- •Тақырып 1. Әлеуметтік саясаттың ғылыми-әдістемелік негіздері
- •2. Әлеуметтік саясаттың негізгі принциптері.
- •3. Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттары.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. «Әлеуметтік саясат және қоғамдық даму» тақырыбына реферат.
- •Тақырып 2. Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •1. Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •Әртүрлі экономикалық жүйелердегі әлеуметтік саясаттың негізгі ережелері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын: «Әлеуметтік саясатты қалай реформалауға болады?»
- •2. Мемлекеттің әлеуметтік функциялары.
- •3. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының құқықтық негіздері.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. «Кезеңдік басылымдардағы әлеуметтік мәселелерге қатысты мақалаларды талқылау» іскерлік ойыны
- •Тақырып 4. Әлеуметтік қорғау
- •2. Әлеуметтік қорғау механизмі мен тиімділігі
- •3. Әлеуметтік қорғау субъектілері мен объектілері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Студенттерге шағын сауал: «Сіз мемлекеттің әлеуметтік қолдауына мұқтажсыз ба?».
- •2. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарындағы әлеуметтік қорғау органдарына бару
- •Тақырып 5. Аймақтық әлеуметтік саясаттың ерекшеліктері
- •2. Аймақтық әлеуметтік саясат
- •3. Аймақтың әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі
- •Сурет 2. Әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Эссе «Әлеуметтік саясат үлгілері және хх-ші жүз жылдықта олардың жүзеге асуы».
- •Тақырып 6. Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру
- •Медициналық сақтандыру
- •Зейнетақылық сақтандыру. Зейнетақы қорлары.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Тақырып 7. Еңбек және халықты жұмыспен қамту саласындағы саясат
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары түсініктері
- •Маңғыстау облысы тұрғындарын жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік саясат.
- •Маңғыстау облысының негізгі көрсеткіштері
- •Жалпы аймақтық өнім
- •Өнеркәсіптік өндіріс
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Халықты жұмыспен қамту мемлекеттік қызмет органына бару.
- •2. Эссе «Жұмыспен қамту туралы заңға қандай өзгерістер енгізуге болады?».
- •3. Іскерлік ойын «Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары сферасындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •Тақырып 8. Әлеуметтік саладағы тұрғын үй саясаты
- •Тұрғын үй саясаты және оның бағыттары
- •2. Маңғыстау облысында тұрғын үй саясатын дамытудың негізгі бағыттары
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Эссе «Менің әлеуметтік сараптамам».
- •2. Іскерлік ойын «Тұрғын үй сферасындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •Тақырып 9. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясат
- •Денсаулық сақтау әлеуметтік саясаттың бағыты ретінде
- •Маңғыстау облысындағы денсаулық сақтау саласының негізгі даму бағыттары
- •Денсаулық сақтау объектілері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •2. Іскерлік ойын «Денсаулық сақтауды Басқару есебінің негізгі көрсеткіштерін талдау»
- •Тақырып 10. Білім беру саласындағы саясат
- •Білім беру әлеуметтік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде
- •Маңғыстау облысындағы білім беру саласының дамуы
- •Білім беру объектілері
- •1. Іскерлік ойын «Білім беру саласындағы саясат».
- •Тақырып 11. Жастарға қатысты әлеуметтік саясат
- •Әлеуметтік жастар саясатының негізгі бағыттары
- •2. Маңғыстау облысында аймақтық әлеуметтік жастар бағдарламасын дамыту
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Муниципалды жастар саясаты».
- •Тақырып 12. Әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласындағы саясат
- •Әлеуметтік қызметтер ұсыну жүйесі
- •Қиын тұрмыс жағдайындағы тұлғаларға әлеуметтік қызмет көрсету
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Тақырып 13. Әлеуметтік саясатты қаржыландыру
- •Әлеуметтік саланы қаржылық қамсыздандыру
- •Әлеуметтік саясат бюджеті және оның қалыптасу көздері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Әлеуметтік бюджетті құру».
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Глоссарий
- •Маңғыстау облысындағы білім беру саласының стратегиялық бағыттары, мақсаты және міндеттері [59, 60, 62, 66]
Білім беру әлеуметтік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде
Білім беру қызметтерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының әлеуметтік тәжірибесінде ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Білім алу құқығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 бабында бекітілген:
1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарынан тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
2. Азамат мемлекеттік жоғары оқу орнынан, бәсекелік негізінде тегін жоғары білім алуына құқығы бар.
