Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аймақтың әлеум саясаты дәрістер -1.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.12 Mб
Скачать
  1. Маңғыстау облысындағы денсаулық сақтау саласының негізгі даму бағыттары

Жергілікті мемлекеттік басқару органдары денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау облысында келесідей өкілеттіктерге ие:

  • денсаулықты нығайту және халықтың денсаулық сақтау

профилактикасы бойынша, қоршаған ортаның денсаулық шипалығы және оның тіршілік әрекетінің жағдайы бойынша кешендік бағадарламалар әзірлейді;

  • зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындайды және төлейді;

  • дәрігерлік-еңбек сараптау органдарының жұмысын бақылайды;

  • зейнетақы мен жәрдемақыларға жеке және жұмылдырылған

қаражаттар есебінен қосымша ақылар тағайындайды және төлейді;

  • жергілікті бюджет қаражаттары есебінен көмек көрсетулерді

ұйымдастырады;

  • жергілікті бюджет, бюджеттен тыс қорлар және жұмылдырылған

қаражатар есебінен жолдар мен ғимараттардың құрылысы, оларды жөндеу және көркейту бойынша, қоғамдық ақылы жұмыстармен халықтың жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырады;

  • асыраушысынан айырылған жанұялар, мүгедектер және үйде күтуге

мұқтаж қартайған азаматтардың, тұрған үй және материалдық-тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша шешімдер қабылдайды, сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелеріне орналастыру мұқтаждықтары бойынша іс-шаралар қабылдайды;

  • өзінің өкілеттігі шегінде ана және баланы қорғаумен байланысты

жеңілдіктер ұсынады, көп балалы жанұялардың жағдайын жақсартады;

  • ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды балалар үйіне,

мектеп-интернаттарға орналастыруды, азаматтардың тәрбиелеуіне беруді қамтамасыз етеді; асырап алу сұрақтарын шешеді;

  • жұмыстан босатылған запастағы әскери қызметкерлер және олардың жанұялары үшін қажетті тұрғын үй жағдайын жасауға жәрдемдеседі;

  • қамқорлық және қорғаншы сұрақтарын шешді;

  • қала аумағында орналасқан кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардан

жұмысшылардың босатылуы туралы мәліметтер алады; осы сұрақ бойынша кәсіпорынның, мекеменің және ұйымның басшыларынан хабарлама алады.

Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының азаматтардың денсаулығын сақтау бойынша сұрақтарын қарастыруға жатады:

  • азаматтардың денсаулығын сақтау облысында заңдылықтардың

сақталуына бақылау жасау;

  • денсаулық сақтау облысында адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қорғау;

  • денсаулық сақтаудың муниципалдық басқару жүйесін құру;

  • денсаулық сақтаудың муниципалдық жүйесі мекемелерін дамыту, олардың қызметінің сипатын және көлемін анықтау;

  • жеке денсаулық сақтау жүйесін дамыту үшін жағдайлар жасау;

амбулаториялық-поликлиникалық, станционарлық-поликлиникалық және емдеу мекемелерінде алғашқы медико-санитарлық көмек көрсетуді ұйымдастыру, көрсетілген медициналық мекемелерді дәрі-дәрмектермен, иммунобиологиялық препараттармен және дезинфекциялау құралдарымен, сондай-ақ донорлық қанмен және оның компоненттерімен, жүктілік кезінде әйелдерге медициналық көмек көрсету, босанар уақытында және босанғаннан кейін жедел медициналық көмек көрсету және оның қол жетімділігін қамтамасыз ету, медициналық көмек көрсету стандартарының сақталуына бақылау жасау, азаматтарды дәрі-дәрмектермен және медициналық бағыттағы бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

  • табиғи қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті

қамтамасыз ету;

  • апаттардың және табиғи апаттардың зардаптарын жою;

  • қоршаған ортаға қауіпті ауруларды және әлеуметтік маңызы бар

аурулардың таратылуы туралы халықты уақтылы ақпараттандыру, оның ішінде бұқаралық ақпараттар құралы арқылы хабарлау;

  • халықтың санитарлық-гигиеналық білімі. Денсаулық сақтауды

муниципалдық басқару органдары халықтың санитарлық-гигиеналық біліміне жауапты, халықты медико-әлеуметтік көмектің кепілдік берілген көлеміне қол жетімділігін қамтамасыз етеді, мемлекеттік, муниципалды, жеке денсаулық сақтау ұйымдарымен, мекемелерімен, сондай-ақ жеке медициналық тәжірибемен айналысатын тұлғалармен медико-әлеуметтік және дәрі-дәрмектік көмек көрсетілу сапасына бақылауды жүзеге асырады.

Денсаулық сақтаудың муниципалды жүйесі кәсіпорындары, мекемелер, ұйымдар қызметін қаржыландыру барлық деңгейдегі, бюджеттік қаражаттар есебінен, азаматтар денсаулығын қорғауға арналған мақсатты қорлар есебінен және басқа да ҚР заңдарында тыйым салынбаған көздерден қаржыландырылады.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау саласында 11 мемлекеттік медициналық мекемелер және 37 мемлекеттік кәсіпорындар, оның ішінде 20 дәрігерлік амбулаториялар, 6 алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету орталықтары, 21 медициналық пунктер әрекет етеді.