Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sillabus (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
215.55 Кб
Скачать

ҚММУ Ф 4/3-03/03

ҚММУ БЕ 4/03

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Гистология кафедрасы

Силлабус

Gist-2 3206 Гистология-2 бойынша

5В130100 – Жалпы медицина мамандығы бойынша

Оқу сағаттарының көлемі: 135 сағат – 3 кредит.

3 Курс

5,6 Семестр

Қарағанды 2014 Силлабус «Гистология 2» пәні бойынша бекітілген жұмыс бағдарламасының негізінде 5в130100 «Жалпы медицина» мамандығы үшін құрастырылған.

Силлабус курс отырысында қарастырылған

«___ » __________.2014ж Хаттама №

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к. __________________ Есимова Р.Ж

  1. Оқытушылар туралы мәлімет: тізімі, дәрежесі және қызметі өнертабыстық ғылыми қызығушылығы, жетістіктері және т.Б.

Гистология кафедрасы

  • Есимова Роза Жанатовна, кафедра меңгерушісі, доцент, медицина ғылымдарының кандидаты, ұстаздық жұмыс стажы - 23 жыл. Ғылыми жұмыс саласы: бауыр морфологиясы. Ғылыми мектебі: кандидаттық диссертация, тақырыбы: «Гестоз жағдайындағы даму кезеңіндегі адам ұрықтарының бауыр гистогенезі», 2004 жылы Алматы қаласында мемлекеттік тілде қорғалды. Ғылыми жетекшісі профессор А.В. Куркин. Қазақ және орыс тілдерінде дәрістер оқып, тәжірибелік сабақ және СОӨЖ- ын жүргізеді.

  • Куркин Александр Валерьянович, кафедра профессоры; медицина ғылымдарының докторы, профессор, ұстаздық жұмыс стажы - 45 жыл. Ғылыми жұмыс саласы: балалық шақтың морфологиясы, перинаталдық патология. Ғылыми мектебі: кандидаттық диссертация, тақырыбы: «Функциональная характеристика аденогипофиза» Душанбе қаласында 1967 жылы профессор А.А.Браунның жетекшілігімен қорғалған, докторлық диссертация, тақырыбы: «Калькулезный пиелонефрит у детей» (клинико-морфологиялық зерттеу), 1974 жылы Москвада қорғалған. 2 монографияның, 160 ғылыми жұмыстардың авторы. 3 медицина ғылымдарының докторларын және 23 медицина ғылымдарының кандидаттарын дайындады. Орыс тілінде дәріс оқиды.

  • Жанайдарова Галина Уразовна, медицина ғылымдарының докторы, ұстаздық жұмыс стажы – 29 жыл. Ғылыми жұмыс саласы: экспериментті гипокинезия, этанолмен антенатальды интоксикация, эмбриональды гистогенез, ерте постнатальды гистогенез, бұлшық етті жүйе, экология. Ғылыми мектебі: кандидаттық диссертация, тақырыбы: «Морфология нервно-мышечного аппарата дыхательных мышц при экспериментальной гипокинезии», 1981жылы., докторлық диссертация, тақырыбы: «Эмбриональный и ранний постнатальный гистогенез сердечной мышцы при антенатальной интоксикации этанолом». 80 ғылыми жұмыстары мен 2 оқу-әдістемелік құралдарының авторы, орыс тілінде дәрістер оқып, тәжірибелік сабақ және СОӨЖ- ын жүргізеді.

  • Джумабаева Сания Каликовна, кафедраның доценті; медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, ұстаздық жұмыс стажы - 45 жыл. Ғылыми жұмыс саласы: нейрогистология. Ғылыми мектебі: кандидаттық диссертация, тақырыбы: «Состояние нервных и соединительнотканных элементов матки при беременности», 1974 жылы Қарағанды қаласында қорғалған. Ғылыми жетекшісі профессор А.А. Зорина. Орыс және мемлекеттік тілде дәрістер оқып, тәжірибелік сабақ және СОӨЖ- ын жүргізеді.

  • Нурсейтова Күләш Тлеулесовна, доцент қ.а., кафедраның оқытушысы, медицина ғылымдарының кандидаты, ұстаздық жұмыс стажы – 22 жыл. Ғылыми жұмыс саласы: бауыр морфологиясы. Ғылыми мектебі: кандидаттық диссертация, тақырыбы: «Жүктілердің қаназдығы кезіндегі ұрық бауырының морфологиялық сипаттамасы», 2005 жылы Алматы қаласында мемлекеттік тілде қорғалды. Ғылыми жетекшісі профессор А.В. Куркин. Қазақ және орыс тілдерінде дәрістер оқып, тәжірибелік сабақ және СОӨЖ- ын жүргізеді.

  • Утибаева Ракима Амержановна, биология ғылымдарының кандидаты, ұстаздық ғылыми стажы – 23 жыл. Ғылыми жұмыс саласы: майлардың асқын тотығуы және экспериментте жануарлардың антиоксидантты қорғалуы. Ғылыми мектебі: кандидаттық диссертация, тақырыбы: «Влияние салсоколлина и алиментарного фактора на перекисное окисление липидов и антиоксидантную защиту при дефиците железа». 2002 жылы Алматы қаласында қорғалды. 2 оқулық пен 1 оқу-әдістемелік құралдарының авторы. орыс тілінде тәжірибелік сабақ және СОӨЖ- ын жүргізеді.

  • Берикбаева Бакыт Хамзақызы, кафедраның оқытушысы, ұстаздық жұмыс стажы – 12 жыл. Ғылыми жұмыс саласы: ұйқы безіндегі ішкі секреция тіндерінің гистофизиологиясы.Орыс, қазақ тілдерінде тәжірибелік сабақ және СОӨЖ-ын жүргізеді.

