- •Тақырып 1. Әлеуметтік саясаттың ғылыми-әдістемелік негіздері
- •2. Әлеуметтік саясаттың негізгі принциптері.
- •3. Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттары.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. «Әлеуметтік саясат және қоғамдық даму» тақырыбына реферат.
- •Тақырып 2. Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •1. Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •Әртүрлі экономикалық жүйелердегі әлеуметтік саясаттың негізгі ережелері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын: «Әлеуметтік саясатты қалай реформалауға болады?»
- •2. Мемлекеттің әлеуметтік функциялары.
- •3. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының құқықтық негіздері.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. «Кезеңдік басылымдардағы әлеуметтік мәселелерге қатысты мақалаларды талқылау» іскерлік ойыны
- •Тақырып 4. Әлеуметтік қорғау
- •2. Әлеуметтік қорғау механизмі мен тиімділігі
- •3. Әлеуметтік қорғау субъектілері мен объектілері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Студенттерге шағын сауал: «Сіз мемлекеттің әлеуметтік қолдауына мұқтажсыз ба?».
- •2. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарындағы әлеуметтік қорғау органдарына бару
- •Тақырып 5. Аймақтық әлеуметтік саясаттың ерекшеліктері
- •2. Аймақтық әлеуметтік саясат
- •3. Аймақтың әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі
- •Сурет 2. Әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Эссе «Әлеуметтік саясат үлгілері және хх-ші жүз жылдықта олардың жүзеге асуы».
- •Тақырып 6. Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру
- •Медициналық сақтандыру
- •Зейнетақылық сақтандыру. Зейнетақы қорлары.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Тақырып 7. Еңбек және халықты жұмыспен қамту саласындағы саясат
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары түсініктері
- •Маңғыстау облысы тұрғындарын жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік саясат.
- •Маңғыстау облысының негізгі көрсеткіштері
- •Жалпы аймақтық өнім
- •Өнеркәсіптік өндіріс
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Халықты жұмыспен қамту мемлекеттік қызмет органына бару.
- •2. Эссе «Жұмыспен қамту туралы заңға қандай өзгерістер енгізуге болады?».
- •3. Іскерлік ойын «Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары сферасындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •Тақырып 8. Әлеуметтік саладағы тұрғын үй саясаты
- •Тұрғын үй саясаты және оның бағыттары
- •2. Маңғыстау облысында тұрғын үй саясатын дамытудың негізгі бағыттары
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Эссе «Менің әлеуметтік сараптамам».
- •2. Іскерлік ойын «Тұрғын үй сферасындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •Тақырып 9. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясат
- •Денсаулық сақтау әлеуметтік саясаттың бағыты ретінде
- •Маңғыстау облысындағы денсаулық сақтау саласының негізгі даму бағыттары
- •Денсаулық сақтау объектілері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •2. Іскерлік ойын «Денсаулық сақтауды Басқару есебінің негізгі көрсеткіштерін талдау»
- •Тақырып 10. Білім беру саласындағы саясат
- •Білім беру әлеуметтік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде
- •Маңғыстау облысындағы білім беру саласының дамуы
- •Білім беру объектілері
- •1. Іскерлік ойын «Білім беру саласындағы саясат».
- •Тақырып 11. Жастарға қатысты әлеуметтік саясат
- •Әлеуметтік жастар саясатының негізгі бағыттары
- •2. Маңғыстау облысында аймақтық әлеуметтік жастар бағдарламасын дамыту
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Муниципалды жастар саясаты».
- •Тақырып 12. Әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласындағы саясат
- •Әлеуметтік қызметтер ұсыну жүйесі
- •Қиын тұрмыс жағдайындағы тұлғаларға әлеуметтік қызмет көрсету
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Тақырып 13. Әлеуметтік саясатты қаржыландыру
- •Әлеуметтік саланы қаржылық қамсыздандыру
- •Әлеуметтік саясат бюджеті және оның қалыптасу көздері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Әлеуметтік бюджетті құру».
