- •Тақырып 1. Әлеуметтік саясаттың ғылыми-әдістемелік негіздері
- •2. Әлеуметтік саясаттың негізгі принциптері.
- •3. Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттары.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. «Әлеуметтік саясат және қоғамдық даму» тақырыбына реферат.
- •Тақырып 2. Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •1. Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •Әртүрлі экономикалық жүйелердегі әлеуметтік саясаттың негізгі ережелері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын: «Әлеуметтік саясатты қалай реформалауға болады?»
- •2. Мемлекеттің әлеуметтік функциялары.
- •3. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының құқықтық негіздері.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. «Кезеңдік басылымдардағы әлеуметтік мәселелерге қатысты мақалаларды талқылау» іскерлік ойыны
- •Тақырып 4. Әлеуметтік қорғау
- •2. Әлеуметтік қорғау механизмі мен тиімділігі
- •3. Әлеуметтік қорғау субъектілері мен объектілері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Студенттерге шағын сауал: «Сіз мемлекеттің әлеуметтік қолдауына мұқтажсыз ба?».
- •2. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарындағы әлеуметтік қорғау органдарына бару
- •Тақырып 5. Аймақтық әлеуметтік саясаттың ерекшеліктері
- •2. Аймақтық әлеуметтік саясат
- •3. Аймақтың әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі
- •Сурет 2. Әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Эссе «Әлеуметтік саясат үлгілері және хх-ші жүз жылдықта олардың жүзеге асуы».
- •Тақырып 6. Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру
- •Медициналық сақтандыру
- •Зейнетақылық сақтандыру. Зейнетақы қорлары.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Тақырып 7. Еңбек және халықты жұмыспен қамту саласындағы саясат
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары түсініктері
- •Маңғыстау облысы тұрғындарын жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік саясат.
- •Маңғыстау облысының негізгі көрсеткіштері
- •Жалпы аймақтық өнім
- •Өнеркәсіптік өндіріс
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Халықты жұмыспен қамту мемлекеттік қызмет органына бару.
- •2. Эссе «Жұмыспен қамту туралы заңға қандай өзгерістер енгізуге болады?».
- •3. Іскерлік ойын «Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары сферасындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •Тақырып 8. Әлеуметтік саладағы тұрғын үй саясаты
- •Тұрғын үй саясаты және оның бағыттары
- •2. Маңғыстау облысында тұрғын үй саясатын дамытудың негізгі бағыттары
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Эссе «Менің әлеуметтік сараптамам».
- •2. Іскерлік ойын «Тұрғын үй сферасындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •Тақырып 9. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясат
- •Денсаулық сақтау әлеуметтік саясаттың бағыты ретінде
- •Маңғыстау облысындағы денсаулық сақтау саласының негізгі даму бағыттары
- •Денсаулық сақтау объектілері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •2. Іскерлік ойын «Денсаулық сақтауды Басқару есебінің негізгі көрсеткіштерін талдау»
- •Тақырып 10. Білім беру саласындағы саясат
- •Білім беру әлеуметтік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде
- •Маңғыстау облысындағы білім беру саласының дамуы
- •Білім беру объектілері
- •1. Іскерлік ойын «Білім беру саласындағы саясат».
- •Тақырып 11. Жастарға қатысты әлеуметтік саясат
- •Әлеуметтік жастар саясатының негізгі бағыттары
- •2. Маңғыстау облысында аймақтық әлеуметтік жастар бағдарламасын дамыту
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Муниципалды жастар саясаты».
- •Тақырып 12. Әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласындағы саясат
- •Әлеуметтік қызметтер ұсыну жүйесі
- •Қиын тұрмыс жағдайындағы тұлғаларға әлеуметтік қызмет көрсету
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Тақырып 13. Әлеуметтік саясатты қаржыландыру
- •Әлеуметтік саланы қаржылық қамсыздандыру
- •Әлеуметтік саясат бюджеті және оның қалыптасу көздері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Әлеуметтік бюджетті құру».
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Глоссарий
- •Маңғыстау облысындағы білім беру саласының стратегиялық бағыттары, мақсаты және міндеттері [59, 60, 62, 66]
Глоссарий
Күнкөрістің ең төменгі көлемі – ең төменгі тұтыну кәрзеңкесі құнының көлеміне тең және азаматтың ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыратын, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну кәрзеңкесі өндірістік кәрзеңкеден және өндірістік емес тауарлар мен қызметтерден тұрады.
Табыстар – белгілі бір кезеңдегі (бір жыл) еңбек ақы, жалақы, рента, дивиденттер, пайыздар, кәсіпкерліктен түсетін пайда түріндегі ақша қаражаттарының жалпы соммасы немесе ақшалай ағын.
Денсаулық сақтау - әр бір адамның физикалық және психологиялық денсаулығын күшейтуге және сақтауға, оның белсенді ұзақ өмір сүруін қолдауға, денсаулық жағдайы нашарлаған кезінде оған әлеуметтік көмек ұсынуға бағытталған, саяси, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, ғылыми, медициналық, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және мәдени сипаттағы іс-шаралар жиынтығы.
Адамдық потенциалды дамыту индексі – адамдардың материалдық, рухани және физикалық жағдайын көрсететін, өмір сапасының құрама көсеткіші.
