Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аймақтың әлеум саясаты дәрістер -1.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.12 Mб
Скачать

Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

1. Іскерлік ойын: «Әлеуметтік саясатты қалай реформалауға болады?»

Ойынды өткізу мақсаты – әлеуметтік реформалар жүргізудің көптүрлі нұсқаларын студенттердің эмпирикалық қабылдауы. Студенттер өздерін әлеуметтік реформаторлар рөлінде көрсетеді: билік құрылымының өкілі, саяси партиялардың, кәсіби одақтардың өкілдері ретінде және әлеуметтік реформалаудың мүмкін бағдарламаларын ұсынады.

Бақылау сұрақтары

  1. Әлеуметтік саясат субъектілері және олардың негізгі міндеттері

  2. Германияның әлеуметтік саясаты

  3. Германияның зейнеткерлік қамсыздандыру жүйесі

  4. Швециядағы тұрмыс деңгейі

  5. Жапондық әлеуметтік саясат

ТАҚЫРЫП 3. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты және оны құқықтық қамсыздандыру

1. Мемлекеттік саясат құрылымындағы әлеуметтік саясат

2. Мемлекеттің әлеуметтік функциялары

3. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының құқықтық негіздері

Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

Бақылау сұрақтары

1. Мемлекеттік саясат құрылымындағы әлеуметтік саясат.

Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуы «әлеуметтік бағытталған нарықтық экономикадағы мықты егемен мемлекет құру» міндетін қойып, жаңа қоғамдық қатынастарды қалыптастыруды анықтады. [27]

Бұл жерде экономиканы либерализациялау үрдісін активизациялауға баса назар аударылды. Аталған үрдістің орын алуы экономикалық реформалардың тиімділігіне және елдің әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан жылдамырақ шығуына ықпал етеді. Мұндай логика Бүкіл әлемдік банктің нұсқауынан алынды.

Әлеуметтік бағытталған нарықтық экономиканы құру міндеті мемлекет тәуелсіздігінің жаңа жағдайларына психологиялық бейімделу мәселесін туындатты. Бұл жағдай экономикалық байланыстардың алшақтауымен, өндірістің құлдырауымен, жұмыссыздықтың артуымен, төлем қабілетсіздік мәселелерімен, инфляциялық үрдістермен тереңдей түсті. Қазақстанның одан әрі саяси және экономикалық дамуын анықтау үшін оның Республиканың әлеуметтік дамуымен арақатынасы маңызды мәселе болды. [27.] Негізгі бағыттардың бірі тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді, барлық азаматтардың жақсы тұрмыс халінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуші қоғам құруды, демократиялық өзгертулерді тереңдетуді қамтамасыз ету міндеті болып табылады.

Ғылымның, білім мен мәдениеттің басымдылықпен дамуын қамтамасыз етпесе, азаматтардың денсаулығы мен оларды әлеуметтік қорғауды жүзеге асырмаса экономикалық реформаның жетістігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан да мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарын өңдеу үрдісінде мемлекеттің жаңа әлеуметтік-мәдени саясатын құру талап етілді. «Біз не құрғымыз келетінін, көздеген мақсатымызға жету үшін бағытымыз қандай болу қажеттігін анық біліп, түсінуіміз қажет – деп Елбасы атап өтті. Мақсаттарымызды дұрыс анықтап, сәйкес стратегияларды таңдап, осы жолда шыдамдылық танытсақ ғана біз өзімізді өнімсіз уақыт пен ресурстар шығынынан құтқара аламыз. Мықты стратегия мен мақсатқа жету ұмтылысына ие бола отырып, біз кез-келген үлкен кедергілерден өте аламыз». [20]

Әлеуметтік-мәдени сферадағы мемлекеттік саясат мәселелері мемлекет тарапынан қолдауды талап етеді. Бұл мәселелерді уақытында шешу қоғамдағы тұрақтылыққа, халықтың тұрмыс деңгейіне, елдің мәдени-білім әлеуетіне ықпал етеді, ал бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасының экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге негізделген әлеуметтік-экономикалық реформалардың жетістігіне оң әсерін тигізеді.