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Глоссарий
- •Маңғыстау облысындағы білім беру саласының стратегиялық бағыттары, мақсаты және міндеттері [59, 60, 62, 66]
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
1. «Әлеуметтік саясат және қоғамдық даму» тақырыбына реферат.
Студенттер өткен кезең ойшылдарының шығармаларын оқи отырып қоғам дамуының әртүрлі кезеңдеріндегі әлеуметтік саясат түсінігі қарастырылатын реферат дайындайды: антикалық дәуір, Орта ғасырлар және т.б. Реферат әртүрлі тарихи дәуірлердегі әлеуметтік өзгерістердің сипаты мен ерекшелігін бейнелейтін тарихи және құқықтық құжаттарды оқу негізінде дайындалуы мүмкін.
Бақылау сұрақтары
Қоғамның біртұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге әлеуметтік саясат қалайша әсер етеді?
Әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика нені білдіреді?
Әлеуметтік саясаттың негізгі принциптеріне сипаттама беріңіз.
Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қажеттілігі неде?
«Халықтың тұрмыс деңгейі» терминіне түсініктеме беріңіз.
Әлеуметтік трансферттер нені білдіреді?
Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттары қандай?
Тақырып 2. Әлеуметтік саясаттың субъектілері
1. Әлеуметтік саясаттың субъектілері
2. Әртүрлі экономикалық жүйелердегі әлеуметтік саясаттың негізгі ережелері Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
Бақылау сұрақтары
Әлеуметтік саясаттың субъектілері
Барлық саясат секілді, әлеуметтік саясатта да қоғамдық өзара әрекеттер маңызды орын алатын болса, кім кіммен өзара әрекетке түседі, әлеуметтік саясатты кім жүргізеді деген сұрақ туындайды.
Әлеуметтік саясаттың субъектілері — нақты дербес және нақты әрекет етуші әлеуметтік топтар мен оларды бейнелейтін органдар, ұйымдар, институттар мен құрылымдар.
Әлеуметтік саясаттың субъектілері — бұл азаматтар мен әлеуметтік топтар мен оларды бейнелейтін институттар, ұйымдар және әлеуметтік сферада белсенді әрекет ететін, «осы сферадағы азаматтар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін» қорғайтын билік органдары.
Субъектілер - әлеуметтік саясаттың институттары (әлеуметтік субъекті-институттар) – бұл қоғамдық өзара әрекетте әлеуметтік топтардың мүдделерін іспен немесе сөзбен бейнелейтін ұйымдық құрылымдар (ұйымдар, органдар, қозғалыстар).
Әлеуметтік-саяси өзара әрекеттерді талдау және олардың нәтижелерін болжау мақсатында әлеуметтік субъект – институттарды олардың әлеуметтік саясаттағы маңыздылық дәрежесі мен мемлекетпен байланыс деңгейі бойынша жіктеу маңызды болып табылады.
Әлеуметтік саясаттағы маңыздылық дәрежесі бойынша субъект – институттарды былайша жіктеуге болады:
а) нақты субъект-өкілдер (әлеуметтік күштер);
б) ресми немесе декоративті субъект-өкілдер (ресми әлеуметтік субъектілер).
Мемлекетпен байланыс дәрежесі бойынша субъект – институттардың келесі түрлері ажыратылады:
а) мемлекеттік субъект-институттар;
б) мемлекеттік емес субъект-институттар.