Индексация – бұл халықтың ақшалай табысын жоғарлататын, оған қымбаттаған тұтыну тауарлары мен қызметтерінің толығымен немесе жарым-жартылай орнын толтыруға мүмкіндік беретін, мемлекетпен белгіленген механизм.
Өмір сапасы - әлеуметтік, саяси, мәдени, рухани, материалдық және басқа да аспектілердегі адам өмірі жағдайының жиынтығын анықтайтын, жалпы ғылыми түсінік.
Еңбек ақының ең төменгі көлемі – жұмыс беруші нақты еңбек ақыны төмендетуге құқығы жоқ, оның деңгейі заңмен белгіленген; әлеуметтік норматив. Бір айға ақшалай төлемдер түрінде есептелетін, біліктілігі жоқ жұмыс күші құнының ең төменгі шекарасы болып табылады.
Әлеуметтік мониторинг – мерзімдік жиынның ғылыми дәлелденген жүйесі, әлеуметтік ақпараттарды қорытындылау және талдау және одан алынған мәліметтерді мемлекеттік, аймақтық және жергілікті басқару деңгейлерінде стратегиялық және тактикалық шешімдер қабылдау үшін ұсыну.
Номиналды табыс – белгілі бір кезең ішінде жеке тұлғалармен алынған, ақшалар саны.
Әлеуметтік басқару объектісі – элементтері жалпы және ерекше мүдделерді жүзеге асыру бойынша өзара әрекеттесетін қоғамдық және әлеуметтік топтар болып табылатын, басқарылатын әлеуметтік жүйе.
Күнкөріс минимумы – адамның денсаулығын сақтауға және оның тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті, азық-түлік өнімдерінің ең төменгі жиынтығынан тұратын, тұтынушы кәрзеңкесінің құндық бағасы.
Тұтынушы кәрзеңкесі – адамның бірінші кезектегі қажеттілігін қанағаттандыруға арналған, тауарлар мен қызметтердің жиынтығы.
Орналастырылатын табыс – жеке тұтынуына және жеке жинағына пайдаланылатын, табыс. Орналастырылатын табыс номиналды табыстан салықтар мен міндетті төлемдер соммасына аз келеді.
Нақты табыс – белгілі бір уақыт кезеңінде орналастырылатын табысқа тауарлар мен қызметтер санын, яғни құн деңгейінің өзгеруіне түзету енгізе отырып, сатып алуды білдіреді. Халықтың номиналдық ақшалай табыстары келесідей негізгі көздерден құрылады: факторлық табыстар; төлемдер мен жеңілдіктер түріндегі мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақшалай түсімдер, қаржы жүйелерінен түсімдер (банктерден, жинақ кассалары арқылы, сақтандыру мекемелері арқылы және т.с.с.) және т.б.
Мемлекеттің аймақтық саясаты – мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуын басқару бойынша қызмет саласы.
Аймақтық қаржылар – бұл аймақтың экономикалық және әлеуметтік дамуына пайдаланылатын, ақша қаражаттарының жиынтығы.
Әлеуметтік жүйе – адамдардың және әлеуметтік ортаның өзара әрекетінің белгілі бір тарихи сипаты. Әлеуметтік жүйенің маңызын құраушылары болып, халық, әлеуметтік топтар, ұжымдар, жанұя, тұлғалар табылады.
Әлеуметтік қабат – қоғам дифференциациясының табыс, бедел, білім деңгейі және тағы басқа бір немесе бірнеше белгілері бойынша ажыратылатын, әлеуметтік ортақтық.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – азаматтардың мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, қоғамның әлеуметтік саласын дамытуды басқаратын мемлекет қызметі.
Әлеуметтік қорғау – барлық еңбекке қабілетті азаматтарға теңдей құқық пен еңбек жағдайын, ал еңбекке қабілетсіз (әлеуметтік әлсіз) азаматтарға – қоғамдық тұтыну қорларын пайдалануды, барлық формадағы тікелей материалдық және әлеуметтік –психологиялық қолдау көрсету, сондай-ақ заңдық, экономикалық, әлеуметтік және басқа да кепілдіктермен қамтамасыз ететін жүйе болып табылады.
Әлеуметтік қолдау – бұл дағдарыс жағдайында азаматтардың жеке категорияларына адрестік қолдау көрсету бойынша уақытша немесе тұрақты іс-шаралары.
Әлеуметтік саясат субъектілері – бұл азаматтар және әлеуметтік топтар, сондай-ақ әлеуметтік салада оларды ұсынатын, нақты белсенді өзара әрекеттесуші институттар, ұйымдар және билік органдары.
Әлеуметтік инфрақұрылым – адамдардың қажеттілігін қанағаттандыруға шақырылған, демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет принциптеріне сәйкес, қажетті өмір деңгейіне және сапасына кепілдік беретін, адам ресурстарын қалпына келтіруді қамтамасыз ететін және халық шаруашылығының барлық салаларындағы кәсіби дайындалған кадрлермен қамтамасыз ететін, салалар мен қызмет түрлеріне қызмет көрсететін топтар. Бұл функциялар тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету, білім жүйесі, мәдениет, ғылым және ғылыми қызмет көрсетулер және т.б. орындайды.
