- •Тақырып 1. Әлеуметтік саясаттың ғылыми-әдістемелік негіздері
- •2. Әлеуметтік саясаттың негізгі принциптері.
- •3. Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттары.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. «Әлеуметтік саясат және қоғамдық даму» тақырыбына реферат.
- •Тақырып 2. Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •1. Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •Әртүрлі экономикалық жүйелердегі әлеуметтік саясаттың негізгі ережелері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын: «Әлеуметтік саясатты қалай реформалауға болады?»
- •2. Мемлекеттің әлеуметтік функциялары.
- •3. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының құқықтық негіздері.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. «Кезеңдік басылымдардағы әлеуметтік мәселелерге қатысты мақалаларды талқылау» іскерлік ойыны
- •Тақырып 4. Әлеуметтік қорғау
- •2. Әлеуметтік қорғау механизмі мен тиімділігі
- •3. Әлеуметтік қорғау субъектілері мен объектілері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Студенттерге шағын сауал: «Сіз мемлекеттің әлеуметтік қолдауына мұқтажсыз ба?».
- •2. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарындағы әлеуметтік қорғау органдарына бару
- •Тақырып 5. Аймақтық әлеуметтік саясаттың ерекшеліктері
- •2. Аймақтық әлеуметтік саясат
- •3. Аймақтың әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі
- •Сурет 2. Әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Эссе «Әлеуметтік саясат үлгілері және хх-ші жүз жылдықта олардың жүзеге асуы».
- •Тақырып 6. Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру
- •Медициналық сақтандыру
- •Зейнетақылық сақтандыру. Зейнетақы қорлары.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Тақырып 7. Еңбек және халықты жұмыспен қамту саласындағы саясат
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары түсініктері
- •Маңғыстау облысы тұрғындарын жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік саясат.
- •Маңғыстау облысының негізгі көрсеткіштері
- •Жалпы аймақтық өнім
- •Өнеркәсіптік өндіріс
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Халықты жұмыспен қамту мемлекеттік қызмет органына бару.
- •2. Эссе «Жұмыспен қамту туралы заңға қандай өзгерістер енгізуге болады?».
- •3. Іскерлік ойын «Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары сферасындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •Тақырып 8. Әлеуметтік саладағы тұрғын үй саясаты
- •Тұрғын үй саясаты және оның бағыттары
- •2. Маңғыстау облысында тұрғын үй саясатын дамытудың негізгі бағыттары
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Эссе «Менің әлеуметтік сараптамам».
- •2. Іскерлік ойын «Тұрғын үй сферасындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •Тақырып 9. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясат
- •Денсаулық сақтау әлеуметтік саясаттың бағыты ретінде
- •Маңғыстау облысындағы денсаулық сақтау саласының негізгі даму бағыттары
- •Денсаулық сақтау объектілері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •2. Іскерлік ойын «Денсаулық сақтауды Басқару есебінің негізгі көрсеткіштерін талдау»
- •Тақырып 10. Білім беру саласындағы саясат
- •Білім беру әлеуметтік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде
- •Маңғыстау облысындағы білім беру саласының дамуы
- •Білім беру объектілері
- •1. Іскерлік ойын «Білім беру саласындағы саясат».
- •Тақырып 11. Жастарға қатысты әлеуметтік саясат
- •Әлеуметтік жастар саясатының негізгі бағыттары
- •2. Маңғыстау облысында аймақтық әлеуметтік жастар бағдарламасын дамыту
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Муниципалды жастар саясаты».
- •Тақырып 12. Әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласындағы саясат
- •Әлеуметтік қызметтер ұсыну жүйесі
- •Қиын тұрмыс жағдайындағы тұлғаларға әлеуметтік қызмет көрсету
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Тақырып 13. Әлеуметтік саясатты қаржыландыру
- •Әлеуметтік саланы қаржылық қамсыздандыру
- •Әлеуметтік саясат бюджеті және оның қалыптасу көздері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Әлеуметтік бюджетті құру».
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Глоссарий
- •Маңғыстау облысындағы білім беру саласының стратегиялық бағыттары, мақсаты және міндеттері [59, 60, 62, 66]
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
1. Іскерлік ойын «Муниципалды жастар саясаты».
