Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аймақтың әлеум саясаты дәрістер -1.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.12 Mб
Скачать
  1. Қиын тұрмыс жағдайындағы тұлғаларға әлеуметтік қызмет көрсету

Әлеуметтік қорғау, еңбекке қабілетті барлық азаматтарға теңдей құқық, заңдық, экономикалық, әлеуметтік және басқа да кепілдіктер жүйесін ұсыну, ал еңбекке қабілетсіз (әлеуметтік әлсіз) тұлғаларға - қоғамдық тұтыну қорларын пайдалануды, барлық формада тікелей материалдық және әлеуметтік психологиялық қолдау көрсету болып табылады.

Әлеуметтік қолдау – бұл қиын жағдайда азаматтардың жеке категорияларына уақытша немесе үнемі қолдау көрсету шаралары.

Азаматтарды әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қолдау, мемлекеттің шексіз құқығы болып табылады. Азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша қамқорлық жасаудың негізгі бөлігін, мемлекеттік өкілеттік ретінде жергілікті мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады. Халыққа жақын, яғни жергілікті мемлекеттік басқару органдары азаматтардың өмірлік жағдайын нақты біледі және олар осыған байланысты әлеуметтік қолдау функциясын тиімді орындайды. Мемлекеттік қаржыландырудың жетіспеушілігіне байланысты жергілікті бюджет, халықты әлеуметтік қолдау бойынша шығындардың маңызды үлесін артады.

Халықтың жеке топтарын әлеуметтік қолдаудың негізгі формалары болып:

  • ақшалай жәрдемақы;

  • заттай формадағы көмек (азық-түлік, киім-кешек);

  • субсидия (еңбекақы үшін мақсатты қаражаттар);

  • өтемақы (кейбір шығындардың орнын толтыру).

Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қолдау облысындағы муниципалдық саясат, әлеуметтік қолайсыз жағдайға түскен азаматтарды және халықтың жеке әлсіз топтарын қорғауға бағытталған, іс-шаралар кешенін ұйымдастыру бойынша жеке және мемлекетке берілген өкілеттіктерді жүзеге асыру болып табылады. Халықты әлеуметтік қолдау облысындағы жергілікті полицияны құру және жүзеге асыру, жеке азаматтарға, нақты топтарға және халықтың нақты қабаттарына адрестік көмек көрсету шеңберінде жүзеге асырылады. [70]

Муниципалдық деңгейдегі азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік қолдау көрсету үшін негізгі критериларына келесілер жатады:

  • материалдық қамтамасыз етілу деңгейі төмен. Егер адамның (жанұяның) жан табысының көлемі заңмен белгіленген нормативті мәннен төмен болса, онда ол адам (жанұя) әлеуметтік қолдауға мұқтаж. Жан табысының нормативтік мәні жанұяның бір мүшесіне есептегенде күн көріс минимумын сипаттайтын, тұтыну жиынтығының бағасымен анықталады;

  • өзін-өзі күтуге мүмкіндігі жоқ болуының салдарынан, еңбекке қабілетсіздік;

  • түрғын үйін және мүлікін жоғалту.

Әлеуметтік қолдауға мұқтаж, азаматтар категориясы:

а) еңбекке қабілетсіз:

1) зейнеткерлер;

2) мүгедектер;

3) мемлекет қамқорындағы азаматтар (мүгедектер, қарттар үйіндегі және т.б.);

4) балалар;

б) жағдайы төмендер;

в) экстремалды жағдайға түскендер :

1) жұмыссыздар;

2) төтенше жағдай кезінде зардап шеккендер (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және т.б.);

Жоғарыда көрсетілген категориялардың әр қайсысы үшін, мемлекетпен әлеуметтік қорғаудың арнайы бағдарламалары әзірленуде, ал жергілікті деңгейде - әлеуметтік қолдау бағдарламалары әзірленуде.

Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қолдау бағдарламалық көзқарасты қолдау негізінде тиімді. Бағдарламалардың екі түрін ажыратуға болады: объективті (халықтың белгілі бір әлеуметтік тобына арналған) және проблемалы (қандайда бір әлеуметтік мәселені шешуге арналған).

Халықты әлеуметтік қолдау саласында муниципалдық саясатты жүзеге асыру үшін әлеуметтік қызмет көрсететін әр түрлі мекемелер құрылады, ал жергілікті әкімшілік құрылымында - әлеуметтік қорғау органдары (бөлімдер, комитеттер, департаменттер). Бұл органдардың құрылымы басқару жүйесіндегі қаржылық мүмкіндіктерге, қажетті мамандардың болуына байланысты.

Қалалық әкімшілік жанындағы Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік бағдарламаларды, халықты жұмыспен қамтамасыз етуді жүзеге асыруға бағытталған.

Ақтау қаласының халқына әлеуметтік көмектің келесідей түрлері көрсетіледі:

1. Мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек (АСП) табысы төмен азаматтарға көрсетіледі және әр бір жанұя мүшесіне орташа жан табысы және кедейлік белгісі арасындағы айырмашылық түрінде төленеді. Кедейлік белгісі күнкөріс минимумының көлемінің 40% құрайды. АСП бірінші кезекте жұмыссыздар, бала бағып отрған тұлғалар, жұмыс істейтіндер, қамқоршылар, мүгедектер және басқалар мұқтаж.

