Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аймақтың әлеум саясаты дәрістер -1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.12 Mб
Скачать

Жалпы аймақтық өнім

Кесте 2

Атауы

2005

2006

2007

2008

2009

ЖАӨ (млн. теңге) 100%

432 225,2

593 994

756 591,8

1 095 816,2

717598,9

өнеркәсіп (млн. теңге)

284 559,3

395 701,8

451 608,7

693 906,3

410495,1

өнеркәсіп үлесі (%)

70,7

66,6

59,7

63,3

57,2

ауыл шаруашылығы (млн. теңге)

2 095,6

2 267,8

2 803,1

3 543,7

2444,5

ауыл шаруашылығының үлесі (%)

0,5

0,4

0,4

0,3

0,3

құрылыс (млн. теңге)

28 648,5

43 181

73 823,1

94 892,8

86374,3

құрылыстың үлесі (%)

7,1

7,3

9,8

8,7

12

сауда (млн. теңге)

10 312,8

12 764,7

18 342

23 207,9

21976,2

сауданың үлесі (%)

2,6

2,2

2,4

2,1

3,1

көлік және байланыс (млн. теңге)

22 194

33 356,6

41 769

51 766,6

50492,3

көлік пен байланыстың үлесі (%)

5,6

5,6

5,5

4,7

7,1

басқа да қызметтер (млн. теңге)

84 415,0

106 722,1

168 245,9

228 489,9

119459,2

басқа да қызметтердің үлесі (%)

13,5

17,9

22,2

20,9

16,6

Жан басына шаққандағы ЖАӨ (мың теңге)

1 174,2

1 552,9

1 896,2

2 631

1658,4

2009 жылы облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен 1269,4 млрд. теңге өнеркәсіптік өнім өндірілді. Өнеркәсіптік өнімнің физикалық көлемінің индексі 100% құрады. Облыстың үлесіне елдің өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлемінің 15%-ы келеді.

2009 жылы облыстың өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарымен 66 млрд. теңге өнім өндірілді (жалпы көлемнің 5,2%-ы). Облыстың өңдеуші өнеркәсібі тамақ өнімдерінің, текстиль және тігін өнеркәсібімен, резина және пластмасс бұйымдардың өндірісімен, машина жасаумен, химия өнеркәсібімен және басқа да өнеркәсіп салаларымен бейнеленген.

Облыс көмірсутекті шикізатты экспортқа шығарушылардың бірі болып саналады. Негізгі мұнай экспорттаушылар - «Өзенмұнайгаз» ӨФ, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Арман» ЖШС БК, «Қарақұдұқмұнай» ЖАҚ. Мнай негізінен Швейцарияға, Виргин аралдарына, Италияға, Ұлыбританияға, Гибралтар, Багам аралдарына жіберіледі

.

Өнеркәсіптік өндіріс

Кесте 3

Атауы

2005

2006

2007

2008

2009

Сала кәсіпорындарының саны - барлығы (бірлік), соның ішінде:

612

674

734

781

823

ірі (%)

9,1

9,8

10,5

10,8

3,5

орташа (%)

22,6

22,1

24,1

20,1

7,8

шағын (%)

68,3

68,1

65,4

69,1

88,7

Саладағы жұмыспен қамтылғандар саны (мың адам)

49,9

49,1

54

47,4

48,5

Саладағы орташа еңбек ақы (теңге)

94 885

102 902

111 160

135 476

154 274,0

Шығарылатын өнім көлемі (млн. теңге)

767 801

967 322

1 102 576

1 533 230

1 269 397

Салаға инвестициялар (млн. теңге)

115 297

155 799

174 444

189 019

182 648

Өңдеуші сектордың ірі кәсіпорындарына мыналар жатады: химиялық кешен («КазАзот» ЖШС), металлоконструкция шығаратын зауыт «Keppel Kazakhstan» ЖШС, әйнек талшықты құбырлар зауыты («АӘТҚЗ» ЖШС), әйнек пластикалық құбырлар зауыты («ӘПҚЗ» ЖШС), құю зауыты («АЛЗ» ЖШС), «Каспий маңы машина жасау кешені» ЖШС.

