Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аймақтың әлеум саясаты дәрістер -1.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.12 Mб
Скачать

Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

1. Халықты жұмыспен қамту мемлекеттік қызмет органына бару.

Мұның мақсаты студенттерді халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік қызмет органдарының тұрғындармен жұмыс жасау технологиясымен таныстыру, мемлекеттік жұмыспен қамту саясатының негізгі бағыттарымен (жұмысқа орналастыру, кәсіби дайындау және қайта дайындау, материалдық қолдау және т.б.) таныстыру болып табылады. Нәтижесінде арнайы семинар өткізіліп, студенттер халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік қызмет органдарының жұмысын жетілдіру бойынша өзұсыныстарын білдіреді.

2. Эссе «Жұмыспен қамту туралы заңға қандай өзгерістер енгізуге болады?».

Студенттер халықты жұмыспен қамту туралы заңның кемшіліктеріне субъективті баға беріп, оны жетілдіру бойынша ұсынстарын негіздейді.

3. Іскерлік ойын «Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары сферасындағы әлеуметтік саясатты талдау»

Аталған бағыттың экономикамен және жұмысбастылық мәселелерімен тығыз байланысын назарға ала отырып тақырыпты жұмыспен қамтудың экономикалық теориясынан, «жұмыс күшінің бәсекеге қабілеттілігі», «толық емес жұмысбастылық», «жұмыссыздық», «еңбек ақы» категорияларынан бастаған дұрыс. Нарықтық экономика жағдайында халықтың жұмыспен қамтылуына ықпал ету мақсатында мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан шаралар жүйесіне сипаттама беру қажет, осы жүйенің элементтері мен заңнамалық базасына, халықты жұмыспен қамту орталықтарының рөлі мен қызметіне, сонымен қатар жұмыссыздық мәселесін шешудегі мемлекет пен жеке кәсіпорындардың әлеуметтік серіктестігіне де сипаттама берілуі тиіс. Одан әрі еңбек қатынастары сферасындағы саясаттың негізгі белгілерін анықтау, осы саладағы мәселелерді талдау ұсынылады. Шетелдік тәжірибені талдау білімді тереңдете түседі.

Тақырыпты еңбек төлемі сферасындағы саясатты зерттеу аяқтайды. Бұл жерде еңбек төлемі мәселелерін, еңбекті қорғау мен әртүрлі экономика сфераларындағы еңбек жағдайларын талдау аса маңызды. Сабақты мемлекеттік және аймақтық деңгейдегі еңбек қатынастары сферасына қатысты саясаттың жағдайы туралы пікір талас түрінде аяқтауға болады.

Бақылау сұрақтары

  1. Халықты жұмыспен қамту және еңбек қатынастары түсінігі.

  2. Жұмыссыздық, толық емес жұмысбастылық.

  3. Еңбек қатынастары сферасындағы әлеуметтік саясат.

  4. Халықтың жұмыспен қамтылуына ықпал ету.

Тақырып 8. Әлеуметтік саладағы тұрғын үй саясаты

1. Тұрғын үй саясаты және оның бағыттары

2. Маңғыстау облысында тұрғын үй саясатын дамытудың негізгі бағыттары

Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

Бақылау сұрақтары

  1. Тұрғын үй саясаты және оның бағыттары

Тұрғын үйлер халық байлығын құрайды, тұрғындарға қызмет ете отырып басты қажеттіліктерін қанағаттандырады, сонымен қатар жылжымайтын мүлікке салық салу объектісі ретінде өз құнының белгілі пайызын бюджетке түсіреді және тұрғын үй операцияларының әр қайсысынан алынған пайыз да бюджетке салық ретінде төленеді. Бұл тұрғын үйдің әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын көрсетеді, тұрғын үй саласы ел экономикасының мүддесіне бағытталған, экономиканың көптеген басқа салаларының тиімді қызмет етуіне әсер ететін және әлеуметтік жағдайларды қарастыратын сала болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстандықтардың тұрғын үй жөніндегі талғамы өзгеріп, жоғарлап келеді, тұрғындар сапалы үйлерде тұруға ұмтылады, сонымен қатар халық санының артуымен тұрғын үй тапшылығы да басты мәселеге айналған.