Әлеуметтік нарықтық экономика – мемлекетті әлеуметтік қорғайтын, экономикасы нарықтық принциптерге негізделетін және нарық механизмімен реттелетін, мемлекетпен әлеуметтік функциялардың орындалуына жоғары тиімділікті қамтамасыз ететін, қоғамның экономикалық құрылымының үлгісі.
Әлеуметтік әділеттілік – бұл қоғамдық қатынастардың қорытынды бағасы. Қазіргі жағдайда әлеуметтік әділеттілік принципін жүзеге асыру, заң алдында барлық азаматтардың теңдігі, азаматтардың өмірінде құқықтық, саяси және әлеуметтік экономикалық кепілдіктер беру, оның жоғары деңгейде әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге негізделген.
Әлеуметтік сала – адамның, жанұяның, еңбек ұжымының және еңбек жағдайы, адамдар демалысы, олардың тұрмысы және бос уақыты, материалдық әл-ауқаты, білімі, тәрбиелеу және денсаулығын сақтаудан тұратын, басқа да әлеуметтік топтардың ұдайы өндіріс сферасы.
Әлеуметтік мемлекет – адамға, оның қажеттілігі мен сұраныстарына бағдарланған, мемлекеттің ерекше типі. Бұл азаматтың негізгі әлеуметтік-экономикалық құқығына: еңбек және демалу, білім және денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғалу құқығына кепілдік беретін, мемлекет.
Әлеуметтік кепілдіктер – қоғам мүшелерінің конституциялық әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік саяси құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, материалдық және заңдық құралдар. Негізгі әлеуметтік кепілдіктерге, азаматтардың еңбекке, демалуға, тұрғын үйге, білім алуға, медициналық көмек алу бойынша құқықтары жатады.
Әлеуметтік қатынастар - әлеуметтік субъектілермен олардың теңдігі және тіршілік игіліктерін қарауда әлеуметтік әділеттілік және тұлғаның қалыптасуы мен даму жағдайы, материалдық, әлеуметтік және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру арасындағы қатынастары.
Әлеуметтік көрсеткіштер - әлеуметтік объектілердің (жүйе, ұйымдар) және процесстердің жеке қасиеттерінің және жағдайларының сандық және сапалық сипаттамалары. Мұндай көрсеткіштер қатарына келесілер жатады: өмір деңгейі және өмір сапасы, жұмыс бастылық және жұмыссыздық деңгейі, күнкөріс минимумы, өлім және туылу көрсеткіштері, ұйымдардағы персоналдар ағыны, ұжымдағы жанжалдар деңгейі және т.б.
Әлеуметтік басымдылықтар – бірінші кезектегі шешімдерді талап ететін, қоғаммен қабылданған, маңызды әлеуметтік міндеттер.
Әлеуметтік мәртебе – басқа жеке адамға немесе топтарға қатысты әлеуметтік жүйедегі жеке адамның немесе топтардың ережесі. Ол экономикалық, кәсіби және тағы басқа белгілері бойынша анықталады.
Әлеуметтік трансферттер – бұл қазіргі немесе өткен уақытта шаруашылық қызметіне қатысы жоқ, халыққа ақшалай немесе заттай төлемдер жүйесі.
Құрылымдық жұмыссыздық - жұмысшы күшінің біліктілік құрылымының өндіріс қажеттілігіне сәйкес келмеуінің нәтижесінде туындайтын, жұмыссыздық.
Трансферттік төлемдер – төлеуші таруарлармен қызметтерді тікелей алмай, айырбастау (немесе тауарлар мен қызметтерді өткізу) арқылы, үкіметпен немесе фирмамен үйшарушылығына немесе фирмаға төленетін төлем.
Өмір деңгейі – халықтың өмірге қажетті материалдық және рухани игіліктермен қамтамасыз етілуі немесе осы игіліктерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейі.
Жұмыссыздық деңгейі – экономикалық белсенді халық санының жұмыссыздар санындағы пайызбен өлшенетін үлесі.
Фрикционды жұмыссыздық – жұмысшылардың жұмыс орындарын өз еркімен ауыстыруына байланысты, жұмыссыздық; жұмысшылардың бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысуы кезіндегі уақытша жұмыссыз болуы.
Экономикалық белсенді халық (жұмыс күші) – тауарлармен қызметтерді өндіру үшін, жұмыс күшін ұсынуды қамтамасыз ететін, халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін белгіленген, халықтың жасы келген бөлігі. Экономикалық белсенді халық саны экономикалық қызметтің барлық түрлерін жұмыспен қамтудан тұрады.
