- •Тақырып 1. Әлеуметтік саясаттың ғылыми-әдістемелік негіздері
- •2. Әлеуметтік саясаттың негізгі принциптері.
- •3. Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттары.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. «Әлеуметтік саясат және қоғамдық даму» тақырыбына реферат.
- •Тақырып 2. Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •1. Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •Әртүрлі экономикалық жүйелердегі әлеуметтік саясаттың негізгі ережелері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын: «Әлеуметтік саясатты қалай реформалауға болады?»
- •2. Мемлекеттің әлеуметтік функциялары.
- •3. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының құқықтық негіздері.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. «Кезеңдік басылымдардағы әлеуметтік мәселелерге қатысты мақалаларды талқылау» іскерлік ойыны
- •Тақырып 4. Әлеуметтік қорғау
- •2. Әлеуметтік қорғау механизмі мен тиімділігі
- •3. Әлеуметтік қорғау субъектілері мен объектілері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Студенттерге шағын сауал: «Сіз мемлекеттің әлеуметтік қолдауына мұқтажсыз ба?».
- •2. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарындағы әлеуметтік қорғау органдарына бару
- •Тақырып 5. Аймақтық әлеуметтік саясаттың ерекшеліктері
- •2. Аймақтық әлеуметтік саясат
- •3. Аймақтың әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі
- •Сурет 2. Әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Эссе «Әлеуметтік саясат үлгілері және хх-ші жүз жылдықта олардың жүзеге асуы».
- •Тақырып 6. Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру
- •Медициналық сақтандыру
- •Зейнетақылық сақтандыру. Зейнетақы қорлары.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Тақырып 7. Еңбек және халықты жұмыспен қамту саласындағы саясат
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары түсініктері
- •Маңғыстау облысы тұрғындарын жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік саясат.
- •Маңғыстау облысының негізгі көрсеткіштері
- •Жалпы аймақтық өнім
- •Өнеркәсіптік өндіріс
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Халықты жұмыспен қамту мемлекеттік қызмет органына бару.
- •2. Эссе «Жұмыспен қамту туралы заңға қандай өзгерістер енгізуге болады?».
- •3. Іскерлік ойын «Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары сферасындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •Тақырып 8. Әлеуметтік саладағы тұрғын үй саясаты
- •Тұрғын үй саясаты және оның бағыттары
- •2. Маңғыстау облысында тұрғын үй саясатын дамытудың негізгі бағыттары
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Эссе «Менің әлеуметтік сараптамам».
- •2. Іскерлік ойын «Тұрғын үй сферасындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •Тақырып 9. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясат
- •Денсаулық сақтау әлеуметтік саясаттың бағыты ретінде
- •Маңғыстау облысындағы денсаулық сақтау саласының негізгі даму бағыттары
- •Денсаулық сақтау объектілері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •2. Іскерлік ойын «Денсаулық сақтауды Басқару есебінің негізгі көрсеткіштерін талдау»
- •Тақырып 10. Білім беру саласындағы саясат
- •Білім беру әлеуметтік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде
- •Маңғыстау облысындағы білім беру саласының дамуы
- •Білім беру объектілері
- •1. Іскерлік ойын «Білім беру саласындағы саясат».
- •Тақырып 11. Жастарға қатысты әлеуметтік саясат
- •Әлеуметтік жастар саясатының негізгі бағыттары
- •2. Маңғыстау облысында аймақтық әлеуметтік жастар бағдарламасын дамыту
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Муниципалды жастар саясаты».
- •Тақырып 12. Әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласындағы саясат
- •Әлеуметтік қызметтер ұсыну жүйесі
- •Қиын тұрмыс жағдайындағы тұлғаларға әлеуметтік қызмет көрсету
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Тақырып 13. Әлеуметтік саясатты қаржыландыру
- •Әлеуметтік саланы қаржылық қамсыздандыру
- •Әлеуметтік саясат бюджеті және оның қалыптасу көздері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Әлеуметтік бюджетті құру».
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Глоссарий
- •Маңғыстау облысындағы білім беру саласының стратегиялық бағыттары, мақсаты және міндеттері [59, 60, 62, 66]
2. Мемлекеттің әлеуметтік функциялары.
