- •Тақырып 1. Әлеуметтік саясаттың ғылыми-әдістемелік негіздері
- •2. Әлеуметтік саясаттың негізгі принциптері.
- •3. Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттары.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. «Әлеуметтік саясат және қоғамдық даму» тақырыбына реферат.
- •Тақырып 2. Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •1. Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •Әртүрлі экономикалық жүйелердегі әлеуметтік саясаттың негізгі ережелері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын: «Әлеуметтік саясатты қалай реформалауға болады?»
- •2. Мемлекеттің әлеуметтік функциялары.
- •3. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының құқықтық негіздері.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. «Кезеңдік басылымдардағы әлеуметтік мәселелерге қатысты мақалаларды талқылау» іскерлік ойыны
- •Тақырып 4. Әлеуметтік қорғау
- •2. Әлеуметтік қорғау механизмі мен тиімділігі
- •3. Әлеуметтік қорғау субъектілері мен объектілері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Студенттерге шағын сауал: «Сіз мемлекеттің әлеуметтік қолдауына мұқтажсыз ба?».
- •2. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарындағы әлеуметтік қорғау органдарына бару
- •Тақырып 5. Аймақтық әлеуметтік саясаттың ерекшеліктері
- •2. Аймақтық әлеуметтік саясат
- •3. Аймақтың әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі
- •Сурет 2. Әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Эссе «Әлеуметтік саясат үлгілері және хх-ші жүз жылдықта олардың жүзеге асуы».
- •Тақырып 6. Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру
- •Медициналық сақтандыру
- •Зейнетақылық сақтандыру. Зейнетақы қорлары.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Тақырып 7. Еңбек және халықты жұмыспен қамту саласындағы саясат
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары түсініктері
- •Маңғыстау облысы тұрғындарын жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік саясат.
- •Маңғыстау облысының негізгі көрсеткіштері
- •Жалпы аймақтық өнім
- •Өнеркәсіптік өндіріс
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Халықты жұмыспен қамту мемлекеттік қызмет органына бару.
- •2. Эссе «Жұмыспен қамту туралы заңға қандай өзгерістер енгізуге болады?».
- •3. Іскерлік ойын «Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары сферасындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •Тақырып 8. Әлеуметтік саладағы тұрғын үй саясаты
- •Тұрғын үй саясаты және оның бағыттары
- •2. Маңғыстау облысында тұрғын үй саясатын дамытудың негізгі бағыттары
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Эссе «Менің әлеуметтік сараптамам».
- •2. Іскерлік ойын «Тұрғын үй сферасындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •Тақырып 9. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясат
- •Денсаулық сақтау әлеуметтік саясаттың бағыты ретінде
- •Маңғыстау облысындағы денсаулық сақтау саласының негізгі даму бағыттары
- •Денсаулық сақтау объектілері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •2. Іскерлік ойын «Денсаулық сақтауды Басқару есебінің негізгі көрсеткіштерін талдау»
- •Тақырып 10. Білім беру саласындағы саясат
- •Білім беру әлеуметтік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде
- •Маңғыстау облысындағы білім беру саласының дамуы
- •Білім беру объектілері
- •1. Іскерлік ойын «Білім беру саласындағы саясат».
- •Тақырып 11. Жастарға қатысты әлеуметтік саясат
- •Әлеуметтік жастар саясатының негізгі бағыттары
- •2. Маңғыстау облысында аймақтық әлеуметтік жастар бағдарламасын дамыту
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Муниципалды жастар саясаты».
- •Тақырып 12. Әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласындағы саясат
- •Әлеуметтік қызметтер ұсыну жүйесі
- •Қиын тұрмыс жағдайындағы тұлғаларға әлеуметтік қызмет көрсету
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Тақырып 13. Әлеуметтік саясатты қаржыландыру
- •Әлеуметтік саланы қаржылық қамсыздандыру
- •Әлеуметтік саясат бюджеті және оның қалыптасу көздері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Әлеуметтік бюджетті құру».
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Глоссарий
- •Маңғыстау облысындағы білім беру саласының стратегиялық бағыттары, мақсаты және міндеттері [59, 60, 62, 66]
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
1. Эссе «Әлеуметтік саясат үлгілері және хх-ші жүз жылдықта олардың жүзеге асуы».
Студенттер әлемнің әртүрлі аймақтарындағы әлеуметтік саясаттың жүргізілуі туралы басылымдарды зерттеу және талдау негізінде нақты бір елде әлеуметтік саясат жүргізу концепциясын баяндайды, әлеуметтік саясатты жүргізу ерекшеліктерін және оның танымал үлгілердің біріне сәйкестігін қарастырады.
Бақылау сұрақтары
Аймақтық әлеуметтік-экономикалық саясаттың мақсаты.
Аймақтағы әртүрлі бұқара топтарының нақты тұрмыс деңгейінің әлеуметтік көрсеткіштерінің жүйесі.
Аймақтық әлеуметтік процестерді басқару концепциясының интегративтік тәсілі.
Әлеуметтік менеджмент жүйесі.
Әлеуметтік саясаттардың белсенділік деңгейі.
