- •Тақырып 1. Әлеуметтік саясаттың ғылыми-әдістемелік негіздері
- •2. Әлеуметтік саясаттың негізгі принциптері.
- •3. Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттары.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. «Әлеуметтік саясат және қоғамдық даму» тақырыбына реферат.
- •Тақырып 2. Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •1. Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •Әртүрлі экономикалық жүйелердегі әлеуметтік саясаттың негізгі ережелері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын: «Әлеуметтік саясатты қалай реформалауға болады?»
- •2. Мемлекеттің әлеуметтік функциялары.
- •3. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының құқықтық негіздері.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. «Кезеңдік басылымдардағы әлеуметтік мәселелерге қатысты мақалаларды талқылау» іскерлік ойыны
- •Тақырып 4. Әлеуметтік қорғау
- •2. Әлеуметтік қорғау механизмі мен тиімділігі
- •3. Әлеуметтік қорғау субъектілері мен объектілері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Студенттерге шағын сауал: «Сіз мемлекеттің әлеуметтік қолдауына мұқтажсыз ба?».
- •2. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарындағы әлеуметтік қорғау органдарына бару
- •Тақырып 5. Аймақтық әлеуметтік саясаттың ерекшеліктері
- •2. Аймақтық әлеуметтік саясат
- •3. Аймақтың әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі
- •Сурет 2. Әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Эссе «Әлеуметтік саясат үлгілері және хх-ші жүз жылдықта олардың жүзеге асуы».
- •Тақырып 6. Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру
- •Медициналық сақтандыру
- •Зейнетақылық сақтандыру. Зейнетақы қорлары.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Тақырып 7. Еңбек және халықты жұмыспен қамту саласындағы саясат
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары түсініктері
- •Маңғыстау облысы тұрғындарын жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік саясат.
- •Маңғыстау облысының негізгі көрсеткіштері
- •Жалпы аймақтық өнім
- •Өнеркәсіптік өндіріс
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Халықты жұмыспен қамту мемлекеттік қызмет органына бару.
- •2. Эссе «Жұмыспен қамту туралы заңға қандай өзгерістер енгізуге болады?».
- •3. Іскерлік ойын «Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары сферасындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •Тақырып 8. Әлеуметтік саладағы тұрғын үй саясаты
- •Тұрғын үй саясаты және оның бағыттары
- •2. Маңғыстау облысында тұрғын үй саясатын дамытудың негізгі бағыттары
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Эссе «Менің әлеуметтік сараптамам».
- •2. Іскерлік ойын «Тұрғын үй сферасындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •Тақырып 9. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясат
- •Денсаулық сақтау әлеуметтік саясаттың бағыты ретінде
- •Маңғыстау облысындағы денсаулық сақтау саласының негізгі даму бағыттары
- •Денсаулық сақтау объектілері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •2. Іскерлік ойын «Денсаулық сақтауды Басқару есебінің негізгі көрсеткіштерін талдау»
- •Тақырып 10. Білім беру саласындағы саясат
- •Білім беру әлеуметтік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде
- •Маңғыстау облысындағы білім беру саласының дамуы
- •Білім беру объектілері
- •1. Іскерлік ойын «Білім беру саласындағы саясат».
- •Тақырып 11. Жастарға қатысты әлеуметтік саясат
- •Әлеуметтік жастар саясатының негізгі бағыттары
- •2. Маңғыстау облысында аймақтық әлеуметтік жастар бағдарламасын дамыту
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Муниципалды жастар саясаты».
- •Тақырып 12. Әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласындағы саясат
- •Әлеуметтік қызметтер ұсыну жүйесі
- •Қиын тұрмыс жағдайындағы тұлғаларға әлеуметтік қызмет көрсету
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Тақырып 13. Әлеуметтік саясатты қаржыландыру
- •Әлеуметтік саланы қаржылық қамсыздандыру
- •Әлеуметтік саясат бюджеті және оның қалыптасу көздері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Әлеуметтік бюджетті құру».
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Глоссарий
- •Маңғыстау облысындағы білім беру саласының стратегиялық бағыттары, мақсаты және міндеттері [59, 60, 62, 66]
2. Әлеуметтік қорғау механизмі мен тиімділігі
Заманауи қоғамда халықты әлеуметтік қорғау аса өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Әлемдік қаржы дағдарысымен байланысты орын алған өзгерістер саяси және экономикалық жағдайдың тұрақсыздығына, жағдайы төмен отбасылар (тұрмысы төмен отбасылар мен жұмыссыздар, оқитын жастар, толық емес және көп балалы отбасылар, мүгедектер, мигранттар және басқалар) санының артуына алып келді. Орын алған өзгерістер экономикалық, саяси және әлеуметтік сфераларға өз әсерін тигізіп, көптеген өндірістік және қоғамдық ұйымдар қызметіне, қоғамдық санаға әсер етті, ал бұл өз кезегінде қоғамдық дамудың келешегін анықтайды.
