Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аймақтың әлеум саясаты дәрістер -1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.12 Mб
Скачать

3. Аймақтың әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі

Аймақтық саясат – бұл аймақтық аспектіде елдің экономикалық, әлеуметтік, саяси дамуын басқару бойынша қызмет сферасы. Аймақтық саясат әлеуметтік-экономикалық дамудың ұлттық стратегиясының құрама бөлігі болып сналады. Аймақтық саясат бағыттарының ішіндегі аса маңыздыларының қатарына әлеуметтік саясаттың аймақтық аспектілері мен мемлекеттік биліктің нақты шаралары жатады.

Аймақтық саясаттың бағыттарына мемлекеттің қатынасы және ол бойынша жүзеге асырылатын нақты шаралар аймақтық әлеуметтік-экономикалық саясаттың мазмұнын құрайды. Аймақтардағы күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдай мемлекетке де қауіп тудырады. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық саясат, осылайша, ішкі әлеуметтік қысымды жеңілдетуге, елдің біртұтастығын сақтауға негізделген.

Экономикалық реформалар мемлекеттік әлеуметтік саясаттың үлгісін өзгерту қажеттілігін туындатты. Әртүрлі бұқара топтарының әл-ауқаты мен нақты тұрмыс деңгейіне талдау жүргізуге мүмкіндік беретін әлеуметтік көрсеткіштер жүйесін құру қажеттілігі пайда болды. Бұл жүйе мыналарды қамтиды: [28]

1. Халық.

    1. Аймақтағы демографиялық жағдай:

  • күтілетін өмір сүру ұзақтығы (жыл);

  • өлім (100 адамға шаққанда);

  • балалар өлімі (100 нәрестеге шаққанда);

  • адамдардың қасақана өлтіру мен өзіне-өзі қол жұмсаудан көз жұмуы.

1.2. Денсаулық:

  • халықтың аурушаңдығы (100 адамға шаққанда);

  • халықтың аурухана койкаларымен қамтамасыз етілуі (10 мың адамға шаққанда);

  • медициналық мекемелердің мемлекеттік шығындары (барлық шығындарға шаққанда пайызбен).

1.3. Білім беру:

  • халықтың білім деңгейі;

  • мектепке дейінгі мекемелермен қамтылуы;

  • білім беруге жұмсалатын шығындар (аймақтың ЖІӨ-не пайызбен);

2. Еңбек нарығы.

  • жұмыссыздар санының динамикасы (мың адам және өткен жылға пайызбен);

  • халықтың жалпы санындағы жұмыссыздар үлесі;

  • жұмыспен қамту орталығына тіркелген жұмыссыздар саны;

  • жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алатын жұмыссыздардың пайызы;

  • бір бос орынға шаққандағы жұмыспен қамтылмаған тұрғындар саны;

  • ереуілдер орын алған кәсіпорындар саны.

3. Тұрмыс деңгейі.

3.1. Табыстар:

  1. халықтың жан басына шаққандағы орташа табыс деңгейібойынша бөлістірілуі;

  2. халықтың ақшалай табыстарындағы еңбек ақының үлесі;

  3. ақшалай табыстары күнкөріс минимумынан төмен тұрғындар саны.

3.2. Шығындар:

  1. жан басына шаққанда өнімдерді тұтыну;

  2. азық-түлікке қолданылатын тұтыну шығындарының пайызы;

  3. ақылы қызметтер, қатысты бағадағы көлемі (жан басына шаққанда);

  4. халықтың барлық тұтынуындағы мемлекеттік шығындардың үлесі (%);

  5. әлеуметтік сфераға жұмсалатын мемлекеттік шығындардың үлесі (ЖІӨ-ге %-бен).

4. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қызметтер.

5. Экология және қоғамдық қауіпсіздік:

  1. ластану көрсеткіштері және зиянды қалдықтар масштабы;

  2. тіркелген қылмыстар саны (айына);

  3. қаңғыбастықпен ұсталған тұлғалар саны;

  4. сотталғандардың жалпы санындағы 30 жасқа дейінге жастардың үлес салмағы;

  5. ұлттық дау-жанжалдар мен қақтығыстар.