Әртүрлі экономикалық жүйелердегі әлеуметтік саясаттың негізгі ережелері
Әлеуметтік саясат моделі – бұл әлеуметтік саясаттың маңызды элементтерінің жалпы сызбасы, оның мақсаттары , міндеттері, құралдары, оның экономикалық, демографиялық, саяси және басқа да факторлармен өзара байланыста шарттасылған жүзеге асыру нысандары түсіндіріледі. Соңғы он жылдықта әртүрлі елдерде қолданылған әлеуметтік саясаттың кейбір моделдерін қарастырайық. Әлеуметтік саясаттың потерналистік моделі директивті экономикада және социолистік елдерде іске асады. Я. Корнайдый анықтауы бойынша потернализм моделі дегеніміз - бұл орталық басшылықтың экономикалық жағдайға толық жауапкершілікті өзіне алуы және сол уақытта оған неғұрлым мақсатқа сәйкес болып көрінетін әкімшіліктік құралдар арсеналынан қандай болмасын құралын қолдануға ұмтылады. - Бір жағынан қарағанда, мемлекет әлеуметтік және экономикалық дамуы үшін қажетті ресурстардың негізгі массасын өз қолында шоғырландырады, жинайды, топтастырады және қоғам мүшелерінің неғұрлым елеулі қажеттіліктері бойынша оларды үлестіреді. Алайда, тоталитаризмдік басқару жағдайында потернализм озбырлыққа, бақыланбайтын бюрократияға айналады, ол өз кезегінде жемқорлықтың пайда болуына, тиімсіз шешімдердің қабылдануына, азаматтардың жеке өмірлеріне мемлекеттің басып енуіне алғышарт жасайтын болады. Патернализмнің бұдан да жаман зардабы азаматтардың әлеуметтік енжарлылығының өсуі, бүкіл әлеуметтік проблеманы шешуде “жоғарғы инстанция” ретінде мемелектке үміттенуі; - Патернализм моделінің тағы бір сипаты-өндірісті қатаң директивті реттеу, әлеуметтік игіліктер мен қызметтерді бөлу мен айырбастау; - Патернализм моделінің үшінші сипаты-этатизм, яғни әлеуметтік сфераны, оның бөлек салалары мен мекемелерін мемлекеттендіру. Этатизм потернализмнің жалғасы болып табылады және әлеуметтік сфераның қызмет етуіне тікелей араласады, сонымен қатар бәсекелес немесе әлеуметтік проблеманы шешуде ынтымақтастықты ұсынатын қандай болмасын субъектіні ығыстырып шығарады; - Төртінші сипаты-әлеуметтік сфера салаларындағы нарықтық қатынастардың мүлдем әлсіз дамуы, көбінесе болмауы. Болса да даму деңгейімен салалар бойынша айрықшаланауы. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыздандыру салаларында төлем нысандары кездеспейді және олардың дамуы үшін ресурстар мемлекеттік, жергілікті бюджеттен және кәсіпорын қаржысынан бағытталады. Мәдениет, байланыс, дене шынықтыру, жолаушылар көлігінде нарықтық қатынастар модифицирленген, яғни түрленген нысанды иеленді. Бұл жерде төлем нысаны ескерілді, бірақ та бұл салалардағы қызметтердің өзіндік құнымен салыстырғанда төмен бағалар орнатылды. Салалардың үшінші тобында-сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсетуде жекеменшіктің үлесі болғандықтан нақты нарықтық элементтері тарихи сақталған болатын, ал бұл салалардағы ерекше белсенді нарықтық қатынастар “көлеңкелі” экономика нысанында болуы, “қара” және “сұр” нарықтарының қызмет түрінде дамуы; - Бесінші сипаты-эгалитаризм – материалдық игіліктер мен қызметтерді тұтынудағы теңділік. Маңызды әлеуметтік игіліктен мен жұрттың қолы жететіндіктей қамтамасыздандыруда оң рөлді иеленеді. Біздің елімізде оның негізінде жалпыға бірдей сауаттылық, миллиондаған адамдарға тұрмыс жағдайының жақсаруы, көптеген аурулар бойынша ауыршаңдылықтың төмендеуі, өмір сүру деңгейінің өсуіне қол жеткізілуі; - Алтыншы сипаты-кепілденген жаппай жұмыспен қамту. Жалпы айтқанда, қоғам дамуының белгілі кезеңінде әлеуметтік саясаттың потерналистік моделі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды жетілдірудің тежеуіші болып саналады.
