- •Тақырып 1. Әлеуметтік саясаттың ғылыми-әдістемелік негіздері
- •2. Әлеуметтік саясаттың негізгі принциптері.
- •3. Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттары.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. «Әлеуметтік саясат және қоғамдық даму» тақырыбына реферат.
- •Тақырып 2. Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •1. Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •Әртүрлі экономикалық жүйелердегі әлеуметтік саясаттың негізгі ережелері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын: «Әлеуметтік саясатты қалай реформалауға болады?»
- •2. Мемлекеттің әлеуметтік функциялары.
- •3. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының құқықтық негіздері.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. «Кезеңдік басылымдардағы әлеуметтік мәселелерге қатысты мақалаларды талқылау» іскерлік ойыны
- •Тақырып 4. Әлеуметтік қорғау
- •2. Әлеуметтік қорғау механизмі мен тиімділігі
- •3. Әлеуметтік қорғау субъектілері мен объектілері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Студенттерге шағын сауал: «Сіз мемлекеттің әлеуметтік қолдауына мұқтажсыз ба?».
- •2. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарындағы әлеуметтік қорғау органдарына бару
- •Тақырып 5. Аймақтық әлеуметтік саясаттың ерекшеліктері
- •2. Аймақтық әлеуметтік саясат
- •3. Аймақтың әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі
- •Сурет 2. Әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Эссе «Әлеуметтік саясат үлгілері және хх-ші жүз жылдықта олардың жүзеге асуы».
- •Тақырып 6. Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру
- •Медициналық сақтандыру
- •Зейнетақылық сақтандыру. Зейнетақы қорлары.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Тақырып 7. Еңбек және халықты жұмыспен қамту саласындағы саясат
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары түсініктері
- •Маңғыстау облысы тұрғындарын жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік саясат.
- •Маңғыстау облысының негізгі көрсеткіштері
- •Жалпы аймақтық өнім
- •Өнеркәсіптік өндіріс
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Халықты жұмыспен қамту мемлекеттік қызмет органына бару.
- •2. Эссе «Жұмыспен қамту туралы заңға қандай өзгерістер енгізуге болады?».
- •3. Іскерлік ойын «Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары сферасындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •Тақырып 8. Әлеуметтік саладағы тұрғын үй саясаты
- •Тұрғын үй саясаты және оның бағыттары
- •2. Маңғыстау облысында тұрғын үй саясатын дамытудың негізгі бағыттары
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Эссе «Менің әлеуметтік сараптамам».
- •2. Іскерлік ойын «Тұрғын үй сферасындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •Тақырып 9. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясат
- •Денсаулық сақтау әлеуметтік саясаттың бағыты ретінде
- •Маңғыстау облысындағы денсаулық сақтау саласының негізгі даму бағыттары
- •Денсаулық сақтау объектілері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •2. Іскерлік ойын «Денсаулық сақтауды Басқару есебінің негізгі көрсеткіштерін талдау»
- •Тақырып 10. Білім беру саласындағы саясат
- •Білім беру әлеуметтік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде
- •Маңғыстау облысындағы білім беру саласының дамуы
- •Білім беру объектілері
- •1. Іскерлік ойын «Білім беру саласындағы саясат».
- •Тақырып 11. Жастарға қатысты әлеуметтік саясат
- •Әлеуметтік жастар саясатының негізгі бағыттары
- •2. Маңғыстау облысында аймақтық әлеуметтік жастар бағдарламасын дамыту
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Муниципалды жастар саясаты».
- •Тақырып 12. Әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласындағы саясат
- •Әлеуметтік қызметтер ұсыну жүйесі
- •Қиын тұрмыс жағдайындағы тұлғаларға әлеуметтік қызмет көрсету
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Тақырып 13. Әлеуметтік саясатты қаржыландыру
- •Әлеуметтік саланы қаржылық қамсыздандыру
- •Әлеуметтік саясат бюджеті және оның қалыптасу көздері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Әлеуметтік бюджетті құру».
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Глоссарий
- •Маңғыстау облысындағы білім беру саласының стратегиялық бағыттары, мақсаты және міндеттері [59, 60, 62, 66]
Медициналық сақтандыру
Медициналық сақтандыру, сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетуге жүгінген, сақтандырушының өтемақылық шығындарын жартылай немесе толық көлемде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыратын жеке сақтандыру түрінің жиынтығы болып табылады. Медициналық сақтандыру мыналардан тұрады: міндетті медициналық сақтандыру (ММ); ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС); шетелге шығушы азаматтарды медициналық сақтандыру.
