- •Тақырып 1. Әлеуметтік саясаттың ғылыми-әдістемелік негіздері
- •2. Әлеуметтік саясаттың негізгі принциптері.
- •3. Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттары.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. «Әлеуметтік саясат және қоғамдық даму» тақырыбына реферат.
- •Тақырып 2. Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •1. Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •Әртүрлі экономикалық жүйелердегі әлеуметтік саясаттың негізгі ережелері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын: «Әлеуметтік саясатты қалай реформалауға болады?»
- •2. Мемлекеттің әлеуметтік функциялары.
- •3. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының құқықтық негіздері.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. «Кезеңдік басылымдардағы әлеуметтік мәселелерге қатысты мақалаларды талқылау» іскерлік ойыны
- •Тақырып 4. Әлеуметтік қорғау
- •2. Әлеуметтік қорғау механизмі мен тиімділігі
- •3. Әлеуметтік қорғау субъектілері мен объектілері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Студенттерге шағын сауал: «Сіз мемлекеттің әлеуметтік қолдауына мұқтажсыз ба?».
- •2. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарындағы әлеуметтік қорғау органдарына бару
- •Тақырып 5. Аймақтық әлеуметтік саясаттың ерекшеліктері
- •2. Аймақтық әлеуметтік саясат
- •3. Аймақтың әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі
- •Сурет 2. Әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Эссе «Әлеуметтік саясат үлгілері және хх-ші жүз жылдықта олардың жүзеге асуы».
- •Тақырып 6. Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру
- •Медициналық сақтандыру
- •Зейнетақылық сақтандыру. Зейнетақы қорлары.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Тақырып 7. Еңбек және халықты жұмыспен қамту саласындағы саясат
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары түсініктері
- •Маңғыстау облысы тұрғындарын жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік саясат.
- •Маңғыстау облысының негізгі көрсеткіштері
- •Жалпы аймақтық өнім
- •Өнеркәсіптік өндіріс
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Халықты жұмыспен қамту мемлекеттік қызмет органына бару.
- •2. Эссе «Жұмыспен қамту туралы заңға қандай өзгерістер енгізуге болады?».
- •3. Іскерлік ойын «Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары сферасындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •Тақырып 8. Әлеуметтік саладағы тұрғын үй саясаты
- •Тұрғын үй саясаты және оның бағыттары
- •2. Маңғыстау облысында тұрғын үй саясатын дамытудың негізгі бағыттары
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Эссе «Менің әлеуметтік сараптамам».
- •2. Іскерлік ойын «Тұрғын үй сферасындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •Тақырып 9. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясат
- •Денсаулық сақтау әлеуметтік саясаттың бағыты ретінде
- •Маңғыстау облысындағы денсаулық сақтау саласының негізгі даму бағыттары
- •Денсаулық сақтау объектілері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •2. Іскерлік ойын «Денсаулық сақтауды Басқару есебінің негізгі көрсеткіштерін талдау»
- •Тақырып 10. Білім беру саласындағы саясат
- •Білім беру әлеуметтік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде
- •Маңғыстау облысындағы білім беру саласының дамуы
- •Білім беру объектілері
- •1. Іскерлік ойын «Білім беру саласындағы саясат».
- •Тақырып 11. Жастарға қатысты әлеуметтік саясат
- •Әлеуметтік жастар саясатының негізгі бағыттары
- •2. Маңғыстау облысында аймақтық әлеуметтік жастар бағдарламасын дамыту
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Муниципалды жастар саясаты».
- •Тақырып 12. Әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласындағы саясат
- •Әлеуметтік қызметтер ұсыну жүйесі
- •Қиын тұрмыс жағдайындағы тұлғаларға әлеуметтік қызмет көрсету
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Тақырып 13. Әлеуметтік саясатты қаржыландыру
- •Әлеуметтік саланы қаржылық қамсыздандыру
- •Әлеуметтік саясат бюджеті және оның қалыптасу көздері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Әлеуметтік бюджетті құру».
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Глоссарий
- •Маңғыстау облысындағы білім беру саласының стратегиялық бағыттары, мақсаты және міндеттері [59, 60, 62, 66]
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
1. «Кезеңдік басылымдардағы әлеуметтік мәселелерге қатысты мақалаларды талқылау» іскерлік ойыны
Бұл тапсырманың мақсаты студенттердің әлеуметтік саясат мәселелерін және оларды шешудің мүмкін жолдарын талдау бойынша дағдыларын дамыту болып табылады. Студенттерге әлеуметтік саясаттың жекелеген бағыттары бойынша басылымдарды таңдап (зейнетақы реформасы, білім беру реформасы, тұрғын үй-коммуналдық реформасы), оларға өз көзқарасын білдіру тапсырылады.
