- •Тақырып 1. Әлеуметтік саясаттың ғылыми-әдістемелік негіздері
- •2. Әлеуметтік саясаттың негізгі принциптері.
- •3. Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттары.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. «Әлеуметтік саясат және қоғамдық даму» тақырыбына реферат.
- •Тақырып 2. Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •1. Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •Әртүрлі экономикалық жүйелердегі әлеуметтік саясаттың негізгі ережелері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын: «Әлеуметтік саясатты қалай реформалауға болады?»
- •2. Мемлекеттің әлеуметтік функциялары.
- •3. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының құқықтық негіздері.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. «Кезеңдік басылымдардағы әлеуметтік мәселелерге қатысты мақалаларды талқылау» іскерлік ойыны
- •Тақырып 4. Әлеуметтік қорғау
- •2. Әлеуметтік қорғау механизмі мен тиімділігі
- •3. Әлеуметтік қорғау субъектілері мен объектілері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Студенттерге шағын сауал: «Сіз мемлекеттің әлеуметтік қолдауына мұқтажсыз ба?».
- •2. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарындағы әлеуметтік қорғау органдарына бару
- •Тақырып 5. Аймақтық әлеуметтік саясаттың ерекшеліктері
- •2. Аймақтық әлеуметтік саясат
- •3. Аймақтың әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі
- •Сурет 2. Әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Эссе «Әлеуметтік саясат үлгілері және хх-ші жүз жылдықта олардың жүзеге асуы».
- •Тақырып 6. Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру
- •Медициналық сақтандыру
- •Зейнетақылық сақтандыру. Зейнетақы қорлары.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Тақырып 7. Еңбек және халықты жұмыспен қамту саласындағы саясат
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары түсініктері
- •Маңғыстау облысы тұрғындарын жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік саясат.
- •Маңғыстау облысының негізгі көрсеткіштері
- •Жалпы аймақтық өнім
- •Өнеркәсіптік өндіріс
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Халықты жұмыспен қамту мемлекеттік қызмет органына бару.
- •2. Эссе «Жұмыспен қамту туралы заңға қандай өзгерістер енгізуге болады?».
- •3. Іскерлік ойын «Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары сферасындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •Тақырып 8. Әлеуметтік саладағы тұрғын үй саясаты
- •Тұрғын үй саясаты және оның бағыттары
- •2. Маңғыстау облысында тұрғын үй саясатын дамытудың негізгі бағыттары
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Эссе «Менің әлеуметтік сараптамам».
- •2. Іскерлік ойын «Тұрғын үй сферасындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •Тақырып 9. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясат
- •Денсаулық сақтау әлеуметтік саясаттың бағыты ретінде
- •Маңғыстау облысындағы денсаулық сақтау саласының негізгі даму бағыттары
- •Денсаулық сақтау объектілері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •2. Іскерлік ойын «Денсаулық сақтауды Басқару есебінің негізгі көрсеткіштерін талдау»
- •Тақырып 10. Білім беру саласындағы саясат
- •Білім беру әлеуметтік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде
- •Маңғыстау облысындағы білім беру саласының дамуы
- •Білім беру объектілері
- •1. Іскерлік ойын «Білім беру саласындағы саясат».
- •Тақырып 11. Жастарға қатысты әлеуметтік саясат
- •Әлеуметтік жастар саясатының негізгі бағыттары
- •2. Маңғыстау облысында аймақтық әлеуметтік жастар бағдарламасын дамыту
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Муниципалды жастар саясаты».
- •Тақырып 12. Әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласындағы саясат
- •Әлеуметтік қызметтер ұсыну жүйесі
- •Қиын тұрмыс жағдайындағы тұлғаларға әлеуметтік қызмет көрсету
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Тақырып 13. Әлеуметтік саясатты қаржыландыру
- •Әлеуметтік саланы қаржылық қамсыздандыру
- •Әлеуметтік саясат бюджеті және оның қалыптасу көздері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Әлеуметтік бюджетті құру».
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Глоссарий
- •Маңғыстау облысындағы білім беру саласының стратегиялық бағыттары, мақсаты және міндеттері [59, 60, 62, 66]
Маңғыстау облысы тұрғындарын жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік саясат.
Маңғыстау облысы 1973 жылдың 20-шы наурызында Гурьев облысының оңтүстік бөлігінде құрылды. 1988 жылы облыс қысқартылып, 1990 жылы Маңғыстау деген атаумен қайта құрылды. Облыс Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, солтүстік-шығысында Атырау және Ақтөбе облыстарымен, ал батысында – теңіз бойымен Ресей Федерациясымен, Әзірбайжан және Иранмен, ал оңтүстігінде — Түрікменстанмен және шығысында — Өзбекстанмен шекараласады. Облыс орталығы - Ақтау қаласы 1963 жылы құрылған, Каспий теңізінің жағалауында орналасқан және Қазақстанның «теңіз қақпасы» болып табылады.
Маңғыстау облысының аумағы 165,6 мың кв. км (Қазақстанның жалпы аумағының 6,1%-ы) құрайды. Облыста 2 қала (Ақтау қаласы, Жаңаөзен қаласы), 5 аудан орталығы (Форт-Шевченко шағын қаласын қосқанда), 3 поселкелік, 39 ауылдық округтер мен 54 ауыл бар.
Маңғыстау облысының негізгі көрсеткіштері
Кесте 1
№ |
Атауы |
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
1 |
Облыс аумағы (мың кв. км) |
165,6 |
165,6 |
165,6 |
165,6 |
165,6 |
2 |
Барлық тұрғылықты жер |
56 |
58 |
60 |
60 |
60 |
3 |
Қалалар саны, соның ішінде: |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
4 |
облысқа бағынатын |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
5 |
ауданға бағынатын |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
6 |
Аудандар саны |
4 |
4 |
5 |
5 |
5 |
7 |
Поселкелік және ауылдық округтер саны |
37 |
38 |
41 |
42 |
42 |
8 |
Поселкалар мен ауылдар саны |
53 |
55 |
57 |
57 |
57 |
9 |
Облыс тұрғындарының саны - барлығы (мың адам) |
374,4 |
390,5 |
407,4 |
425,7 |
443,1 |
10 |
қала тұрғындары (%) |
75,9 |
70,2 |
57,6 |
57,5 |
56,7 |
11 |
ауыл тұрғындары (%) |
24,1 |
29,8 |
42,4 |
42,5 |
43,3 |
Облыс халқының саны 2009 жылдың 1 қаңтарына 443,1 мың адамды құрады. Экономика салаларында жұмыспен қамтылғандар саны – 189,8 мың адам, жұмыссыздар 13,4 мың адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 7,9 %-ан 6,9 %-ға төмендеді. [45]
Маңғыстау облысы Қазақстанның ең қарқынды дамып келе жатқан, инвестициялық және әлеуметтік тұрғыдан тартымды аймақтарының бірі болып табылады, жоғары миграциялық жылжымалықпен сипатталады. Облыс экономикасының негізін мұнай-газ өнеркәсібі құрайды және оның көлемі аймақта өндірілетін өнеркәсіптік өнімнің 90%-ын құрайды. Мұнай мен газдың мол қоры Маңғыстауды ірі отандық және шетелдік компаниялардың қаржылық мүдделерінің шоғырлану орталығына айналдырды.