2. Орташа жан табысы кедейлік белгісінен аспайтын, әр бір жанұяға әлеуметтік карта құрастырылады. әлеуметтік карталар, әр бір жанұяның әл-ауқат деңгейін, көп балалы жанұяларға төленетін жәрдем ақы және т.б. көлемінде болған айырмашылықты көрсетеді. Мәліметтер базасында электрондық карта әрекет етеді.

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 1 қаңтарындағы «Мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек туралы» Заңын және мониторингті тағайындау және адрестік әлеуметтік көмек төлемдерін жүзеге асыру, әл-ауқаты төмен азаматтардың жағдайын тұрақтандыруды куәландырады. Адрестік әлеуметтік көмекті ұсыну критериясы бұрынғысынша қалды. Әр бір әл-ауқаты төмен жанұяның нақты табыстары мұқият тексеріледі. [72]

2006 жылдың қаңтар айынан бастап, «Балалы жанұяларға ұсынылатын мемлекеттік жәрдем ақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы енгізілді, осы кезеңнен бастап, жәрдем ақының екі түрі әрекет етеді: табысы тұтынушы себетінен төмен жанұялар үшін 18 жасқа дейінгі балаларына төленетін ай сайынғы жәрдем ақы және зейнетақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталық арқылы табысына қарамастан төленетін, баланы бір жасқа дейін күту бойынша жәрдем ақы. (№1 қосымшаны қара)

2003 жылдың қаңтарынан бастап Республикада баланың туылуымен байланысты жанұя табысына қарамастан, республикалық бюджет қаражаттары есебінен 15-еселік айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір жолғы төлем жәрдемақысын төлеу енгізілді. 2008 жылдың қаңтарынан бастап, бір жолғы жәрдемақы 35- еселік айлық есептік көрсеткішті құрайды.[73]

Осыған байланысты, АСП-мен жағдайы төмен азаматтарға тұрғын үй бойынша көмек көрсету мәселесі қарастырылды.

Алдын ала бағалау бойынша компания, жағдайы төмен азаматтардың нақты шығындарын қадағалауға мүмкіндік туғызатын, есеп приборларын қондыру бойынша жоғары экономикалық тиімділік беруі керек еді. 2002-2004 жылдары шығарылған есеп приборларын қондыру нәтижесі үміттенгендей экономикалық тиімділік берді: тұрғын үй көмегін алушылар саны азайды, шығындар соммасы төмендеді, тұрғын үй көмегінің көлемі көпшілік жанұяларға анағұрлым төмендеді, шығындар соммасы да төмендеді.

Тұрғын үй көмегін алушылар үшін 2004 жылдың қазан айынын бастап «Телекомуникацияның қалалық желілеріне абонент болып табылатын, әлеуметтік қорғалған азаматтарға телефон үшін абоненттік төлемдерге тарифті жоғарлату өтемақы Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы негізінде телефонға абоненттік төлемдер бойынша өтемақы жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 29 бабына сәйкес, егер мүгедек балаларды жалпы және арнайы мектепке дейінгі ұйымдарда және оқу орындарында оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда, тәрбиелеу және оқыту үйде жүргізіледі және ата-ананың біреуіне мүгедек баласын жеке оқыту үшін, жәрдемақы төленеді.

2003 жылдан бастап, мүмкіншілігі шектелген балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі қызмет етеді. Бөлімнің негізгі міндеті болып, мүмкіндігі шектелген балаларды әлеуметтік тұрмыс жағдайына бейімдеу табылады. Жағдайы төмен жанұялардың мүмкіндігі шектелген бала тәрбиелеуі бойынша қайырымдылық, демеушілік көмектер көрсетіледі.

Әлеуметтік жұмысшылармен әлеуметтік сауықтыру бойынша мүмкіндігі шектелген балаларға үнемі жұмыстар жүргізіліп отырады, балаларға және олардың анасына психологиялық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ дәрігерді үйге шақыру бойынша, медициналық емдеу мекемелеріне шығарып салу бойынша көмек көрсетіледі, адрестік әлеуметтік көмек көрсету бойынша құжаттарды рәсімдеуге көмектеседі, шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Олардың ата-аналарына тоқсан сайын семинарлар өткізіледі, балаларға кіріп шығу кезінде консультация беріледі. Мүмкіндігі шектелген балаларды әлеуметтік бейімдеу бойынша жұмыстарды жетілдіру мақсатында, ата-аналарға психологиялық көмек көрсету кабинетін құру жоспарлануда. Жағдайы төмен және ұшқыр мұқтаж азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсетіледі. [50]

Қала әкімшілігінің «Ақтау қаласына келген оралмандарға (тарихи отанына қайтып оралған азаматтар) бір жолғы көмек төлеу Ережесін бекіту туралы» қаулысының негізінде 18 жасқа дейінгі 4 және оданда көп балалы оралмандар жанұясына 50 АЕК көлемінде бір жолғы төлем беріледі.