Әлеуметтік саясаттың тиімді жүйесін құрғанда осы саладағы негізгі бағыттарды ашып көрсетуге болады.
Бірінші бағыт – кедейлеу бұқара топтарын қолдау (ауру адамдар, мүгедектер, қарттар, көп балалы отбасылар). Халықтың қандай категориясы әлеуметтік көмек алу құқығына ие екендігін анықтау үшін күнкөріс минимумы көрсеткіші қолданылады. Оны есептеудің нормативті-статистикалық әдісі тамақтану өнімдерінің нормативтік жиынтығын құраушыларды орташа сатып алу бағасы бойынша бағалауды білдіреді, ал азық-түліктік емес тауарлар мен қызметтер шығындары аз қамтылған отбасылардың 10%-ының жалпы шығындарындағы олардың нақты үлесі бойынша анықталады. Күнкөріс минимумы шығындарының көлемі мен құрылымы әртүрлі бұқара топтарының ең төменгі шығындардағы мұқтаж қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді деп саналады.
Теориялық тұрғыдан, күнкөріс минимумы мемлекет тұрғындарды материалдық қолдауды қамтамасыз ете отырып, өз азаматтарының тұрмыс деңгейінің одан төмен болуына жол бермеуі қажет көрсеткіш болып табылады.
Әлеуметтік қамсыздандыру кең көлемді әлеуметтік қызметтерді ұсыну түрінде жүзеге асады:
ақшалай төлемдер;
ақысыз тамақтану мен киім алуға берілетін талондар;
қарттар мен мүгедектердің үйіне барып қызмет көрсету;
қарттар мен мүгедектер үйлерінен орын беру және басқалар.
Аса маңызды сұрақтардың қатарына қаржыландыру тәсілдері туралы мәселе жатады. Ол мемлекеттік бюджетпен және мамандандырылған бюджеттен тыс қорлармен жүзеге асырылуы мүмкін.
Қаржыландыру көздеріне байланысты әлеуметтік қамсыздандыруды әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік көмек және қамқоршылық деп бөлуге болады. Сақтандыру, көмек және қамқоршылық әрбір жеке жағдайда әлеуметтік қызметтер мен ақшалай трансферттердің қандай да бір комбинациясын білдіреді. Сақтандыру принципінің өзіне тән белгісі көрсетілетін көмекті салымдар есебінен қаржыландыру және салымдар мен әлеуметтік қызметтер көлемі арасындағы тығыз өзара тәуелділік болып табылады. Бұл жағдайда төлем мөлшері жеке салымдар көлеміне, яғни сақтандырылған тұлғаның алдын ала салымына негізделеді. Осылайша, сақтандыру принципі әділеттіліктің нарықтық принципіне, жеке салымы мен жеке жауапкершілігіне сәйкес сыйақы төлеуге сәйкес келеді. Бұл әлеуметтік қауіп-қатер зардаптарын төмендеткенмен, жүйенің табыстарды реттеудегі мүмкіндіктерін шектейді.
Әлеуметтік қауіп-қатер – бұл қоғамда бір мезгілде көптеген адамдарға айтарлықтай зардап әкелетін жағдайдың аяқ астынан орын алу қаупі. Қуіп-қатерлерге деген заманауи реакция – сақтандыру. Сақтандырудың екі негізгі түрі бар:
жеке компаниялармен жүзеге асырылады (ерікті);
мемлекетпен жүзеге асырылады (мәжбүрлі);
Дамыған елдер үшін жұмыссыздық, еңбекке жарамсыздық, кәрілік жағдайында төлем төлеуді қамтамасыз ететін міндетті сақтандыру тән. Бірақ бұл бағыттарда да мемлекет өзіне барлық жауапкершілікті алмайды, тек жеке сақтандыру ықпал етпейтін бөліктерін ғана алады.
Бірақ сақтандыру әлеуметтік қауіптердің барлық нұсқаларын жаба алмайды. Сондықтан, сақтандыру әлеуметтік көмекпен толықтырылуы қажет.
Әлеуметтік көмек принципі бюджеттен қаржыландыруды білдіреді. Барлық көмек алушылар үшін бірдей көмек мөлшері – ең қарапайым нұсқа. Бірақ бірдей көмек еңбек мотивациясын төмендетуі мүмкін.
Бюджеттен қаржыландырылатын болғандықтан осы принцип негізінде құрылатын барлық әлеуметтік қамсыздандыру жүйелері мемлекеттің қаржылық жағдайына тәуелді болып келеді.