Студенттер муниципалды білім берудегі нақты жағдайды сипаттайтын түсініктер алады. Одан әрі студенттер топтарға бөлініп, әрқайсысы келесі схема бойынша жұмыс жасайды:
1. Муниципалды білім берудің стратегиялық әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселе қойылады.
2. Мәселені анықтаушы факторлар белгіленеді.
3. Мәселені шешуге қызығушылық білдіретін басты тараптар анықталады.
4. Мәселені шешудің негізгі бағыттары анықталады.
Бақылау сұрақтары
Жастар саясатын қалыптастырудың тарихи ғылымдары.
Білім беру, жұмыспен қамту және кәсіпкерлік, тұрғын үй мәселесін шешу, жас таланттарды қолдау және т.б. саласындағы әлеуметтік жастар саясатының негізгі бағыттары.
Мақсатты аймақтық әлеуметтік жастар бағдарламаларын дамыту.
Жастар қозғалысы мен инициативалары.
Тақырып 12. Әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласындағы саясат
1. Әлеуметтік қызметтер ұсыну жүйесі
2. Қиын тұрмыс жағдайындағы тұлғаларға әлеуметтік қызмет көрсету
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
Бақылау сұрақтары
Әлеуметтік қызметтер ұсыну жүйесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласында келесідей принциптерге негізделеді:
1) адам құқығын сақтау;
2) ұсынылатын әлеуметтік қызметтердің адамгершілігі, еріктілігі, құпиялылығы және қол жетімділігі;
3) әлеуметтік теңдік және әлеуметтік әділеттілік;
4) әлеуметтік қызметтерді ұсынатын жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік органдардың өзара әрекеті;
5) әлеуметтік интеграция және халық өмірі сапасының жақсаруы.
Әлеуметтік қызметтер ұсыну саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері болып:
1) қиын өмірлік жағдай туындағанда жағдай жасау;
2) арнайы тегін әлеуметтік қызметтермен қатамасыз ету;
3) арнайы тегін әлеуметтік қызметтердің ақылы көлемін ұсынуды ұйымдастыру;
4) мониторинг жүйесін және ұсынылатын әлеуметтік қызметтер сапасын бағалау;
5) әлеуметтік қызметтер жүйесін дамытуды қамтамасыз ету;
6) әлеуметтік қызметтер туралы Қазақстан Республикасы заңдылығының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
7) әлеуметтік қызметтер ұсыну саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Қиын өмірлік жағдайда тұрған тұлғаға (жанұяға) ұсынылатын әлеуметтік қызметтер, келесідей болып бөлінеді:
жалпы әлеуметтік қызметтер;
арнайы әлеуметтік қызметтер.
Жалпы әлеуметтік қызметтер қиын өмірлік жағдайда тұрған тұлғаға (жанұяға) ақпараттық, консультативті және делдалдық қызметтер түрінде ұсынылады. Жалпы және арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын және мемлекеттік секторда жұмыс істейтін субъектілер, жалпы әлеуметтік қызметтерді тегін ұсынады. Арнайы әлеуметтік қызметтер қиын өмірлік жағдайды өз бетінше жеңіп шығуға мүмкіндігі жоқ және мамандардың немесе арнайы мамандандырылған мекемелердің қызметтеріне мұқтаж тұлғаға (жанұяға) ұсынылады. Жалпы және арнайы әлеуметтік қызметтер халықты әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау облысындағы өкілетті органдармен бекітіледі. Тегін арнайы әлеуметтік қызметтер көлемі және кепілдік берілген тізімі халықты әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау облысындағы өкілетті органдармен әзірленеді және Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітіледі.
Тұлға (жанұя) төмендегідей жағдайларда қиын өмірлік жағдайда деп танылады:
1) жастай жетімдік;
2) ата-ана қамқорлығының болмауы;
3) кәмілет жасқа толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девианттық мінез-құлқы;
4) балалардың үш жасында психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі;
5) физикалық және ойлау қабілеті мүмкіндіктерімен байланысты организм қызметінің бұзылуы;
6) қоршаған ортаға қауіп төндіретін, әлеуметтік маңызды аурулардың салдарынан тіршілік әрекетін шектелген;
7) ауыруы немесе мүгедектігі салдарынан қартаюына байланысты, өзін-өзі күтуіне қабілетсіз;
8) қатал ұстау;
9) белгілі бір тұрағының болмауы (үй жоқ);
10) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар. [70]