  • Койшиманова Улбосын Сериковна, кафедраның оқытушысы, ұстаздық жұмыс стажы – 2 жыл. Қазақ тілінде тәжірибелік сабақ және СОӨЖ- ын жүргізеді.

  • Анис Кулчат, кафедраның оқытушысы, ұстаздық жұмыс стажы – 2 жыл. Қазақ тілінде сабақ жүргізеді.

  • Кушербаев Султан Асанбаевич, кафедраның оқытушысы, «биология» мамандығының магистрі. Қазақ тілінде тәжірибелік сабақ және СОӨЖ- ын жүргізеді.

  • Байланыс ақпараты: Алалыкин көшесі, 7 үй; №2 корпус, үшінші этаж. Телефоны: 56-41-81 (ішкі 106). 7 автобус, 04, 44 маршрутты такси. Аялдама «Гагарин алаңы».

  • Пәннің саясаты: кафедраның пәнді оқу барысында студенттерге қоятын жалпы талаптары, жұмыстың бөлімдерін және т.б орындамаған жағдайдағы айыппұл шаралары. Пәннің саясаты қазіргі замандағы студенттерді оқытушының кеңес беруімен және бағдарлауымен өз бетімен аудиторлық және аудиториядан тыс білім алуға оқыту әдістемесіне сай жасалған. Гистологияның әрбір тақырыбын зерттеу барысында студент дәйекті түрде материалды оның мотивациялық сипаттамасынан, алдына қойған мақсатынан бастап, тақырыптың аяғында берілген сұрақтар арқылы тексеруге болатын ақырғы нәтижесіне дейін меңгереді. Қажетті нысандарды зерттегенде оған тапсырмалар картасы және орындау негіздері және бақылау-оқыту есептері беріледі. Зерттеу барысында студенттерде керекті құралдар кешені бар: оқулық, атлас, оқу-ақпараттық блоктар, әдістемелік ұсыныстар, препараттар, электроннограммалар, суреттер және т.б.

  • Кіріспе(қысқаша) Гистология-2 фундаментальды медико-биологиялық пән, ол басқа пәндермен біріге отырып ішкі аурулар пропевтикасы пәнін балалардың ерекшеліктерін ескере отырып, біріктіре оқытудың барысында пәнді оқытудың ақырғы нәтижесіне жету. Бұл пән фундаменттік теориялық білімін қамтамасыз ететін, болашақ дәрігердің дайындығының негізін құрайтын, міндетті және маңызды жетекші болып табылады. Гистология – 2 медициналық білім беруде маңызды орын алып, адамның тіндері мен мүшелерінің қалыпты және патология жағдайындағы тіршілігін талдауды ғылыми құрылымдық-қызметтік тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік береді.

Пәннің мақсаты: Тыныс алу, жүрек-қан тамырлар, тірек-қимыл, эндокриндік, жүйкелік, ас қорыту, зәр шығару және жыныс, қан жасау жүйелерінің жас ерекшеліктерін есепке ала отырып ағзалардың құрылымдық ұйымдастырылуы туралы студенттерде заманауи білімдерін қалыптастыру.

Пәннің міндеттері

  • Білім: Тыныс алу, жүрек-қан тамырлар, тірек-қимыл, эндокриндік, жүйкелік, ас қорыту, зәр шығару және жыныс, қан жасау жүйелерінің мүшелерінің тіндерінің жасушалық және жасушалықемес құрылымдардың қалыптасуының компоненттерін идентификациялайды.

  • Түсіну: Тыныс алу, жүрек-қан тамырлар, тірек-қимыл, эндокриндік, жүйкелік, ас қорыту, зәр шығару және жыныс, қан жасау жүйелерінің мүшелерінің тіндерінің дифференциялануын түсіндіреді.

  • Білімі мен түсінігін тәжірибеде қолдану: Негізгі гистологиялық терминдерді және ұғымдарды білу; микроскопиялық, гистохимиялық зерттеулердің негізінде мүшелердің тіндік элементтерінің гистофункционалдық ерекшеліктерін бағалау; білімдерін оқиғалық/ клиникалық есептерді шешуге қолдану.

  • Пікірлер айту, идеяны бағалау және қорытындыларды қалыптастыру: Микроскопиялау барысында тыныс алу, жүрек-қан тамырлар, тірек-қимыл, эндокриндік, жүйкелік, ас қорыту, зәр шығару және жыныс, қан жасау жүйелерінің мүшелерінің жасушалары мен тіндерінің құрылымдарын анықтау, олардың өзгерістерін организмнің бейімделу реакцияларына байланысты бағалау, алған білімдеріне ауруларды алдын алу мақсатында сараптама жүргізу.

  • Жеке түсінігі мен ептілігін жеткізу: Өз білімін гистологиялық препараттарды интерпретациялау кезінде, оқиғалық есептерді шешу барысында көрсете алады, түсінігін реферат, презентация, жобалар түрінде бейнелей, өз қорытындыларын қалыптастыра алады.

  • Өз бетімен әрі қарай оқуды жалғастыру қабілеті: Жоғарыда көрсетілген білімдерін патологиялық жағдай кезінде тыныс алу, жүрек-қан тамырлар, тірек-қимыл, эндокриндік, жүйкелік, ас қорыту, зәр шығару және жыныс, қан жасау жүйелерінің мүшелеріндегі тіндердің құрылымдық қалыптасуының өзгерістерін өзбетімен зерттеу үшін колдану.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]