Шведтік модель. Бұл модельдің маңызды ережесі әртүрлі әлеуметтік-экономикалық топтар мен халық қабаттарының ынтымақтастығы, тілектестілігі, бірдейлілігі. Швед мемлекеті қоғамның бүкіл мүшелерінің мүддесін тең қорғауды өзіне алды. Алайда, жалпылай әл-ауқаттылық ұсынылатын игіліктер мен қызметтердің жоғарғы сапасымен бірге швед мемлекеті жағынан көп шығынды талап етті.
Швед әл-ауқаттылық моделіне жоғарғы сапа мен әлеуметтік қызметтердің қол жетерлігі тән. Оған мемлекеттік бюджеттің бүкіл шығыстарынан шамамен 40 пайызы шығындалады. Бұл жағдай швед моделін – рестриктивті (шектеулі) сипатқа әкелді. Бұл рестриктивтілік халықтың жеке табыстарына және кәсіпкерлердің табыстарына тиесілі және мемлекеттік бюджетке бірінші бөлінген табыстардың көп бөлігін алуға мүмкіндік беретін прогрессивті салық жүйесі көмегімен жүзеге асырылады. Қатаң салықтық жүйе жоғарғы сапалы әлеуметтік қызметтердің кең желілерін күшейтуге және түрлі трансферттік төлемдер түрлеріне қаржылық база болып табылды. Индустриялды дамыған елдерде орын алған әлеуметтік саясат моделі “Мемлекеттің әл-ауқаттылық” концепциясы болып табылады. Бұл концепция бойынша мемлекет-жеке мүддесі жоқ, қазіргі қоғамның жалғыз институты, сондықтан ол класстар арасында делдал болып шыға алады және қоғамдық мүдделерге сәйкес әрекет етеді. Тарихи “Мемлекеттің әл-ауқаттылық” моделі экономикалық және саяси күйзеліс кезеңдерінде қалыптасты. Мемлекеттің нарық факторларының әрекетін минималдап, әлеуметтік сфераны қоса, бүкіл басқарушылық функцияны өз қолына алды. Бұл функция тек қана әлеуметтік амортизатор функциясын орындаумен қатар (мысалға, жұмыссыздарды қолдау түрінде, жұмыспен қамту бағдарламалары, жұмыстарын жоғалтқандарды қайта және кәсіптік даярлау түрінде), жұмыс күшінің сапасын жақсарту функциясын орындайды. Тағы да бір маңызды функциясы-ол қартайған шақтан және экстраординарлық жағдайларда әлеуметтік кепілдемені ұсыну. Алғашқы кезеңде “мемлекеттің әл-ауқаттылық” концепциясы іскерлік ортада “лояльді” қабылданды, кейін салық ауыртпалығы іскерлік ортасына, сонымен қоса қарапайым халық ортасына да ауыр тиді. Оның үстіне көптеген зерттеулердің көрсетуінше әлеуметтік сфераның “мемлекеттендірілген” бөлігі қызметтің төмен сапасымен ғана емес, сонымен қатар баламалы әлеуметік сала мекемелері мен жеке және қоғамдық ұйымдарына қарағанда, ресурстарды төмен оңтайлылықпен қолданғанымен көзге түсті. Осының бәрі “ мемлекеттің әл-ауқаттылық” концепциясын алып тастауға талап болды.
