- •Тақырып 1. Әлеуметтік саясаттың ғылыми-әдістемелік негіздері
- •2. Әлеуметтік саясаттың негізгі принциптері.
- •3. Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттары.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. «Әлеуметтік саясат және қоғамдық даму» тақырыбына реферат.
- •Тақырып 2. Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •1. Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •Әртүрлі экономикалық жүйелердегі әлеуметтік саясаттың негізгі ережелері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын: «Әлеуметтік саясатты қалай реформалауға болады?»
- •2. Мемлекеттің әлеуметтік функциялары.
- •3. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының құқықтық негіздері.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. «Кезеңдік басылымдардағы әлеуметтік мәселелерге қатысты мақалаларды талқылау» іскерлік ойыны
- •Тақырып 4. Әлеуметтік қорғау
- •2. Әлеуметтік қорғау механизмі мен тиімділігі
- •3. Әлеуметтік қорғау субъектілері мен объектілері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Студенттерге шағын сауал: «Сіз мемлекеттің әлеуметтік қолдауына мұқтажсыз ба?».
- •2. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарындағы әлеуметтік қорғау органдарына бару
- •Тақырып 5. Аймақтық әлеуметтік саясаттың ерекшеліктері
- •2. Аймақтық әлеуметтік саясат
- •3. Аймақтың әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі
- •Сурет 2. Әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Эссе «Әлеуметтік саясат үлгілері және хх-ші жүз жылдықта олардың жүзеге асуы».
- •Тақырып 6. Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру
- •Медициналық сақтандыру
- •Зейнетақылық сақтандыру. Зейнетақы қорлары.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Тақырып 7. Еңбек және халықты жұмыспен қамту саласындағы саясат
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары түсініктері
- •Маңғыстау облысы тұрғындарын жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік саясат.
- •Маңғыстау облысының негізгі көрсеткіштері
- •Жалпы аймақтық өнім
- •Өнеркәсіптік өндіріс
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Халықты жұмыспен қамту мемлекеттік қызмет органына бару.
- •2. Эссе «Жұмыспен қамту туралы заңға қандай өзгерістер енгізуге болады?».
- •3. Іскерлік ойын «Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары сферасындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •Тақырып 8. Әлеуметтік саладағы тұрғын үй саясаты
- •Тұрғын үй саясаты және оның бағыттары
- •2. Маңғыстау облысында тұрғын үй саясатын дамытудың негізгі бағыттары
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Эссе «Менің әлеуметтік сараптамам».
- •2. Іскерлік ойын «Тұрғын үй сферасындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •Тақырып 9. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясат
- •Денсаулық сақтау әлеуметтік саясаттың бағыты ретінде
- •Маңғыстау облысындағы денсаулық сақтау саласының негізгі даму бағыттары
- •Денсаулық сақтау объектілері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •2. Іскерлік ойын «Денсаулық сақтауды Басқару есебінің негізгі көрсеткіштерін талдау»
- •Тақырып 10. Білім беру саласындағы саясат
- •Білім беру әлеуметтік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде
- •Маңғыстау облысындағы білім беру саласының дамуы
- •Білім беру объектілері
- •1. Іскерлік ойын «Білім беру саласындағы саясат».
- •Тақырып 11. Жастарға қатысты әлеуметтік саясат
- •Әлеуметтік жастар саясатының негізгі бағыттары
- •2. Маңғыстау облысында аймақтық әлеуметтік жастар бағдарламасын дамыту
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Муниципалды жастар саясаты».
- •Тақырып 12. Әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласындағы саясат
- •Әлеуметтік қызметтер ұсыну жүйесі
- •Қиын тұрмыс жағдайындағы тұлғаларға әлеуметтік қызмет көрсету
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Тақырып 13. Әлеуметтік саясатты қаржыландыру
- •Әлеуметтік саланы қаржылық қамсыздандыру
- •Әлеуметтік саясат бюджеті және оның қалыптасу көздері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Әлеуметтік бюджетті құру».