Қосымша 1
ҚР балалар мен жастарды мемлекеттік әлеуметтік қолдау
[51, 55, 64, 66, 68]
№ |
Мақсатты топтар |
Көмек түрлері |
Көмек көлемі |
Нормативті құжаттың атауы |
1 |
Жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар |
Толығымен мемлекеттің қамтамасыз етілуінде
|
Тегін тұру, тамақтану, киіну, медициналық көмек алу, оқулықтармен қамтамасыз етілуі. Республикада орта есеппен 1 баланы ұстау жылына 500-700 мың теңгені құрайды |
«Азаматтардың білім алуы кезінде көрсетілетін әлеуметтік көмектің көлемі және қайнар көздері туралы» ҚР Үкіметінің 2000 жылдың 17 мамырындағы № 738 Қаулысы |
2 |
Жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар |
Оқулықтармен тегін қамтамасыз етіледі |
|
«Білім беру ұйымдарында оқитындарды және тәрбиеленушілерді оқулықтармен қамтамасыз ету Ережесі» ҚР Үкіметінің 2003 жылдың 19 ақпанындағы № 173 Қаулысы |
3 |
Ата-анасының біреуін немесе екеуін жоғалтқан 0 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, 18 жастан жоғары, оқитын азаматтар орта білім беру жүйесін бітіргенге дейін, жоғары және арнайы орта білім беру орындарында күндізгі формасын бітіргенге дейін, 23 жастан аспайтын азаматтар асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар |
Асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақы алады |
Бір ана-анасы болмағаны үшін – 8891 теңге (0,66 күнкөріс минимумы) Жетімдер – 12 123 теңге (0,9 күнкөріс минимумы) 2008 жылы көмек алған балалар саны – 159 187 құрады. |
«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылуы және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» ҚР Заңы |
4 |
Жетім балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар, жоғары және орта кәсіби оқу орындарына түскен уақытында |
Қабылдау квотасы белгіленген |
Мемлекеттік білім тапсырысының жалпы көлемінен 1 пайыз көлемде |
«Кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарына түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылдың 28 наурызындағы № 296 Қаулысы |
5 |
ҚР Заңдарына сәкес, мемлекеттік қамтамасыз етілетін студенттер, магистранттар және (балалар үйінің түлектері) Жанұяларда тұратын, мемлекеттік білім беру тапсырыстары бойынша оқитын, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар және жетім балалар |
Стипендиясы өсті
|
30 % оқитын, студенттер, магистранттар, мемлекеттік стипендияның жалпы көлемінен 50% |
«Білім беру ұйымдарында оқитын, азаматтардың жеке категорияларына мемлекеттік стипендияларды төлеу Ережесі» ҚР Үкіметінің 2008 жылдың 7 ақпанындағы № 116 Қаулысы |
6. |
Жетім балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар санынан барлық студенттер |
Тамақтануына өтемақы төленеді |
Жетім балалар үшін күніне 572 теңге; ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар үшін 229 теңге |
«Білім беру ұйымдарында оқитын, азаматтардың жеке категорияларына мемлекеттік стипендияларды төлеу Ережесі» ҚР Үкіметінің 2008 жылдың 7 ақпанындағы № 116 Қаулысы |
7. |
Мүмкіндігі шектелген, мүгедек балалар, жастайынан мүгедек балалар, интернатта тұратын мүгедек балалар |
Толығымен мемлекеттің қамқорлығында |
Тегін тұру, тамақтану, киіну, медициналық көмек алу, оқулықтармен қамтамасыз етілу |
«Азаматтардың білім алу кезінде ұсынылатын әлеуметтік көмегінің көлемі және қайнар көзі туралы» ҚР Үкіметінің 2000 жылдың 17 мамырындағы № 738 Қаулысы |
8. |
Мүмкіндігі шектелген, мүгедек балалар, жастайынан мүгедек балалар |
Оқулықтармен тегін қамтамасыз етіледі |
|
«Білім беру ұйымдарында оқитындарды және тәрбиеленушілерді оқулықтармен қамтамасыз ету Ережесі» ҚР Үкіметінің 2003 жылдың 19 ақпанындағы № 173 Қаулысы |
9. |
Мүгедек балалар |
Тегін арнайы құралдармен және санитарлы-курорттық емдермен қамтамасыз етіледі |
2008 жылы алғандар: 1347 адам - протезді-ортопедиялық; 557 адам – сурдотехникалық; 147 адам- тифлотехникалық құралдар; 474 адам – отырғыш арба; 704 адам санитарлы-курорттық ем алды |
«Мүмкіндігі шектелген балаларды әлеуметтік және медико-педагогикалық коррекционды қолдау туралы» ҚР Заңы және «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР 2006 жылдың 6 қаңтарындағы № 17 Қаулысы, «2006-2008 жылдарға мүгедектерді сауықтыру бағдарламасын бекіту туралы» |
10. |
I және II топ мүгедектері, жастайынан мүгедек балалар, мүгедек балалар |
Жоғары және орта кәсіби оқу орындарына түсу кезінде квота белігіленген |
Мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінен 0,5 пайыз |
«Кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарына түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылдың 28 наурызындағы № 296 Қаулысы |
11. |
Мүгедек балалар |
Ай сайын арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді: 16 жасқа дейін, 16 жастан 18 жасқа дейін: 1,2 және 3 топтарға |
0,9 АЕК көлемінде немесе 1146 теңге . 1,4 АЕК көлемінде немесе 1782 теңге . 0,6 АЕК көлемінде немесе 764 теңге |
