Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аймақтың әлеум саясаты дәрістер -1.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.12 Mб
Скачать

1. Іскерлік ойын «Білім беру саласындағы саясат».

Білім беру саласындағы саясатты келесі схема бойынша қарастыру ұсынылады:

  • мақсаттары мен міндеттері;

  • саясат субъектілері (мемлекеттік және мемлекеттік емес);

  • құқықтық негіздемелер (заңдар, қаулылар);

  • басты даму бағыттары.

Бақылау сұрақтары

  1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары

  2. Муниципалды білім беру мекемелері

  3. Білім беруді қаржыландыру жүйесі

  4. Жергілікті биліктің жоғарғы мектеп және ғылым мекемелерімен өзара әрекеті.

Тақырып 11. Жастарға қатысты әлеуметтік саясат

1. Әлеуметтік жастар саясатының негізгі бағыттары

2. Маңғыстау облысында аймақтық әлеуметтік жастар бағдарламасын дамыту

Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

Бақылау сұрақтары

  1. Әлеуметтік жастар саясатының негізгі бағыттары

Қазақстан Республикасында жастар саясаты «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР 2004 жылдың 7 шілдесіндегі № N 581- II Заңына сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттік жастар саясаты – бұл мемлекетпен жүзеге асырылатын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұйымдастырылған және құқықтық шаралар жүйесі. [52]

Қазақстанда жастар саясатын құру тарихы 1991 жылы, яғни ҚазССР «Жастар және мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын қабылдаудан және жастар саясатының Концепциясынан басталды.

2004 жылы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заң қабылданды. Концепция жастарға қатысты мемлекеттің стратегиялық линиясын анықтады, ал заңдар мемлекеттік саясаттың берілген бағыттағы заңдық негізін бейнеледі. [52]

2008 жылдың 1 шілдесінде «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы жастар саясаты бойынша Кеңес құру туралы» ҚР Президентінің Жарлығы шықты. Берілген жарлықты қабылдау мақсаты – мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жүйесін жетілдіру болып табылады. Бұл Кеңес ҚР Президенті жанындағы консультативті –кеңес органы болып табылады.

«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңға сәйкес, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, рухани, мәдени, білім беру, кәсіби қалыптасуына ұйымдастырылған жағдай жасау және кепілдік беру және жастарды физикалық жағынан дамыту, оның шығармашылық потенциалын ашу мақсатында жүзеге асырылады.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда қазіргі деңгейдегі мамандарды және басқарушыларды дайындауға бағытталған «Болашақ» президенттік бағдарламасы алады.

Мемлекеттік деңгейде Қазақстан Республикасының Үкіметі жастар саясатын жүргізеді, қатысты бағдарламаларды бекітеді, олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ете отырып, өкілетті органдардың өкілеттігін және құрылымын, қызметін бекітеді, қажетті құқықтық нормативтік актілерді қабылдайды.

15 тен 29 жас аралығындағы жастар Қазақстан халқының жалпы санынының 38 пайызын құрайды. Халықтың табиғи өсуінің есебінен жастардың абсолютті және салыстырмалы өсуінің прозитивті тенденциясы байқалады. Халықтың орташа жасы 31,6 жасты құрайды.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатының міндеттері болып:

    • жастардың құқықтары мен заңды мүддесін қорғау;

    • жастарға әлеуметтік қызметтер мен көмек көрсетулер ұсыну;

    • жастардың әлеуметтік маңызды бастауларын іске асыру.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясаты төмендегідей принциптерге негізделеді:

    • ерекше әлеуметтік-демографиялық топтар ретінде жастардың мүдделерін және қажеттіліктерін тану;

    • Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени құндылықтарының басымдылығы;

    • денсаулықты сақтау және нығайту;

    • адамгершілік пен руханилықты дамыту;

    • қазақстандық отан сүйгіштікті қалыптастыру;

    • азаматтылықты қалыптастыру;

    • жастардың құқықықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру;

    • жастар мәселесін шешудегі жүйелілік және кешенділік;

    • мемлекеттік жастар саясатын құруда және жүзеге асыруда жастардың тікелей қатысуы.

Мемлекетік жастар саясатының негізгі бағыттары.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру келесідей негізгі бағыттар арқылы жүргізіледі:

1. Жастардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету.

2. Білім беру, еңбек және жұмыспен қамту саласында кепілдік беруді қамтамасыз ету.

3. Жастардың кәсіби, рухани және физикалық дамуы үшін жағдайлар жасау.

4. Жас талантарды жамыту және қолдау.

5. Қазіргі кездегі жағдайларға жастарды бейімдеу және әлеуметтіккөмек көрсету жүйесін қалыптастыру.

6. Жастарды және балаларды біріктіріп дамытуға жәрдемдесу. [69].

Мемлекеттік жастар саясаты Қазақстан Республикасы территориясында әрекет ететін, Конституциямен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді, әлеуметтік-экономикалық, саяси, жеке бас құқығы мен бостандығын, жастарға толық мойындатуға негізделеді.

Әлеуметтік көмек көрсету және балаларға, жастарға қолдау көрсету жүйесі, жастардың критикалық, жанжалдық жағдайларға түсіп қалуы кезінде әлеуметтік - маңызды қажеттіліктерін қанағаттандырудан, он әлеуметтік сауықтырудан тұрады.

Жастарға әлеуметтік көмек көрсету жастарға арналған, балаларға, жас адамдарға, жұмысқа орналастыру, денсаулық және құқық, білім алу, жанұяда, мектепте, коллективпен қатынаста болу мәселелерін шешуде және қоғамға бейімделуде, консультативті, тәжірибелік, ұйымдастырылған көмек алу, әлеуметтік қызметтер желілерін дамыту арқылы жүзеге асырылады. Берілген қызметтер психологиялық, педагогикалық, заңдық, наркологиялық көмек көрсетуге, жас мүгедектерге, демобилизациялық әскери қызметкерлерге, нашақорлықтан, маскүнемдіктен, уытқұмарлықтан емделген тұлғаларға, қатысты сауықтыру іс-шараларын өткізуге бағытталған.

Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер әлеуметтік қызмет көрсетулер кешенін кеңейтеді, оның ішінде: жастар еңбек биржасын, әлеуметтік психологиялық көмек көрсету орталықтарын, наркологиялық қызметтер, балалар және жастарға арналған паналар, кәмілет жасқа толмаған құқық бұзушыларды әлеуметтік сауықтыру мекемелерін құру, заңдық көмек көрсету және консультация беру орталықтарын құру.