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Глоссарий
- •Маңғыстау облысындағы білім беру саласының стратегиялық бағыттары, мақсаты және міндеттері [59, 60, 62, 66]
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
Іскерлік ойын «Қоғамның әлеуметтік сауалдарының шектеулері».
Ойынның негізгі міндеті қоғам мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға негізделген әлеуметтік бюджеттің ұтымды үлгісін талқылау, сонымен қатар осы үлгінің тәжірибе жүзінде жүзеге асырылмау себептерін анықтау болып табылады. Ойын процесінде студенттер келесі рөлдерге топтасады – тұтынушылар, өндірушілер, қаржыгерлер и арбитрлар.
Бақылау сұрақтары
Халықты әлеуметтік қорғаудың мәні.
Әлеуметтік қорғау жаңа әлеуметтік институт ретінде.
Әлеуметтік қорғаудың түрлері мен ұйымдық-құқықтық формалары
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат
Әлеуметтік қорғаудың түрлері.
Тақырып 13. Әлеуметтік саясатты қаржыландыру
1. Әлеуметтік саланы қаржылық қамсыздандыру.
2. Әлеуметтік саясат бюджеті және оның қалыптасу көздері
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
Бақылау сұрақтары
Әлеуметтік саланы қаржылық қамсыздандыру
Әлеуметтік саясатты жүзеге асыру, мемлекет барлық азаматтарға қол жетімділік жасауға міндеттенетін, әлеуметтік (қоғамдық) игіліктердің заңмен белгіленген жиынтығы ретінде анықтауға болатын, мемлекеттің әлеуметтік міндеттерін орындауды әлеуметтік қамтамасыз ету және заң орнату болып табылады. Бұл игіліктер қоғамдық, көбіне бюджеттік ресурстар есебінен ұсынылады. Мемлекет әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын жұмыс берушілерге және азаматтарға жүктейді.
Әлеуметтік міндеттемелерді жүзеге асыру болып, оларды белгілеу, ұйымдастыру және тікелей орындау табылады. Әлеуметтік міндеттемелерді белгілеу, яғни жұмыстың бастапқы дайындық бөлігі заң органдарымен жүзеге асырылады, заңдар жобасын дайындау атқарушы билік органдарымен жүзеге асырылады.
Әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын ұйымдастыруды мемлекет министрліктермен, ведомствалармен және орталық және аймақтық атқарушы билік оргындарының жүйесіне кіретін «әлеуметтік» блок ұйымдарымен, сондай-ақ министрліктермен жүзеге асырады.
Мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін қаржымен қамтамасыз ету, мемлекеттің, кәсіпорындардың (фирмалардың) және халықтың (үй шаруашылығы) қаражатымен жүзеге асырылады. Қаржылық міндеттеменің және әлеуметтік саясатты қаржыландыруға қатысатын барлық қатысушылардың жауапкершілігі, қабылданған шаруашылық жүргізу моделіне байланысты маңызды роль атқарады. Кеңес Одағы экономикасында әлеуметтік саладағы қаржылық міндеттеме мемлекетпен кәсіпорын арасында бөлінді. Тұрақты табысы жоғары емес халықтың негізгі массасы үшін, әлеуметтік қызметтер тегін болды. Халықтың негізгі массасының тұрақты табысы жұмыссыздықтың және қартаюы бойынша зейнетақының болмауымен анықталды.
Өтпелі кезең экономикасында мемлекеттің қаржылық міндеттемесі әлеуметтік саясатты қамтамасыз ету бойынша мемлекетпен үй шаруашылығы арасында бөліне бастады, кәсіпорындар ролі қысқарды. Нарықтық жағдайда әлеуметтік инфрақұрылым және әлеуметтік қор кәсіпорындары, шығындардың қымбаттауы есебінен кәсіпорын өнімдерінің бәсекеге қабілеттігін төмендетті, яғни бұл әлеуметтік инфрақұрылымдарды жергілікті бюджетке жаппай өткізуге алып келді. Әлеуметтік шығындар ауыртпалығы мемлекетке түсті. Осы кездерде, жалпы ұлттық өнім шамамен екі есеге қысқартылды және шоғырландырылған бюджеттің үлесі 25-28 % дейін төмендеді. Шоғырландырылған бюджеттік қаражаттар есебінен реформалауға дейінгі әлеуметтік қызметтерді тұтыну деңгейін қамтамасыз етудің мүмкін болмауы, негізгі әлеуметтік қызметтерді төлеу бойынша халық үлесінің жоғарлауына алып келді. Халық табысына деген қаржылық жүктеме өсті, бұл жерде табыстардың дифференциациясы есепке алынған жоқ.
