- •Тақырып 1. Әлеуметтік саясаттың ғылыми-әдістемелік негіздері
- •2. Әлеуметтік саясаттың негізгі принциптері.
- •3. Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттары.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. «Әлеуметтік саясат және қоғамдық даму» тақырыбына реферат.
- •Тақырып 2. Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •1. Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •Әртүрлі экономикалық жүйелердегі әлеуметтік саясаттың негізгі ережелері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын: «Әлеуметтік саясатты қалай реформалауға болады?»
- •2. Мемлекеттің әлеуметтік функциялары.
- •3. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының құқықтық негіздері.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. «Кезеңдік басылымдардағы әлеуметтік мәселелерге қатысты мақалаларды талқылау» іскерлік ойыны
- •Тақырып 4. Әлеуметтік қорғау
- •2. Әлеуметтік қорғау механизмі мен тиімділігі
- •3. Әлеуметтік қорғау субъектілері мен объектілері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Студенттерге шағын сауал: «Сіз мемлекеттің әлеуметтік қолдауына мұқтажсыз ба?».
- •2. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарындағы әлеуметтік қорғау органдарына бару
- •Тақырып 5. Аймақтық әлеуметтік саясаттың ерекшеліктері
- •2. Аймақтық әлеуметтік саясат
- •3. Аймақтың әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі
- •Сурет 2. Әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Эссе «Әлеуметтік саясат үлгілері және хх-ші жүз жылдықта олардың жүзеге асуы».
- •Тақырып 6. Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру
- •Медициналық сақтандыру
- •Зейнетақылық сақтандыру. Зейнетақы қорлары.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Тақырып 7. Еңбек және халықты жұмыспен қамту саласындағы саясат
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары түсініктері
- •Маңғыстау облысы тұрғындарын жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік саясат.
- •Маңғыстау облысының негізгі көрсеткіштері
- •Жалпы аймақтық өнім
- •Өнеркәсіптік өндіріс
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Халықты жұмыспен қамту мемлекеттік қызмет органына бару.
- •2. Эссе «Жұмыспен қамту туралы заңға қандай өзгерістер енгізуге болады?».
- •3. Іскерлік ойын «Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары сферасындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •Тақырып 8. Әлеуметтік саладағы тұрғын үй саясаты
- •Тұрғын үй саясаты және оның бағыттары
- •2. Маңғыстау облысында тұрғын үй саясатын дамытудың негізгі бағыттары
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Эссе «Менің әлеуметтік сараптамам».
- •2. Іскерлік ойын «Тұрғын үй сферасындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •Тақырып 9. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясат
- •Денсаулық сақтау әлеуметтік саясаттың бағыты ретінде
- •Маңғыстау облысындағы денсаулық сақтау саласының негізгі даму бағыттары
- •Денсаулық сақтау объектілері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •2. Іскерлік ойын «Денсаулық сақтауды Басқару есебінің негізгі көрсеткіштерін талдау»
- •Тақырып 10. Білім беру саласындағы саясат
- •Білім беру әлеуметтік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде
- •Маңғыстау облысындағы білім беру саласының дамуы
- •Білім беру объектілері
- •1. Іскерлік ойын «Білім беру саласындағы саясат».
- •Тақырып 11. Жастарға қатысты әлеуметтік саясат
- •Әлеуметтік жастар саясатының негізгі бағыттары
- •2. Маңғыстау облысында аймақтық әлеуметтік жастар бағдарламасын дамыту
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Муниципалды жастар саясаты».
- •Тақырып 12. Әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласындағы саясат
- •Әлеуметтік қызметтер ұсыну жүйесі
- •Қиын тұрмыс жағдайындағы тұлғаларға әлеуметтік қызмет көрсету
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Тақырып 13. Әлеуметтік саясатты қаржыландыру
- •Әлеуметтік саланы қаржылық қамсыздандыру
- •Әлеуметтік саясат бюджеті және оның қалыптасу көздері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Әлеуметтік бюджетті құру».
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Глоссарий
- •Маңғыстау облысындағы білім беру саласының стратегиялық бағыттары, мақсаты және міндеттері [59, 60, 62, 66]
Маңғыстау облысындағы білім беру саласының дамуы
Соңғы он жылдықта білім беру саласында келесідей өзгерістер болды: еңбек нарығы өзгерді – тапсырыс беруші оқу орынын бітірушілерге қатаң талаптар қоя бастады; аймақтық және жергілікті билік органдары белсенді роль атқара бастады; жаңа білім беру жүйесіне белсенді бейімделу жүргізіле бастады.
