- •Тақырып 1. Әлеуметтік саясаттың ғылыми-әдістемелік негіздері
- •2. Әлеуметтік саясаттың негізгі принциптері.
- •3. Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттары.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. «Әлеуметтік саясат және қоғамдық даму» тақырыбына реферат.
- •Тақырып 2. Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •1. Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •Әртүрлі экономикалық жүйелердегі әлеуметтік саясаттың негізгі ережелері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын: «Әлеуметтік саясатты қалай реформалауға болады?»
- •2. Мемлекеттің әлеуметтік функциялары.
- •3. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының құқықтық негіздері.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. «Кезеңдік басылымдардағы әлеуметтік мәселелерге қатысты мақалаларды талқылау» іскерлік ойыны
- •Тақырып 4. Әлеуметтік қорғау
- •2. Әлеуметтік қорғау механизмі мен тиімділігі
- •3. Әлеуметтік қорғау субъектілері мен объектілері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Студенттерге шағын сауал: «Сіз мемлекеттің әлеуметтік қолдауына мұқтажсыз ба?».
- •2. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарындағы әлеуметтік қорғау органдарына бару
- •Тақырып 5. Аймақтық әлеуметтік саясаттың ерекшеліктері
- •2. Аймақтық әлеуметтік саясат
- •3. Аймақтың әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі
- •Сурет 2. Әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Эссе «Әлеуметтік саясат үлгілері және хх-ші жүз жылдықта олардың жүзеге асуы».
- •Тақырып 6. Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру
- •Медициналық сақтандыру
- •Зейнетақылық сақтандыру. Зейнетақы қорлары.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Тақырып 7. Еңбек және халықты жұмыспен қамту саласындағы саясат
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары түсініктері
- •Маңғыстау облысы тұрғындарын жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік саясат.
- •Маңғыстау облысының негізгі көрсеткіштері
- •Жалпы аймақтық өнім
- •Өнеркәсіптік өндіріс
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Халықты жұмыспен қамту мемлекеттік қызмет органына бару.
- •2. Эссе «Жұмыспен қамту туралы заңға қандай өзгерістер енгізуге болады?».
- •3. Іскерлік ойын «Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары сферасындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •Тақырып 8. Әлеуметтік саладағы тұрғын үй саясаты
- •Тұрғын үй саясаты және оның бағыттары
- •2. Маңғыстау облысында тұрғын үй саясатын дамытудың негізгі бағыттары
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Эссе «Менің әлеуметтік сараптамам».
- •2. Іскерлік ойын «Тұрғын үй сферасындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •Тақырып 9. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясат
- •Денсаулық сақтау әлеуметтік саясаттың бағыты ретінде
- •Маңғыстау облысындағы денсаулық сақтау саласының негізгі даму бағыттары
- •Денсаулық сақтау объектілері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •2. Іскерлік ойын «Денсаулық сақтауды Басқару есебінің негізгі көрсеткіштерін талдау»
- •Тақырып 10. Білім беру саласындағы саясат
- •Білім беру әлеуметтік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде
- •Маңғыстау облысындағы білім беру саласының дамуы
- •Білім беру объектілері
- •1. Іскерлік ойын «Білім беру саласындағы саясат».
- •Тақырып 11. Жастарға қатысты әлеуметтік саясат
- •Әлеуметтік жастар саясатының негізгі бағыттары
- •2. Маңғыстау облысында аймақтық әлеуметтік жастар бағдарламасын дамыту
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Муниципалды жастар саясаты».
- •Тақырып 12. Әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласындағы саясат
- •Әлеуметтік қызметтер ұсыну жүйесі
- •Қиын тұрмыс жағдайындағы тұлғаларға әлеуметтік қызмет көрсету
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Тақырып 13. Әлеуметтік саясатты қаржыландыру
- •Әлеуметтік саланы қаржылық қамсыздандыру
- •Әлеуметтік саясат бюджеті және оның қалыптасу көздері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Әлеуметтік бюджетті құру».
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Глоссарий
- •Маңғыстау облысындағы білім беру саласының стратегиялық бағыттары, мақсаты және міндеттері [59, 60, 62, 66]
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
«Әлеуметтік министр» іскерлік ойыны.