Жеңіл өнеркәсіптің негізгі кәсіпорындары қатарына мыналар жатады – тігін өнімдері мен аяқ киім шығаратын «Жамал-ай» АҚ, арнайы киімдер тігуге ғана маманданған «Жанарыс» ЖШС.

Тамақ өнеркәсібінің негізгі кәсіпорындары - «Ақтау-сүт» ЖШС, «Гурман» ЖШС, сүт өнімдерін өндіретін «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС, «Волна» Ақтау кондитерлік фабрикасы, нан және нан өнімдерін шығаратын «Мағаш» ЖШС.

Облыста құрылыс материалдары да шығарылады– мрамор мен ақ тас, гранит, құм, шебін, қайыршақтас. Бетон өндірумен «Түпқараған» ЖШС, бетона және темір бетон бұйымдарын шығарумен - «УПП» ЖШС, «Теміртас» АҚ, шебін өндірумен - «Карьертау» ЖШС айналысады. Есік, терезе, есік және терезе жақтауларын, құрылыс конструкцияларын дайындайтын кәсіпорындар да бар. [46]

«ҰК «КазМунайГаз» АҚ Ақтау пластмасса зауыты негізінде жол битумдары өндірісінің жобасын жүзеге асыруды бастады. Бұлзауыттың қызмет етуі облыстың барлық автокөлік жолдарының құрылысы мен оларды жөндеу мәселелесін шешеді. Облыстың өнеркәсіптік өнімінің жалпы көлемінің 2,8%-ын электр энергиясы, газ және су өндіру мен бөлістіру құрайды. Бұл экономикалық қызмет түрінің негізгі өкілі - «МАЭК-Казатомпром» ЖШС облыстағы тұтынушылардың 90%-дан астамын қамтамасыз етіп отырған жалғыз энергия өндіруші кәсіпорын. Облыста республикадағы жалғыз халықаралық Ақтау теңіз сауда порты қызмет етеді. Қазіргі уақытта теңіз порты арқылы 9 млн.тоннадан аса мұнай өнімдері мен 1,5 млн.тонна құрғақ жүктер тасымалы жүзеге асырылады.

Аймақ бұрынғыша инвесторлар үшін тартымды болып табылады. 2009 жылы «Fitch» халықаралық рейтинг агенттігімен облыстың инвестициялық рейтингі бұрынғыша тұрақты деңгейде бекітілді.

Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму Стратегиясы шеңберінде 2009 жылы Ақтау құю зауытының прокаттық цехы («АЛЗ» ЖШС), кеме жасау зауыты («Керреl Kazakhstan» ЖШС), мұнай және газ өнеркәсібіне қызмет көрсету бойынша тұрба құбырларын өңдеу өндірістік базасы (ТОО «GММОС») және Форт-Шевченко қаласында темір-бетон бұйымдарын жасау зауыты («Түпқараған» ЖШС) пайдалануға берілді. Жобалардың жалпы сметалық құны 136 млн. АҚШ долларын, жаңа жұмыс орындарының саны – 1538 құрайды.

«30 корпоративтік көшбасшылар» бағдарламасы шеңберінде Маңғыстау ауданының Шетпе селосында «Каспий Цемент» ЖШС-нің «Цемент зауытынң құрылысы» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жобаның сметалық құны 353 млн. долл. 400 жаңа жұмыс орындарын құру көзделіп отыр.

Соңғы жылдары орын алып отырған тұрақты экономикалық даму мен тұрғындардың тұрмыс халінің жақсаруы облыстағы демографиялық жағдайдың тұрақтануына ықпал етті. Халық санының өсімі, еңбекке қабілетті тұрығндар санының артуы адам әлеуетін дамыту, өндіргіш күштерді аумақтық орналастыру, экономикалық стратегияларды өңдеу бағдарламалын жүзеге асыруға оң ықпал етеді.