- •Тақырып 1. Әлеуметтік саясаттың ғылыми-әдістемелік негіздері
- •2. Әлеуметтік саясаттың негізгі принциптері.
- •3. Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттары.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. «Әлеуметтік саясат және қоғамдық даму» тақырыбына реферат.
- •Тақырып 2. Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •1. Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •Әртүрлі экономикалық жүйелердегі әлеуметтік саясаттың негізгі ережелері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын: «Әлеуметтік саясатты қалай реформалауға болады?»
- •2. Мемлекеттің әлеуметтік функциялары.
- •3. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының құқықтық негіздері.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. «Кезеңдік басылымдардағы әлеуметтік мәселелерге қатысты мақалаларды талқылау» іскерлік ойыны
- •Тақырып 4. Әлеуметтік қорғау
- •2. Әлеуметтік қорғау механизмі мен тиімділігі
- •3. Әлеуметтік қорғау субъектілері мен объектілері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Студенттерге шағын сауал: «Сіз мемлекеттің әлеуметтік қолдауына мұқтажсыз ба?».
- •2. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарындағы әлеуметтік қорғау органдарына бару
- •Тақырып 5. Аймақтық әлеуметтік саясаттың ерекшеліктері
- •2. Аймақтық әлеуметтік саясат
- •3. Аймақтың әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі
- •Сурет 2. Әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Эссе «Әлеуметтік саясат үлгілері және хх-ші жүз жылдықта олардың жүзеге асуы».
- •Тақырып 6. Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру
- •Медициналық сақтандыру
- •Зейнетақылық сақтандыру. Зейнетақы қорлары.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Тақырып 7. Еңбек және халықты жұмыспен қамту саласындағы саясат
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары түсініктері
- •Маңғыстау облысы тұрғындарын жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік саясат.
- •Маңғыстау облысының негізгі көрсеткіштері
- •Жалпы аймақтық өнім
- •Өнеркәсіптік өндіріс
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Халықты жұмыспен қамту мемлекеттік қызмет органына бару.
- •2. Эссе «Жұмыспен қамту туралы заңға қандай өзгерістер енгізуге болады?».
- •3. Іскерлік ойын «Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары сферасындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •Тақырып 8. Әлеуметтік саладағы тұрғын үй саясаты
- •Тұрғын үй саясаты және оның бағыттары
- •2. Маңғыстау облысында тұрғын үй саясатын дамытудың негізгі бағыттары
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Эссе «Менің әлеуметтік сараптамам».
- •2. Іскерлік ойын «Тұрғын үй сферасындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •Тақырып 9. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясат
- •Денсаулық сақтау әлеуметтік саясаттың бағыты ретінде
- •Маңғыстау облысындағы денсаулық сақтау саласының негізгі даму бағыттары
- •Денсаулық сақтау объектілері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •2. Іскерлік ойын «Денсаулық сақтауды Басқару есебінің негізгі көрсеткіштерін талдау»
- •Тақырып 10. Білім беру саласындағы саясат
- •Білім беру әлеуметтік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде
- •Маңғыстау облысындағы білім беру саласының дамуы
- •Білім беру объектілері
- •1. Іскерлік ойын «Білім беру саласындағы саясат».
- •Тақырып 11. Жастарға қатысты әлеуметтік саясат
- •Әлеуметтік жастар саясатының негізгі бағыттары
- •2. Маңғыстау облысында аймақтық әлеуметтік жастар бағдарламасын дамыту
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Муниципалды жастар саясаты».
- •Тақырып 12. Әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласындағы саясат
- •Әлеуметтік қызметтер ұсыну жүйесі
- •Қиын тұрмыс жағдайындағы тұлғаларға әлеуметтік қызмет көрсету
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Тақырып 13. Әлеуметтік саясатты қаржыландыру
- •Әлеуметтік саланы қаржылық қамсыздандыру
- •Әлеуметтік саясат бюджеті және оның қалыптасу көздері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Әлеуметтік бюджетті құру».
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Глоссарий
- •Маңғыстау облысындағы білім беру саласының стратегиялық бағыттары, мақсаты және міндеттері [59, 60, 62, 66]
2. Әлеуметтік саясаттың негізгі принциптері.