«ҚР арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы» ҚР 1999 жылдың 5 сәуіріндегі № 365 Заңы |
12 |
Жоғары оқу орындарында, орта кәсіби оқу орындарында оқитын студенттердің, жауынгерлік әрекеттер нәтижесінде немесе әскери қызметтің басқа міндеттерін орындау кезінде, Чернобыльдік АЭС апатынан және басқа да радиационды аппаттардан, азаматтық және әскери бағыттағы объектілер аппатынан, ядролық қару байқауларынан алған жарақаты, зақымы, ауруы, мертігуі |
Мемлекеттік стипендия өсті |
Стипендияның бастапқы көлеміне 75%: - жоғары оқу орындарының студенттеріне 4688 теңге, - магистранттарға 9583 теңге, - колледж студенттеріне -3750 теңге |
«Білім беру ұйымдарында оқитын, азаматтардың жеке категорияларына мемлекеттік стипендияларды төлеу Ережесі» ҚР Үкіметінің 2008 жылдың 7 ақпанындағы № 116 Қаулысы |
13 |
Көп балалы жанұялардың балалары, адрестік әлеуметтік көмек алатын жанұялардың балалары, интернат ұйымдарда тәрбиеленетін қамқорлықтағы балалар |
Жеке және мемлекеттің қамтамасыз етілуінде |
Тегін тұру, медициналық көмек алу, оқулықтар алу |
«Азаматтардың білім алу кезінде ұсынылатын әлеуметтік көмегінің көлемі және қайнар көзі туралы» ҚР Үкіметінің 2000 жылдың 17 мамырындағы № 738 Қаулысы |
14 |
Мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмеу алуға құқығы бар жанұялардың балалары, интернат ұйымдарда тәрбиеленетін қамқорлықтағы (қорғаныштағы) балалар |
Жалпы білім беру мектебінде оқыған кезінде, жалпыға міндетті Қордан көмек көрсетіледі |
Бір жолғы тамақтану, мектеп және спорт киімдері |
«Азаматтардың білім алу кезінде ұсынылатын әлеуметтік көмегінің көлемі және қайнар көзі туралы» ҚР Үкіметінің 2000 жылдың 17 мамырындағы № 738 Қаулысы |
15 |
Жалпы типтегі интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда тәрбиеленетін барлық балалар, яғни толығымен мемлекеттің қамтамасыз етілуіндегі балаларды қоспағанда |
Мемлекет қаражаттарының есебінен ұсталады |
Ата –аналық төлемнен бөлек, тамақтану құнынан 20 % соммасында |
«ҚР Үкіметінің 2000 жылдың 17 мамырындағы № 738 Қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2003 жылдың 14 қазанындағы Қаулысы |
16 |
Ұйым интернаттарында тәрбиеленетін және ұзақ уақыт бойы емдеу ұйымдарында болған және орта жалпы білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын балалар |
Тегін оқулықтармен қамтамасыз етіледі |
|
«Білім беру ұйымдарында оқитындарды және тәрбиеленушілерді оқулықтармен қамтамасыз ету Ережесі» ҚР Үкіметінің 2003 жылдың 19 ақпанындағы № 173 Қаулысы |
17 |
Жоғары кәсіби оқу орындарында оқитын, орта кәсіби оқу орындарында оқитын соқыр және саңылау студенттер, магистранттар |
Мемлекеттік стипендия өсті |
Стипендияның бастапқы көлеміне 75%: - жоғары оқу орындарының студенттеріне 7031 теңге, - магистранттарға 14375 теңге, - колледж студенттеріне -5625 теңге |
«Білім беру ұйымдарында оқитын, азаматтардың жеке категорияларына мемлекеттік стипендияларды төлеу Ережесі» ҚР Үкіметінің 2008 жылдың 7 ақпанындағы № 116 Қаулысы |
18 |
Барлық студенттер |
Екі деңгейлі банктер арқылы студенттерді несиелендірудің жаңа жүйесі құрылды. Студенттерді несиелендіруге кепілдік берген «Қаржылық орталық» АҚ болды |
Бұрын несиелер жылдық 30 % және одан жоғары ставкасында ұсынылса, 2-3 жылдықта өзгерген жоқ. Қазір несие бойынша ең төменгі сыйақы ставкасы жылдық 15 % төмендеді, ал несиелендіру мерзімі 15 жылға дейін ұзартылды. |
«Екі деңгейлі банктермен студенттерге «Қаржылық орталық» АҚ ұсынылған несие Ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2005 жылдың 19 шілдесіндегі № 745 Қаулысы |
19 |
«Жақсы» және «Үздік» оқитын барлық студенттер мен магистранттарға |
Мемлекеттік стипендия тағайындалды |
Көлемі: студенттерге - 9375 теңге; магистранттарға - 19 166 теңге |
«Білім беру ұйымдарында оқитын, азаматтардың жеке категорияларына мемлекеттік стипендияларды төлеу Ережесі» ҚР Үкіметінің 2008 жылдың 7 ақпанындағы № 116 Қаулысы |
20 |
Жоғары оқу орындарында күндізгі оқу формасында оқитын, 3 курстан бастап, барлық студенттер, аспиранттар, білім беру бағдарламасын ойдағыдай қабылдаған, ғылыми-іздестіру жұмыстарымен айналысатын, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорт өміріне белсенді қатысатын барлық студенттер |
Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясы тағайындалды |
18750 теңге көлемінде 1080 студент және 8 аспирант алады |
2005 жылы 21 сәуіріндегі № 1558 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясы тағайындалды |
21 |
Білім беру бағдарламасын ойдағыдай қабылдаған, ғылыми-іздестіру жұмыстарымен айналысатын, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорт өміріне белсенді қатысатын барлық студенттер |
Мемлекеттік бәсіре стипендиясы төленеді (Аль-Фараби, Ғ.Сатпаев ,М. Ауэзов, Ы.Алтынсарин, А.Жубанов, Абай, Шәкәрім және т.б.) |
13594 теңге көлемінде |
«Мемлекеттік бәсіре стипендиясын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2006 жылдың 10 ақпанындағы № 125 Қаулысы |
