- •Тақырып 1. Әлеуметтік саясаттың ғылыми-әдістемелік негіздері
- •2. Әлеуметтік саясаттың негізгі принциптері.
- •3. Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттары.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. «Әлеуметтік саясат және қоғамдық даму» тақырыбына реферат.
- •Тақырып 2. Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •1. Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •Әртүрлі экономикалық жүйелердегі әлеуметтік саясаттың негізгі ережелері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын: «Әлеуметтік саясатты қалай реформалауға болады?»
- •2. Мемлекеттің әлеуметтік функциялары.
- •3. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының құқықтық негіздері.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. «Кезеңдік басылымдардағы әлеуметтік мәселелерге қатысты мақалаларды талқылау» іскерлік ойыны
- •Тақырып 4. Әлеуметтік қорғау
- •2. Әлеуметтік қорғау механизмі мен тиімділігі
- •3. Әлеуметтік қорғау субъектілері мен объектілері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Студенттерге шағын сауал: «Сіз мемлекеттің әлеуметтік қолдауына мұқтажсыз ба?».
- •2. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарындағы әлеуметтік қорғау органдарына бару
- •Тақырып 5. Аймақтық әлеуметтік саясаттың ерекшеліктері
- •2. Аймақтық әлеуметтік саясат
- •3. Аймақтың әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі
- •Сурет 2. Әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Эссе «Әлеуметтік саясат үлгілері және хх-ші жүз жылдықта олардың жүзеге асуы».
- •Тақырып 6. Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру
- •Медициналық сақтандыру
- •Зейнетақылық сақтандыру. Зейнетақы қорлары.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Тақырып 7. Еңбек және халықты жұмыспен қамту саласындағы саясат
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары түсініктері
- •Маңғыстау облысы тұрғындарын жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік саясат.
- •Маңғыстау облысының негізгі көрсеткіштері
- •Жалпы аймақтық өнім
- •Өнеркәсіптік өндіріс
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Халықты жұмыспен қамту мемлекеттік қызмет органына бару.
- •2. Эссе «Жұмыспен қамту туралы заңға қандай өзгерістер енгізуге болады?».
- •3. Іскерлік ойын «Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары сферасындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •Тақырып 8. Әлеуметтік саладағы тұрғын үй саясаты
- •Тұрғын үй саясаты және оның бағыттары
- •2. Маңғыстау облысында тұрғын үй саясатын дамытудың негізгі бағыттары
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Эссе «Менің әлеуметтік сараптамам».
- •2. Іскерлік ойын «Тұрғын үй сферасындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •Тақырып 9. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясат
- •Денсаулық сақтау әлеуметтік саясаттың бағыты ретінде
- •Маңғыстау облысындағы денсаулық сақтау саласының негізгі даму бағыттары
- •Денсаулық сақтау объектілері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •2. Іскерлік ойын «Денсаулық сақтауды Басқару есебінің негізгі көрсеткіштерін талдау»
- •Тақырып 10. Білім беру саласындағы саясат
- •Білім беру әлеуметтік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде
- •Маңғыстау облысындағы білім беру саласының дамуы
- •Білім беру объектілері
- •1. Іскерлік ойын «Білім беру саласындағы саясат».
- •Тақырып 11. Жастарға қатысты әлеуметтік саясат
- •Әлеуметтік жастар саясатының негізгі бағыттары
- •2. Маңғыстау облысында аймақтық әлеуметтік жастар бағдарламасын дамыту
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Муниципалды жастар саясаты».
- •Тақырып 12. Әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласындағы саясат
- •Әлеуметтік қызметтер ұсыну жүйесі
- •Қиын тұрмыс жағдайындағы тұлғаларға әлеуметтік қызмет көрсету
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Тақырып 13. Әлеуметтік саясатты қаржыландыру
- •Әлеуметтік саланы қаржылық қамсыздандыру
- •Әлеуметтік саясат бюджеті және оның қалыптасу көздері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Әлеуметтік бюджетті құру».