Бұл жерде оң жағдай, яғни жаңа заң базасының қалыптасуы, аймаққа ықпал жасау өсуде, еңбек нарығының талаптары да өсуде. Барлық аталған тенденциялар ішінде халық білім алуды маңызды деп түсінді.
Облыстың білім беру жүйесінде негізгі мәселелер болып, оқушы орындарының тапшылығы, білім беру ұйымдарының материалдық-техникамен жеткіліксіз жарықтандырылуы, инженерлік-педагогикалық білікті мамандардың болмауы табылады.
Білім беру объектілері
Кесте 6
Атауы |
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
Мектепке дейінгі балалар мекемелер саны |
34 |
37 |
42 |
59 |
75 |
Мектептер саны |
109 |
112 |
114 |
117 |
119 |
Кәсіби-техникалық мектептер саны |
5 |
6 |
6 |
5 |
5 |
Колледждер саны |
15 |
16 |
18 |
21 |
22 |
Жоғарғы оқу орындарының саны |
3 |
4 |
4 |
3 |
3 |
Балалардың мектепке дейінгі білім берумен қамтылуы (%) |
20,6 |
22,7 |
27,2 |
30,2 |
35 |
2009 жылдың 1 қазанына облсытағы білім беру жүйесі келесідей: мектепке дейінгі ұйымдар -68; жалпы білім беру ұйымдары – 134 (2008 жылы -126), оның ішінде күндізгі – 119 (2008 жылы -113), жеке -5 (2008 жылы -3), кешкі -5, коррекционды білім беру ұйымдары – 4 (балабақша-мектеп кешендері), девианттық мінез-құлқы бар балалар үшін кәсіби-мектеп интернаты -1, кәсіби лицейлер -5 (оның ішінде 1 кәсіби мектеп), колледждер -21 (оның ішінде мемлекеттік емес -11). [45]
Сурет 1
Облыстың мектепке дейінгі ұйымдарында 2009 жылдың 1 қазанына 13 110 бала тәрбиеленуде. Үш мектепке дейінгі бала бақшаларында 75 орындық шағын –орталықтар қызмет етеді. Екі жеке бала бақшаларда 203 бала тәрбиеленуде. Үш бала бақшада ата- аналар үшін консультативті пунктер ашылған. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім алу бойынша балалардың қабылдау деңгейі 32,48% өскен (01.10.08ж.-30,2 %).
Сурет 2
Мектеп алдындағы дайындықпен 5-6 жастағы 10 342 бала қамтылған. Облыстың мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 12-жылдық білім беру деңгейіне өтуіне дайындалу мақсатында, келесідей бірқатар іс-шаралар әзірленуде: оқу-тәрбиелеу процессіне жаңа альтернативті білім беру және вариативті бағдарламалар енгізілуде, сондай-ақ мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін жаңа инновациялық технологиялар енгізілуде.
2009-2010 жылғы оқу жылында 2008-2009 оқу жылына қарағанда күндізгі мемлекеттік жалпы білім беру мектептері 6 бірлікке өсіп, 119 мектепті құрады. Оның ішінде 99 мектеп мемлекеттік тілмен оқытылуда, 4-мектеп орыс тілінде оқытады және 16 мектеп – аралас тілдермен оқытады. Алдыңғы оқу жылына қарағанда мемлекеттік тілде оқытатын мектептер саны 7 –ге өсті және орыс тілінде білім беретін мектептер саны 1 мектепке артты, бірақ аралас тілде сабақ беретін мектептер саны 2 мектепке азайды (2008 жылы -18, 2009 жылы -16 мектепке).
Бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысқан бітірушілер саны өткен жылмен салыстырғанда мектеп бітірушілердің жалпы санынан 0,8 % кеміді және ол 83,3% құрады (2008 жылы -84,1%). Орташа балл 77,6, яғни бұл өткен жылға қарағанда 6,18 баллға жоғары.
Сурет 3
«Алтын белгі» белгісіне ие болғандар саны 24-ке өсті, осы жылы -49 (2008 жылы -25), бұл мәлімделгендердің жалпы санының 79% құрайды.