Мемлекеттің әлеуметтік функцияларының алғашқысы — қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын, қоғамның әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әлеуметтік құрылым әртүрлі қоғамдарда әртүрлі болуы мүмкін, ол революциялар мен революциялық реформалардың нәтижесінде бір қоғам тарихында да сапалық тұрғыдан өзгере алады. Бірақ ол тұрақтылық және қарқындылық қасиеттеріне ие болуы қажет, әйтпесе бұл қоғам бұзылып, құлдырайды, өзінің әрекет етуін тоқтатады. Әлеуметтік құрылым ішкі және сыртқы бұзылу қауіптеріне қарсы тұра алатындай мықты болуы тиіс, сонымен қатар реформалар және революциялар жолымен сапалық тұрғыдан жаңарып, әлеуетін тұрақты арттырып, өз келешегін қамтамасыз етуі қажет.
Әлеуметтік саясаттың негізгі функцияларының екіншісі — биліктің саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету. Мұндай тұрақтылыққа әртүрлі типтегі қоғам мен әртүрлі нақты тарихи жағдайларда әрқалай қол жеткізіледі, бірақ оның мәні барлық уақытта да өзгеріссіз қалады, яғни ол саяси шешімдерге әлеуметтік топтардың қатысуын қамтамасыз ентуге негізделген.
Әлеуметтік саясаттың үшінші негізгі функциясы — шаруашылықта (меншікте) әділетті деп танылған, өзгерту үшін күресті талап етпейтін билікті бөлістіру түрін қамтамасыз ету.
Әлеуметтік саясаттың төртінші негізгі функциясы — экономикалық ресурстар мен экономикалық эффектіні бөлістірудің халықтың басым бөлігін қанағаттандыратын жүйесін қалыптастыру. Экономикалық ресурстарды ұтымды бөлістіруге қоғамдағы адамдардың материалдық жағдайлары, әртүрлі бұқара топтарының мәселелерін шешу мүмкіндіктері тәуелді болады. Инвестициялар мен олардың құрылымы, табыстар деңгейі мен олардың жіктелуі, жыл сайынғы әлеуметтік шығындардың жиынтық мөлшері мен құрылымы, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қолдау жағдайлары мен олардың мөлшері — осы және басқа да экономикалық параметрлер үлкен әлеуметтік мән мен әлеуметтік бағытқа ие.
Әлеуметтік саясаттың бесінші маңызды функциясы — қоғамның және мемлекеттің қажетті, әрі жеткілікті экологиялық қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етуі.
Әлеуметтік саясаттың алтыншы негізгі функциясы қоғамның және мемлекеттің жалпы халық пен әлеуметтік топтың әрбір мүшесінің қажетті, әрі жеткілікті әлеуметтік қорғалу деңгейін қамтамасыз етуі.
Әлеуметтік қорғалу – қоғамдық құндылықтардың бірі, әлеуметтік субъектілердің өмір сүру ортасындағы нақты тарихи қоғамды объективті әлеуметтік-психологиялық бағалауы. Егер әлеуметтік топ немесе жалпы халық әлеуметтік қауіп-қатерлердің мемлекет тарапынан айтарлықтай төмендеп отырғандығын сезінсе әлеуметтік қорғалу сезімі пайда болып, ол тұрақтылыққа ие болады.
Әлеуметтік сипаттағы қауіп-қатерлер, атап айтсақ, ықтимал қауіптер, берілген қоғам үшін қалыпты әлеуметтік жағдайды бұзу қаупі әлеуметтік қауіп-қатерлер деп аталады.
Қалыпты әлеуметтік жағдайдың бұзылу қаупінің табиғаты әртектес болып келеді, яғни олар әртүрлі себептерден туындауы мүмкін (төтенше жағдайлар, әскери әрекеттер, эпидемиялар, революциялар, мемлекеттік бетбұрыстар, демографиялық құлдыраулар және т.б.). Әлеуметтік қауіп-қатерлердің басқа қауіп-қатерлерден өзгешелігі, олар қоғам дамуының төтенше емес, қалыпты жағдайларында орын алады.
Қоғам әлеуметтік қауіп-қатерлерден қорғау жүйесі - әлеуметтік қорғауды қалыптастырып, дамытады. Бұл әлеуметтік саясат функцияларының бірі болып саналады. Мемлекет аталған функцияны әлеуметтік қорғалу жалпы халық пен әрбір әлеуметтік топқа сезілетіндей етіп орындауы қажет.