Тақырып 6. Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру
1. Әлеуметтік сақтандыру түсінігі және түрлері
2. Медициналық сақтандыру
3. Зейнетақылық сақтандыру. Зейнетақы қорлары
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
Бақылау сұрақтары
Әлеуметтік сақтандыру түсінігі және түрлері
Кеңестік экономикада халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету мемлекеттік болып табылып, мемлекетпен және оның органдарымен екі бағытта– мемлекеттік қамтамасыз ету және кәсіпорын арқылы қамтамасыз ету ретінде жүзеге асырылды. Бұл жерде кәсіпорындар тек белгілі бір өнімді өндіріп қана қоймай, сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз етудің маңызды қосымша қызметін жүзеге асырды. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындар бұрынғысынша еңбекшілерді әлеуметтік қорғау саласында өзінің қызметін орындауға мүмкіндігі болмады. Нарық жағдайында, яғни кәсіпорындар нарықтың тәуелсіз қатысушылары болып табылған кезде, әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы жауапкершілік толығымен кәсіпорындардан мемлекетке өтті. Осының нәтижесінде мемлекетте халықтың басым көпшілігінің әлеуметтік қамтамасыз етудің кейбір түрлеріне қажеттілігі қанағаттандырусыз қалды. Бұл мәселелер 1996 жылы 18 шілдеде мемлекет Парламентімен «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңын қабылдауға алып келді, осыған байланысты міндетті әлеуметтік сақтандыру қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын, кепілдік берілген әлеуметтік қорғалған халық түрлеріне, кепілдіктің келесідей түрлері жатқызылды:
зейнет ақымен қамтамасыз ету;
уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы;
жүктілігі бойынша жәрдемақы;
сауықтыру сипатындағы қызметтер;
жұмыссыздық жағдайында әлеуметтік қолдау көрсету;
міндетті медициналық сақтандыру;
бала туылуына байланысты жәрдемақы. [28]
Бұл жүйе егер азаматтар еңбекке қабілеттігін, яғни жұмысын немесе асыраушысын жоғалтқан жағдайда, әлеуметтік қорғаудың қосымша формасы мақсатында мемлекетпен құрылған. Бүгін бұл жүйе тиімді жұмыс істеуде. Міндетті әлеуметтік сақтандыруға ҚР аймағында жұмыс істейтін зейнеткерлерді қоспағанда, кіріс алып келуді жүзеге асыратын барлық жұмысшылар жатады. 2005, 2006 және 2007 жылдары жүйені этап бойынша енгізу заңымен қарастырылған. Мемлекеттік Қорға төленетін әлеуметтік сақтандыру әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 2005 жылы – 1,5%, 2006 жылы – 2 %, 2007 жылы – 3 % көлемінде белгіленді.
Жыл басынан міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізгеннен бастап 2007 жылдың 1 қаңтарына Мемлекеттік Қорға түскен аударымдар соммасы 38 866 587,2 мың теңгені құрайды, сонымен қатар, әлеуметтік аударымдарды уақтылы төлемеген үшін түскен өсім ақы соммасы 204 299,7 мың теңгені құрайды. 2006 жылы түскен әлеуметтік аударымдар соммасы 25 163 209,4 мың теңгені құрайды, ал 2005 жылы түскен әлеуметтік аударымдар соммасы 13 703 377,2 мың теңгені құраған, яғни 2005 жылға қарағанда шамамен екі есеге өскенін көріп отырмыз. Сонымен қатар, өсім ақы 2006 жылы 151 999,2 мың теңгені құрап, яғни 2005 жылға қарағанда үш есеге өскен. [21]
Әлеуметтік тәуекелдік жағдайы туындаған кезде әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қатысушыларының саны, яғни басқаша айтқанда соңғы 24 айда әлеуметтік аударымдарды төлеуді кем дегенде бір рет жүргізген тұлғалар саны, 2007 жылдың 1 қаңтарына 4 500 мың адамды құрайды, яғни ол жұмыс басты тұрғындар санының 90,2 пайызын құрайды.
Жыл басынан міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізгеннен бастап 2007 жылдың 1 қаңтарына Мемлекеттік Қордан жүзеге асырылған әлеуметтік төлемдердің соммасы 205 284,4 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
еңбекке қабілеттігін жоғалтқан жағдайда – 135 142,4 мың теңге;
асыраушысын жоғалтқан жағдайда – 67 513,3 мың теңге;
жұмысын жоғалтқан жағдайда – 2 628,7 мың теңге.
Салыстырмалы түрде 2006 жылы Мемлекеттік Қормен жүзеге асырылған әлеуметтік төлемдер соммасы 195 070,4 мың теңге 9 595 алушыға төленген:
еңбекке қабілеттігін жоғалту бойынша 7 056 алушыға 128 761,6 мың
теңге соммасында;
асыраушысын жоғалту бойынша 2 324 алушыға 63 737,5 мың теңге
соммасында;
жұмысын жоғалту бойынша 215 алушыға 2 571,3 мың теңге
соммасында.
2007 жылы 10 қаңтарда Парламент палатасының бірлескен отырысында ҚР Президенті жаңа Үкіметтің негізгі міндеттерінің бірі, әлеуметтік саясаттың барлық бағыттары бойынша жұмыстың жалғасуы деп анықтады: «Әлеуметтік салада халықтың әлсіз қабатын қолдау үшін біз көп жұмыс істедік». Әлеуметтік саясат біздің мемлекетімізде де, халықтың әр түрлі қабаттары мен топтарының өмірлік деңгейін және материалдық жағдайын жақсарту мақсатында, адамдардың өміріне мемлекетпен мақсатты бағытталған ықпал ретінде, сондай-ақ міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы да жүзеге асырылады.
Бұл әлеуметтік саладағы мемлекет саясатының бөлінбейтін бөлігі.
Халықтың еңбек процессіне тартылмаған, әр түрлі әлеуметтік топтарының өмірлік деңгейін жоғарлатуға қол жеткізе отырып, міндетті сақтандыру, қоғамда әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етудің бірден бір алғы шарты болып табылады. [37]
