
- •Вариант 3
- •3 Жастағы балада эксикоздың II дәрежесі гемодинамикалық бұзылыстармен. Емді қандай инфузиялық ерітіндіден бастау қажет?
- •3 Жастағы балада эксикоздың II дәрежесі гемодинамикалық бұзылыстармен. Емді қандай инфузиялық ерітіндіден бастау қажет?
- •3 Жастағы балада эксикоздың II дәрежесі гемодинамикалық бұзылыстармен. Емді қандай инфузиялық ерітіндіден бастау қажет?
- •3 Жастағы балада эксикоздың II дәрежесі гемодинамикалық бұзылыстармен. Емді қандай инфузиялық ерітіндіден бастау қажет?
- •3 Жастағы балада эксикоздың II дәрежесі гемодинамикалық бұзылыстармен. Емді қандай инфузиялық ерітіндіден бастау қажет?
3 Жастағы балада эксикоздың II дәрежесі гемодинамикалық бұзылыстармен. Емді қандай инфузиялық ерітіндіден бастау қажет?
- альбумин
- ацесоль
+ реополиглюкин
- физиологиялық ерітінді
- 20% глюкоза ерітіндісі
?
Науқас 8 жаста, жедел ауырған, дене қызуының Т 39 оС ге дейін көтерілуімен, әлсіздік, қайталамалы құсу, іш тұсында ауырсыну, іш өту, күніне 11 рет құрамында шырыш, жасыл және қан, байқалады. Балада ауруының 6-күні буындарының айналасында, қол басында, табан терісінде ұсақ нүктелі бөртпелер пайда болған (қолғап, шұлық симптомы). Тізе буын аймағында ауырсыну мен қозғалуының шектелуі байқалады. Болжамдық диагнозы – псевдотуберкулез. Қандай антибиотик тағайындау керек?
+ левомицетин
- неграм
- оксациллин
- пенициллин
- фуразолидон
?
1 жастағы бала жедел ауырды, дене қызуы 39,2 С дейін көтерілген және клоникалық-тоникалық құрысулар. Құрысулар бірінші рет. Ауруханада құрысулардан кейін 30 минуттан соң жағдайы ауыр, дене қызуы 390 С, бетінің, аяқ-қолдарының бұлшық еттерінің тартылуы (подергивание) байқалады. Терісі бозарған, еріні цианозды, ауызжұтқыншақта жайылған гиперемия. Өкпесінде – тынысы қатқыл, сырылдар жоқ. Тыныс алу жиілігі минутына 50 рет. Жүрек тондары қанағттанарлық, пульсі минутына 148. Іші жұмсақ, бауыры +1 см., көкбауыры пальпацияланбайды. Нәжісі қалыпты. Менингиальдік белгілері жоқ.
+ ЖРВИ. Нейротоксикоз
- менингит
- полиомиелит, понтиндік форма
- спазмофилия
- эпилепсия
?
Сергей Т, 9 жаста. Түскендегі шағымы: дене қызуының Т 40 оС дейін көтерілуі, қалтырауы, әлсіздік, мазасының болмауы, ішінің ауыруы. Нәжісінің күніне 4-6 ретке дейін сұйылуы байқалған. Жағдайы нашар, тері жамылғысы ұстағанда ыстық, құрғақ, ішінде бірең-саран разеола (3 элемент). Аңқасында бадамша бездің және доғаларының аздаған қызаруы байқалады, тілінде тістерінің іздері қалған, қалың кіршең-қоңыр жабындымен қапталған. Өкпесінде жайылған құрғақ сырыл. Жүрек тоны тұйықтау, ЖЖЖ минутына 60 рет. Іші жұмсақ, аздап кепкен, бауыры +4,0; +4,0; +6,0 см, көкбауыры +2,5см. Падалка синдромы оң. Дәрігердің болжамдауы бойынша науқаста іш сүзегі. Төменде аталған зертханалық зерттеулердің қайсысы этиологиялық диагнозын дәлелдейді?