Егер “Мемлекеттің әл-ауқаттылық” моделі Ұлыбритания, Франция және басқа да еуропалық елдерінде дамуын алса, онда “Әлеуметтік нарықтық шаруашылық” моделі Германия Федеративтік Республикасында неғұрлым толық жүзеге асырылған болатын. Бұл концепцияның барысы: кәсіпкерлікке экономикалық еркіндік беру және экономикаға әкімшіліктік қатысуды алып тастау, себебі нарықтық еркіндік әлеуметтік мақсатқа жету үшін экономикалық, ресурстық алғышарттар жасайда. Таза нарық экономикасының дамуы негізінде батыс Германдық мемлекет әр азаматқа белгіленген кедейшілік шегінен төмен түспейтіндей әлеуметтік амортизаторлардың біртұтас жүйесін өрістетті. Алайда, сонымен қатар мемлекет азаматтардың өз күшімен орындай алмайтын әлеуметтік міндеттерді өз қолына алмауға тырысты. Бұл концепция бірнеше қарама-қайшылықтардан тұрды: - көптеген әлеуметік қызметтер нарықтық сипатта сақталды, ол өз кезегінде бұл қызметерді тұтынушының еркіндігін қамтамасыз етуге, әлеуметтік сфераның бөлек ұйымдары мен мекемелерінің арасында бәсекені қолдауға мүмкіндік берді; - сол уақытта, әлеуметтік бағдарламаларды мемлекеттің атқаруы, орындайтын жұмыстағы төмен дәрежелі жауапкершілік пен оған тиесілі тиімсіз проблемалар мен бюрократиялық аппараттың құрылуына әкелді. “Мемлекеттің әл-ауқаттылық” моделіне қарағанда “Әлеуметтік нарықтық шаруашылық” моделі барынша нарықтық негізде жүргізілді. Бұл модельдің негізгі постулаттары шамамен елу жыл бойы өзгеріссіз түрде сақталуда.
Либералды экономиканы жүргізуде әлеуметтік саясаттың “Нарықтық моделі” орын алды. Бұл концепция бойынша әлеуметтік сферада кең таралған мемлекеттік араласудың орнына нарықтық бастауларды қүшейту қажеттілігі қарастырылды. Бұны жүзеге асыруда: - әлеуметтік сферадағы жартылай мемлекетсіздендіру; - әлеуметтік салалардың қызмет етуіндегі нарықтық құралдарды қолдану аясын кеңейту; Мемлекетсіздендіру процессінде белгілі халық топтарына қызметтерді ұштастыру, әлеуметтік мекемелерді қызмет көрсету шарттарының жекеменшік нысандары бойынша диверсификациялау жүргізіледі. Әлеуметтік саясаттың нарықтық моделінің негізгі қалыптастырушы идеясы-оның селективтілігі, яғни таңдаушылығы, мемлекет тарапынан көмекті қажет ететін бөлек өмірлік жағдайларға немесе нақты анықталған халық топтарына бағытталушылық. Осылай, мемлекеттің әлеуметтік саясаты қоғам мүшесінің қандай тобына қолданылуына байланысты екі бөліктен құралады: - еңбекке қабілетті азаматтар үшін олардың еңбек белсенділігін арттыру және өздеріне өз көмектерін дамыту үшін мемлекеттің жағдай жасауы; - мемлекет немесе басқа да қоғамдық институттар тарапынан әлеуметтік көмек тек қана ауру себептері, қатерлі жағдай, кәрілік пен жұмыссыздық себептері бойынша көрсетілуі. Бұл модельдің ең басты ерекшелігі – оның дәстүрлі құндылықтарға және жанұя, жергілікті қоғамдастықтар, пайдасыз ұйымдар тәрізді әлеуметтік институттарға бағытталуы. Әлеуметтік саясаттың “Нарықтық” моделі 70-жылдар ортасында, Маргарет Тэтчермен басқарылатын Ұлыбритания Үкіметінің нақты саясатының негізі болды, яғни бұл моделді жүзеге асыру “Мемлекеттің әл-ауқаттылық” моделінің кемшіліктерін толықтырушы өзгеше жауап ретінде қарастырылды.
