
- •Тақырып 1. Әлеуметтік саясаттың ғылыми-әдістемелік негіздері
- •2. Әлеуметтік саясаттың негізгі принциптері.
- •3. Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттары.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. «Әлеуметтік саясат және қоғамдық даму» тақырыбына реферат.
- •Тақырып 2. Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •1. Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •Әртүрлі экономикалық жүйелердегі әлеуметтік саясаттың негізгі ережелері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын: «Әлеуметтік саясатты қалай реформалауға болады?»
- •2. Мемлекеттің әлеуметтік функциялары.
- •3. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының құқықтық негіздері.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. «Кезеңдік басылымдардағы әлеуметтік мәселелерге қатысты мақалаларды талқылау» іскерлік ойыны
- •Тақырып 4. Әлеуметтік қорғау
- •2. Әлеуметтік қорғау механизмі мен тиімділігі
- •3. Әлеуметтік қорғау субъектілері мен объектілері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Студенттерге шағын сауал: «Сіз мемлекеттің әлеуметтік қолдауына мұқтажсыз ба?».
- •2. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарындағы әлеуметтік қорғау органдарына бару
- •Тақырып 5. Аймақтық әлеуметтік саясаттың ерекшеліктері
- •2. Аймақтық әлеуметтік саясат
- •3. Аймақтың әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі
- •Сурет 2. Әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Эссе «Әлеуметтік саясат үлгілері және хх-ші жүз жылдықта олардың жүзеге асуы».
- •Тақырып 6. Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру
- •Медициналық сақтандыру
- •Зейнетақылық сақтандыру. Зейнетақы қорлары.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Тақырып 7. Еңбек және халықты жұмыспен қамту саласындағы саясат
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары түсініктері
- •Маңғыстау облысы тұрғындарын жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік саясат.
- •Маңғыстау облысының негізгі көрсеткіштері
- •Жалпы аймақтық өнім
- •Өнеркәсіптік өндіріс
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Халықты жұмыспен қамту мемлекеттік қызмет органына бару.
- •2. Эссе «Жұмыспен қамту туралы заңға қандай өзгерістер енгізуге болады?».
- •3. Іскерлік ойын «Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары сферасындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •Тақырып 8. Әлеуметтік саладағы тұрғын үй саясаты
- •Тұрғын үй саясаты және оның бағыттары
- •2. Маңғыстау облысында тұрғын үй саясатын дамытудың негізгі бағыттары
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Эссе «Менің әлеуметтік сараптамам».
- •2. Іскерлік ойын «Тұрғын үй сферасындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •Тақырып 9. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясат
- •Денсаулық сақтау әлеуметтік саясаттың бағыты ретінде
- •Маңғыстау облысындағы денсаулық сақтау саласының негізгі даму бағыттары
- •Денсаулық сақтау объектілері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •2. Іскерлік ойын «Денсаулық сақтауды Басқару есебінің негізгі көрсеткіштерін талдау»
- •Тақырып 10. Білім беру саласындағы саясат
- •Білім беру әлеуметтік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде
- •Маңғыстау облысындағы білім беру саласының дамуы
- •Білім беру объектілері
- •1. Іскерлік ойын «Білім беру саласындағы саясат».
- •Тақырып 11. Жастарға қатысты әлеуметтік саясат
- •Әлеуметтік жастар саясатының негізгі бағыттары
- •2. Маңғыстау облысында аймақтық әлеуметтік жастар бағдарламасын дамыту
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Муниципалды жастар саясаты».
- •Тақырып 12. Әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласындағы саясат
- •Әлеуметтік қызметтер ұсыну жүйесі
- •Қиын тұрмыс жағдайындағы тұлғаларға әлеуметтік қызмет көрсету
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Тақырып 13. Әлеуметтік саясатты қаржыландыру
- •Әлеуметтік саланы қаржылық қамсыздандыру
- •Әлеуметтік саясат бюджеті және оның қалыптасу көздері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Әлеуметтік бюджетті құру».
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Глоссарий
- •Маңғыстау облысындағы білім беру саласының стратегиялық бағыттары, мақсаты және міндеттері [59, 60, 62, 66]
3. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының құқықтық негіздері.
Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғауды құқықтық реттеу пәніне мыналар жатады:
азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, медициналық қызмет көрсету, әлеуметтік қызмет көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, міндетті мемлекеттік сақтандыру және зейнеткерлік қамсыздандыру;
ҚР аумағында тұратын және әлеуметтік қорғауға мұқтаж жекелеген тұлғалар категориясын әлеуметтік қорғау (ардагерлерді, мүгедектерді, әйелдер мен балаларды, әскери қызметкерлерді, мәжбүрлі қоныс аударушыларды және т.с.с.);
әлеуметтік қорғау органдарының қызметі.
Конституция мен заңдар ұлтына қарамастан барлық азаматтар үшін әлеуметтік қорғауға, денсаулық сақтауға, еңбек жағдайларына, ана тілі мен мәдениетін қолдануға, сөйлесу тілін таңдау еркіндігіне, тәрбие мен білім беруге, шығармашылыққа тең құқық береді, сондай-ақ ұлттық және тіл мотивтері бойынша дискриминацияға тыйым салады. [14]
Конституция мемлекетке әрбір қазақстандыққа қажетті тұрмыс деңгейіне кепілдік беретін әлеуметтік саясат жүргізу міндетін жүктейді.
