Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аймақтың әлеум саясаты дәрістер -1.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.12 Mб
Скачать

Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

1. Эссе «Менің әлеуметтік сараптамам».

Студенттердің міндеті ҚР үшін маңызы зор, шешілуі тиіс әлеуметтік мәселені таңдау және таңдалған мәселені шешудің мүмкін нұсқаларының әлеуметтік және экономикалық зардаптарын бағалау.

2. Іскерлік ойын «Тұрғын үй сферасындағы әлеуметтік саясатты талдау»

ҚР-ғы мемлекеттік тұрғын үй саясатын негізгі бағыттар бойынша қарастыру қажет:

1) баспана құрылысы мен оны бөлістіруге мемлекеттің тікелей қатысуы;

2) жылжымайтын мүлікке деген жеке меншіктің болуы (жекешелендіру және жеке құрылыс);

3) тұрғын үй сферасын зиянсыз әрекет ету тәртібіне көшіру;

4) халықтың өз табыстарымен баспанамен қамтамасыз етуге қатысуы үшін қолайлы жағдайлар жасау. ҚР тұрғын үй саясатының құқықтық базасына сипаттама беру қажет.

Тұрғын үй сферасы мәселелерін талдау барысында нақты мысалдар келтіріп, мүмкіндігінше жағдайды шетелдегі ұқсас жағдайлармен салыстыру қажет.

Бақылау сұрақтары

  1. Тұрғын үй саясаты және оның бағыттары.

  2. Қолжетімді баспана.

  3. Республикалық бюджеттен бөлінетін несиелер есебінен салынған тұрғын үйлерді іске асыру.

  4. Ипотекалық несиелер беру және тұрғын үй құрылыс жинақтарының жүйесі

Тақырып 9. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясат

1. Денсаулық сақтау әлеуметтік саясаттың бағыты ретінде

2. Маңғыстау облысындағы денсаулық сақтау саласының негізгі даму бағыттары

Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

Бақылау сұрақтары

  1. Денсаулық сақтау әлеуметтік саясаттың бағыты ретінде

Қоғам денсаулығының жағдайы барынша жақсы болған сайын, соғұрлым мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жоғары болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтаудың 52-сессиясында «...денсаулықтың барлық негізгі детерминанттары әлеуметтік-экономикалық факторлармен байланысты. Денсаулық жағдайы мен жұмысбастылық, табыс деңгейі, әлеуметтік қорғаныс арасындағы,  тұрғын үй жағдайлары мен білім беру арасындағы байланыстар барлық еуропалық мемлекетттерде байқалған» деп баяндалды.  Осының барлығы қоғамдық денсаулықты экономика тұрғысынан қарауға және ғылымда жаңа бағыттың – денсаулық экономикасы туралы сөз айтуға негіз береді.

Денсаулық экономикасы экономикалық өсудің құраушысының бірі ретінде қоғамдық және жеке денсаулықты қарастырады, тиісінше мемлекеттің тұрақты дамуын да қарастырады. Халық денсаулығына олардың табыстары, тамақтану деңгейі мен сапасы, тұрғын үй шарттарының жағдайы, еңбек жағдайлары, демалысты ұйымдастыру деңгейі, денсаулық сақтау жағдайы әсер етеді.

Денсаулықтың әлеуметтік-экономикалық аспектілерін талдауға 1664 жылы дені сау жұмысшылардың тиімділігін есептеген белгілі политэконом У.Петти бет бұрды. Олардың әрқайсысы 69 фунт стерлинг табыс табады деп болжап, ол былай жазды: «...оба індетінен қарапайым өлу жағдайларынан жоғары 100 мың адамның өлімі корольдікке 7 млн. фунт стерлингке жуық шығынды білдіреді, тиісінше, осының алдын алу 70 мың фунт стерлингті жұмсаған тиімдірек екендігін білдіреді, яғни шығындардан жүз есе аз».

Т. Мальтус XVIII ғасырдың соңында мынадай заңдылық ашты: халық саны көп болған сайын, оның денсаулығы соғұрлым төмен болады. Өзінің еңбегінде: «...кедейшілік пен жоқшылық демография заңдарымен байланысты, ал «денсаулық, мықты халық», оның өсуі қоғамдық құрылымның және қайырымдылықтың жақсаруына үміттермен байланысты»

А. Смит ақылмен ұйымдастырылған еңбек, жұмысшының жеткілікті табысы мен денсаулық деңгейі арасындағы заңдылықты жан-жақты сипаттады. А. Смит дерттер мен өлімдердің арту жылдарын «қымбатшылық» арту уақытымен байланыстырды, бұл еңбек өнімділігінің төмендеуін «тудырмай қоймады».

