Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аймақтың әлеум саясаты дәрістер -1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.12 Mб
Скачать

3. Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттары.

Дамыған елдерде әлеуметтік саясатты жүргізу тәжірибесі оны жүзеге асырудың бірнеше бағыттарын анықтады: жұмыспен қамтуды реттеу, табыстарды қалыптастырудағы мемлекет саясаты, азаматтарды әлеуметтік қорғау, тұрғын үй саясаты.

Табыстарды қалыптастырудағы мемлекет саясаты.

Табыстар әртүрлі бұқара топтары арасында әркелкі бөлінеді, яғни табыстар дифференциациясы, атап айтсақ жан басына шаққандағы табыс деңгейінің айырмашылығы орын алады. Сондықтан мемлекет табыстарды қалыптастыру саясатын жүргізеді. Табыстар теңсіздігі барлық экономикалық жүйелерге тән. Табыстар теңсіздігін сандық бағалау үшін әртүрлі көрсеткіштер қолданылады. Табыстардың теңсіздік дәрежесін Лоренц қисығы бейнелейді. Лоренц қисығын құрғанда абсцисс өсіне сәйкес табыс пайызы бойынша отбасылар үлесі (олардың жалпы санына қатысты пайызбен), ал ордината өсіне – қарастырылатын отбасылар табысының үлесі (жиынтық табыстан пайызбен) көрсетіледі. Табыстың абсолютті тең бөліну мүмкіндігі биссектрисамен бейнеленген. Биссектриса отбасылардың берілген кез-келген пайызының сәйкесінше табыс пайызын алатындығын көрсетеді. Атап айтсақ, отбасылардың 20, 40, 60%-ы сәйкесінше барлық табыстың 20,40,60%-ын алатын болса, онда сәйкес нүктелер биссектрисада орналасатын болады. Лоренц қисығы табыстың нақты бөлінуін бейнелейді. Абсолютті теңдік сызығы мен Лоренц қисығы арасындағы штрихталған бөлік табыстардың теңсіздік дәрежесін көрсетеді: бөл бөлік неғұрлым үлкен болса, табыстардың теңсіздік дәрежесі де соғұрлым жоғары болады. Егер табыстардың нақты бөлінуі тепе-тең болса, онда Лоренц қисығы мен биссектриса сәйкес келер еді. Лоренц қисығы әртүрлі уақыт кезеңіндегі немесе әртүрлі бұқара топтары арасындағы табыстардың бөлістірілуін салыстыру үшін қолданылады.

Табыстар теңсіздігінің жиі қолданылатын көрсеткіштерінің бірі децильдік коэффициент болып табылады. Ол табысы жоғары және орташа азаматтардың 10%-ының орташа табыстары мен аз қамтылғандардың 10%-ының орташа табыстары арасындағы арақатынасты бейнелейді.

Жиынтық табыстың бұқара топтары арасында бөлінуін сипаттау үшін халық табыстарының концентрациясы индексі (Джини коэффициенті) қолданылады. Бұл коэффициент неғұрлым жоғары болса, теңсіздік соғұрлым күштірек болады, яғни қоғамның табыс деңгейі бойынша жіктелу дәрежесі неғұрлым жоғары болса Джини коэффициенті соғұрлым 1-ге жақынырақ болады. Қоғамдағы табыстарды теңестіргенде бұл көрсеткіш нөлге ұмтылады.

Табыстар саясаты – жеке ақшалай табыстарға және тауарлар мен қызметтердің бағасына, осылайша жеке нақты табысқа әсер етуге негізделген үкіметтік саясат. Халық табысының деңгейі мен мен динамикасын бағалау үшін номиналды, қолда бар , располагаемого және нақты табыс көреткіштері қолданылады.