Ойынның мақсаты студенттерді мемлекеттік деңгейде әлеуметтік шешімдерді қабылдау механизмімен таныстыру болып табылады. Студенттер рөлдік топтарға бөлінеді – «әлеуметтік министрлер», «қаржы министрлері», заң шығарушылар, саяси партиялар мен қозғалыстардың жетекшілері. Ойын барысында «әлеуметтік министрлердің» мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың басқа да субъектілерімен өзара әрекет механизмдері құрылады, мейлінше аз экономикалық және әлеуметтік шығындармен шешім қабылдау процестері анықталады.
Бақылау сұрақтары
Әлеуметтік сақтандыру түсінігі.
Әлеуметтік сақтандыру қорлары.
Әлеуметтік сақтандыру аударымдары мен төлемдері.
Адамдар денсаулығын сақтандыру бойынша мемлекет пен жұмыс берушінің функциялары.
Міндетті және ерікті медициналық сақтандыру.
Зейнетақы қорлары. ҚР зейнетақы реформасы
Тақырып 7. Еңбек және халықты жұмыспен қамту саласындағы саясат
Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары түсініктері
Маңғыстау облысы тұрғындарын жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік саясат
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
Бақылау сұрақтары
Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары түсініктері
Жұмысбастылықтың еңбектен айырмашылығы, ол қызмет емес, қоғамдық қатынастарды білдіреді, атап айтсақ белгілі бір жұмыс орнында жұмысшыларды кооперацияға енгізу бойынша орын алатын экономикалық және құқықтық қатынастар. Жұмыс шаруашылық кешенінің бір кешенінде қалуды жалғастырса, онда бұл қатынастар үздіксіз сипатқа ие болады. Жұмыспен қамтылған болып есептелу үшін адамға қандай да бір өндірістік ұжымның мүшесі болса, жеке еңбек қызметі түрінде, жеке кәсіпкерлік түрінде жұмыс жасаса және т.с.с. жеткілікті болып табылады. Жұмыспен қамтылған адамның мәртебесі дәл осы уақытта ол еңбек ете ме, спортпен шұғылданады ма немесе демалады ма, оған тәуелсіз болып келеді.
Жұмыспен қамтылғандарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекет саясаты еңбек нарығындағы екі жақтың теңсіздігіне негізделеді. Жалдамалы жұмысшы жұмыс беруші жақпен салыстырғанда әлсіз жақ болып саналады, өйткені өндіріс құралдарына меншік иесі емес және өз жұмыс күшін сатуға мәжбүр.
Бұл саладағы мемлекеттің іс-әрекеттері денсаулығына зиян келгенде немесе басқа да бақытсыз жағдайларда жұмысшыларды қаржылық қолдауға бағытталуы қажет. Бұл үшін мемлекет жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы келісім-шарт жүйесін құруды қамтамасыз ететін құқықтық нормаларды өңдейді. Мемлекет, мұндай шараларды жүргізе отырып, олардың арасындағы әлеуметтік өзара қатынастар тұлғаның әлеуметтік статусына негізделетінін ескеруі керек. Еңбекшілер мен бүкіл қоғамды әлеуметтік қорғаудың нақты механизмі мемлекеттік әлеуметтік көмек жүйелерімен толықтырылып отыратын әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту және адамдардың өздерінің жеке жауапкершілігін арттыру болуы қажет. Өз кезегінде дамыған әлеуметтік сақтандыру жүйелері экономика жағдайы мен еңбекшілердің әлеуметтік жағдайына оң ықпалын тигізуге қабілетті болып табылады. Бұған табыстарды қайта бөлістіру, халық жинақтарын белсенді қорғау, оның сатып алу қабілетін арттыру арқылы қол жеткізіледі.