Жалпы мемлекеттік саясаттың міндеті адамның еркін дамуын қамтамасыз ететін экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар жасау болып табылады. 1993 жылғы ҚР Конституциясы мемлекеттің әлеуметтік саясатының төмендегідей негізгі бағыттарын белгілейді:
- жалақы мен зейнетақының кепілдендірілген ең төменгі мөлшерін белгілеу, жасына қарай, денсаулығына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты әлеуметтік қамсыздандыру;
- кепілдендірілген ақысыз орташа міндетті білім беруді қамтамасыз ету;
- денсаулық сақтау құқығын және медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін ақысыз алуды қамтамасыз ету;
- адам өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғау, ұтымды табиғатты пайдалану. [14]
Сонымен қатар, 1991-1994 жылдардағы әлеуметтік-мәдени саясаттың ірі блоктарын заңдық және нормативтік қамтамасыз етуді талдау көрсетіп отырғандай, олардың қоғамда қалыптасатын жаңа қатынастарға ішінара сәйкессіздігінен туындайтын белгілі бір мәселелер орын алып отырған. Атап айтсақ, сол уақытта әлеуметтік-мәдени сферада әлеуметтік қорғау саласына қатысты келесі заңдар әрекет еткен:
1991 жылдың 6-шы маусымындағы «Минимальды тұтыну бюджеті туралы» Заң; 1992 жылдың 3-ші шілдесіндегі «Сақтандыру туралы» ҚР Заңы; «Семей ядерлік полигоны салдарынан жапа шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңы (1993ж.); «Аралдағы экологиялық төтенше жағдайлар салдарынан жапа шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңы (1992ж.); «Көп балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары туралы» ҚР Елбасының Қаулысы (1992ж.); Сонымен қатар мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру Қоры (1992ж.), Мемлекеттік жұмыспен қамтуға ықпал ету қоры (1991ж.), Зейнетақы қоры (1991ж.)
- еңбек қатынастары саласында: 1993 жылдың 22-ші ақпанындағы «Еңбекті қорғау туралы» ҚР Заңы;
- денсаулық сақтау саласында: 1992 жылдың 19-шы ақпанындағы «Денсаулықты сақтау туралы» ҚР Заңы, 1994 жылдың 5-ші қазанындағы «ЖҚТБ-ның алдын алу туралы» ҚР Заңы;
- білім беру саласында: 1992 жылдың 5-ші наурызындағы «Білім беру туралы» ҚР Заңы, 1993 жылдың 10-шы сәуіріндегі «Жоғарғы білім туралы» ҚР Заңы;
- мәдениет саласында: 1992-ші жылдың 2-ші шілдесіндегі «Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану туралы» ҚР Заңы.
Аталған заң шығару актілері КСРО-ның бір-біріне қарама-қайшы келетін заңдары басымдылыққа ие болған нормативтік массивті құрады. Бұл нормативтік-құқықтық актілердің үйлесімділігі төмен болды және оларды тәжірибеде қолдануда үлкен қиыншылықтар тудырды.
Мысалы, уақыт өте келе бюджет қаражаттарымен қатар, кәсіпорын қаржыларынан да қаржыландырылатын әлеуметтік қызметтер нақты түрде күрт қысқара бастады. Бұның себебі 1991 жылдың 17-ші маусымындағы «Қазақ КСР азаматтарын зейнеткерлік қамсыздандыру» Заңының жетілмеуі болды. Өйткені аталған Заң мүлдем басқа әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, демографиялық жағдайда қабылданды. Сондықтан да бұл Заң қысқа уақыт ішінде көптеген өзгерістерге ұшырады. Дегенмен бұл өзгерістердің барлығы зейнеткерлер табысының артуына, зейнетақы деңгейінің төмендеуін болдырмауға ықпал ете алмады. Мұндай жағдай денсаулық сақтау саласында да орын алып, 1992 жылдың басында қабылданған «Халықтың денсаулығы туралы» Заң өзгермелі әлеуметтік-экономикалық қатынастар жағдайында бұл саланың одан әрі дамуының құқықтық негізі бола алмады. Сондықтан да ҚР Елбасымен Заң күшіне ие бірнеше Қаулылар қабылданды: «Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы», «Жеке және ақылы медицина туралы», «Қандағы донорлық пен оның компоненттері туралы».
1995 жылдың тамызында ҚР жаңаКонституциясын қабылдағаннан кейін елде қоғамдық дүниетаным өзгерісінің кезекті сатысы, жаңа қазақстандық социумның макроүлгісін құру басталды. Елдің жаңа негізгі Заңы ҚР алдына жаңа мақсат қойды – жақсы өмір мен адамның еркін дамуын қамтамасыз ететін демократиялық, қайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру. [15]
Конституциялық реформалау мақсаттарының бірі мықты әлеуметтік мемлекет құрудың болуы қоғам алдына Конституция принциптерін нақты өмірге тиімді айналдыру жауапкершілігін қойды.
Конституция мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарын бекітеді. Олар, ең алдымен, мемлекеттің неке мен отбасын, ананы, әке мен баланы қорғауы мен қолдауына, еңбек ақының кепілдендірілген ең төменгі мөлшерін белгілеуге және әртүрлі жәрдемақылар мен зейнетақы бтағайындауға бағытталды.
Осылайша, жаңа Конституция бойынша мемлекеттің міндеттері әрбір қоғам мүшесінің күнкөріс минимумына кепілдік беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй құрылысы және отбасы саясаты сфераларындағы шаралармен қатар, білім берудің мемлекеттік жүйесі арқылы, салық саясатының көмегімен ұлттық табысты қайта бөлістіру арқылы бастапқы мүмкіндіктер арасындағы айырмашылықты жою болды.