22 |
Мемлекеттік жалпы білім беру тапсырыстары бойынша оқитын, барлық студенттер: Дайындау бөлімінің студенттері, магистранттары, тыңдаушылары. Орта кәсіби оқу орындарында оқитындар |
Қысқы және жазғы каникул кезінде қалааралық темір жол және автомобильді транспорттарда, яғни таксиді қоспағанда жеңілдетілген жолда жүру өтемақысын алады |
4 еселенген АЕК мөлшерінде(5092 теңге) 2 еселенген АЕК мөлшерінде (2546 теңге) |
«Білім беру туралы», «Жастар саясаты туралы» ҚР Заңдары, «Мемлекеттік жалпы білім беру тапсырыстары бойынша орта және жоғары кәсіби оқу орындарында оқитын жастарға өтемақы төлеу жолымен, жолда жүру жеңілдіктерімен қамтамасыз ету туралы» ҚР Үкіметінің 18.05.2005 №736 Қаулысы |
23 |
Ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын, мамндықтардағы ауылдық (селолық) азаматтар үшін |
Қабылдау квотасы белгіленген |
Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырыстары көлемінен 30% көлемінде |
«Кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарына түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылдың 28 наурызындағы № 296 Қаулысы |
24 |
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, қазақ ұлттық тұлғаларына арналған |
Қабылдау квотасы белгіленген |
Мемлекеттік жалпы білім беру тапсырыстары көлемінен 2% көлемінде |
«Кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарына түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылдың 28 наурызындағы № 296 Қаулысы |
25 |
Бала туылуымен байланысты |
2003 жылдың қаңтар айынан бастап бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бала туылуына байланысты бір жолғы мемлекеттік жәрдемақының көлемі өсті. 18 жасқа дейінгі балаларға – 2006 жылдың қаңтар айынан бастап, орташа жан табысы азық-түлік кәрзеңкесінің құнынан төмен жанұяларға төленетін ай сайынғы жәрдемақы (60%); Бір жасқа дейінгі балаға – 2006 жылдың 1 шілдесінен бастап, жанұя табысына қарамастан, бала бір жасқа толғанға дейін, яғни оны күту бойынша ай сайынғы жәрдем ақы; Жәрдемақы көлемі жанұядағы балалар санына қарай дифференциацияланған |
Тұлғаның (жанұяның) табысына қарамастан, 15 АЕК немесе 19095 теңге 30 АЕК немесе 38190 теңге көлемінде; Әр бір бала үшін бір АЕК көлемінде (1273 теңге); шамамен 5 мың теңге көлемінде Бірінші балаға 5 АЕК (6365 теңге), төрт және оданда көп балалар үшін 6,5 АЕК дейін (8275 теңге) |
«Балалары бар жанұяларға мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы |
26 |
Төрт және одан да көп балалары бар, кәмілет жасқа жеткен балаларымен бірге тұратын жанұяларға (оның ішінде жоғары және орта кәсіби білім беру орындарында күндізгі оқу формасында оқитын және олар кәмілет жасқа толғаннан кейін, олардың оқу орынын бітіруіне дейін), «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Ардақты Ана», «I және II дәрежелі Ана» атағын алған көп балалы аналар |
Мемлекеттік жәрдемақы тағайындылды |
3,9 АЕК көлемінде (4965 теңге). |
«Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 5 сәуіріндегі № 365 Заңы |
27. |
Орташа жан табысы кедейлік белгісінен аспайтын, жағдайы төмен жанұялар |
2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап, адрестік әлеуметтік көмек төленеді (қазіргі кезде кедейлік белгісі күнкөріс минимумының 40 % құрайды). |
2008 жылы 18 жасқа дейінгі 149 519 балалар 3 млрд. 464 млн. 897 мың теңге соммасында АСП алды |
«Мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 17.07.2001 жылғы Заңы |
28 |
Үшінші және оданда жоғары курстарда күндізгі оқу формасы бойынша ақылы негіздегі жоғары оқу орындарында «Үздік» бағамен оқитын студенттер |
Қосымша білім беру гранттарын беру |
3 млрд теңге соммасында шамамен 12 мың қосымша білім беру гранттары бөлінді |
«Жоғары оқу орындарында оқитындардың жеке категориясын қолдау бойынша іс-шаралар туралы» ҚР Үкіметінің Қаулысы |
29 |
Ақылы негізде оқитын, ұзақ мерзімді жеңілдетілген несие алуға үміткер, жоғары оқу орындарының студенттері және: 1) техникалық және медициналық мамандықтар бойынша оқитындар; 2) үлгерімі жақсы студенттер; 3) әлеуметтік мәртебесі бар: жағдайы төмен немесе көп балалы жанұялар, мүгедектер, жетім балалар, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар және зейнеткерлер, мүгедектер жанұясынан шыққан студенттер |
Жылдық 9 % тиімді сыйақы ставкасы бойынша 20 жылға дейін жеңілдетілген ұзақ мерзімді несие алу мүмкіндігі ұсынылған |
«Ұлттық әл-ауқат Қоры», «Самрұқ –Қазына» акционерлік қоғамдарымен студенттерді несиелендіру үшін банк-агенттерін қорландыруға 15 млрд. теңге соммасы қарастырылған |
«Жоғары оқу орындарында оқитындардың жеке категориясын қолдау бойынша іс-шаралар туралы» ҚР Үкіметінің Қаулысы |
Қосымша 2
Маңғыстау облысының жұмыспен қамту саласындағы стратегиялық бағыттар [56, 59, 65]
Маңғыстауоблысы тұрғындарының жұмыспен қамтылуын арттыру және ішкі еңбек нарығын қорғау |
||||||||
Мақсаттар |
Көрсеткіштер |
2008 ж
|
2009 ж
|
2010 ж.