Әлеуметтік саясат оның мазмұнына, өңдеу және жүзеге асыру формалары мен әдістеріне қойылатын талаптардың сипатын бейнелейтін принциптер жүйесіне негізделген:
гуманизм, әлеуметтік әділеттілік;
жүйелілік, үздіксіздік;
әлеуметтік саясатты жүзеге асыру мақсаттары мен мүмкіндіктерінің үйлесімділігі (уақыт бойынша, сондай-ақ қажетті ресурстар бойынша);
ашықтық (барлық қоғам мүшелерінің әлеуметтік саясат сұрақтары бойынша пікір таластарын ашық көрсету – басқару органдарының бұқара топтарымен «кері байланысының»);
әлеуметтік саясатты өңдеу және жүзеге асырудағы демократизм (ірі әлеуметтік-саяси шешім жобаларының ашық қарастырылуы, әлеуметтік өзгерістердің негізгі сұрақтары бойынша қоғамдық пікірді жан-жақты ашып көрсету);
әлеуметтік саясаттың жүзеге асырылуына қоғамның бақылау жүргізуі;
халықты әлеуметтік қорғау шараларының адресность, әлеуметтік аз қамтылған бұқара топтарына көрсетілетін әлеуметтік көмекті күшейту.
Әлеуметтік саясаттың мазмұны, оның мақсаттары мен міндеттері дербес, бірақ тығыз байланысты саяси қызмет түрлері болып саналатын функциялар жүйесінде көрініс табады. Олардың маңыздыларының қатарына мыналар жатады:
әлеуметтік топтар мен қоғам мүшелерінің мүдделерін көрсету, қорғау, келісу;
әлеуметтік сферадағы қоғамдық қарама-қайшылықтарды ұтымды шешу, азаматтар мен мемлекет арасында «диалогты» жүзеге асыру;
әртүрлі бұқара топтарын интеграциялау, олардың мүдделерін үйлестіру, біртұтас қоғамдық жүйені, тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ету;
болжамдық;
халықты әлеуметтік қорғау;
әлеуметтік үрдістерді басқару және басқалар.
Функциялардың көмегімен әлеуметтік саясаттың басты міндеті қамтамасыз етіледі – қоғамдық қатынастарды үйлестіру, қоғамның әлеуметтік дамуын басқару жүзеге асырылады.
Әлеуметтік саясаттың құрылымын құрушы элементтер қатарына мыналар жатады:
әлеуметтік қамсыздандыру
әлеуметтік көмек
әлеуметтік қорғау
әлеуметтік жұмыс.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеті әлеуметтік топтар мен олардың ішіндегі қатынастарды қалыпты ұстау, қоғам мүшелерінің әл-ауқаты мен тұрмыс деңгейін арттыруға жағдай жасау, қоғамдық өндіріске қатысудың экономикалық стимулдарын қалыптастырудағы әлеуметтік кепілдемелерді қамтамасыз ету. Жалпы қоғамдық өндіріс жағдайларын реттеу мақсатында мемлекетпен жүргізілетін шаралардың құрама бөлігі ретінде орын алатын мемлекеттің әлеуметтік саясаты елдегі жалпы экономикалық жағдаймен тығыз байланысты екендігін де айта кету керек.
Кең мағынада, әлеуметтік саясат – бұл қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуге және елдегі барлық азаматтар үшін мүмкіндігінше бірдей «бастапқы жағдайлар» жасауға бағытталған макроэкономикалық реттеу бағыттарының бірі.
Әлеуметтік саясатты жүргізудің негізгі принциптері төмендегілер болып табылады:
1) баға жоғарылағанда әртүрлі өтемақы түрлерін енгізу және индексация жүргізу жолымен тұрмыс деңгейін қорғау;
2) ең кедей отбасыларына көрсетілетін көмекті қамтамасыз ету;
3) жұмыссыздық жағдайында көмек беру;
4) әлеуметтік сақтандыру саясатын қамтамасыз ету, ең төменгі еңбек ақыны белгілеу;
5) негізінен мемлекет есебінен білім беруді, денсаулық сақтауды, қоршаған ортаны қорғауды дамыту;
6) біліктілікті қамтамасыз етуге бағытталған белсенді саясат жүргізу.
Осылайша, әлеуметтік саясаттың мәні әлеуметтік топтар мен олардың ішіндегі қатынастарды қалыпты ұстаудан, қоғам мүшелерінің әл-ауқаты мен тұрмыс деңгейін арттыруға жағдай жасаудан, қоғамдық өндіріске қатысудың экономикалық стимулдарын қалыптастырудағы әлеуметтік кепілдемелерді қамтамасыз етуден тұрады.
Сондықтан әлеуметтік саясаттың маңызды міндеті мемлекет тарапынан, ең алдымен, аз қорғалған бұқара топтарын атаулы (яғни нақты бұқара топтарына арналған) әлеуметтік қорғау болып табылады. Аталған міндетті шешудің мақсаты салықтар мен әлеуметтік трансферттер механизмі арқылы белсенді (жұмыспен қамтылған) тұрғындар мен еңбекке жарамсыз азаматтар арасындағы ұтымды арақатынасты қамтамасыз ету болып саналады. [6]