90-жылдардың аяғында көптеген сақтандыру компаниялары шетелге шығушы азаматтарды медициналық сақтандыруды жүргізе бастады. Бұл Қазақстан үшін, азаматтардың шетелде болу кезінде жазатайым оқиға нәтижесінде сақтандырылған тұлғаның дене жарақатын алуы, оның ауыруы немесе өлімі болған жағдайда сақтандырылатын, ерікті сақтандырудың бір түрі болып табылды. Сақтандырудың бұл түрін кеңінен қолдану қажеттілігі келесідей екі себеппен түсіндіріледі. Біріншіден, шетелге әр түрлі сылтаумен (емделуге, демалуға, оқуға, іс-сапарға және т.б.) барушылар көбейе түсті. Екіншіден, көптеген мемлекеттер (Германия, АҚШ, Франция және т.б.) медициналық көмекті төлеуге кепілдік беретін, сақтандыру полисінсіз олардың мемлекетіне кіруге рұқсат бермеді. Сақтандырудың мұндай түрі ассистанс деп аталады (француздың assistance деген сөзінен шыққан, аударғанда көмек дегенді білдіреді).
Мемлекеттік жүйе кезінде медициналық көмекті ұйымдастыру толығымен мемлекет бюджетінен қаржыландырылады, бірақ, бюджеттік қаражаттардың жетіспеушілігінен және қолда бар қаражатты тиімсіз бөлудің себебінен қызмет көрсету сапасы төмен. Осыған байланысты, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың тиімді формасы болып, сақтандыру жүйесі табылады. Медициналық сақтандырудың екі түрі бар: міндетті және ерікті. Міндетті сақтандыру кезінде денсаулық сақтауға жұмсалатын ақша қаражаттары қорын құру есебінен, бюджетке аударымдар ставкасы барлық азаматтар үшін заңмен біріңғай белгіленеді. Мұндай жүйе халықтың барлық қабаттарына медициналық және дәрімен көмектесу сапасын және теңдей көлемін қамтамасыз етеді. Бірақ, бұл форма, өзінің артықшылығына қарамастан біздің республикада іске асырылған жоқ.
Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне (ММС) қосымша болып, ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) табылады, немесе оны аурудан сақтандыру деп те атайды. Ол сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды, яғни медициналық қызмет көрсетуге жұмсалған шығындар өтемақысын қарастыратын, жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығынан тұрады. Сақтандыру полисінің құны қызмет көрсету түрлеріне, емделуге жататын аурулар тізіміне, сақтандырушыға қызмет көрсететін емдеу мекемелеріне байланысты болады.
ЕМС негізгі құндылығы, қазіргі кездегі жабдықтармен жабдықталған және жоғары сапалы мамандары бар клиникаларда сапалы медициналық көмек алу мүмкіндігі болып табылады.
Зейнетақылық сақтандыру. Зейнетақы қорлары.
Зейнетақымен қамтамсыз етуді реформалауда болып жатқан барлық төңкеріске қарамастан (жасы бойынша зейнетақы белгілеуге қол жеткізгеннен кейін, жастардың өсуі, жеңілдетілген зейнетақымен қамтамасыз ету құқығы бар тұлғалар санының азаюы, үш деңгейлі зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін енгізу, еңбек ақы және жасы бойынша зейнетақының ең төменгі деңгейін белгілеу, балалы жанұяларға, жағдайы төмен зейнеткерлерге берілетін өтемақы, жәрдемақы көлемі), ол бұрынғы принциптерін ұстауда.
Осы кезеңде Қазақстандағы ұрпақтардың ынтымақтастығы принципіне негізделген зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі өзінің мүмкіндігін бітірді. Сол жылдары Зейнетақы қорындағы қаржылық дағдарыс зейнатақымен қамтамасыз етуді реформалауда маңызды өзгерістер қабылдауды талап етті. Бұл жүйе жұмыс істейтіндердің міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнеткерлерге төлемдер жүргізуге негізделген. Ол жоспарлы директивті экономика жағдайында тиімді болды, яғни еңбекке қабілетті халық толығымен жұмыс басты болды, мемлекеттік аппарат жағынан жаппай бақылау жасалды. Осыған байланысты зейнетақы жүйесі зейнетақының жоғары деңгейімен қамтамасыз етті – оның көлемі жұмысының соңғы жылдарында алған еңбекақы көлеміне, еңбек өтіліне және жасына байланысты болды, ал жеңілдіктердің көп болуы зейнетке шығуды қызықтырды. Экономикалық жағдайдың өзгеруі берілген зейнетақы жүйесінің бұзылуына алып келді. Бұл жағдай маңызды өзгерістер енгізу және кідірместен реформа жүргізуді қажет етті.
