Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология 1 рубежка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
98.63 Кб
Скачать
  1. Ағынды суларды биологиялық тазарту

Суқоймаларының ластануын алдын - алу өндiрiстерде тазартушы құралдарды салуды қажет етедi. Сөйтiп, өндiрiс шығаратын зиянды заттар мөлшерi азаяды, ағын сулар тазарады, өндiрiстiң зиянды қалдықтары өңделедi. Өндiрiсте қолданатын суды ерiген заттардан тазартады, суытып, өндiрiс қажетiне жiбередi.

Ағын суларды қоспалардан тазарту үшiн құрылыстар, фильтрлер пайдаланылады. Зиянды заттарды тұнбаға түсiретiн, ауру қоздырғышын өлтiретiн химиялық реактивтер қолданылады. Биологиялық тазартушы қондырғыларда бактериялар органикалық қалдықтарды, зиянды заттарды ыдыратып, сiңiредi.

Суды тазартуда кейбiр өсiмдiктер мен жануарлар маңызды роль атқарады, оларды су қоймаларының санитарлары, тiрi фильтраттар деп атайды. Оларға су гиацинтi жатады. Ол адамдардың жәндiктермен күресуге пайдаланатын улы заттарды және өндiрiстiң зиянды қалдықтарын сiңiредi. Қамыс суды ауру тудырушы бактериялардан, тұздың артық мөлшерiнен, қалдықтар, мұнайдан тазартады. Суды жөке, өлең шөп, батпақты қырықбуын тазартады.

Ал мынадай жануар - фильтраттар, айқұлақ ұлу өзi арқылы күнiне 30 л суды өткiзедi. Кiшкентай шаяндар да суды фильтрлейдi. Бiр шаян күнiне 1,5л суды фильтрлейдi.

Кез келген табиғи су қоймасы өзiнiң өсiмдiктерi, саңырауқұлақтары, бактериялары, моллюскiлерi көмегiмен өзiн-өзi тазартады. Бұл организмдердiң барлығы - санитарлар, олар өздерiнiң суларын тазартады. Су қоймасына улы қалдықтар түссе, оның құрамындағы тыныс алуға қажеттi оттегi мөлшерi және қоректенуге қажеттi қорек мөлшерi азаяды, санитарлар өлiп, судың дәмi мен иiсi өзгередi.

Қазiргi кезде Дүниежүзiлiк мұхитты ластанудан қорғау мақсатымен теңiз ортасын қорғау бойынша мұхиттарды мұнаймен және тасымалданатын зиянды заттармен, қалдықтармен ластануды болдырмау, сиреп бара жатқан өсiмдiктер мен жануар түрлерiн сақтау, олардың санын арттыру бойынша халықаралық келiсiмдер жасалады. Су қоймаларының күйiн басқару мен бақылау жаңа құралдар арқылы жүргiзедi.

2. Атмосфераның газдануы – so2, NaO, co2, co; шаңдануы; қышқыл қауіпті жаңбырлар (pH 4.5-5.7)

Атмосфераның ластануы — әр түрлі газдардың, қатты және сұйық заттардың немесе табиғи булар мен қалдықтардың ұсақ түйіршіктерінің ауаға қосылуы. Бұлардың ішінде газ тектес заттар атмосфераға шығарылатын ластағыштардың шамамен 90%-ін құрайды. Көп тараған атмосфера ластағыштарына күкіртті газ (SO2), азот оксидтері(NO2) , кеміртек оксидтері (иіс газы СО), хлор, формальдегид (НСНО), фенол-бенз(а)пирен, шаң-тозаң жатады. Атмосфераның ауасын ластайтын негізгі антропогендік көздері- өнеркәсіп орындарының кейбір салалары, автокөлік, және жылу энергетикасы. Атмосферада табиғи және антропогендік көздерден қосылатын әр түрлі қосындылыр әр кездерде де болады. Ондай табиғи қосындыларға шаңдар жатады, олар, негізінен, өсімдіктер түрлерінен, вулкандардан, эрозияға ұшыраған топырақтан, ғарыш шаңдарынан тұрады және өрт түтіндері, газдар да жатады. Жаратылыстағы атмосфералық ауа құрамы мынадай газдардан тұрады (пайыз есебімен) азот – 78,08; оттек – 20,95; аргон – 0,93; көмір қышқыл – 0,03; неон, гелий, ксенон, родрн, тағы басқалары – 0,01. Бұлардан басқа ауа құрамында қалқып жүрген шаң-тозаң атмосферада өтіп жататын процестер үшін қажет. Олар буларды сұйық түрге айналдыруға, күн сәулесін азайтып жерді өте ысып кетуден сақтауға, жер бетіндегі жылудың әлемге тарап кетпеуіне, жауын-шашын әкелетін бұлттарды жинауға қатысады. Жер бетінен көтерілген жылы шаң-тозаң ауаның араласуына әсерін тигізеді. Әрине, шаң-тозаң млн жылдар бойы қалып қалыптасқан мөлшерде болса ғана пайдалы. Егер өте көп болса келтіретін зияны да аз емес.

Қышқыл жаңбырлар - атмосфералық қалдықтардың реакция ортасының жауын, қар, түманның қүрамындағы техноғенді калдыктар әсерінен қышқылдығының қалыпты мөлшерден артуы.

Қышқылды жаңбыр – атмосфералық жауын-шашын түрлері (оған қар да жатады). Жаңбыр құрамында қышқылдың (pH<5,6) болатындығы ауа құрамында өндіріс қалдықтары (мыс., SO2, NO2, HCl, т.б.) мөлшерінің көптігіне байланысты. Осындай жауын-шашын түскен топырақ пен су айдындарының қышқылдығы артып, соның нәтижесінде қоршаған ортаның экожүйесі деградацияға ұшырайды. Атап айтқанда, су айдындарындағы балықтар мен су жануарлары жаппай қырылып, топырақ құнарсызданып, жеміс-жидек пен көкөніс және орман ағаштары өспей, солып қалады.

қышқылдық жаңбырлар- рН 5,6- дан төмен болады. Мұндай жауын- шашынның түсуі атмосфераның күкірт диоксидімен, азот оксидтерімен антропогендік ластануымен байланысты.

3.Экологиялық тұрақтылық – экожүйенің қоршаған ортаның сыртқы және ішкі факторларының әсеріне төтеп беріп, өзінің құрылымы мен функциясын сақтап қалу қабілеті.

Ғаламдық экожүйе қоршаған ортаның тұрақтылығын антропогендік әсерлерге төтеп бере алатын жағдайда ғана, яғни, тұрақтылық шегінен шықпағанға дейін сақтай алады. Биота мен қоршаған орта өздерінің тұрақтылығын кез келген геол. кезеңдерде миллиондаған жылдар бойы өзгеріссіз сақтап отырды.