Германияда негізінен еңбек ақыдан аударымдар есебінен құрылатын арнайы үкіметтік қорлар (негізгі бюджеттерден бөлек) болады. Және әлеуметтік қамсыздандыру қорлары басымдылыққа ие, олар көлемі бойынша елдің мемлекеттік бюджетінен кейін екінші орында тұр. Олардың арасында әлеуметтік сақтандыру қоры негізгі орын алады және ол жекелеген сақтандыру түрлерін қамтиды – уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша, жұмыссыздық жағдайына, жұмысшылар мен қызметкерлерді зейнеткерлік сақтандыру, жалдамалы жұмыс жасамайтын тұлғаларды зейнеткерлік сақтандыру [11].
Жұмыссыздық бойынша төлемдерді қаржыландыру федеральды бюджет есебінен жүзеге асырылады. Германиядағы жұмыссыздар жалпы еңбек өтіліне, соңғы еңбек ақы мөлшеріне, жас шамасына, балаларды қамтамасыз ету бойынша міндеттемелердің болуына тәуелді жәрдемақы алады. Жұмыссыздық бойынша сақтандырудан алынып тасталған жұмыссыздар, яғни жәрдемақы құқығынан айырылғандар жұмыссыздық бойынша төлем ақы алады. Мұндай төлем ақы мөлшері баласы бар жұмыссыздар үшін - 58%, баласы жоқ жұмыссыздарға - 56% құрайды. Мемлекетпен көрсетілетін әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызметтердің басқа да түрлері мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылады.
Германияның зейнеткерлік қамсыздандыру жүйесі қартайған шағында азаматтарды қамтамасыз етуді қаржыландырудың екі жүйесінің бірігуінен тұрады: қайта бөлістіруші және жинақтаушы. Бұл жүйе "үш деңгей жүйесі" деп аталады. Біріншісі - (барлық зейнетақы төлемдерінің шамамен 80%-ы негізінен қайта бөлістіру тәсілімен қаржыландырылады)- барлық жалдамалы жұмысшыларды, ең алдымен, міндетті зейнеткерлік сақтандыруды қамтиды. Қайта бөлістіру жүйесі қарттарға зейнетақы төлеу үшін зейнеткерлік сақтандыру қорына түскен аударымдардың қолданылуымен сипатталады. Германияда мұндай аударымдарға сақтандырылған тұлғалар мен жұмыс берушілердің сақтандыру жарналары, сонымен қатар мемлекет дотациялары жатады. Бұл зейнетақы қарт адамның қалыпты тұрмыс деңгейін қамтамасыз етуге жеткілікті болып саналады. Кәсіпорын қорлары мен жеке жинақтардан зейнеткерлік қамсыздандырудың екінші және үшінші деңгейі жинақтаушы тәсілмен қаржыландырылады [9].
Шведтік үлгіде жұмыс күшінің ұдайы өндірісі үшін қалыпты жағдай жасауға негізделген әлеуметтік саясат маңызды рөл атқарады. Шведтік үлгіде әлеуметтік саясат табыстарды теңестіре отырып, бұқара топтарының теңсіздігін жоя отырып, мемлекеттің әл-ауқат негізінде жаңа демократиялық қоғам құруға әкелетін қоғамдық қатынастарды қайта құруға ықпал етеді [10]. Швециядағы тұрмыс деңгейі әлемдегі ең жоғарғылардың бірі және Еуропадағы ең жоғарғы болып саналады. Тұрмыс деңгейі әртүрлі көрсеткіштер кешенімен сипатталады. ЖіӨ мен жан басына шаққандағы тұтыну бойынша Швеция Еуропадағы алдыңғы қатардағы орындардың біріне ие. Табыстарды теңестіру дәрежесі бойынша Швеция әлемнің басқа елдерін басып озады. Әйелдер жалақысының ерлер жалақысына арақатынасы Швецияда әлем бойынша ең жоғарғы көрсеткішті құрайды. Швецияның еңбек рыногындағы жетістігі де айтарлықтай. Швеция өте төмен жұмыссыздық деңгейін тұрақты сақта келеді. Теңдік үшін ұзақ мерзімді күресте де айтарлықтай жетістіктер бар. Толық жұмысбастылықтың өзі теңестірудің маңызды факторы.