Бақылау сұрақтары
Мемлекеттік саясат құрылымындағы әлеуметтік саясат.
Мемлекеттің әлеуметтік функциялары.
Мемлекеттік басқару органдарының ұйымдастырушылық қызметі.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының құқықтық негіздемелері.
Азаматтың әлеуметтік құқықтары мен міндеттемелері (ҚР Конституциясы).
Әлеуметтік саясаттың нормативтік-құқықтық актілері.
Тақырып 4. Әлеуметтік қорғау
1. Халықты әлеуметтік қорғау түсінігі және жүйесі
2. Әлеуметтік қорғау механизмі мен тиімділігі
3. Әлеуметтік қорғау субъектілері мен объектілері
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
Бақылау сұрақтары
1. Халықты әлеуметтік қорғау түсінігі және жүйесі
«Әлеуметтік қорғау түсінігі» түсінігін алғаш рет 1935 жылы американдық заң шығарушылар қабылданған заңның мәтінінде қолданды. Мұнда АҚШ үшін жаңа қарттық, мүгедектік, өмірден өту мен жұмыссыздық жағдайында міндетті сақтандыру институтына құқықтық негіздеме берілді.
Аталған термин әлеуметтік мұқтаж бұқара топтарын қолдаудың мәнін қарапайым түрде түсіндіргендіктен оқымыстылар оны кеңінен қолдана бастады.
Қазақстан Республикасында «әлеуметтік қорғау» термині нарықтық трансформацияның басталуымен қолданысқа ене бастады: өздерін материалдық жағынан қамтамасыз етуге қабілетсіз азаматтарға көмек көрсету қажеттілігі туындағасын бұл түсінікті кеңінен қолдану қажет болды. Тұлғаның әлеуметтік қорғалу дәрежесі көбінесе оның әлеуметтік тобының әлеуметтік жағдайымен және оның жеке әлеуметтік жағдайымен анықталады.
«Әлеуметтік жағдай» түсінігінің кешенді сипаттамалары әлеуметтік статус пен бедел болып табылады. Әлеуметтік статус – бұл әлеуметтік топ пен оның өкілдерінің қоғамдағы әлеуметтік байланыстар мен қатынастар жүйесіндегі жағдайының интегралды көрсеткіші. Әлеуметтік статус категориясымен қатар ғылымда әлеуметтік-кәсіби топтар мен оның мүшелерінің қоғамның өмір сүруінің әртүрлі сфераларындағы жағдайын сипаттауға негізделген әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық және басқа да статустар кеңінен қолданылады. [33]
Жаңа әлеуметтік мәселелер көптеген адамдардың қорғансыздығын анықтап қана қоймай, мемлекет пен қоғамды бұл жағдайдан шығудың дәстүрлі емес жолдарын іздеуге мәжбүрледі. Бұл, сөз жоқ, мемлекеттен әлеуметтік қорғау саласында белсенді саясат жүргізуді талап етеді.
Қоғамның өмір сүруінің заманауи жағдайындағы тұлғаны әлеуметтік қорғау жүйесін қалыптастыру үрдісі негізінен объективті мен субъективтінің, активтің және пассивтің арақатынасына тәуелді болады. Сондықтан да әлеуметтік қорғау түсінігін ашып қана қоймай, әлеуметтік қорғау тәжірибесіне де баса назар аудару қажет.
Е.В. Тишин тұлғаның әлеуметтік қорғалуы дегенде жеке тұлғаға материалдық қамсыздандырудың мейлінше мүмкін жағдайларын қамтамасыз ететін мемлекет қызметінің формасын түсінеді.
А.Г. Архипьевтің пайымдауынша, тұлғаны әлеуметтік қорғау – бұлмемлекет пен оның институттарының тұлғаның қалыптасуы мен даму процесін, жеке тұлғаға кері факторлардың әсерін ескеру қажеттілігін және оларды жою жолдарын іздеуді, өмірде өзін-өзі тану және дамыту мүмкіндіктерін беруді жан-жақты қамтамасыз етуге бағытталған мақсатты қызметі.