|
2011 ж.
|
2012 ж. |
2013 ж. |
2014 ж. |
Тиімді жұмысбастылыққа ықпал ету |
Жалпы жұмыссыздық деңгейі, % |
6,9 |
7,2 |
7,1 |
7,0 |
6,9
|
6,8
|
6,7
|
Соның ішінде: әйелдер |
7,9 |
7,0 |
7,0 |
7,0 |
6,9 |
6,8 |
6,7 |
|
жастар |
8,3 |
8,1 |
7,9 |
7,8 |
7,5 |
7,4 |
7,3 |
|
Кадрлар әлеуетін дамыту, қазақстандық мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ету. |
Жұмыссыздар саны, соның ішінде кәсіби дайындау мен қайта дайындауға жіберілген мақсатты бұқара топтарының ішіндегі. |
653 |
900 |
1000 |
1100 |
1200 |
1300 |
1400 |
Жұмыс берушілердің қаражаттары есебінен кәсіби дайындау мен қайта дайындауға жіберілген тұлғалар саны. |
8529 |
8962 |
9000 |
9200 |
9400 |
9600 |
9800 |
|
Шетелдік жұмыс күшін алмастыру мақсатында дайындалған жергілікті қызметкерлер үлесі
|
11,4 |
11,9
|
12,1 |
12,3 |
12,5 |
12,7 |
12,9 |
|
Азаматтардың жұмыссыздықтан қорғау құқықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, жұмысқа орналасуына көмектесу, мақсатты бұқара топтарының жұмысбастылығын қамтамасыз ету |
Жұмысқа орналастырылған азаматтар саны |
4130 |
5050 |
5100 |
5150 |
5200 |
5250 |
5300 |
Соның ішінде әйелдер |
826 |
1010 |
1020 |
1030 |
1040 |
1050 |
1060 |
|
Жұмыспен қамту деңгейі |
93,1 |
93,7 |
94,1 |
94,8 |
95,2 |
95,6 |
96,2
|
|
Ақпараттық-кеңесберушілік қызмтетермен қамтылған тұрғындар саны, экономикалық белсенді халыққа шаққанда %-бен.
|
0,7 |
2,8 |
3,0 |
3,3 |
3,5 |
3,6
|
3,7 |
|
Еңбек ресурсатры құрамындағы білікті мамандар үлесі. |
24,6 |
36,3 |
37,5 |
38,0 |
38,2 |
38,3 |
38,4 |
|
Мемлекеттік тапсырыс негізінде дайындалған мамандар саны |
1512 |
1651 |
3648 |
3666 |
4600 |
4600 |
4600 |
|
Жастар |
1239 |
1515 |
1530 |
1545 |
1560 |
1570 |
1580 |
|
Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған азаматтар саны |
666 |
1056 |
1160 |
1200 |
1260 |
1320 |
1380 |
|
соның ішінде әйелдер |
333 |
500 |
580 |
600 |
630 |
650 |
680 |
|
жастар |
199 |
300 |
348 |
360 |
378 |
390 |
420 |
|
Қоғамдық жұмыстарға қатысқан азаматтар саны |
2207 |
2810 |
2665 |
2715 |
2750 |
2785 |
2820 |
|
соның ішінде әйелдер |
1904 |
1405 |
1133 |
1357 |
1375 |
1395 |
1420 |
|
жастар |
484 |
430 |
450 |
470 |
490 |
500 |
520 |
|
Ішкі еңбек нарығын қорғау, маңызды экономика салаларына жоғары білікті шетелдік жұмыс күшін тартуды қамтамасыз ету
|
Шетелдік жұмыс күшін тартуға (ШЖК) квота, % |
3,3 |
2,0 |
1.6 |
1,5 |
1,4 |
1,3 |
1,2 |
I және II категориялы ШЖК-нің жалпы ШЖК санындағы үлес салмағы, % |
62,6 |
72,1
|
75,0 |
77,1 |
80,0 |
82,0 |
85,0 |
|
Улучшение условий первичной адаптации и интеграции оралманов, содействие в их трудоустройстве, повышение профессионального уровня. |
«Нұрлы-Көш» бағдарламасын жүзеге асыру (2009–2011 ж.) |
|
|
|
|
|
|
|
Кәсіби оқытумен қамтылған оралмандардың үлес салмағы, еңбекке қабілетті жастағы оралмандардың жалпы санына %-бен |
2,0 |
2,5 |
2,9 |
3.1 |
3.4 |
3.7 |
4,0 |
|
Жұмыспен қамтылған оралмандар саны, еңбекке қабілетті жастағы оралмандардың жалпы санына %-бен |
3,5 |
4,0 |
4,5 |
5,0 |
5,5 |
6,0 |
6,5 |
|
ҚР Елбасының «Дағдарыстан дамуға» атты 2009 жылғы Жолдауының жүзеге асуы |
