Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аймақтың әлеум саясаты дәрістер -1.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.12 Mб
Скачать

2. Маңғыстау облысында тұрғын үй саясатын дамытудың негізгі бағыттары

Маңғыстау облысы тұрғын үй нарығы жалпы республика бойынша жүргізілген жекешелендіруден кейін дамыды, нарықтағы жағдай макро- және микроэкономикалық факторларға байланысты болды, олар:

біріншіден-облыс тұрғындарының соңғы жылдар аралығындағы табысы өсті, табыс өсімінен тұрғындардың төлемқаблеттілігі, сұранысы артты;

екіншіден- жылжымайтын мүлікке инвестициялау әсері, Қазақстанда озық банк жүйесі мен құнды қағаздар нарығы қызмет етпеді, ал тұрғын үй нарығы капиталды сақтау, көбейтудің бірден-бір көзі болды;

үшіншіден — тұрғындар санының, төлемқабілеттіліктің өсуі тұрғын үйге деген сұраныс мәселесінің туындауына әкелді;

төртіншіден-екінші деңгейлі банктердің қаражатты орналастырудағы мүдделерінің болуы нарыққа оң ықпал етті, бұл қаражаттың нарыққа көптеп тартылуына, облыс орталығындағы тұрғын үй бағасының, жаңа жобадағы құрылысының өсуіне біртіндеп әсер етті;

бесіншіден — тұрғын үй құрылысы, нарығы мен экономиканың белсенділігі саланың дамуына оң ықпал етті.

Маңғыстау облысында тұрғын үй қорының жалпы көлемі 4636,7 мың кв.метрді құрайды, оның ішінде қалаларда – 3604,1 мың кв.метр, ауылдық жерлерде – 1032,6 мың кв.м. Көп пәтерлі үйлердің үлесіне 3236,8 мың кв.м. немес 69,8 %, жеке тұрғын үйлер үлесіне – 1399,9 мың кв.м. немесе 30,2% келеді. Тұрғын үй қорының 97,1 % жеке меншікке берілген.

Тұрғын үй құрылысына 2000 – 2003 жылдары 5235,5 млн.теңге инвестиция бөлінді. Көрсетілген уақытта эксплуатацияға жалпы көлемі 340,5 мың кв.м. құрайтын тұрғын үй берілді. 2003 жылы 122 мың кв.м. тұрғын үй енгізілді, оның ішінде Ақтау қаласына – 20,3 мың кв.м., Жаңаөзен қаласына – 49,4 мың кв.м., Маңғыстау ауданына – 5,5 мың кв.м., Бейнеу ауданына – 41,5 мың кв.м., Қарақия ауданына – 3,8 мың кв.м., Түпқараған ауданына – 1,5 мың кв.м. 2003 жылы енгізілген тұрғын үйлер облыстың, қаланың және ауданның жоспарлы тапсырмаларын жүзеге асыру үшін негіз болды.

Мемлекет тұрғын үй құрылысына негізгі қатысушы болудан қалды. Оның жалпы тұрғын үй құрылысының көлемінен алатын үлесі 2006 жылы - 9 %, 2007 жылы - 13,4 %, 2008 жылы - 5 % құрады. Негізгі тұрғын үй көлемі жеке құрылыс салушылармен енгізілді. [45]

Қазіргі кезде Маңғыстау облысында екінші деңгейлі банктермен тұрғын үй құрылысын несиелендіру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. 2006 жылы 1 951 млн.теңге соммасына 1341 ипотекалық несие алынды, оның үлкен бөлігі екінші нарықта тұрғын үй сатып алуға бағытталған. 2007 жылдың басында тұрғын үй құрылысына және тұрғын үй сатып алу үшін 240 млн.теңге соммасына 160 жанұя ипотекалық несие алды.

Несие мерзімі 1 ден 7 жылға дейін, сыйақы ставкасы теңгемен жылдық 13 тен 20 % дейін және шетел валютасымен жылдық 16,5 тен 19 % дейін, бастапқы жарнасы 20 % құрайды.

2005 -2007 жылдарға ипотекалық несиелендіру жүйесі арқылы тұрғын үй құрылысына 500 млн. теңге бөлу жоспарлануда.

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін, ипотекалық несие ұсыну жолымен және тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі арқылы табыс деңгейі төмен тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша, екінші деңгейлі банктермен бірлескен жұмыстар ұйымдастырылуда. Тұрғын үй құрылысының статистикасына сүйенер болсақ, ол жеке тұрғын үй құнының жылдан жылға өсіп отырғанын көрсетеді. Халық жеке тұрғын үй мәселесін шешуге белсенді қатыса бастады, яғни бұл халық жағдайының жақсарғанын білдіреді.

2005 -2007 жылдары облыста халық қаражаты есебінен 283 мың кв.м. немесе осы жылдары енгізілген тұрғын үйдің жалпы көлемінен 83 % тұрғын үй салынды. [46]

2008 жылы жеке тұрғын үй құрылысына облыс бойынша барлығы 1610 жер учаскелері берілді. Осы берілген учаскелердің көбінде құрылыстар белсенді жүргізілуде. Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу кезегінде тұрғандар саны қазіргі кезде 6 495 адамды құрайды. Соңғы жылдары Каспий теңізі шельфін игере бастағанда, негізгі капиталға, оның ішінде тұрғын үй құрылысына, ірі зауыттар құрылысына инвестиция салу бойынша, яғни облыста экономиканың тұрақты дамуына байланысты, кәсіпорындардың жеке қаражаттарының үлесінің өсуі байқалады. Бұл кәсіпорындармен орташа және жоғары табысы бар сатып алушылармен жүзеге асырылатын тұрғын үйлер эксплуатацияға енгізіледі.