3. Жеке білім орындарынан ақылы білім алу заңмен белгіленген тәртіп негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекет білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын белгілейді. Кез келген оқу орындарының қызметі осы стандарттарға сәйкес келуі керек. [20]
Халықты білім берудің барлық деңгейінің қол жетімділігімен қамтамасыз ету, «Білім беру туралы» (3 бап) Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген білім беру облысындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерінің бірі болып табылады.
«Білім беру туралы» Заңның 4 бабында білім беру облысында азаматтарға мемлекеттік кепілдік беру құқығы белгіленген:
1. Азаматтардың білім алу құқығы мемлекетпен білім беру жүйесін дамыту жолымен және Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес білім алу үшін, сәйкесінше әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау қарастырылған.
2. Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына білім берудің жалпыңа міндетті мемлекеттік стандарттары шегінде, білім беру ұйымдарынан тегін орта және бастапқы кәсіби білім алуына және бәсекелік негізде мемлекеттік білім беру заңына сәйкес тегін орта кәсіби білім, жоғары кәсіби және жоғары білім алудан кейінгі кәсіби білім алуына кепілдік береді. Білім алушылар үшін білімнің тегін болуы бюджеттік қаражаттар арқылы мемлекеттік білім беру ұйымдарын қаржыландыру жолымен жүзеге асырылады.
Білім беру бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принциптерінің негізінде («Білім беру туралы» Заңның 22 бабы) білім берудің келесідей деңгейлері белгіленеді:
мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту;
орта білім беру (жалпы білім беру мектептері және колледждер);
жоғары кәсіби білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беру.
Білім беру деңгейінің қол жетімділігі республика халқы үшін әр бір азаматтың интеллектуалдық, психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып қамтамасыз етіледі.
Ең алғашқы нормативті-құқықтық актілердің бірі болып, 1992 жылы қабылданған «Білім беру туралы» Заң табылады. Берілген Заңда білім берудің негізгі міндеттері қарастырылған, оның ішінде ең негізгісі, ұлттық және жалпы адами құндылықтар негізінде, ғылым мен тәжірибеге қол жеткізуде жеке тұлғаны қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.
Берілген Заңның 3 бабына сәйкес, білім беру облысында мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері анықталған:
ҚР барлық азаматтары білім алуға тең құқылы;
білім берудің мемлекеттік стандарттары шегінде білім беру
қызметтерінің тегін болуы;
жеке меншік түрлері, қызметінің бағытталуы, тәрбиелеу және білім
беру формалары бойынша білім беру ұйымдарының әр түрлілігі;
сабақтастықты қамтамасыз ететін, білім беру процессінің
үздіксіздігі;
ғылыми сипаты, құқықтық және экологиялық бағытталуы;
білім беруді озық дамыту;
мемлекеттік мекемелердегі білім берудің зайырлы сипаты;
объективті білім алуға кедергі болатын, саяси және идеологиялық
ықпалдан білім берудің тәуелсіздігі. [55]
«Білім беру туралы» Заңға сәйкес, мемлекет өз азаматтарының үздіксіз білім алуы үшін жағдай жасайды: кәсіби-техникалық, орта арнайы, жоғары, жоғары білім алғаннан кейінгі (аспирантура, докторантура), қосымша білім алу кезінде, жанұялық тәрбиелеу, мектепке дейінгі тәрбиелеу, жалпы орта білім беру, мектептен тыс тәрбиелеу және оқыту.
Келесі құқықтық акт болып, ҚР 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған алғашқы Конституциясы табылады. Мемлекеттің бұл Заңының 24 бабында республиканың әр бір азаматы мемлекеттік оқу орындарынан тегін орта, орта арнайы, жоғары білім алуға құқығы бар деп көрсетілген. «Жоғары білім беру туралы» ҚР 1993 жылы қабылданған Заңы 1993 жылғы Конституцияға сәйкес және «Білім беру туралы» Заңға сәйкес, жоғары білім беру облысында мемлекеттік саясат принциптерін анықтайды. Бұл Заң, жоғары білім беруді дамытудың негізгі бағыттары туралы конституциялық ережелерді дамыта отырып, оның мақсатын нақтылады: жеке тұлғаның интеллектуалдық және мәдени даму қажеттіліктерін қанағаттандыру, берілген облыста жоғары біліктілікке жету, сондай-ақ ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, жоғары мектептің барлық жұмысын толығымен қайта құру негізінде жоғары оқу орындарында білім беру үшін мамандарды, ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау және қайта дайындау.