В.П. Юдин әлеуметтік қорғауды азаматтардың заңмен бекітілген экономикалық, құқықтық және әлеуметтік кепілдемелері ретінде түсінеді. Бұл кепілдемелер азаматтардың маңызды әлеуметтік құқықтарын қорғау және олардың жоғары тұрмыс деңгейін қамтамасыз етуге негізделген. [33]
Еңбекшілердің әлеуметтік қорғалуын анықтауға ерекше мән беріледі. Еңбекшілерді әлеуметтік қорғау дегенде еңбекке қабілетті азаматтарға еңбек ету, экономикалық дербестік пен кәсіпкерлік есебінен өзінің тұрмыс деңгейін арттыруға бірдей жағдай жасайтын заң шығарушылық, экономикалық, әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық кепілдемелердің жүйесін түсінеді.
Халықты әлеуметтік қорғау кең және тар аспектіде қарастырылуы мүмкін. Кең мағынада, әлеуметтік қорғау дегенде индивид өзін-өзі қамтамасыз етуге қабілетті, өзінің өмір сүруі мен рухани дамуына жағдай жасай алатын әлеуметтік қатынастар жүйнсі түсінеді. Бұл жерде әлеуметтік қорғау тәжірибе жүзінде әлеуметтік кепілдемелер жүйесімен сәйкес келеді. Әлеуметтік кепілдемелер әлеуметтік қорғаудың маңызды бөлігі болып саналады.
Әлеуметтік кепілдемелер дегеніміз қоғамның барлық мүшелеріне адамдар мен заманауи қоғамның өмір сүруіне қажетті материалдық, әлеуметтік, рухани игіліктердің белгілі бір көлемін тұтынуды міндетті қамтамасыз ету. Әлеуметтік кепілдемелер өмір сүруге деген жалпы адамзаттық құқықтың экономикалық интерпретациясы болып саналатын фундаментальды құндылықтарды қамтиды. Мұндай кепілдемелердің құрамына, ең алдымен, материалдық қамсыздандырудың белгілі бір деңгейі енуі қажет. Бұған әрбір қоғам мүшесіне өзі мен өз отбасын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін экономикалық қызметке жағдай жасау арқылы қол жеткізіледі. Екіншіден, мұқтаж жандарды тұрғын үймен қамсыздандыру кепілдемесі. Үшіншіден, денсаулықты қорғауға кепілдеме беру. Осылайша, қазіргі уақытта әлеуметтік кепілдемелер мәселесі өзекті болып отыр. Тар мағынада, әлеуметтік қорғау әкімшілік шаралардың көмегімен қиын материалдық жағдайдағы бұқара топтарына қанағаттанарлық тұрмыс жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің әлеуметтік саясатының формасы ретінде қарастырылады. [34]
Әлемдік тәжірибеде азаматтарды әлеуметтік қорғау мен сәйкесінше оны қаржылық қамсыздандыру жауапкершілігінің үш жақты принципі әрекет етеді. Бұл үрдіске қатысушылар, біріншіден, - адамның өзі, екіншіден, - жұмыс беруші, үшіншіден, - мемлекет болып табылады.
Әлеуметтік қорғау мемлекет пен оның институттары қызметінің бір түрі ретінде және бағаланады. Осылайша, әлеуметтік қорғау жүйесі қоғамдық өмірдің экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа да салаларында орын алатын жұмысшылар, әлеуметтік бұқара топтары мен мемлекет арасындағы әлеуметтік қатынастарды реттеу механизмі ретінде қарастырылады. Және де әлеуметтік қорғау дегенде қоғам мен оның әртүрлі құрылымдары жүзеге асыратын ең төменгі кепілдендірілген жеткілікті тұрмыс жағдайын қамтамасыз ету бойынша шаралар жүйесін түсінуге болады.
Әлеуметтік қорғау – азаматтардың, барлық деңгейдегі басқару органдарының, басқа да институттардың заңмен бекітілген әлеуметтік, құқықтық және экономикалық кепілдемелерін жүзеге асыру басымдылықтары мен механизмдерінің жүйесі, сонымен қатар қоғамдық дамудың нақты жағдайларына сәйкес әлеуметтік тұрғыдан қалыпты тұрмыс деңгейіне қол жеткізуге көмектесетін белгілі бір әлеуметтік қорғалу деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік қызметтер жүйесі. Әлеуметтік қорғау — бұл адамдардың құқықтары мен еркіндігін сақтау мен жүзеге асырудың экономикалық, әлеуметтік және құқықтық кепілдемелері. Әлеуметтік қорғау азаматтарға жоғары тұрмыс деңгейі мен тұрмыс сапасын қамтамасыз етеді.