Қамқоршылықтың өзіндік белгісі салықтар есебінен қаржыландыру болып табылады. Бірақ, әлеуметтік қамсыздандырудың айтарлықтай бөлігі қамқоршылық принципі бойынша құрылса, онда бұл мемлекеттік қаржылар жүктемесін арттыруы мүмкін.
Әлеуметтік қорғау жүйесін реформалаумен байланысты өтпелі кезеңде қоғам өз азаматтарына ұсына алатын әлеуметтік кепілдемелер минимумы туралы сұрақ туындайды. Қазіргі жағдайда бұл кепілдемелер аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмекпен ғана шектеледі. Мұндай көмек жүйесі негізінен ең төменгі табысқа кепілдеме жүйесі болып саналады. Өтпелі экономикадағы елдерде орын алатын жүйе табыс деңгейін бағалау деп аталады. Бұл жерде әлеуметтік көмектің міндеті кедейшілік шегі мен орын алған табыс деңгейі арасындағы айырмашылықты жабуды білдірмейді.
Екінші бағыт – еңбек құқығын қамтамасыз ету. Мемлекет субъектілердің еңбек нарығында тең құқылы болуына, мамандық таңдау еркіндігіне кепілдік беруі тиіс.
«Әлеуметтік қорғау» категориясын талдай келе, бұл түсінікке келесі анықтаманы беруге болады: әлеуметтік қорғау әлеуметтік субъектілердің (жұмысшылар мен жұмыс берушілердің), қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттің арасындағы тұрмыс сапасын төмендетуші факторлардың әсерін минимицазиялауға бағытталған қатынастар, байланыстар мен мүдделер кешенін қамтиды.
Қалыпты еңбек өмірін бұзушы және жұмысшылардың әлеуметтік статусын төмендетуші факторлар қатарына денсаулыққа зиян келу және еңбекке жарамдылық қабілетінен айырылу қаупі (ауру, бақытсыз жағдайлар, кәрілік), жеткіліксіз кәсіби біліктілік және жұмыс орнын жоғалтуға алып келетін еңбек нарығындағы қолайсыз жағдай жатады.
Жұмысшыларды әлеуметтік қорғау келесі бағыттарды қамтиды:
жұмысшылардың өмір сүруге жеткілікті табыс алуына мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасау;
жұмысшылар үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын және денсаулық сақтау, оңалту және кәсіби білімнің ұлттық жүйелеріне, қол жетімділікті қамтамасыз ету;
жұмыссыздық жағдайында, денсаулығына, баланың өмірге келуіне, тұрмыстағы бақытсыз жағдайларға, өндірістік травма немесе кәсіби аурушаңдыққа, мүгедектікке, кәрілікке, асыраушысынан айырылуға байланысты табысы төмендесе жұмысшылар мен оның отбасы мүшелерін күнкөріс минимумымен қамтамасыз ету.
Ү
шінші
бағыт – халықтың
жұмысбастылығын реттеу.
Оған мемлекеттік және мемлекеттік емес
экономика секторларында жаңа жұмыс
орындарын құру бағдарламаларын,
мүгедектерді жұмыспен қамту бағдарламаларын
өңдеу және жүзеге асыру жатады. Бұл
бағдарламалар кейбір кәсіпорын түрлерін
мүгедектерге арнап жұмыс орнын ұсынуға
міндеттейді.
Жұмыссыздықпен күрес және жұмыссыздарға көмек көрсетудің арнайы бағдарламалары жасалып жатыр. Мұндай бағдарламаларды жүзеге асырумен еңбек биржалары айналысады. Еңбек биржалары еңбек нарығын зерттеп, қазіргі уақытта қандай мамандар сұранысқа ие екендігін анықтайды. Осыған сәйкес кадрларды дайындау және қайта дайындау, жұмыс күшінің орынын ауыстыру жүреді. Сонымен қатар биржалар жұмыссыздық бойынша жәрдем ақылар төлейді.
Қазіргі уақытта шектен тыс аз қамтылу жағдайындағы әлеуметтік көмек жауапкершілігін жергілікті билік алады, өйткені олар әлеуметтік көмек масштабын дұрыс анықтай алады. Бұл үшін базалық ақшалай жәрдем ақыны есептеу мақсатында ай сайын тұтыну себетінің құны анықталады.
Әлсіз бұқара топтарына әлеуметтік қызмет көрсетуді дамыту қажет. Әлеуметтік көмекті тікелей ұйымдастыру үшін жергілікті әлеуметтік бағдарламалардың маңызы зор. Сонымен қатар мемлекеттің, жұмыс беруші мен азаматтардың мүдделерін біріктіретін біртұтас әлеуметтік қорғау жүйесін құру мәселесінің де маңызы зор.