Әлеуметтік бағдарламаларды мемлекеттік қаржыландыру көлемі әлеуметтік салада мемлекеттің міндеттерімен анқыталады. Экономикасы өтпелі барлық мемлекеттерде әлеуметтік саясаттың міндеті – экономикалық өсуді ынталандыру және әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз ету болып табылады. Әлеуметтік қорғау жүйесін қаржылық тұрақтылықпен қамтамасыз ету үшін, салық жинағы аппаратын күшейту қажет, институционалды және әкімшілік мүмкіндіктерді арттыруды жүзеге асыру және де жұмысқа мемлекеттік емес ұйымдарды тарту.
Әлеуметтік сфера салалары бюджеттік негізде, орталықтандырылып, қаржыландырылады.
Әлеуметтік саланы дамытуды реттеудің маңызды инструменті болып, бюджет табылады. Бюджеттік ресурстарды құру қажеттілігі, мемлекетпен ерекше функцияларды жүзеге асырыуынан ағып шығады. Бұл жерде әлеуметтік сала жұмысшыларын ұстауға, сондай-ақ әлеуметтік саланы және оның инфрақұрылымының объектілерін дамытуға қажетті қаржылық шығындар туралы айтылды.
Мемлекет, әлеуметтік-экономикалық процесстерді реттеуді жүзеге асыра отырып, қойылған мақсаттарға байланысты өзгеріп отыратын, әдістер мен инструменттер жүйесін, мемлекеттің материалдық мүмкіндіктерін қолданады.
2004 жылы сәуір айында Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі қабылданып, ол 2005 жылы 1 қаңтардан бастап әрекет етті, яғни қазір ол біздің мемлекеттің қаржылық қызметі облысындағы негізі нормативтік құқықтық актісі болып табылады.
2005 жылдың қаңтарынан бастап, бізде «2005-2007 жылдарға республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар бюджеттері, астана бюджеті арасында жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы енгізілді.[71]
2005 жылға дейін әкімшілік-территориялық бірліктер әкімдері шаруашылық және экономикалық салаларда өз бетінше шешімдер қабылдай алмады.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2005 жылы ауыл, поселок, ауыл округтері әкімдері аппараттарын құру басталды және оларға заңды тұлға мәртебесі берілді.
2006 жылдан бастап, аудандық маңызы бар қалаларда, сондай-ақ қалалық аудандарда әкімдер аппараты құрыла бастады. Адам саны 400 мыңнан асатын, ірі қалаларды басқару тиімділігін жоғарлату үшін аудандар құрылды (Қарағанды және Шымкент қалаларында).
Ауылдарда, поселкелерде, қалаларда, аудандарда басқару деңгейімен бірге шаруашылық саласында берілген функцияларға қосымша ретінде, бірқатар жаңа функциялар енгізілді (көркейту, жарықтандыру, ауылдық жерлерді көгалдандыру, сумен жабдықтау және т.б.).
Осымен бірге, яғни әкімдердің дербестігін кеңейту үшін, 2005 жылы өз шығындарын жоспарлауда және орындауда осы деңгейдегі шығындарды қаржыландыруды бюджеттік бағдарламалар бойынша жүзеге асыруға өтті, олардың әкімшісі болып, әкімшілік-аймақтық бірліктердің әкімдер аппараты табылды. Бұл шаралар, село, поселок, аудандық маңызы бар қалалар, қалалардағы аудандар әкімдерінің шаруашылық және экономикалық салаларындағы шешімдер қабылдауда өкілеттігін кеңейтуге мүмкіндік берді, мемлекеттік басқарудың төмен деңгейлі қаржылық дербестігін қамтамасыз етті.