Номиналды табыстар салық салу мен баға өзгерісіне тәуелсіз ақшалай табыстардың деңгейін сипаттайды. Қолда бар табыстар — бұл салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді шегеріп тастағандағы номиналды табыстар, яғни халықтың тұтыну мен қор жинауға қолданатын қаражаттары. Қолда бар табыстардың динамикасын өлшеу үшін баға индексі көмегімен есептелетін «нақты қолда бар табыстар» көрсеткіші қолданылады. Нақты табыстар бөлшек бағалардың (тарифтердің) есепке алғандағы номиналды табыстарды сипаттайды. Нақты қолда бар ақшалай табыстар тұтыну бағаларының индексіне қарай түзетілген міндетті төлемдер мен салымдарды алып тастағандағы ағымдағы кезеңнің ақшалай табыстары негінде анықталады. [6]

Табыстардың мемлекеттік саясаты таыстар мен әлеуметтік төлемдерді алушы әртүрлі бұқара топртарына дифференциалданған салық салу жолымен табыстарды мемлекеттік бюджет арқылы қайта бөлістіруді білдіреді. Бұл жерде ұлттық табыстың айтарлықтай бөлігі табысы жоғары бұқара топтарынан табысы төмен бұқара топтарына өтеді.

Трансферттік төлемдер – үкіметтің немесе фирманың үй шаруашылығына немесе фирмаға ақша төлеуі (немесе тауарлар мен қызметтерді беру) және ол үшін төлем төлеушінің тікелей тауарлар немесе қызметтер алмауы.

Әлеуметтік трансферттер — бұл халықтың осы уақытта немесе өткен кезеңде шаруашылық қызметке қатысуымен байланысты емес тұрғындарға ақшалай немесе натуралды төлем жүйесі. Әлеуметтік трансферттердің мақсаты қоғамдағы гуманизациясы, қылмыстың артуының алдын алу, сонымен қатар ішкі сұранысты бірқалыпты ұстау болып табылады.

Әлеуметтік трансферттер механизмі орташа және жоғары табысты бұқара топтарының табыстарының бір бөлігін салықтар түрінде алып, мұқтаж жандар мен мүгедектерге жәрдемақылар төлеуді, сонымен қатар жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеуді қамтиды. Мемлекет табыстарды рынокпен белгіленетін бағаларды өзгертеу жолымен де қайта бөлістіреді, мысалы, фермерлерге бағаға кепілдік беру және жалақының ең төменгі ставкаларын енгізу. [6]

Табыстарды қайта бөлістіру тікелей және жанама әдістермен жүзеге асырылады. Қайта бөлістірудің тікелей каналдары бюджетпен байланысты: салықтар түрінде жинақталған қаражаттар (бұл жерде прогрессивті табыс салығы басты рөл атқарады) әлеуметтік бағдарламаларға, жәрдемақылар мен төлемдерге жұмсалады. Жанама әдістерге қайырымдылық қорлары, аз қамтылған отбасыларына салық жеңілдіктерін беру, мемлекеттік білім беру мен денсаулық сақтаудың ақысыз қызметтерін ұсыну, монопольды рыноктардағы бағаны мемлекеттік бақылау және басқа да тәсілдер жатады.

Халықтың табыс көзі еңбек ақы, меншіктен түскен табыстар (дивидендтер, пайыздар, рента), әлеуметтік төлемдер (зейнетақы, жәрдемақылар) болғандықтан ақшалай табыстарды инфляциядан қорғау мәселесі ерекше мәнге ие. Осы мақсатта индексация қолданылады. [13]

Индексация – бұл мемлекетпен белгіленген халықтың ақшалай табыстарын арттыру механизмі және ол тұрғындар үшін тұтыну тауарлары мен қызметтері бағаларының қымбаттауының ішінара немесе толықтай орнын толтыруға мүмкіндік береді. Табыстар индексациясы әсіресе аз қамтылған бқұқара топтарының, атап айтсақ, зейнеткерлердің, мүгедектердің, толық емес және көп балалы отбасылардың, сонымен қатар жастардың сатып алу қабілетін бір қалыпты ұстауға бағытталған.

Табыстар индексациясының айтарлықтай кемшіліктері де бар. Ол адамдардың еңбекке деген ұмтысытарына кері әсерін тигізуі мүмкін, сонымен қатар инфляцияға қарсы шаралардың жүргізілуіне ықпал етпейді. [6]

Жұмыспен қамту саясаты.