Сурет 4
БҰТ қатысқан бітірушілер санының 97 % босағаны аттады (45 балл) және жоғарғы оқу орындарына түсу мүмкіндіктерін алды. [45]
Облыс бойынша жастар саясаты белсенді жүзеге асырылуда. Құрылған құқықтық негізде техникалық-кәсіби оқу орындарында оқитын жастардың мүдделері мен қажеттіліктерін жүзеге асыруды қамтамасыз етуге шақырылған мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктердің өзара әрекеті тәртіпке келтірілген. Жыл сайын қоғамдық іс-шаралар және патриоттық акциялар саны өсуде, сондай-ақ жауынгерлік студенттер жасағы және «Жасыл-ел» жасақтары да өсуде. 2009 жылы патриоттық қоғамдық іс-шараларға 1 300 оқушы жастар қатысты. 19 студенттік жасақтар әрекет етеді, олардың қызметінде облыстың техникалық-кәсіби оқу орындарында 200 –ден аса жастар қатысады.
1999 жылдан бастап, облыста психологиялық-медико-педагогикалық консультациясы қызмет етеді (ПМПК), олар балаларды және 18 жасқа дейінгі жас өспірімдердің даму ерекшеліктерін, диагнозын анықтаумен және емдеумен айналысады, оларды оқыту және тәрбиелеу үшін жағдайлар жасайды. ПМПК есебінде 2007-2008 оқу жылында 8826 бала, 2008 -2009 оқу жылында 10 641 бала тексерілуден өткен, 1712 бала мүмкіндігі шектелуі бойынша есепте тұр, яғни олардың саны 22% өскен.
2005 жылы Жаңаөзен қаласында құрылған «Сауықтыру орталығы» ойлау қабілеті шектелген балаларды тәрбиелеу және емедеуді жүзеге асырады. 4 арнайы (коррекционды) білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектелген 500 бала тәрбиеленуде. [45]
2007 жылы Бейнеу ауданының Бейнеу селосында және Маңғыстау ауданының Шетпе селосында құрылған психолого-педагогикалық түзету кабинеттері мүмкіншілігі шектелген балаларға түзету көмектерін көрсетеді.
Бүгінгі күні облыс бойынша 127 саңылау балалар, 304 есту қабілеті төмен, 1059 соқыр және көру қабілеті төмен балалар есепте тұр. Мүмкіншілігі шектелген балалар санының жыл сайын өсуіне байланысты облыста, арнайы мамандандырылған ұйымдарды кеңейту қажет.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылы 11 наурыздағы № 306 «Патронатты тәрбиешілерге берілген балаларды ұстау үшін ақша қаражаттарын жұмсау ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, облыста жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. [61]
«Жанұялы типтегі балалар ауылында» 64 баланы 8 жанұяда тәрбиелеу үшін барлық жағдайлар жасалған. Сонымен қатар, облыста жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін «Облыстық балалар үйі», «Балалар панасы» қызмет етеді. Тәжірибеде патронаттық тәрбиелеу әдісін енгізу өз жалғасын табуда.
«Қиын» балаларды және жас өспірімдерді мектептен тыс үйірмелерге жұмылдыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мектептен тыс 17 ұйымдарда 18,6% жуық мектеп жасындағы барлық балалар шұғылдануда. 2006 жылмен салыстырғанда мектептен тыс іс-шаралармен айналысқан балалар саны 0,6% өскен.
2009 жылдың 01 қазанына облыстық колледждерде 23 300 оқушы оқып білім алуда, оның ішінде мемлекеттік колледждерде – 13 866 білім алуда. Ал кәсіби лицейлерде 2 465 оқушы оқып білім алуда.
Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында 2009-2010 оқу жылында мамандарды дайындауға мемлекеттік тапсырыс беру 2008-2009 оқу жылымен салыстырғанда өскен: кәсіби лицейлерде – 108,4%, колледждерде – 62,0%.
2007-2008 оқу жылымен салыстырғанда 2008-2009 оқу жылында бастауыш және орта кәсіби білім беру мемлекеттік тапсырыс бойынша өскен: кәсіби лицейлерде – 103,1%, колледждерде – 148,0%.
2008 жылы техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының бітіруші түлектерін еңбекпен қамту бірінші жылы 66,9 % құрады (бюджет есебінен 58,8%), ал 2009 жылы 60 % құрады. Еңбекке орналастырылатын түлектердің саны: 2008 жылы -15,7%, 2009 жылы - 9% құрады. [46]
Өндірістік тәжірибені ұйымдастыру мәселесін шешу, түлектердің материалдық базасын күшейтуде және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін, 2009 жылы оқу оырндарымен облыстың кәсіпорындары, ұйымдары арасында 200 келісім шартқа қол қойылды. Кәсіби оқу орындарымен жұмыс кадрларымен мамандарды дайындау бойынша, олардың жағдайын жасау бойынша әлеуметтік серіктестік туралы аймақтың 45 кәсіпорындарымен тікелей келісімдерге және меморандумдарға қол қойылды.