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Глоссарий
- •Маңғыстау облысындағы білім беру саласының стратегиялық бағыттары, мақсаты және міндеттері [59, 60, 62, 66]
Сурет 2. Әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі
Билік органдары тарапынан аймақтық әлеуметтік процестерді басқару концепциясының негізінде социологиялық және басқарушылық парадигмалар синтезіне негізделген интегративтік тәсіл жатуы тиіс. Зерттеу процесінде өзара әлеуметтік нақтылық әрекетінің деңгейлері мен тәсілдері бірігіп, аймақтағы әлеуметтік процестерді мейлінше жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді. Бір жағынан, жеке адам немесе шағын топ (субъект) қажеттіліктерден, құндылықтардан, қызығушылықтар және адам санасының басқа да факторларынан көрініс табатын әрекеттермен өзінің потенциалды мүмкіндіктерін жүзеге асырады. Бұл жердегі өзара әрекет процесінде әлеуметтік өмірдің нормативтік аспектісіне басымдылық беріледі. Нормативтік өзара әрекет ортақ символдарды, құндылықтарды бөлісетін, белгілі бір жүйеге ұйымдасқан, көздеген мақсаты мен құрылымы бар тұлғалар арасында пайда болады. Сондықтан да, келесі жағынан, құрылым адамдар қызметінің процесінде ашылатын потенциалды мүмкіндіктер ретінде қарастырылады. Құрылымдар мен қайраткерлер, операциялар мен іс-әрекеттер арасындағы "интерфейсте" әлеуметтік процестердің қалыптасу және даму механизмі жатыр.
Жоғарыда айтылғандар ұсынылып отырған әлеуметтік менеджмент жүйесі бойынша қысқаша түйіндеме беруге мүмкіндік береді.
1. Әлеуметтік менеджменттің заманауи жүйесі социологиялық және басқарушылық құрама бөліктердің синтезін білдіретін интегралдық тәсілге негізделеді.
2. Әлеуметтік процестерді зерттеудің құрылымдық-әрекеттік тәсіліне жүгінеді.
3. Әлеуметтік процестерді басқаруда стандарттардан, стереотиптерден бас тарту қажеттілігін көрсетеді және әлеуметтік дамудың өзіндік меншікті жолдарын іздеу қажеттілігін негіздейді.
6. Жеке және қоғамдық сананы әлеуметтік сапаға бағыттауға негізделген жаңа басқару жүйесін құруды қарастырады.
Осы айтылғандардың барлығы толығымен аймақтық әлеуметтік-экономикалық саясатқа қатысты және аймақтық әлеуметтік саясаттың маңызды құрама бөлігі болып саналады. Мемлекеттік әлеуметтік саясат мемлекеттік билік тарапынан адамдардың тәртібіне ықпал ету және оны басқару тәсілдерінің жиынтығы ретінде бірнеше нұсқада өңделіп, жүзеге асырылуы мүмкін. Маңызды белгілеріне мыналар жатады:
а) саясаттың белсенділік деңгейі;
б) стратификациялық аспектіде объектіні қамту толықтығы;
в) географиялық аспектіде объектіні қамту толықтығы;
г) объектіге ықпал ету шараларының басымдылық сипаты.
Көрсетілген белгілердің әрқайсысына қысқаша тоқталып өтейік.
Саясаттың белсенділік деңгейі:
• енжар мемлекеттік әлеуметтік саясат, әлеуметтік сфераның келешек жағдайы мен өзгерістер үрдісіне қатысты қандай да бір белсенді жүзеге асырылатын шаралардың болмауы;
• сәйкес сфералар мен салаларда қандай да бір мақсаттарды іске асыруды көздейтін және оларға қол жеткізу бойынша шаралар ұйымдастыруды білдіретін белсенді мемлекеттік әлеуметтік саясат.
Стратификациялық аспектіде объектіні қамту толықтығы:
• объектісі әлеуметтік саясаттың барлық құрама бөліктері мен ел тұрғындарының ұдайы өндірісі аспектілерін қамтитын толық мемлекеттік әлеуметтік саясат;
• объектісі адам тәртібінің қандай да бір фрагменттері мен бөліктері ғана болып табылатын ішінара мемлекеттік әлеуметтік саясат (мысалы, көп балалы отбасылар, өлім деңгейі, туылу және басқалар).
Географиялық аспектіде объектіні қамту толықтығы:
• объектісіне мемлекеттің барлық географиялық бөліктері жататын елдік мемлекеттік әлеуметтік саясат;
• елдің тек жекелеген географиялық бөліктерін ғана қамтитын аймақтық мемлекеттік әлеуметтік саясат.
Объектіге ықпал ету шараларының басымдылық сипаты:
• қандай да бір әлеуметтік тәртіп формаларының тйымдары мен рұқсаттарының жиынтықтары арқылы жүзеге асырылатын әкімшілік мемлекеттік әлеуметтік саясат;
• халық пен оның жекелеген топтарына арнайы бір білімдерді, түсініктемелерді хабарламалар арқылы тарататын ақпараттық мемлекеттік әлеуметтік саясат;
• мемлекет үшін қажетті адам мінез-құлқының формаларын әртүрлі экономикалық ынталандыру формалары арқылы жүзеге асыратын экономикалық мемлекеттік әлеуметтік саясат.