- жалпы зәр анализі
- жалпы қан анализі
- копроскопия
+ қанды гемокультураға алу
- флораға аңқадан жұғынды алу
?
Бала 5 жаста. Ауруханаға ауруының 5- күні түсті. Ауру баяу дене қызуының көтерілуімен, тоқтаусыз құсумен, үлкен дәреті күніне 3-5 реттен, көлемді, сұйық, нәжістік қасиеті сақталған, көпіршікті, қорытылмаған, сасық иісті, қою-жасыл түсті шырыш араласуымен басталған. Ауруының 3-күні шамалы эксикоздың симптомдары пайда болған. Тілін қарағанда қалың жабындымен қапталған. Іші аздап кепкен. Пальпациялағанда ауырсыну байқалады. Ауруының 4-күні гепатоспленомегалия анықталды. Яслиде энтеритпен ауырған баламен қатынаста болған, анасы үйден алып келген шала пісірген жұмыртқа жеген. Бала бақшасында қатынаста болғандармен қандай эпидемияға қарсы шаралар жүргізу қажет?
+ мед. бақылау, нәжісті бақылауға баксебу
- мед. бақылау, копроскопия
- мед. бақылау, қанды гемокультураға алу
- мед. бақылау, жалпы зәр анализі
- мед. бақылау, жалпы қан анализі
?
2 дәрежелі токсикалық дифтериясы бар науқас балада ауруының 6-шы күні: жүрек шекараларының сәл кеңеюі, тондардың бәсеңдеуі, өкпе артериясында І тонның екі еселенуі пайда болған. Қандай асқыну туралы ойлау керек:
- жүректің ишемиялық ауруы
+ миокардит
- полирадикулоневрит
- стенокардия
- эндокардит
?
Балада дегидратация симптомдары пайда болды. Соңғы тәулікте дене салмағының 800 г (8%) жоғалтқан. Объективті: жағдайы ауыр, бала әлсіз. Терісі бозарған, эластикалығы төмендеген. Көздері шүңірейген. Тілі құрғақ, сарғыш қақпен қапталған. ТЖ 48 минутына. ЖЖ 144 минутына. Пульсі – ритмі дұрыс, толуы қалыпты. АД 95/55 мм сын.бағ. Іші аздап кепкен, жұмсақ. Бауыры 2 см қабырға доғасынан шығыңқы. Аш ішек пен тоқ ішек бойында шұрылдар естіледі. Нәжісі көлемді, сулы, тәулігіне 10 рет. Зәрге сирек барады. Қан анализі: Ht 0,46 л/л, Hb 162 г/л, натрий 135 ммоль/л, калий 3,2 ммоль/л, жалпы ақуыз 82 г/л. БЖАИЖ қай жоспары бойынша балаға ем жүргізу қажет?
- А жоспары
+ Б жоспары
- В жоспары
- Г жоспары
- Д жоспары
?
Бала 3 айлық. Салмағы 5 кг. Ауырғанына 2-ші тәулік. Сырқаты біртіндеп қою-жасыл түсті шырыш аралас тәулігіне 15 ретке дейін сұйық нәжістен басталды. Түнде Т 39°С. Қайталап құсу болды (5 ретке дейін).
Ауруханаға түскенде шөл болды, терісі бозарған, мрамор тәрізді, аяқ-қолдары суынған. Еріндері бозарған құрғақ, бала өте мазасыз. Еңбегі түсіп кеткен, көздерінің асты көгерген, беті жүдеген. Тіндердің эластикалығы мен тургоры төмендеген, тері қатпары баяу жазылады, терісі құрғақ. Дене салмағының жетіспеушілігі 11%. Жүрек тондары тұйық, ЖСЖ - 100 минутына, іші кепкен, шұрылдайды, сигма тығыз. Қандай терапия бұл жағдайда бірінші кезекте жүргізіледі:
- антибактериальдік терапия
- гемотрансфузия
- дезинтоксикация
- оральдік регидратация
+ парентеральдік регидратация
?
