Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аймақтың әлеум саясаты дәрістер -1.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.12 Mб
Скачать
  1. Әлеуметтік саясат бюджеті және оның қалыптасу көздері

Әр түрлі деңгейдегі республикалық, аймақтық әлеуметтік саясатты жүзеге асыру тиімділігі, көбіне мемлекеттік бюджеттік ресурстарды үнемдеуге байланысты болады. Жеткілікті ақша қаражаттарынсыз, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, тұрғын-үй коммуналдық секторы, еңбек нарығы, жұмыспен қамтамасыз ету, халықты әлеуметтік қорғау, еңбек ақыны, зейнет ақыны, жәрдем ақыны уақтылы төлеу және басқа да қайнар көздерді және азаматтардың тіршілігін қамтамасыз ететін механизмдерді дамыту туралы айту өте қиын.

Бюджет әмбебап механизмдердің бірі болып табылады, оның көмегімен мемлекет шығындарды қаржыландыруға қатысады және әлеуметтік салаларды дамытуға жәрдемдеседі. Бұл салалардың қызметтері мемлекеттің барлық азаматтарымен тұтынылады және мүдделер жиынтығы позициясынан қоғамдық игіліктер дәрежесіне жатқызылады, яғни бұл игіліктерді әр бір жеке қолданушының төлеуге мүмкіндігі жоқ немесе төлеу ұтымды емес. Мұндай игіліктер, мемлекетпен экономиканың қоғамдық секторының жүйесі арқылы ұсынылады және бюджеттік қаражаттар есебінен толығымен немесе жарым-жартылай төленеді.

Әлеуметтік саясатты қамтамасыз етуге жұмсалған бюджеттік шығындарды, келесідей түрде топтастыруға болады:

1) зейнетақы;

2) стипендиялар;

3) балалы жанұяларға жәрдемақы;

4) жұмыссыздық бойынша жәрдемақы;

5) жетім балаларды мемлекеттік қамтамасыз ету;

6) сотталғандарды мемлекеттік қамтамасыз ету;

7) қосымша төлемдер түріндегі материалдық көмек;

8) бірінші қажеттілік түрінде азық-түліктермен заттай көмек көрсету;

9) үйге барып әлеуметтік көмек көрсету;

10) тегін тамақтандыру;

11) тегін емдеу;

12) тегін немесе жеңілдетілген дәрі-дәрмектер ұсыну;

13) коммуналдық қызметтерді төлеуде жеңілдіктер;

14) тегін немесе жеңілдік бойынша оқыту немесе қайта оқыту;

15) үйсіздердің түнгі өмір сүруі;

16) қоғамдық транспорттарда жол ақысының тегін болуы немесе жеңілдіктер;

17) мүгедектерге жұмыс орындарын ұйымдастыру мақсатымен

кәсіпорындарды қаржыландыру [47].

Әлеуметтік салаларды дамытудың мақсатты бағдарламаларын қаржыландыру және әлеуметтік саясат облысындағы басқа да іс-шараларды барлық деңгейдегі бюджеттік қаражаттар, мемлекеттік бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар, шаруашылық субъектілерінің қаражаттары (әлеуметтік мақсаттарға бөлінетін), қайырымдылық қызметінен түсімдер және заңдармен қарастырылған басқа да қайнар көздердер есебінен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік бюджеттен әлеуметтік саясат облысындағы іс-шараларға бөлінген ақша қаражаттарының жалпы көлемі, берілген қаржы жылына болжанатын мемлекеттің жалпы ішкі өнімінің көлемін белгілеу жолымен анықталады.

Аймақтық бюджеттен әлеуметтік саясат облысындағы іс-шараларға бөлінген ақша қаражаттарының жалпы көлемі, берілген қаржы жылына болжанатын аймақтық жалпы өнімінің көлемін белгілеу жолымен анықталады.

Аймақтық қаржылар – ұлттық табыстың экономикалық және аймақтың әлеуметтік дамуына таратылатын және қайта таратылатын экономикалық қатынастар жүйесі. Бұл қатынастар мемлекеттік билік органдары және халық арасында үйлестіріледі.

Аймақтық қаржылар – бұл аймақтың экономикалық және әлеуметтік дамуына пайдаланылатын, ақша қаражаттарының жиынтығы.

Жергілікті қаражаттар болып, жергілікті басқару органдары мобилизациялайтын, тарататын және пайдаланатын экономикалық қатынастар табылады. Жергілікті қаражаттар мемлекеттің қаржылық жүйесінің маңызды құраушысы болып табылады. Олар мемлекеттік бюджеттен, әлеуметтік бюджеттен тыс қорлардан және жергілікті басқару органдарының жеке меншігіндегі шаруашылық субъектілерінің қаржысынан тұрады.

Жергілікті қаражаттардың құрылымы және бағыты, жергілікті билік органдарының және басқармаларының – маслизаттардың (депутаттар жиналысы), жергілікті әкімшілік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларымен анықталады.

Қазіргі кезде, нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезінде, жергілікті органдар қызметінің саласы кеңейіп келеді және олар әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, демографиялық мәселелерді шешуде маңызды дербестікке ие болады.

Жергілікті басқару органдарына мемлекеттің әлеуметтік бағдарламасын өмірде жүзеге асыру бойынша маңызды міндеттер жүктелген.

Халықты қамтамасыз ету іс-шараларын қаржыландыру көбіне жергілікті қаржылық ресурстар есебінен жүзеге асырылады. Әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым саласы халыққа бюджеттік қаражаттар есебінен қаржыландырылатын қорлар есебінен, қызметтер ұсынады.

Негізгі бөлімдегі қаржылық қатынастар «Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі туралы», ағымдағы жылға «Республикалық бюджет туралы» Заңдарымен және шаруашылық, қаржылық қызметтің басқа заңдарымен реттеледі.

Жергілікті қаражаттардағы маңызды рөлі, жергілікті билік және басқару органдары қызметінің қаржылық базасы болып табылатын, жергілікті бюджеттерге жатады.

Қазақстанда жергілікті бюджеттер (облыстық, қалалық, аудандық) кірістер мен шығындар бойынша мемлекеттік бюджет қаражаттарының шамамен 50% көлемін құрайды.

Әлеуметтік саясат облысында мемлекеттік бюджеттен іс-шараларға жұмсалған трансферттер, аймақтардың нормативтермен қамтамасыз етілуі негізінде анықталады:

- мектепке дейінгі балаларға арналған мекемелермен (мектепке дейінгі 1000 балаға есептелген мекемелер);

- жалпы білім беру мекемелерімен (ауысымдық қатысушылар саны 10 мың тұрғынға есептелген);

- поликлиникалармен (қатысушылар саны 10 мың тұрғынға есептелген);

- ауруханалармен (койкалар саны 10 мың тұрғынға есептелген).

Көрсетілген әлеуметтік нормативтер кәсіподақ федерациясымен келісіліп, үкіметпен белгіленеді.