К. Маркс «Капиталдың» І және ІІІ томдарында жұмыс уақытының ұзақтылығын, бір жағынан, жұмысшының «белсенді өмір сүру үдерісінің» жағдайлары арасындағы , ал екінші жағынан, жұмысшының «белсенді өмір сүру үдерісінің ұзақтылығы арасындағы себеп-салдарлы байланыстарын негіздеді. Оның пікірінше, «...ұзақтылығы 12 сағаттан асқан еңбек жұмысшының денсаулығына зиян келтіру, ерте қартаю және жастай өлу қарқынына ие».

Денсаулық сақтау жүйесінің қарқынды және сәтті дамуы – мемле кетіміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың жүзеге асуына тікелей байланысты. Мемлекет үшін халықтың денсаулығын сақтау және оған қолайлы жағдай жасау ең қажетті бағыт болып табылады. Қазіргі таңда денсаулық сақтау ісін дамыту институционалдық қайта құрылу, кадр әлеуетін дамыту, сапалы медициналық қызмет ұсыну кезеңіне енеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының дәрігерлері мен провизорларының ІІ сьезінде 2010 жылға дейінгі 4 стратегиялық бағытты айқындап айтып берген болатын. Атап айтсақ, жасөспірімдердің денсаулығын нығайту, халықты сапалы және қол жетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету, ме­дициналық ғылымды дамыту, ауылдың денсаулық сақтау жүйесін жақсарту.

Қазіргі кездегі қоғамның барлық сұраныстарына жауап беретін, денсаулық сақтау жүйесін құру, қазақстандықтардың жеке және қоғамдық денсаулығы көрсеткіштерінде нақты өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған, өзара байланысты стратегиялық міндеттердің кешенін шешуді ұйғарады. Бұл алғашқы медико-санитарлық көмектің және ана мен баланың денсаулығын сақтаудың тиімді ұйымдастырылуы.

Заңды күші бар Президенттің Жарлықтарын, яғни «ҚР азаматтарын медициналық сақтандыру (ОМС) туралы», 1995 жылғы 16 маусымдағы «ҚР кейбір заң актілеріне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» және «Денсаулық сақтаудың емдеу-профилактикалық мекемелерінде ақылы медициналық қызмет көрсету ережелерін және тәртібін бекіту туралы» 1995 жылғы 16 қарашадағы ҚР Үкіметінің Қаулысын енгізгеннен бастап, Қазақстанның денсаулық сақтау саласында жаңа әлеуметтік саясат басталды. Қабылданған нормативті-құқықтық актілердің негізгі мақсаты болып, халықтың өмірлік деңгейін жоғарлатуға бағытталған, сыртқы ортаның теріс факторларын алып тастау (экологиялық, техногенді және т.б.), дені сау өмірді қалыптастыру, негізгі ауруларды төмендету, жаңа экономикалық прогрессивті қатынастар негізінде денсаулық сақтау жүйесін реформалау және халықтың денсаулық көрсеткіштерін жақсарту табылады. «Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы» Заңды күші бар, ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, ОМС қолда бар ресурстарды ұтымды пайдалану кезінде, Қазақстанның барлық азаматтарына қол жетімді және тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ететін, халықтың мүддесін әлеуметтік қорғау формасы болып табылады. [22]

Сақтандыру төлемдері – міндетті медициналық сақтандыру жарналары төленеді: жұмыс істемейтін тұрғындар үшін – бір тұрғынға жұмсалатын қаражатқа сәйкес, шығындардың үлестік салмағымен, бюджеттік қаражаттар есебінен; жұмыс беруші үшін – еңбекақы қорына қатынасы бойынша пайызбен және ол заңды және жеке тұлғалардың жылдық жиынтық табысынан есептелетін шығындарға жатқызылады.

Төлемдер көлемі, тәртібі және оларды төлеу мерзімі республика Үкіметімен белгіленді. Әр бір сақтандырушыға республика бойынша қор бөлімшелерімен біріңғай үлгідегі міндетті денсаулық сақтандыру полисі берілді.