2006 жылдан бастап, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғары оқу орындарына оқу ақысын төлеу үшін Маңғыстау облысындағы жалпы білім беру мектептерін бітіруші түлектерге әлеуметтік көмек тағайындау туралы» облыс әкімінің қаулысының негізінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоғары оқу орындарына оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беру мектептерін бітіруші түлектеріге әлеуметтік көмек көрсету жүргізіле бастады.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оларды сауықтыру және қоғамға интеграциялау қызметі Маңғыстау облысында 2005 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде жүзеге асырылады. Осыған сәкес, негізгі күштер қызмет көрсетулердің сапасын жақсартуға және арнайы әлеуметтік қызметтердің қол жетімділігіне, материалдық-техникалық базаны күшейтуге және медико-әлеуметтік мекемелер жүйесін кеңейтуге, мүгедектердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. [74]

Мүгедектік, асыраушысынан айырылу сияқты негізгі әлеуметтік тәуекелдіктің туындау жағдайын жеңілдету - әлеуметтік қызметтерді дамытудан ажыратылмастай. Қазіргі кезде ол профилактикадан және денсаулық сақтаудан; арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынудан; өндірісте зардап шеккен мүгедектерді сауықтырудан; мүгедектерге және қарттарға арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынудан; мүгедек балаларды күту бойынша қызметтерден және тағы басқаларынан тұрады.

Маңғыстау облысында тіршілік ету жағдайы қиын тұлғаларға (жанұяларға) арнайы әлеуметтік қызметтер ұсыну саласында, облыстық психоневрологиялық интернат – балалар үй ашылған. 100 орындық психоневрологиялық интернат үйінің құрылысы аяқталды. Ескі ғимаратта ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілуде.

Әлеуметтік қызмет көрсету облыстың мемлекеттік медико-әлеуметтік мекемелерімен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007-2008 жылдардағы халыққа Жолдауына сәйкес, кедейліктен өз бетінше шығуға мүмкіндігі жоқ, халықтың мұқтаж категорияларына адрестік көмек көрсетуге басты назар аударылды. Осы мақсатпен мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек (АСП) жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың шешімі бойынша жағдайы төмен азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік төлемдердің 18 түрі көрсетілді, тұрғын үйлік көмек, балаларға жәрдемақы берілді.

2003 жылдан 2007 жылға дейін кедей азаматтардың саны 14356 дан 4985 дейін қысқартылды. Адрестік әлеуметтік көмекке жұмсалған бюджет шығындары 2007 жылы 136,3 млн.теңгені құрады. 2003 жылы адрестік әлеуметтік көмекке жұмсалған шығындар соммасы 317,2 млн.теңгені құрады.

2008 жылы кедейлік шегінен төмен тұратын тұлғалар саны 5013 адамды құрады (2007 жылы - 4985 адам). 2008 жыл бойында адрестік әлеуметтік көмек 8459 адамға 189,7 млн.теңге төленді.

2008 жылы 18 жасқа дейінгі балалары бар жанұяларға, яғни 6067 балаға 45,7 млн.теңге соммада жәрдемақы төленді.

Адрестік әлеуметтік көмек көрсетумен байланысты жағдайы төмен жанұялардың тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтері үшін тұрғын үйлік көмек көрсету қарастырылды. 2003 жылы 2537 жанұяға 37,2 млн.теңге шығын жұмсалды. 2007 жылы тұрғын үйлік көмек 1253 жанұяға 13,8 млн.теңге соммасында төленді. 2008 жылы жағдайы төмен 1359 жанұяға 11,6 млн.теңге тұрғын үйлік көмек көрсетілді.

2007 жылы әлеуметтік - әлсіз 28755 азаматтарға 244,6 млн.теңгеге қосымша әлеуметтік қолдау көрсетілді.

2008 жылы жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша мереке күндері төлеу үшін, бір жолғы әлеуметтік төлемдер пакеті белгіленді, сондай-ақ азаматтардың жеке категорияларына 71,8 мың адамға жалпы соммасы 595,9 млн.теңге соммасына көмек көрсетілді. Оның ішінде 3,4 мың әлеуметтік-материалдық жағдайы ауыр азаматтарға 49,5 мың теңге соммасында бір жолғы материалдық көмек көрсетілді.

2008 жылы 6017 адамды қамтитын 14 әлеуметтік дүкен ашылды. 8016 жағдайы төмен азаматтардың медикаменттерді 10 % жеңілдікпен сатып алу мүмкіндігі туып, 13 әлеуметтік дәріхана ашылды. 26 әлеуметтік сауда орындары халықты нарықтық бағадан 10 % төмен етіп, азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етті. 2009 жылы әлеуметтік дүкендердің, әлеуметтік дәріханалардың, әлеуметтік сауда орындарының саны арта түсті. [46]

Бірақ, әлеуметтік қолдау жүйесінде болған позитивті өзгерістерге байланысты, шешілмеген мәселелерде болды: ауылдық жерлердегі жұмыспен қамтылмаған халықтарды кедейліктен алып шығу бойынша іс-шаралардың жеткіліксіздігі, оралмандар жанұясының әлсіз әлеуметтік қорғалуы.