Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аймақтың әлеум саясаты дәрістер -1.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.12 Mб
Скачать

Денсаулық сақтау объектілері

Кесте 5

Атауы

2005

2006

2007

2008

2009

Денсаулық сақтау объектілерінің саны (бірлік)

91

97

96

99

98

100 мың адамға шаққанда:

 

 

 

 

 

барлық мамандық дәрігерлері

29

29,3

30,1

31,3

29,3

орташа медициналық қызметкерлер

78,4

78,1

78,4

83,8

83,2

аурухана койкалары

71,2

69,4

67,3

63

65,4

2009 жылы денсаулық сақтауға жұмсалған шығындар сомасы 12,5 млрд.теңгені құрады немесе 2008 жылмен салыстырғанда 28% көп шығын жұмсалды. «100 аурухана» бағдарламасы шеңберінде 1 денсаулық сақтау объектісінің құрылысы аяқталды, тағы 2 объектінің құрылысы жалғастырылуда. [46]

Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

1. Іскерлік ойын «Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясатты талдау»

Әлеуметтік сала, тар мағынада, өндірістен тыс тіршілік әрекетінің материалдық жағдайларын білдіреді – баспана, денсаулық сақтау, халыққа көрсетілетін әлеуметтік қызметтер, білім беру жүйесінің материалдық және кадрлық базасын, сауда, қоғамдық тамақтану, қоғамдық көлік және т.с.с. Сондықтан іскерлік ойынның мақсаты қазақстандық және шетелдік тәжірибе мысалында денсаулық сақтау саласындағы саясаттың бағыттарын талдау болып табылады.

Денсаулық сақтау саласындағы саясатты екі нұсқада қарастыруға болады – оның субъектілері бойынша (денсаулық сақтау жүйесі, медициналық мекемелер және т.б.) және объектілері бойынша (аналар мен балалар, ересеу тұрығндар, зейнеткерлер және т.б.) және оларға көрсетілетін медициналық қызметтер бойынша. Қарастырылуы тиіс мәселелер қатарына мыналар жатады: медициналық қызметтер нарығының қалыптасуы, санитарлық қорғау мәселелері және т.с.с.

2. Іскерлік ойын «Денсаулық сақтауды Басқару есебінің негізгі көрсеткіштерін талдау»

Студенттер облыстың денсаулық сақтау жүйесін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерден тұратын кесте түріндегі материал алады. Келесі схема бойынша талдау жүргізу ұсынылады:

  • ұсынылып отырған көрсеткіштер объективті ме;

  • негізгі көрсеткіштердің динамикасы қандай;

  • қандай да бір көрсеткіштің өзгеру себептері қандайболуы мүмкін;

  • Сіз қандай көрсеткіштер ұсынар едіңіз?

Бақылау сұрақтары

  1. Медициналық сақтандыру нарығының қалыптасуы мен нығаюы.

  2. Біздің республикамызда медициналық сақтандыру саласында қанша компания өз қызметтерін ұсынады?

  3. Медициналық көмек көрсетудің мемлекеттік жүйесі мен сақтандыру ұйымдарының арасындағы айырмашылық неде?

  4. Маңғыстауоблысындағы денсаулық сақтау саласындағы негізгі міндеттер.

Тақырып 10. Білім беру саласындағы саясат

1. Білім беру әлеуметтік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде

2. Маңғыстау облысындағы білім беру саласының дамуы

Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

Бақылау сұрақтары