Денсаулық сақтау жүйесі қызметін әрі қарай заңды түрде қамтамасыз ету үшін негіз болып, «ҚР халқының денсаулығын сақтау туралы» ҚР 1997 жылы 19 мамырдағы Заңы табылады. Берілген Заңның 4 бабына сәйкес, азаматтардың денсаулығын сақтау облысындағы мемлекеттік саясаттың принциптері келесідей басымдылықтармен анықталды:

  • мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз ету және денсаулық сақтау

облысында азаматтардың құқығын сақтау;

  • кепілдік беру шеңберіндегі қолжетімділік;

  • оларды жүзеге асыру жауапкершілігі;

  • денсаулығынан айырылған жағдайда азаматтардың әлеуметтік

қорғалуы;

  • медициналық көмектің кепілдік берілген шеңберінде медициналық

көмек алуда әлеуметтік әділеттілік және теңділік;

  • жеке меншік формасына қарамастан, халықтың қажеттілігіне және

ұйымдар үшін теңдей жағдай жасауға сәйкес, денсаулық сақтауды дамыту;

  • азаматтардың денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз

ететін орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, жұмыс берушілердің, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі;

  • азаматтардың денсаулығына келтірілген зиян үшін, медициналық

және фармацевтикалық жұмысшылардың, сондай-ақ медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысуға құқығы бар тұлғалардың жауапкершілігі;

  • өзінің және қоршаған тұлғалардың денсаулығын сақтау және

нығайтуда азаматтардың жауапкершілігі. [22]

Жұмыс берушілерге экологиялық амандық, азаматтардың еңбегін, тұрмысын және демалысын қамтамасыз ету; санитарлық ережелермен нормаларды, гигиеналық нормативтерді сақтау, өндірістік кеңселер мен аймақты ұстау; тұрғындарды өндірістің зиян факторларымен ақпараттандыру; азаматтардың денсаулығына келтірілген зиян және тағы басқалары бойынша жауапкершілік жүктеледі.

Азаматтардың денсаулығын сақтауды, денсаулық сақтаудың мемлекеттік жүйесін, жеке медициналық тәжірибемен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың өкілеттігін, лицензияны беру тәртібін, сондай-ақ халықты экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық саулықпен және радиациялық қауіпсіздікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру Заңмен анықталған.

Берілген Заң ҚР азаматтарының денсаулығын сақтаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін анықтады, денсаулық сақтауда азаматтардың конституциялық құқығын жүзеге асыруда жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың қатысуын реттеді және денсаулық сақтау облысында нормативті-құқықтық актілерді әрі қарай дайындау үшін негіз болды. Кейінгі жылдары осы Заңға сәйкес «Халықтың денсаулығы» деп аталатын мемлекеттік бағдарлама әзірленді, оған мынадай, яғни көкірек ауруы бойынша, ЖҚТБ профилактикасы бойынша, иммунопрофилактика бойынша, ана мен баланы сақтау бойынша, алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету бойынша кіші бағдарламалар жатады. Сонымен қатар, медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы әзірленді.

Президент Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау облысында жүзеге асыратын негізгі міндеттерді атап көрсетті:

  • нәтижелілікке қол жеткізу және басқару, қаржыландыру, үйлестіру

механизмдерін қайта қарастыру жолымен медициналық қызметтердің және денсаулық сақтау саласындағы бақылаудың сапасын жоғарлату. Сонымен қатар, қоғам үшін ашылған медициналық мекемелерге есептілік жүйесін және ішкі бақылау, сыртқы аудит жүйесін енгізу қажет деді.

  • өмірдің орташа ұзақтығын жоғарлату үшін, бала және ана өлімі

көрсеткіштерін төмендету, көкірек ауруымен ауру деңгейін және ЖҚТБ ауруларының өсу темпін төмендету бойынша бағдарламалар дайындау;

  • алғашқы медициналық дайындық барлық мектептің және

унивеситеттің оқу жоспарларының міндетті бөлігі болуы қажет. Осыған байланысты, сондай-ақ сау өмір бейнесі сұрақтары бойынша, халықтың білім және ақпараттандырылу деңгейін жоғарлату қажет;

  • алдағы үш жылдықта Қазақстанның аймақтарында мемлекеттік-

жеке серіктестік механизмін пайдалана отырып, 100 аурухана салу қажет;

  • халыққа қол жетімді медициналық қызмет көрсету және

медициналық сақтандыру бойынша бәсекелес нарығын дамыту үшін, ынталандыру шаралары жасалуы қажет. [22]

Бүгін мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаты, оның ішінде денсаулық сақтау саласы өз қызметінің соңғы нәтижеге бағытталуы бойынша, яғни денсаулықты сақтау және нығайту бойынша жаңа деңгейге шығуда.