Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аймақтың әлеум саясаты дәрістер -1.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.12 Mб
Скачать

Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

1. Студенттерге шағын сауал: «Сіз мемлекеттің әлеуметтік қолдауына мұқтажсыз ба?».

Студенттер біріге отырып шағын сауал үшін сауалнама дайындайды (10 – 12 сұрақ) және оның құрамына өздері мүше болып табылатын үш шаруашылықтарының қажеттіліктерін ашатын сұрақтарды енгізеді. Студенттер сауалнаманы толтырғаннан кейін сауалнаманы ұжымдық түрде өңдейді және алынған нәтижелерге жазбаша түрде мазмұнды түсіндірме береді.

2. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарындағы әлеуметтік қорғау органдарына бару

Оның мақсаты студенттерді жергілікті орындардағы әлеуметтік қорғау органдары жұмысының негізгі технологиясымен таныстыру болып табылады. Мұның нәтижесінде арнайы семинар өткізіліп, студенттер әлеуметтік қорғау органдарының жұмысын жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын білдіреді.

Бақылау сұрақтары

  1. Халықты әлеуметтік қорғау: экономикалық және гуманитарлық белгілері.

  2. Экономикасы дамыған елдердің әлеуметтік тәжірибесі және оның ҚР-ғы мүмкіндіктері.

  3. Азаматтарды әлеуметтік қорғауға үш жақты жауапкершілік принципі.

  4. Тиімді әлеуметтік саясат жүйесінің негізгі бағыттары

  5. Әлеуметтік қорғау субъектілері

  6. Әлеуметтік қорғау объектілері

Тақырып 5. Аймақтық әлеуметтік саясаттың ерекшеліктері

1. Мемлекеттің аймақтық саясатының басты бағыттары

2. Аймақтық әлеуметтік саясат

3. Аймақтың әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі

Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

Бақылау сұрақтары

1. Мемлекеттің аймақтық саясатының басты бағыттары

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы өз дамуының сапалық тұрғыдан жаңа сатысында тұр. Бұл даму сатысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылдың 1-ші наурызындағы «Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену Стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауынан бастау алады. Стратегияда көрсетілген міндеттерге қол жеткізудің маңызды факторы аймақтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады [25].

Аймақтық саясат орталық және жергілікті билік органдарымен жүргізілетін және өндіргіш күштердің орналасу процесстерін реттеуге бағытталған әртүрлі заң шығарушылық, әкімшілік және экономикалық шаралар кешенін қамтиды.

Мемлекеттің аймақтық саясаты – бұл елдің аймақтық аспектідегі, яғни мемлекет пен аймақтар арасындағы, сонымен қатар өзара аймақтар арасындағы өзара қатынастармен байланысты экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуын басқарумен байланысты қызмет сферасы. Аймақтық саясат ұлттық әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының құрама бөлігін білдіреді және келесі негізгі бағыттарды қамтиды:

1) аймақтық дамудың қозғаушы күштерінің арақатынасын анықтау және олардың өзара әрекетін (мемлекеттік және жеке экономика секторлары, аймақ дамуының ішкі және сыртқы факторлары және құралдары) қамтамасыз ету;

2) жалпы мемлекеттік және аймақтық даму аспектілерінің, экономиканы басқарудың орталық және аймақтық деңгейлерінің арақатынасы;

3) аймақтар экономикасын көтеру;

4)ұлттық-экономикалық сұрақтар (көп ұлтты мемлекет жағдайында);

5) урбанизация мәселелері.

Аймақтық саясаттың бағыттарына демографиялық, аграрлық саясаттың аймақтық аспектілерін де және мемлекеттік биліктің басқа да шараларын жатқызу қажет. Осы аталған бағыттардың әрқайсысына мемлекеттің қатынасы және олар бойынша жүргізілетін нақты шаралар мемлекеттің аймақтық саясатының мазмұнын құрайды. Аймақтық саясаттың мазмұны барлық дамыған елдерде дерлік (белсенді аймақтық саясат жүргізетін) ортақ белгілерге ие:

  • нашар дамыған аумақтарды игеру, депрессивті өнеркәсіптік аймақтардың экономикасын реконструкциялау;

  • өнрекәсіптік өндіріс шоғырланған аймақтарды орталықтандыру;

  • өнеркәсіп орталықтарымен байланысты емес қалалық жерлердің шетінде жаңа өнеркәсіп орындарын құру.

Мұндай саясатты жүзеге асырмаса аймақ мен бүкіл ел ауқымындағы диспропорциялар арта түседі.

Нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде аймақтық саясаттың рөлі одан әрі арта түседі. Бұл төмендегілермен байланысты:

  • экономикалық реформалар жүргізгенде аймақтардың ерекшеліктерін ескеру қажеттілігімен,

  • бірқатар реформа бағыттарын аймақтық деңгейге көшірумен, аймақтарды ерекшелендіретін жағдайларды есепке алумен.

Қазіргі уақытта аймақтық саясаттың стратегиялық міндеттеріне мыналар жатады:

• экстремальды табиғи жағдайларыбар және шикізатқа маманданған аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру;

• аса қолайлы жағдайлары бар аймақтарда экспорттық және импорт алмастырушы өндірістердің дамуын ынталандыру;

• ғылым жетістіктерін енгізудің, экономикалық және әлеуметтік дамуды күшейтудің аймақтық орталықтары ретінде еркін экономикалық аймақтар мен технополистерді құру.