Негізгі стратегиялық реформалар, 1997 жылы 12 мамырда №319 ҚР Үкімет Қаулысымен бекітілген зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін реформалау Концепциясын анықтады, яғни онда реформаны жүргізудің негізгі принципі, ұрпақтар ынтымақтастығы принципінен персоналды жинақтар принципіне өтумен анықталды. [28]
Басқа принциптермен анықталды:
зейнетақы жүйесін мемлекеттік реттеу;
азаматтардың зейнетақы жинақтарын мемлекеттік немесе мемлекеттік емес зейнетақы қорларында жинақтауды жүзеге асыруды таңдау құқығымен қамтамасыз ету;
азаматтарға, зейнетақы қорларын құруға қатысу ұзақтығы еңбек
өтілінен кем емес, жасы келгенде зейнетке шығуға құқық беретін, ең төменгі зейнетақы белгілеуді қамтамасыз ету бойынша тікелей мемлекеттік кепілдік беру;
зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз етудің басқа формаларына шек
қою;
еңбекке қабілетті жастағы әр бір азаматтың, әскери қызметшіні, ішкі
істер органының және Мемлекеттік тергеу комитетінің, яғни сол кездері «Әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарының басшылық және қатардағы құрамын және олардың жанұясын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңы әсер ететін және реформалау кезінде 10 жылдан аса еңбек өтілі бар қызметкерлерін қоспағанда, зейнетақы жинақтарын құруға қатысу міндеттілігі;
еңбекке қабілетті азаматтардың қартайғанда өзін зейнетақымен
қамтамасыз етуде жеке жауапкершілігі;
зейнетақы жинақтарын қауіпсіз инвестициялау тиімділігі;
қосымша ерікті зейнетақымен қамтамасыз етілу әр бір азаматтың
құқығы. [28]
Бұл зейнетақы мамандандыру принципіне негізделген, яғни азаматтардың жеке категориясына жеңілдікті болдырмауды көздейді.
Зейнетақы жүйесін реформалаудың басында, зейнетақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталықтан зейнетақымен қамтамасыз ету жағдайын тұрақтандыратын және зейнетақымен қамтамасыз етудің жаңа жүйесін туындататын шаралар қабылдауды қарастырды:
тек әскери қызметкерлерге, ішкі істер органдарының және
Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлері үшін ғана жартылай сақталуын қамтамасыз ете отырып, зейнетақы жеңілдіктерін ұсыну саясатын қайта қарастыру;
еңбек өтілін есептеу тәртібін және зейнетақы төлемдері бойынша Мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлемдерін есептеу тәртібін қысқарту;
мемлекеттік бюджетке өткен, кейіннен жұмысшылардың жұмыс берушілермен міндетті сақтандырылу жүйесіне өткен, әлеуметтік зейнетақы төлемдері бойынша, мүгедектігі бойынша зейнетақы және асыраушысын жоғалтқан жағдайда төленетін зейнетақы бойынша міндеттемелері;
жинақтау зейнетақы қорларының автоматтандырылған жүйесі негізінде зейнетақы жарналарының және азаматтар жинағының мамандандырылған есебін енгізу;
бірте-бірте 2016 жылға дейін ерлер мен әйелдердің зейнетке шығу жасының шегін өзгерту, жоғарлату және теңестіру;
жинақталған зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін басқаратын компанияларды, сақтандыру компанияларының қызмет етуі үшін жағдай жасауды, мемлекет жағынан бақылауды және реттеуді қамтамасыз ету;
Бұл аталған негізгі ережелер «ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» ҚР Парламентімен 1997 жылы 20 маусымда қабылданған Заңының негізіне жатты. Бұл Заңның шығуымен-ақ нақты бір адамға бағытталған, зейнетақымен қамтамасыз етудің, сондай-ақ жинақталған зейнетақы қорлары облысында бақылау функцияларын мемлекет жағынан жүзеге асыратын, келісті жүйені құру бойынша нормативтік база құрылды. Жаңа Заң келесідей маңызды сұрақтарға жауап береді: кімнің есебінен, кімнің мүддесінде, қандай мерзімде, кімнің бақылауында және оны жүзеге асыруға кім жауапты. ҚР азаматтары ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен, зейнетақымен қамтамасыз етілуге құқығы бар екені, ал ҚР аумағында тұратын шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар, егер басқа жағдайлар заңдармен және халықаралық келісім шарттарда қарастырылмаған болса, онда олардың ҚР азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамтамасыз етілу құқығын пайдалануы Заңмен анықталған. [28]
Берілген Заңда жасына қарай зейнетақыны құру, тағайындау және төлеудің мүлдем жаңа механизмі қарастырылған.