Техникалық және кәсіби білім беру жүйесін жалпы қаржыландыру көлемінен жұмысшылардан жұмылдырылған қаражаттар үлесі 2009 жылы 0,64% (ТиПО – 1261666 мың теңге, (ЖБ-1183550,0 мың теңге, РБ- 78116,0 мың теңге) жұмыс берушілер қаражаты -8175 мың теңге) құрады. [46]
Облыста құрылыс индустриясын дамытумен байланысты құрылыс мамандықтарын көбейтуге және лайықты оқу-өндірістік базасын құруға маңызды көңіл бөлінуде.
Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына 2008 жылдың 6 ақпанында жолдаған Жолдауына сәйкес, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін бизнес – қоғамдастықты жұмылдыру бойынша жұмыстар жалғастырылуда.
Облыста білім деңгейін дамыту үшін қажетті стратегиялық құжаттар қабылданды:
Маңғыстау облысы бойынша 2005-2010 жылдарға арналған білім беру
жүйесін дамытудың Мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша 2009-2010 жылдарға жасалған іс-шаралар жоспары;
Маңғыстау облысында 2007-2009 жылдарға арналған «Бала бақшаға
барамыз» атты мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытуды қолдау бойынша іс-шаралар жоспары;
2007-2009 жылдарға алғашқы және орта кәсіби білім берудің аймақтық
бағдарламасын дамыту;
Маңғыстау облысы бойынша 2008-2012 жылдарға Қазақстан
Республикасында техникалық және кәсіби білім берудің Мемлекеттік бағдарламасын дамытуды жүзеге асыру бойынша 2009-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары. [45]
2007 жылы «Дарын» қосымша білім беру орталығы құрылды, оның негізгі мақсаты, дарынды балаларды анықтау және оларды жан жақты дамытуда қолдау көрсету болып табылады. Орталық қызметін үйлестірудің мақсатына сай облыстық қоғамдық оқушылар Кеңесі құрылды.
2007 жылы «Маңғыстау облыстық оқу -әдістемелік ақпараттық білім беру орталығы» құрылды. Орталықтың міндеті, білім беру мекемелеріне ақпараттандыру мәселесі бойынша тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету және сабақ өту процессінде мұғалімдерді жаңа технологияны пайдалануға үйрету болып табылады. 01.10.09 жыл бойынша облыста ЛМК есебінсіз 1 компьютерге 25 оқушыдан келеді, ал ЛМК есебімен 1 компьютерге 16 оқушыдан келеді.
Қазіргі кезде интернет желісіне облыстың 119 мектебінен 111 мектеп қосылған, яғни ол 93% құрайды. Мектептер 100 % телефонмен жабдықталған.
Бүгінгі таңда жаңа қондырылған мультисервистік жабдықтардың көмегімен он-лайн режимінде ашық сабақтар өткізіледі. 31 мектепте мультисервистік жабдықтар орнатылған. 99 интерактивті тақталар және 7 бейнеконференс қондырғылары сатып алынды. Қорыта келгенде облыстың 58,8% мектебі оқу процессінде интерактивті жабдықтарды пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Облыстың күндізгі жалпы білім беру мектептерінде не бары 7 564 педагогикалық жұмысшылар, оның ішінде ауылдағы мектептерде -3 585. Оның ішінде 7 280 –мұғалім, оның ішінде ауылдарда - 3 461.
Сурет 5
2006-2008 жылдары жоспарланған 186 курстың орнына 257 курс өткізілді, 6392 тыңдаушы оқып шықты. 2009 жылы 3423 тыңдаушыға 137 курс өткізілді.
Соңғы үш жылда Маңғыстау облысында білім беру жүйесінің шығындары 3 есеге дейін көбейді және ол 2009 жылдың аяғында 21,3 млрд. Теңгені құрады (2005 жылы -6,8 млрд. теңге, 2006 жылы -8,9 млрд.теңге, 2007 жылы -12,4 млрд. теңге, 2008 жылы -19,5 млрд.теңге білім беру мақсатына жұмсалды). [45]
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