Әлеуметтік саясаттың тағы бір маңызды бағыты жұмыспен қамту саясаты болып табылады, яғни жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі халықтың басым бөлігінің сәйкес табыстарын қамтамасыз етеді. Жұмыспен қамту деңгейі дегенде нақты уақытта жұмысы бар жұмыс күші санының пайызын түсінеді. Мемлекет өз саясатында толық жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге ұмтылады. Бұл жерде тек фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық түрлері ғана орын алатын жұмыспен қамту деңгейін түсінеміз.

Фрикционды жұмыссыздық – жұмысшылардың өз еркімен жұмыс орнын ауыстыруымен және уақытша жұмыстан босатылу кезеңдерімен байланысты жұмыссыздық; жұмысшылардың бір жұмыстан екіншісіне ауысу кезеңінде орын алатын уақытша жұмыссыздық.

Құрылымдық жұмыссыздық – жұмыс күшінің біліктілік құрылымының өндіріс талаптарына сәйкес келмеуі нәтижесінде орын алатын жұмыссыздық. Құрылымдық және фрикциондық жұмыссыздық жұмыссыздықтың табиғи мөлшерін құрайды. Жұмыссыздық – мемлекет шешуі тиіс нарықтық экономиканың негізгі мәселелерінің бірі.

Батыстың елдерінде соңғы 30 жылда мемлекет еңбекшілердің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданатын әлеуметтік амортизаторлар жүйесі қалыптасқан. Оған жалдамалы жұмысшыларды жұмыссыздықтан қорғау және олардың еңбекке деген құқығын қорғау жөніндегі арнайы шаралар жатады. Жұмыспен қамтуды реттеу мақсатында мемлекет келесі әрекеттерді жүзеге асырады: жаппай жұмыссыздық кезеңдерінде жұмыс аптасының ұзақтығын қысқартады, кәсіпорындарда қызметкерлер арасында «жұмыс орынларын бөлістіруді» ұсынады, зейнеткерлік жасына келіп қалған мемлекеттік қызметкерлерді мерзімінен бұрын жұмыстан босатады; жаңа жұмыс орындарын құрып, инфрақұрылым саласында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады, әсіресе мүлдем жұмыссыздар мен жастар үшін; иммиграцияны шектейді.

Төмендегілер аса маңызды мәнге ие болып отыр:

  • еңбек биржаларын құру;

  • жұмыс күшін дайындау және қайта дайындауға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыру.

Экономикалық қауіпсіздік жүйесінің келесі элементі жұмыссыздық бойынша сақтандыру қорлары болып табылады. Олар жұмысшылардың өздерінің еңбек ақыларынан шегерімдер есебінен, сонымен қатар кәсіпкерлердің еңбек ақы қорынан аударымдары есебінен құрылады. Бірақ, мынандай мәселелер туындайды: жаңа жұмыс орнын іздеуге деген ынталандыруды жоғалтып алмас үшін және адамдарды экономикалық мұқтаждықтан қорғау үшін жәрдемақы төлеуді қандай деңгейде белгілеу керек; адамның жұмыс тауып немесе кәсібін өзгертіп үлгеруі үшін жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны қандай мерзімге белгілеу қажет. Әрине, мемлекет өз қалауынсыз жұмыс орындарынан айырылып қалғандарға баса назар аудару қажет.

Еңбек рыногын реттеудің тікелей шаралармен қатар жанама шаралары да бар: үкіметтің салық, ақша-несие және амортизациялық саясаты, әлеуметтік қамсыздандыру және еңбек қатынастары саласындағы заңдылықтар және т.б. [13]

Азаматтарды әлеуметтік қорғау.

Әлеуметтік қорғау – аз қамтылған бұқара топтары мен қоғамдық өндіріске енгізілмегендерді қолдау, сонымен қатар еңбек уақыты мен оның төлемін мемлекеттік реттеу арқылы жалдамалы жұмыс жасайтын тұлғаларды қорғау. Әлеуметтік қорғаудың бұл жағы елдің экономикалық даму деңгейімен, саяси күштердің арақатынасымен және өзін-өзі тану деңгейімен анықталады.