Экономикалық интеграция процестерінің дамуы аймақтық экономиканың ұлтаралық деңгейге шығуына жағдай жасайды.

Аймақтық экономика деңгейінде төмендегі мәселелер зерттеледі:

• мемлекеттің аймақтық саясаты;

• экономикалық және әлеуметтік дамудың аймақтық бағдарламаларын өңдеу және жүзеге асыру;

• аймақтың мамандануы мен кешенді дамуының тиімділігі;

• экономикалық аймақтандыру;

• аймақтық жоспарлау және өндіргіш күштерді орналастырумен, аймақтарды кешенді дамытумен байланысты басқа да мәселелер.

Аймақтық экономика өндірістің орналасуын экономикалық реттеу, аймақтық дамудың экономикалық тиімділігін анықтау механизмін зерттейді. Көптеген экономикалық факторларды терең талдау ерекше мәнге ие: еңбек өнімділігінің динамикасын, негізгі қорлардың құрылымы мен тиімділігін, бағалар мен тарифтердің аумақтық жіктелуін және т.б.

Аймақтық экономикада келесі зерттеу әдістері қолданылады:

  • баланстық, аймақтық баланстарды құруды білдіреді. Ол аймақтың мамандану салалары мен аумақтық кешенді толықтырушы салалар арасындағы дұрыс арақатынасты таңдауға мүмкіндік береді. Баланстар сондай-ақ ұтымды аймақаралық байланыстарды қалыптастыру үшін де қажет;

  • картографиялық, яғни карталарды, картосхемаларды, картограммаларды құру және қолдану.

ҚР аймақтық саясаты республика ішілік аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару бойынша мемлекеттік билік органдарының мақсаттары мен міндеттерінің жүйесімен, сонымен қатар оларды жүзеге асыру механизмімен анықталады.

Аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу әртүрлі басқару деңгейлерінде жүзеге асырылады – республикалық және аймақтық. Ол, бір жағынан, республикалық органдармен облыстардың, аймақтардың, қалалардың дамуын реттеуді; екінші жағынан – жергілікті билік органдарымен сәйкес аймақтардың дамуын реттеуді қамтиды.

Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі аумақтық басқару органдарының республикалық органдармен, сонымен қатар нарықтық жүйенің шаруашылық жүргізуші субъектілерімен өзара әрекеттерінің формалары мен әдістерін өзгертеді. Мемлекеттік республикалық және жергілікті басқару органдарының функцияларын, олардың құқықтары мен қызмет сфераларын анық анықтау қажет. Бұл, ең алдымен, басқару процестерін орталықтандырумен, реформаның бірқатар бағыттарын, әсіресе шағын кәсіпкерлік, әлеуметтік сфера, табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы бағыттарын аймақтық деңгейге көшірумен, сонымен қатар жергілікті әкімшіліктің экономикалық реформалар барысына жауапкершілігінің күшеюімен байланысты.

Әрбір аймақ аумақтық дамуын күшейту үшін өз ресурстарын, ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дербес қолдану құқығына ие болып табылады. Жергілікті жағдайларға байланысты дифференциалданған аймақтық саясат жүргізілуі қажет. Сонымен қатар республика экономикасының экономикалық біртұтастығын, экономикалық жүйенің бірлігін қамтамасыз ету керек. Бұл жерде аймақтардың өзін-өзі қамту және өзін-өзі қаржыландыру мүмкіндіктерінің шектеулілігін де ескеру қажет.

Мемлекет әрбір аймақтағы экономикалық, әлеуметтік және саяси тұрақтылыққа, аймақтардың тиімді өзара әрекетін қамтамасыз етуге, жекелеген аймақтарда мәселелерді шешудің нақты тәсілдерін үйлестіруге ықпал етуі тиіс. Аймақтық дамудың негізгі параметрлері заң шығарушылық және нормативтік актілер түрінде орталықпен беріледі. Бұл жекешелендіру тәртібі мен механизміне, баға белгілеуге, салық саясатына және басқаларға қатысты. Орталық аймақтардағы экономиканы тұрақтандыру факторы бола алатын бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты өңдеуі; интеллектуалды және кадрлық әлеуетті қалыптастыруы қажет [17].

Республикалық деңгейде сәйкесінше аймақаралық еңбек бөлінісінің схемасы көрсетілген өндіргіш күштердің дамуының және орналасуының жалпы мемлекеттік бірыңғай концепциясы қалыптасады, жекелеген аймақтардың даму басымдылығы анықталады.

Жақын болашақтағы аймақтық саясаттың маңызды бағыттарына мыналар жатады:

  • әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымның аймақтық жүйелерін құру;

  • халықтың өмір сүруінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • төтенше жағдайлардан зардап шеккен аумақтарды әлеуметтік-экономикалық бейімдеу;

  • еңбек ресурстарының, тұтыну тауарларының және басқалардың аймақтық рыноктарын қалыптастыру және дамыту т.с.с..

Аймақтық саясат әрбір аймақта әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі міндеттерін шешуге жеткілікті ресурстық-қаржылық әлеует құруға, аймақтық инфрақұрылым жүйелерен кешенді дамытуды қамтамасыз етуге, әртүрлі категориядағы қалалардағы тұрмыс деңгейі мен сапасы арасындағы алшақтықты жоюға бағытталуы қажет.