Тұрғын үй саласын дамыту мемлекеттің саяси маңызды міндеттерінің бірі, бұл Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының басым бағыттарында көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауларында да тұрғындардың баспана жағдайы, тұрғын үймен қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі болып қарастырылады.

Тұрғын үй нарығы жалпы жылжымайтын мүлік нарығына қарағанда сол аймақтағы, елдегі тұрғындардың қажеттілігін қанағаттандыруға, әлеуметтік, тұрмыстық жағдайына тікелей бағытталған. Табысқа қарағанда жоғары бағалануы кейбір тұрғындарды баспанасыз қалдыруы да мүмкін, сондықтан бұл нарықтық экономикада мемлекет тарапынан басқаруды қажет етеді, яғни жеңілдіктер мен мемлекеттік қолдаулар арқылы. Бұл жоғары бағадағы, нарықтық экономикасы дамыған елдердің өзінде кездесетін жай. Қазақстандық нарықтың дамуы, тұрғын үйлерге бағаның белгіленуі 1991ж. бастап, нарықтық экономиканың қағидасына сәйкес, сұраныс пен ұсыныс бойынша жүрді, бастапқыда бұл тұрғын үйдің төмен бағада сатылуына әкеліп, құрылыс компанияларын шығынға ұшыратты да, одан кейінгі жылдары нарықта тұрғын үй сауда-саттығымен айналысушылардың қызметі дами бастады.

Қазіргі тұрғын үй нарығының инфрақұрылымы даму үстінде, нарықта көптеген институттар қызмет етеді, олардың қызмет ету бағыттарын талдау елдің-әлеуметтік экономикалық мәселелерін шешуде қажетті болып табылады.  Қажетті тұрғын үймен қамтамасыз ету саясаты қазіргі батыс елдерінде әлеуметтік саясаттың құралы ретінде қарастырылады. Жылдам және тез шешілетін тұрғын үй мәселелері жұмыс күшінің аймақтық ептілігін күшейтеді, яғни бұл маңызды құрылымдық өзгерістер жағдайында ерекше маңыздылыққа ие, немесе өндіріс тиімділігін жоғарлатады.

Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгi жылдары iшiнде тұрғын үй құрылысы Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясының басым бағыттарының бiрi болып танылды және жалпыұлттық сипаттағы ең маңызды мiндеттердiң бiрi болып табылады.       Екi мыңыншы жылдардың ортасынан бастап Қазақстан Республикасының Үкiметi тұрғын үй құрылысын дамыту бойынша бiрқатар құжаттарды қабылдады, олардың iшiндегi негiзгiлерi:       1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi – 2005 - 2007 жылдардағы бағдарлама);       2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi – 2008 - 2010 жылдардағы мемлекеттiк бағдарлама);       3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 қыркүйектегi № 1004 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасы;       4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 329 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi – 2011 - 2014 жылдардағы бағдарлама).       2005 – 2007 жылдардағы мемлекеттiк бағдарламаның негiзгi бағыттары тұрғын үйдiң құнын арзандату арқылы халықтың қалың жiгi үшiн қолжетiмдi тұрғын үй құрылысының тұрақты өсу қарқынын қамтамасыз ету, тұрғын үйге кредит беру мерзiмдерiн ұзарту, кредит берудiң бастапқы жарнасы мен ставкаларын азайту болып табылады.       2005– 2007 жылдардағы мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру орта тап пен халықтың әлеуеттiк қорғалған жiгi үшiн тұрғын үй салуды ынталандыруға: азаматтардың басым құқық берiлген санаттары (балалары бар жас отбасылары, мемлекеттiк органдар мен мекемелердiң қызметкерлерi және әлеуметтiк саланың мемлекеттiк кәсiпорындары қызметкерлерi) үшiн мемлекеттiк қаражат есебiнен сату құны бiр шаршы метр үшiн 56515 теңгеден аспайтын коммуналдық және қолжетiмдi тұрғын үй салуға, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға, жеке капитал инвестицияларын тарту есебiнен тұрғын үй салуға бағытталған шараларды қабылдау арқылы жүзеге асырылды.       2005 – 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаның шеңберiнде Ипотекалық кредит берудiң арнайы бағдарламасы әзiрлендi және ипотекалық кредит берудiң мынадай мақсатты шарттарына қол жеткiзiлдi:       1) сыйақы ставкасының көлемi – 10 %;       2) бастапқы жарна көлемi – 10 %;       3) ипотекалық кредит мерзiмi – 20 жыл.       Тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешендi шешу мақсатында республикада жер учаскелерiн беру рәсiмдерiн жетiлдiруге және тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарды инженерлiк-коммуналдық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталған жұмыс жүргiзiлдi.       2006 – 2007 жылдары инженерлiк-коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға жергiлiктi атқарушы органдардың бюджеттерiне 50,5 млрд. теңге сомасында нысаналы трансферттер бөлiндi. Нәтижесiнде 3,3 мың км инженерлiк желi салынды. Бұдан басқа, көптеген өңiрлерде трансформаторлық қосалқы станциялар, күш трансформаторлары, жылу камералары, шаруашылық-нәжiстiк кәрiз коллекторлары, сорғы станциялары пайдалануға берiлдi.       Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 1 тамыздағы № 726 қаулысымен жер учаскелерiн бөлудiң жеңiлдетiлген тәртiбiн көздейтiн Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiне құқық беру ережесi бекiтiлдi.       2005 жылғы 1 қаңтардан бастап 221594 учаске бөлiндi, оның iшiнде жас отбасыларына 59599 учаске (33 %), мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiне – 13942 (28 %), әлеуметтiк сала кәсiпорындарының қызметкерлерiне – 30874 (35 %) бөлiндi.       2005 – 2007 жылдардағы мемлекеттiк бағдарламаның шеңберiнде өткiзiлген iс-шаралардың арқасында тұрғын үй құрылысының қарқыны өстi, инвестиция үшiн тұрғын үй құрылысының тартымдылығын арттыратын жағдай және қолжетiмдi тұрғын үй салу, кейiн басым құқық берiлген азаматтарға сату үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға кредит беру тетiгi жасалды, ипотекалық кредит беру құралдары, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесi, ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру жүйесi пайдаланылды, коммуналдық тұрғын үй салу қайтадан басталды.       Қазақстан Республикасының мынадай заңдары қабылданды:       1) тұрғын үйдiң жалдау секторын дамыту үшiн жағдай жасауды көздейтiн «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үйдiң жалға берiлетiн секторын дамыту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2006 жылғы 7 шiлдедегi № 182 Заң.       Осы Заң республикада жалға берiлетiн үйлердiң құқықтық мәртебесiн, жалдау шартын, жергiлiктi атқарушы органдардың тұрғын үйдi жалдау тетiгiн, жалға берiлетiн тұрғын үй құрылысын салықтық ынталандыруды белгiлейдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлiк қорларының құқықтық ережесiн, жұмыс iстеу ерекшелiгiн айқындайды;       2) Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау кепiлдiгiн белгiлейтiн, «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» 2006 жылғы 7 шiлдеде № 180 Заң.       2005 – 2007 жылдары қаржыландырудың барлық көздерi бойынша тұрғын үй құрылысына 1113 млрд. теңге инвестиция жұмсалды.       2005 – 2007 жылдардағы мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудың қорытындысы бойынша 15,8 млн. шаршы метр тұрғын үйдi iске қосу жоспарланған, iс жүзiнде жалпы алаңы 17,9 млн. шаршы метр тұрғын үй iске қосылды (жария етумен – 19,3 млн. шаршы метр), тапсырманы асыра орындау 13 % (жария етумен – 22 %).       Сонымен, 2005 – 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама өзiнiң тұрғын үй құрылысын ынталандыру деген негiзгi мiндетiн орындады.       2008 – 2010 жылдардағы мемлекеттiк бағдарламадада аз қамтамасыз етiлген азаматтарды және басым құқық берiлген санатқа жататын азаматтарды тұрғын үйдiң жалпы алаңының 1 шаршы метрi үшiн 56515 теңге деген бағада тұрғын үймен қамтамасыз етуге басты назар аударылды.       Азаматтардың көпшiлiгiнде бастапқы жарнаны төлеуге қаражат жоқ екенiн ескере отырып, оларға кредит беру тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесi арқылы алдын ала қарыздарды пайдаланып жүзеге асырылып жатыр.

