жалпы экожүйенің құрамы мен құрылысының бұзылуы жатады. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда. Бүкіләлемдік бақылау институтының (АҚШ, Вашингтон қ.) мәліметтері бойынша табиғи орта жылдан-жылға нашарлап барады. Интернет жариялаған негізгі мәліметтерде жыл сайын 16,8 млн. га тропиктік ылғалды орман жойылатыны, жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан жыл сайын 6 млн. га шөл пайда болатыны, қышқыл жаңбырдан 50 млн. га орманның зақымдалғаны, жыл сайын біздің планетамызда жыртылатын жердің 26 млрд. т құнарлы қабаты жойылатыны, өсімдіктердің 25 – 30 мың түрі жойылып кету қаупінде тұрғаны атап көрсетілген. Кейінгі кезде атмосфераға жыл сайын 400 млн. т күкірт диоксиді, азот және көміртек оксид|оксидтері, қатты бөлшектер шығарылатыны анықталды. Қазақстанда Аралөңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий алқабының экол. апатты аймақтарға айналуына Антропогендік факторлар негіз болып отыр.
Экологиялық болжау (орыс. Экологический прогноз) — экологиялық өзгерістерге алдын ала болжау жасау. Күні бұрын жасалған экологиялық болжау табиғаттың өзгеруін бақылап отыруға көмектеседі. Экологиялық болжау — адамның іс-әрекетінің әсерінен биосферада орын алатын процестер туралы, сонымен бірге жуық арада немесе болашақта болатын қалыптаскан тепе-теңдіктің бұзылуын болжайтын мәліметтер. Болжанатын құбылыстардың ауқымына қарай Экологиялық болжау ғаламдық (физикалық-географиялық), аймақтық (бірнеше ел, бір материк, мұхит және т.б.), ұлттық (мемлекет шеңберінде) және өңірлік (жергілікті шағын аумақпен шектелген) Экологиялық болжау болып сараланады. Болжам жасау үшін алдымен шаруашылық дамуының негізгі бағыттарымен қатар, оның болашағын және түпкі мақсатын анықтап алу қажет. Экологиялық болжау қысқа мерзімдерге, ұзақ жылдарға жасалады.
36. Биосфераның табиғи-ресурстық потенциалы туралы түсінік. Қазіргі заманның әлеуметтік-экологиялықжағдайы, проблемалары.
Экологиялық проблемаларды олардың көлеміне қарай классификациялау. Ғаламдық экологиялық проблемалар: климаттың өзгеруі, озон қабатының ыдырауы, қышқыл жаңбырлар, шөлейттену, биологиялық әралуандылықтың кемуі. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің жұмыс қарқынының артуына байланысты пайда болған экологиялық проблемалар. Ауыл шаруашылығы зиянкестерінің улы химикаттарға төзімді формаларының пайда болуы. Атмосфераның, топырақтың, Әлемдік мұхиттың ғаламдық деңгейдегі ластануы. Кейбір қоршаған ортаны ластаушы заттардың тірі организмдерге әсері. Жағымсыз организмдермен күресудің биологиялық әдістері. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу.
Әлеуметтік-экологиялық проблемалар: халық санының өсуі, ресурстық дағдарыс, халықтың генофондының өзгеруі, ортаның жалпы агрессивтілігінің артуы, зиянды әсерлердің жаңа түрлері. Экологиялық іргелі «Минимум заңының» әлеуметтік экожүйеде көрініс беруі. Соғыстар және терроризм: экологиялық зардаптары. Әскери-өнеркәсіптік кешен және тіршілік ету ортасы. Радиоактавті изотоптардың биосферадағы тасымалдануының кейбір мысалдары. Қоршаған ортаның күйін бағалаудың әдістері және критерийлері. Экологиялық мониторинг, ұйымдастырылу принциптері. Қоғамның қоршаған ортамен қарым-қатынастарының заңгершілік және хұқықтық тұрғыдан реттелуі. Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.
Әкологиялық білім беруге деген қажеттілік адамның өміріне қажет қолайлы ортаны қамтамасыз етумен байланысты. Қоршаған ортаның сапасы адамның негізгі құңығының бірі — денсаулықты және дамудың негізгі мақсатын анықтайды.
Экодогиялық жауапкершілік адамның мына қасиеттерімен байланысты өз іс-әрекетін бақылау, табиғи ортадағы өзінің іс-әрекетінің жақын кезеңдегі және болашақтағы нәтижелерін болжай білу, өзіне жене басқаларға сын көзбен қарай білу және т.б.
Экологиялық білім беру дегеніміз әр түрлі деңгейдегі экологиялық білімдерді меңгеру.
Қазақстан Республикасының Конституциясы — негізгі заң. Халықаралық нормаларға сай ол мемлекеттің экологиялық қатынастарды реттеудегі жалпы бағытын анықтайды. Дүние жүзінің коптеген мемле-кеттерінің конституциялары 1948 жылы БҰҰ қабылдаған «Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясында», сонымен қатар адам құқығы бойынша басқа да Халықаралық Пактілерде көрсетіген идеалдарға сүйенеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясыида: «Әрбір азамат оның өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаға қүқығы бар» — делінген.