Тек тиімді жұмысбастылық қана кез-келген әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырудың материалдық негізін құрайды. Сондықтан да жұмысбастылықтың экономикалық тиімділігін, өнімділігін арттыру тек жұмыспен қамту саясатының емес, жалпы экономикалық саясаттың да маңызды басымдылықтарының бірі болуы қажет. Жұмысбастылық мәселесі күрделі әлеуметтік мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтан әлеуметтік саясат еңбек нарығына қатысты мемлекеттік реттеуде ерекше орын алады. Мемлекет заңды түрде жұмысшыларды жалдау шарттары мен ұжымдық келісім шарттарды рәсімдеудің жалпы ережелерін анықтайды. Мемлекет білім беру жүйесін ұйымдастыруды, жұмысшыларды кәсіби-техникалық дайындау және қайта дайындауды ұйымдастыруды өз мойнына алады. Мемлекеттік субсидиялар есебінен жұмысшылардың ұтқырлығы марапатталады, шағын және орта бизнестің дамуы ынталандырылады, жаңа жұмыс орындарын құрушы кәсіпкерлерге жеңілдіктер беріледі.
Дағдарыстар кезеңінде мемлекет қоғамдық жұмыстарды қолдануға көшеді. Еңбек нарығына мемлекет тарапынан ықпал ету шетелдік жұмыс күшінің келуі мен кетуін реттейтін миграциялық саясатты жүргізу жолымен де жүзеге асырылады.
Мұнымен қатар заманауи жұмысбастылықты қамтамасыз ету саясатының мақсаты жұмыс жасаушы халықтың ерекше топтарының (егде тарқан адамдар, мүгедектер, әйелдер, жастар, шетелдіктер) мәселелерін шешу болып табылады.
90-шы жылдардың басында көптеген экономикалық заңдармен қатар, еңбек нарығы қалыптасуының бастапқы сатысында маңызды рөл атқарған бірқатар басқа да заңдар қабылданды. Бұл, ең алдымен, «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы», «Кәсіби одақтар туралы», «Еңбекті қорғау туралы» заңдар және басқалар. Бірақ республикада 2000 жылдың 1-ші қаңтарына дейін Қазақ ССР-нің еңбек туралы Кодексі әрекет етті. Бұл Кодекс тоталитарлық жүйе дәуірінде қабылданған және сол кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларда қолдануға арналған болатын. 90-шы жылдардың ортасындағы экономикадағы дағдарысты құбылыстар жұмыспен қамту мәселесін айтарлықтай қиындата түсті. Экономиканың барлық сфераларындағы, әсіресе өнеркәсіп, құрылыс және ауыл шаруашылығындағы жұмыспен қамтылу деңгейі төмендеді. Жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының орташа жылдық төмендеу қарқыны 1991-1996 жылдар аралығында 3,7 пайызды құрады. Ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі 3 пайыздан артты, ал жасырын жұмыссыздық деңгейі жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 11 пайызын құрады.
Бұл жағдайдың шиеленісуі ҚР Үкіметінің халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты Концепциясын қабылдауы қажеттілігін туындатты. Оның негізгі мақсаты толық, өнімді және еркін таңдалған жұмысбастылыққа қол жеткізу, жұмыссыздықты қысқарту және оны қалыпты деңгейде ұстау, еңбек нарығының әрекет етуі мен оны реттеудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық шарттарын құру болды. Осы айтылғандардың барлығы 1998 жылдың 30-шы желтоқсанында қабылданған ҚР «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы» Заңының негізін құрады. Жұмысбастылық саласындағы мемлекеттік кепілдемелер мыналарды қарастырады: жұмыс түрін таңдаудағы еркіндік, еңбек құқықтарын сақтау; кез-келген дискриминация формасынан қорғау және мамандық пен жұмыс таңдауда барлығына бірдей мүмкіндіктер беруді қамтамасыз ету; сәйкес жұмысты таңдау және жұмысқа орналастыру.
Мемлекет әлеуметтік көмекке аса мұқтаж азаматтар тобына қосымша кепілдемелерді қамтамасыз етеді, атап айтсақ 20 жасқа дейінгі жастарға, кәмелетке толмаған балаларды тәрбилеп оытрған жалғыз басты және көп балалы аналарға, 16 жасқа дейінгі мүгедек баларды тәрбилеп отырған ата-аналарға, мүгедектерге, ұзақ уақыт бойы жұмыссыз тұлғаларға, зейнеткерлік жас алдындағы тұлғаларға (2 жылға дейін), мигранттарға, түзету мекемелеріне шыққан тұлғаларға, жұмыс іздеуде қиындықтарға тап болған адамдарға, ауыл тұрғындарына, экологиялық қауіпті аймақ тұрғындарына. Бұл үшін мақсатты бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылады. [35]
