Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аймақтың әлеум саясаты дәрістер -1.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.12 Mб
Скачать

2. Маңғыстау облысында аймақтық әлеуметтік жастар бағдарламасын дамыту

Маңғыстау облысында 14 жастан 29 жасқа дейін шамамен жүз жиырма мыңдай адам тұрады. Маңғыстау облысында жастарды қолдау 2009-2010 жылдарға жасалған Маңғыстау облыстық жастар саясаты бағдарламасына және «Нұр Отан» МОФ НДП республикалық желілік кестеге сәйкес, жүзеге асырылады.

Жастарды дамытуда өзекті мәселелердің бірі, жастар ортасында әлеуметтік-экономикалық шиеленісудің катализаторы болып табылатын, жұмыс бастылық және жұмыспен қамту мәселесі болып табылады. Қалалық жұмыспен қамту бөлімінің мәліметтері бойынша, қазіргі кезде қалада 29 жасқа дейінгі 205 адам жұмыссыз, яғни ол барлық жұмысшылар санының 34% құрайды.

Жастарды жұмыспен қамту мәселесін шешу мақсатында, жастардың экономикалық дамуы үшін және оларды жұмыспен қамту бойынша жағдай жасауда мақсаттық бағытталған жұмыстар жүргізілуде:

  • еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіби курстарды

және кәсіпкерлік бастауларды дамытуды ұйымдастыру (ОО «Жас кәсіпкерлер» және т.б.);

  • қалалық жұмыспен қамту бөлімімен бос ваканттық орындарға жәрмеңке

өткізу, жұмыс іздеу техникасы бойынша семинар сабақтары өткізілетін, жұмыс іздеу Клубын ашу, жастарды оқыту және әрі қарай жұмысқа орналастыру мақсатымен жеке – мемлекеттік әлеуметтік серіктестік принциптері негізінде ірі компаниялардың («Keppel Kazahstan», «Ersai Caspian Contractor», «Аджип ККО») қызметі және т.б.

Жастардың маңызды мәселелерінің бірі болып, тұрғын үй мәселесі табылады. Қазіргі кезде ипотекалық несиелендіруді алу үшін 856 бабалы жас жанұя есепте тұр, олар ипотекалық несиелендіру кезегінде тұрғандардың 27,8 % құрайды.

Республикадағы жастар арасындағы әлеуметтік мәселесін анықтау мақсатында «Беркут-мониторинг» компаниясымен «Мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайлар мониторингі» тақырыбында әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Сұрастыру кезінде республиканың барлық облыстары және Алматы, Астана қалалары қатысты. Кәмілет жасқа толған үш мыңнан астам респонденттер сұралды. Мониторингтің негізгі мақсаты ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлар туралы қоғамның пікірін анықтау болып табылады.

Маңғыстау облысындағы тұрғындарды әлеуметтік сұрастыру нәтижесін талдау, яғни облыстағы халықтың әлеуметтік жағдайын жалпы ойдағыдай деп сипаттауға болады. Бірақ, жастар саясаты саласында сұралғандардың 63,2% жастардың бос уақытын өткізу үшін жағдай жасалмағанына наразылық білдірді, осының салдарынан сәйкесінше қылмыстық топтар және нашақорлар пайда болатынын респонденттердің 16,1% және 9,2% көрсетті.

Сонымен қатар, жастардың тағы бір өзекті мәселелері болып, сұралған жастардың 48,3% ақылы жоғары оқу орындары және 28,7% тұрғын үй мәселесін атап көрсетті. [36]

«Нұр Отан» партиясы, негізгі мақсаты партия құрылымдарында жас кадрларды жылжыту және тәрбиелеу, дамыту, анықтау болып табылатын, «Жастардың кадрлық резерві» бағдарламасын жүзеге асырады. Берілген бағдарлама 2008-2010 жылдарға арналған және ол кешендік іс шаралар жоспарын жүргізуді ұсынады. Бұл бағдарламаны іске асыру Қазақстанды әлемдік қоғамдастықта алдыңғы қатарға шығаруға үлес қосатын партиялық жас кадрларды, жас саясаткерлерді және мемлекеттік аппарат жұмысшыларын анықтауға, тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Бағдарлама Қазақстанның барлық перспективті жастарын қамтиды. Осылайша, бағдарламаны жүзеге асырудың барлық кезеңінде үш мың жас мамандарды жұмылдыру жоспарлануда. [67]

2008 жылдың мамырында Астанада «Жас Отан» жас қанатының бірінші съезді өтті, онда ҚР Президенті, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттегі жастардың мәселелері мен міндеттерін нақты, ашық атап айтты және оларды шешу жолдарын белгіледі.

Мемлекет басшысы Үкіметке жастар саясатын құру бойынша ұсыныстар пакетін дайындауды, ал ҚР Президентінің әкімшілігіне – жастар саясаты бойынша арнайы кеңес құруды ұйғарды. Ол «Нұр Отан» партиясының арнайы жас қанат бағдарламасын қабылдау туралы және оны «Отан Жастары» деп атауы туралы және ауылдарда жастарды қолдауға бағытталған «Ауыл Жастары» деп аталатын жалпы ұлттық жобаны әзірлеу және жүзеге асыру бойынша, партиялық және мемлекеттік қызметтерге жас кадрлар резервтерін дайындау туралы өзінің инициативасын білдірді. [68]