Үкiмет әлеуметтiк-экономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнiндегi бiрiншi кезектегi iс-қимылдар жоспарын бекiткен болатын, оған елiмiздiң ипотекалық нарығында тұрақтылықты қамтамасыз ету, үлескерлердiң құқықтарын қорғау және құрылыс объектiлерiн аяқтау жөнiндегi шаралар кiрдi.       Үлескерлердi қолдау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi үлестiк құрылысты 263,4 млрд. теңге сомасында бюджеттiк қаржыландыру бойынша кешендi шаралар қабылдады (01.01.2011 жылғы жағдай).       Нәтижесiнде, егер 2007 жылғы 4-тоқсанда, дүниежүзiлiк дағдарыс басталған сәтте республикада 450 тұрғын үй кешенi (62889 үлескер) салынып жатса, ендi 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 58 объектiнi (13650 үлескер) салып бiтiру қажет болды.       Бюджет қаражатын үлестiк құрылысқа құю – бұл қоғамдағы әлеуметтiк шиеленiстiң алдын алу қажеттiлiгiнен туындаған бiр жолғы акция екенiн атап өту керек.       Үлестiк құрылыста өзара қатынастарды реттеу үшiн одан әрi бюджеттiк шығындарға жол бермейтiн жүйелi шара ретiнде үлестiк құрылысты регламенттейтiн қолданыстағы заңнама қатаңдатылды – 2009 жылғы 11 шiлдеде «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.       Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдаған шаралардың арқасында коммерциялық тұрғын үй объектiлерiнiң құрылысы аяқталды, бұл 2008 – 2010 жылдары жеке меншiк нысанындағы кәсiпорындардың тұрғын үйдi iске қосу қарқынының өсуiн қамтамасыз еттi.       2011 жылдан бастап тұрғын үй құрылысын одан әрi дамыту бастапқыда Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндiрiсiн дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаның шеңберiнде көзделген болатын. оның негiзгi мақсаты елiмiзде құрылыс индустриясының индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз ету, тұрақты және теңгерiмделген құрылыс материалдарын өндiру болып табылады. Бұл ретте тұрғын үй құрылысының мәселелерi кейiнге қалдырылды. Сонымен бiрге, 2008 жылдан бастап тұрғын үй құрылысына жеке инвестициялардың төмендегенi байқалды, олардың есебiнен дағдарысқа дейiнгi кезең iшiнде тұрғын үйдiң 87 % салынған болатын (оның iшiнде ЖТҚ 60 %). Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi жүргiзген талдау 2012 жылы тұрғын үй құрылысының көлемi күрт төмендейдi деп күтiлiп отырғанын, бұл өз кезегiнде тұрғын үй бағасының өсуiне алып келетiнiн көрсеттi.

Тұрғын үй құрылысының көлемiн сақтап қалу, оған жеке инвестициялар тартуды ынталандыру, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесiн мүмкiндiгiнше кеңiнен пайдалану, инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым салуды жалғастыру, сондай-ақ басқа мiндеттердi шешу үшiн 2011 жылғы 31 наурызда Үкiмет Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекiттi.

 2011 – 2014 жылдарға арналған бағдарламада тұрғын үй құрылысының негiзгi қағидаттары және жергiлiктi атқарушы органдардың және тұрғын үй құрылыс жннақтары жүйесiнiң қатысуымен тұрғын үй салуы және сатуы, құрылысты қаржыландыру үшiн екiншi деңгейдегi банктердi қорландыру бағыттары белгiленген, жалға берiлетiн тұрғын үйдi салу және инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тартуды ынталандыру жалғасып жатыр.       Тұрғын үй құрылысының қарқынын сақтап қалуға мүмкiндiк беретiн тетiктердiң бiрi тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесiн дамыту болып табылады. Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесiн және жалпы тұрғын үйдiң коммерциялық секторын дамыту жөнiндегi жұмыстар басталды. Оның нәтижелерi бойынша таза әрленген тұрғын үйдiң бiр шаршы метрiнiң құны Алматы қаласында 142,5 мың теңге, Астана, Ақтау, Атырау және Өскемен қалаларында 112,5 мың теңге, қалған өңiрлерде 90 мың теңге шегiнде болатын ҚТҚЖБ-ның қатысуымен жергiлiктi атқарушы органдар арқылы кредиттiк тұрғын үй салудың жаңа схемасы әзiрлендi.