Әлеуметтік қорғау жүйесі леуметтік сақтандырудың міндетті түрлері мен ерікті түрлерін; әлеуметтік көмектің мемлекеттік жүйесін және кәсіпорындардың әлеуметтік көмек бағдарламаларын қамтиды.

Әлеуметтік қорғау принциптері: қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі, еңбек қатынастарындағы әлеуметтік әділеттілік, жұмысшыларды әлеуметтік және кәсіби қауіп-қателерден қорғаудың жалпыға ортақ және міндетті сипаты, осы қауіп-қатерлерді мейлінше төмендету, мемлекеттік әлеуметтік қорғау кепілдемелері, жұмысшылардың еңбек саласындағы экономикалық және әлеуметтік еркіндігі және олардың жеке жауапкершілігі, әлеуметтік қорғау әдістерінің көп деңгейлілігі, әлеуметтік қорғау шараларының әртүрлі бағытта болуы.

Әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі әлеуметтік бағдарламалар механизмі арқылы жүзеге асырылады. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламасының маңызды бөлігі және жұмысшыларды әлеуметтік қорғаудың негізгі механизмі әлеуметтік сақтандыру болып табылады. Ол қандай да бір уақыт аралығында тұрақты жұмысқа ие болған және денсаулығына, жұмыссыздыққа, зейнеткерлік жасқа байланысты оны жоғалтып алған тұлғаларға қатысты жүзеге асырылады. Әлеуметтік сақтандырудың міндетті формаларын ажыратады: жалпы әлеуметтік сақтандыру, кәсіби әлеуметтік сақтандыру, аумақтық әлеуметтік сақтандыру, сонымен қатар әлеуметтік сақтандырудың міндетті түрлері: зейнетақыны сақтандыру, өндірістегі бақытсыз жағдайлардан, жұмыссыздық жағдайынан, денсаулық жағдайына байланысты сақтандыру, медициналық сақтандыру.

Өндірісте орын алуы мүмкін бақытсыз жағдайлар мен кәсіби аурулар бақытсыз жағдайлардан сақтандыру жүйесімен қамтылады. Жұмысшыларды әлеуметтік қорғау, мемлекеттік әлеуметтік саясатының маңызды бағыты ретінде аса маңызды болып саналады, өйткені барлық елдерде халықтық басым бөлігін табыс көзі еңбек ақы болып табыладын жұмысшылар құрайды.

Тұрғын үй саясаты.

Қажетті тұрғын үй жағдайларын қамтамасыз ету саясаты заманауи батыс елдерінде әлеуметтік саясаттың маңызды құралы ретінде қарастырылады. Жеңіл әрі жылдам шешілетін тұрғын үй мәселелері жұмыс күшінің аумақтық қозғалмалылығын күшейтеді,ал бұл өз кезегінде өндіріс тиімділігін арттырады.

Әлеуметтік саясаттың бұл бағыты дәстүрлі нұсқада баспананы жалға алып отырған жұмысшыларға көмек көрсету үшін бюджеттен қаражат бөлу жолымен жүзеге асырылады. Дегенмен оның альтернативті нұсқалары да бар: мемлекет өз бетімен жасалатын тұрғын үй құрылысын да өтей алады. Бұл жерде әртүрлі мүмкіндіктер қолданылады. Мысалы, аумақтық билік органдарының өздері салыстырмалы арзан тұрғын үйлерді салып, оларды табысы төмен отбасыларға жалға береді. Бұл салаға қатысты әлеуметтік қолдаудың тағы бір жолы жеке құрылыс кооперативтерімен салынған тұрғын үйлерді пайдалануды білдіреді.

Бұл жағдайдағы мемлекеттің рөлі құрылыс ұйымдарына жер орындарын ақысыз беруді, оларды жеңілдікпен несиелеуді жүзеге асыруды немесе салық жеңілдіктерін беруді қамтиды. Аталған нұсқаға қатысты мемлекет жалға берілетін баспана үшін оның иелерінің шекті табыс сомасын белгілей отырып, тұрғын үй төлемінің мөлшерін бақылап отырады.