Білім беру процессінің құқықтық негіздері өзінің әрі қарай дамуын 1995 жылы 30 тамызда қабылданған ҚР жаңа Конституциясынан алды. Сонымен, бұл Конституцияның 30 бабында, мемлекеттік оқу орындарында азаматтардың тегін орта білім алуына кепілдік беріледі деп көрсетілген. Орта білім алу барлығына міндетті. Әр бір азамат бәсекелік негізде мемлекеттік жоғары оқу орнында тегін жоғары білім алуға құқылы. Қазақ тілін қайта дамытуға, қазақ мектептерін дамытуға, ұлттық білім беру жүйелерін құруға батыл қадамдар жасалды.
Сол өзгермелі кезеңдегі қиын жағдайлар, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім беру облысында да бірқатар теріс факторлардың тууына себепші болды. ҚР 1993 жылы қабылданған алғашқы Конституциясы, «Жалпыға бірдей әскери жауапкершілік және әскери қызмет туралы», «Қазақ ССР Заңына «Қазақ ССР меншігі туралы» өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарына және басқа да заң актілері білім беру облысындағы республиканың әрекет ететін заңдарына қайшы келді. 90 жылдардың аяғында қазақ қоғамы өмірінің нақты өзгеруі кезінде білім берудің нормативтік-құқықтық базасының сәйкес келмейтіндігі анықталды.
Жаңа білім беру және ақпараттық технологиялар, оқыту стандарттары және жастарды тәрбиелеу 1999 жылы 7 маусымда ҚР Парламентімен «Білім беру туралы» біріңғай Заңның қабылдануын талап етті. Ол келесідей сұрақтарды қарастырды:
- мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту деңгейі шеңберінде 5 (6) жастағы балаларды міндетті түрде алдын ала мектепке дайындауды қарастырды;
- 9 сыныпты біткен оқушыларға колледжге түсу құқығы заңмен бекітілді, яғни бұл жасөспірімдер арасында жұмыссыздық санын қысқартады және олардың білім алу мүмкіндігін кеңейтеді;
- біріңғай мамандық бойынша орта кәсіби білімі бар тұлғалардың жоғары оқу орындарында оқу мерзімін қысқарту, мұндай жеңілдіктер магистратурада оқитындарға да қарастырылды;
- мемлекеттің білім беру жүйесіндегі жаңа заң жобасы бойынша білім берудің мемлекеттік емес секторы, білім берудің халықаралық және шетелдік мекемелері, олардың филиалдары да қосылады;
- ақпараттандыру, білім беру интеграциясы, ғылым және өндіріс сұрақтары, сондай-ақ оқу процессіне үш тілді енгізу (қазақ, орыс, шет тілі) сұрақтары шешілуде;
- мамандардың қосымша білім беру ұйымдарында 5 жылда бір рет, тегін біліктілігін арттыру құқығы заңмен бекітілген;
- білім беру қызметін лицензиялау сұрақтары айқынырақ қарастырылуда: ҚР аймағында орналасқан, шетел мемлекеттерінің жоғары оқу орындарының филиалдары лицензиялауға жатады; мектепке дейінгі және мектептен тыс білім беру мекемелеріның қызметі алғашқы рет лицензиялауға жатады.
Жаңа Заңға сәйкес білім беру және оқу-тәрбиелік жұмысын ұйымдастыру, білім беру бағдарламалары бойынша және келесідей бағыттар бойынша жүргізіледі:
- ұлттық, этномәдени дәстүрлерді және әдет-құрыптарды тану арқылы, туған тілге үйрету арқылы жүзеге асыратын қазақстандық патриоттылыққа тәрбиелеу, өз халқының тарихын құрметтеуге шақыру;
- жоғары құқықтық мәдениетті және құқықтық сана-сезімді қалыптастыратын, құқықтық білім беру;
- гуманитарлық білім беру концепциясына сүйенуші, азаматтық білім беру;
- экономикалық, экологиялық, адамгершіліктік, көркемдік-эстетикалық дүние тануға тәрбиелеу;
Осылайша, жаңа Заң білім беру саласын басқаруда демократизациялау процессі тереңдетілетін бірнеше жаңалықты қарастырады. [55]
Қазақстан Республикасының Президенті халыққа Жолдауында білім беру жүйесін реформалауда жаңа саты берді. Бұл бастапқы және орта білім беру жүйесінің жақындауы, сондай-ақ әлемдік стандарттарға мамандарды қайта дайындау, он-лайн режимінде оқыту тәжірибесін дамыту және мемлекетте оқу теледидарын құру, оқу жоспарларына табиғи ғылымдар бойынша қосымша сағаттар енгізу, мектептерге шетелдерден ағылшын тілі мұғалімдерін тарту, оқу орындарында халықаралық стандарттар деңгейінде аттестациялау енгізу, жоғары білім беру саласында нақты және инженерлік ғылымдарды басым дамыту. [21]