Облыс бойынша бөлінген қаражат сомасы ( млн.теңге) |
|
5752,9
|
3285,1
|
- |
- |
- |
- |
«Жол картасы» бағдарламасы бойынша жұмысқа орнластырылғандар саны (адам) |
|
5844 |
3555 |
|
|
|
|
|
|
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылғандар саны |
- |
2700 |
400 |
- |
- |
- |
- |
|
Жастар тәжірибесі шеңберінде жұмысқа орналастырылғандар саны |
- |
866 |
400 |
- |
- |
- |
- |
Арнайы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру |
Арнайы әлеуметтік көмек стандартын енгізу: |
|
|
|
|
|
|
|
мүмкіндігі шектеулі балаларға, бірлік |
|
1 |
|
|
|
|
|
|
психоневрологялық ауруы бар мүгедектерге, бірлік |
|
|
1 |
|
|
|
|
|
қарттар мен мүгедектерге, бірлік |
|
|
|
1 |
|
|
|
|
тыныс жолдары ауру балаларға, бірлік |
|
|
|
1 |
|
|
|
|
Әлеуметтік мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету |
Әлеуметтік көмек мөлшері, өткен жылға пайызбен |
107 |
109
|
109 |
108,5 |
108,0 |
107,5 |
107,0 |
Арнайы әлеуметтік көмек көрсетудің құқықтық негізін құру |
Арнайы әлеуметтік көмек стандарты, балалар мен психоневрологялық ауруы бар 18 жастан жоғары тұлғаларға кепілдендірілген арнайы әлеуметтік қызметтер тізімі енгізілетін болады |
|
|
1 |
|
|
|
|
Облыс әкімдігінің мүмкіндігі шектеулі балалардың күндіз болуы үшін мекемелер ашу туралы қаулысының жобасын өңдеу |
|
|
1 |
|
|
|
|
|
Кедейшілік деңгейін төмендетуге ықпал ету |
Табысы күнкөріс минимумынан төмен тұрғындар үлесі, облыс тұрғындарының жалпы санына пайызбен |
32,4
|
21,4
|
21,2 |
21,0 |
20,8 |
20,6 |
20,4 |
Ауылдағы табысы күнкөріс минимумынан төмен тұрғындар үлесі, облыс тұрғындарының жалпы санына пайызбен |
63,5 |
44,1 |
43,9 |
43,7 |
43,5 |
43,3 |
43,1 |
|
Кәсіби дайындық пен қайта дайындауға жіберілген тұлғалар үлесі, жұмыссыздардың жалпы санына пайызбен |
4,8 |
5,2 |
5,7 |
6,0 |
6,4 |
6,6 |
6,7 |
|
Кәсіби дайындық пен қайта дайындауға жіберілген бала күтімімен отырған тұлғалар үлесі, жұмыссыздардың жалпы санына пайызбен |
1,5 |
1,7 |
1,9 |
2,2 |
2,6 |
2,8 |
2,9 |
|
Аз қамтылған тұрғындардың еңбекке қабілетті бөлігінің экономикалық белсенділігін ынталандыру |
Кедейшілікті жоюдың белсенді әдістерін қодана отырып жұмыспен қамтылмаған еңбекке қабілетті тұрғындардың үлесін азайту |
8,5
|
9,0
|
9,5
|
10,0
|
10,4
|
10,8
|
11,0
|
|
2 жылдан аса уақыт атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың үлесі, АӘК алатын отбасылардың жалпы санына пайызбен |
15,4 |
13,8 |
13,4 |
13,0 |
12,6 |
12,2 |
11,8
|
|
Атаулы әлеуметтік көмек алатын жұмыссыздардың үлес салмағы, жұмыссыздардың жалпы санына пайызбен |
14,3
|
12,7 |
11,4 |
10,5 |
9,5 |
8,5 |
7,7 |
|
Аз қамтылғандардың арасында жұмыспен қамтылған жұмыссыздардың үлес салмағы, жұмыспен қамтылғандардың жалпы санына пайызбен |
3,2 |
5,0 |
5,2 |
5,4 |
5,6 |
5,8 |
6,0 |
Әлеуметтік көмек деңгейін арттыру
|
18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысының орташа мөлшері, өткен жылға пайызбен |
107,8 |
137,6 |
109,0 |
108,5 |
108,0 |
107,5 |
107,0 |
Атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері, өткен жылға пайызбен |
138,4 |
160,2 |
109,0 |
108,5 |
108,0 |
107,5 |
107,0 |
|
Қосымша 3