Жаңа заңның 9 бабына сәйкес, Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау келесідей етіп қарастырылды: 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап – ерлерге - 61 жасқа, әйелдерге – 56 жасқа жеткенде; 1998 жылдың 1 шілдесінен бастап – ерлерге – 61,5 жасқа, әйелдерге – 56,5 жасқа жеткенде; 1999 жылдың 1 шілдесінен бастап – ерлерге - 62 жасқа, әйелдерге – 57 жасқа жеткенде; 2000 жылдың 1 шілдесінен бастап – ерлерге – 62,5 жасқа, әйелдерге – 57,5 жасқа жеткенде; 2001 жылдың 1 шілдесінен бастап – ерлерге - 63 жасқа, әйелдерге – 58 жасқа жеткенде зейнетке шығу қарастырылды.
1949 жылдың 29 тамызынан бастап, 1963 жылдың 5 шілдесіне дейін кемінде 10 жылдай төтенше және жоғарғы радиациялық тәуекел аймақтарда тұратын азаматтар «Семейлік сынау полигонында ядролық байқаулардың зардабын шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес, зейнетақы тағайындауға құқығы бар: еңбек өтілі 25 жылдан кем емес, 50 жасқа жеткен – ерлер, еңбек өтілі 20 жылдан кем емес, 45 жасқа жеткен – әйелдер.
Ауылдық жерлерде тұратын, 5 және одан көп бала туған және оларды он сегіз жасқа толғанша тәрбиелейтін әйелдер, 50 жасқа толуы бойынша зейнетақы алуға құқығы бар, көрсетілген зейнет жасын 1998 жылдың 1 шілдесінен бастап, жыл сайын 6 айға ұзартылады, бірақ ол 3 жылдан аспауы керек.
Жасы бойынша зейнетақы төлемдері Орталықтан толық көлемде, берілген баптың бірінші бөлігіне сәйкес, зейнет жасына жетуімен-ақ тағайындалады, оған азаматтардың келесідей категориялары жатады: ерлерге – 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, еңбек өтілі 25 жылдан кем емес; әйелдерге - 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, еңбек өтілі 20 жылдан кем емес. Жасы бойынша төленетін зейнетақылар толық емес көлемде, заңдармен белгіленген тәртіп бойынша, яғни толық зейнетақы үлесі ретінде 1998 жылдың 1 қаңтарына еңбек өтіліне пропорционалды түрде есептеледі. Берілген Заңның 10 бабында Орталықтан төленетін зейнетақылар өмірлік жүзеге асырылады деп белгіленген.
Азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік төлемдерді анықтау кезінде маңызды өзгерістер орын алды. Олар үшін «ҚР арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы» ҚР 1999 жылы 5 сәуірдегі № 365-1 Заңына сәйкес, 1999 жылдың 1 сәуірінен бастап, азаматтардың жеке категорияларына бұрын ұсынылған жеңілдіктер, мемлекет бюджетіндегі қаражаттар есебінен арнайы мемлекеттік жәрдемақылар төлеумен алмастырылды. Бұл жәрдемақылар берілген жылға белгіленген республикалық бюджет туралы Заңмен бекітілген, айлық есептік көрсеткіш көлемінің өзгеруіне байланысты төленеді (2000 жылы бұл көрсеткіш 725 теңгені құрады). Азаматтардың бұл категориясына келесілер жатады: Ұлы Отан соғысына қатысушылар және мүгедектер; Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар; 1,2 және 3-і топ мүгедектері; көп балалы аналар, саяси жазалаулардың құрбандары; мемлекет алдында ерекше зор еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар және т.б. [32]
Зейнетақы жарналарының көлемі жыл сайын индексацияланады және өсіп отырады. Бұрынға еңбек өтіліне байланысты зейнетақы төлемдерінің дифференцияциаланған өсуі жүзеге асырылды, яғни бұл миллионнан астам адамға тигізілді. Сондай-ақ, күш беретін құрылым ардагерлерінің де зейнетақылары өсті.