Сағат таңертеңгі 1000 5 жастағы бала басының қатты ауырғанына шағымданып, қайталап құса берді. Дәрігер қараған кезде анықтағаны: дене қызуының жоғарылығы, менингиальдік симптомдардың: шүйде бұлшық еттерінің тартылуы, Керниг және жоғарғы Брудзинский симптомдарының оң болуы. Бала таңғы 600 жедел ауырды. Диагнозды дәлелдейтін маңызды диагностикалық зерттеуді тағайындаңыз?
- биохимиялық қан анализі
- жалпы зәр анализі
- жалпы қан анализі
- копроскопия
+ люмбальдік пункция
?
5 айлық бала ауырғанына 1 апта болған. Сырқаты дене қызуының Т 38 оС ге дейін көтерілуімен, тамақтандырғаннан кейін лоқсумен басталған, нәжісі 8 ретке дейін жиі, сулы, қызғылт-сары түсті, ақ түйіршіктермен. Соңғы күндері құсу тұрақты, нәжісі 12-15 ретке дейін жиілеген. Ауруханаға түскендегі жағдайы ауыр, терісі бозарған «мрамор» реңді, тургоры мен эластикалығы төмендеген, еңбегі төмен түскен, бала сұйықты нашар ішеді. Іші кепкен, ішектің бойы шұрылдайды, сигма спазмдалмаған. Дене салмағының жетіспеушілігі 2%. Қан ионограммасында - К + 3,0 ммоль/л, Na - 128 ммоль/л. Эксикоздың осы түрінде негізгі патогенетикалық терапия қандай?
- гемотрансфузия
- гормональдік ем
- дезинтоксикация
- оральдік регидратация
+ парентеральді регидратация
?
Бала 1 жаста, заболел остро, дене қызуының Т 39,2 оС ге дейін көтерілуімен және клоникалық-тоникалық құрысумен жедел ауырған. Құрысу алғаш рет пайда болған. Ауруханада құрысулардан кейін 30 минуттан соң жағдайы ауыр, дене қызуы 390 С, бетінің, аяқ-қолдарының бұлшық еттерінің тартылуы (подергивание) байқалады. Терісі бозарған, еріні цианозды, ауызжұтқыншақта жайылған гиперемия. Өкпесінде – тынысы қатқыл, сырылдар жоқ. Тыныс алу жиілігі минутына 50 рет. Жүрек тондары қанағттанарлық, пульсі минутына 148. Іші жұмсақ, бауыры +1 см., көкбауыры пальпацияланбайды. Нәжісі қалыпты. Менингиальдік белгілері жоқ. Дәрігер қойған диагнозы: ЖРВИ. Нейротоксикоз.
Қандай емдеу әдісін ең алдымен қолдану қажет?
- ауыздан ыстықты түсіретін дәрілер беру
- массивті антибактериальдік ем
+ нейровегетативтік тежеу (блокада)
- регидратация жүргізу
- физикальдік суыту әдістерін
?
8 жастағы бала дене қызуының Т 39С көтерілуімен, әлсіздікпен, қайталап құсумен, ішінің ауыруымен, тәулігіне 11 ретке дейін шырыш, жасыл, қан араласқан нәжістің пайда болуымен жедел ауырған. Сырқатының 6 күні баланың буындарының терісінде, қолдарының, аяқтарының басында ұсақ нүктелі бөртпе пайда болды (қолғап, шұлық симптомы). Тізе буыны ауырсынады және қозғалуы шектелген. Болжамдау диагнозы – псевдотуберкулез. Қандай аурумен салыстырмалы диагнозды жүргізу қажет?
- бруцеллезбен
- дизентериямен
- сальмонеллезбен
+ скарлатинамен
- тағамдық токсикоинфекциямен
?