Үкімет прогрессивті салық салу мен кең көлемді мемлекеттік қызметтер жүйесін қолданады. Әлеуметтік сақтандыру шведтік әлеуметтік саясаттың негізгі компонентін құрайды.
Швециядағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің мақсаты – ауырған жағдайда, медициналық көмек көрсеткенде, сәби дүниеге келгенде және қартайғанда (жалпыға бірдей сақтандыру), бақытсыз жағдайлар орын алғанда және өндірістік себептермен ауруға ұшырағанда (өндірістегі бақытсыз жағдайлардан сақтандыру), жұмыссыздықта (жұмыссыздық бойынша сақтандыру және еңбек рыногынан қолма-қол көмек) адамды экономикалық қорғаумен қамтамасыз ету. Соңғы кепілдеме сақтандыру көмегі ретінде белгілі қолма-қол жәрдемақылар болып саналады [11].
Денсаулықты сақтандыру жүйесі, ең алдымен, айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық теңдікті құру құралы болып табылады. Ол интенситвті медициналық көмекке мұқтаж табысы төмен адамдарға басқалармен теңдік негізінде медициналық қызметтерді пайдалану ықтималдығын береді. Сонымен қатар, бұл сақтандыру жүйесі қаржылық құрал және мемлекеттік менеджмент құралы ретінде де орын алады.
Әлеуметтік сақтандыру жүйесі мемлекеттік және жергілікті салықтардан, кәсіпкерлерден, еңбекшілер мен жалдамалы емес жұмысшылардан алынатын салықтардан, пайыздық табыстардан қаржыландырылады. Негізгі қаржыландыру көзі (40%-дан жоғары) – еңбек ақы қорының сомасынан есептелетін кәсіпкерлерден алынатын алымдар. Қаражаттарды бөлістіру Әлеуметтік Сақтандыру Кеңселері арқылы жүргізіледі.
Жапондық әлеуметтік саясат негізінен егде жастағы қартайған адамдарға лайықты тұрмыс деңгейін қалыптастыруға бағытталған. Бұл осы категорияға жататын тұрғындар санының тұрақты өсуімен байланысты және 1993 жылы 2 млн. адам болса, 2025 жылы шамамен 5,2 млн. адамға жетеді [13].
Сонымен қатар, өмір сүру ұзақтығының артуына және тұрғындардың осы категориясының еңбек белсенділігі кезеңінің өсуіне байланысты, сондай-ақ жас жұмыс күшінің жетіспеуіне байланысты егде адамдар еңбек рыногының маңызды компоненті болып саналады. Жапонияның зейнетақы жүйесі айтарлықтай қиын және күрделі. Мемлекеттік бюджет қаражаттарымен зейнетақының 1/3 бөлігі қамтамасыз етіледі. Қалғандары әртүрлі зейнетақы қорлары есебінен төленеді. Жапонияда бюджет есебінен қоғамдық қайырымдылық қаржыландырылады. Ол күн көрістік қаражаты жоқ кедей адамдарға берілетін ақшалай қаражат, жәрдемақы, көмекті білдіреді. Мұндай көмек жеті бағытта төленеді: күнделікті мұқтаждықтарға, білімге, баспанаға, медициналық қызмет көрсетуге, балалы болғанда, жұмыссыздық бойынша, жерлеуге: қоғамдық қайырымдылық бойынша төлемнің 75%-ы орталық бюджеттен, 25% - жергілікті билік органдарының бюджетінен беріледі. 2025 жылға әлеуметтік қамсыздандыру шығындарын көтеру, атап айтсақ, барлық мұқтаж жанжардың әлеуметтік қорғалу деңгейін көтеру жоспарланып отыр [17].
Ұлыбританияның әлеуметтік саясаты елдің саяси бағыттылығымен сипатталады. Үкіметте қандай саяси партия басшылық етіп отырғандығына байланысты елдің экономикалық және әлеуметтік даму басымдылықтары анықталады [17].
