Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аймақтың әлеум саясаты дәрістер -1.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.12 Mб
Скачать

3. Әлеуметтік қорғау субъектілері мен объектілері

Әлеуметтік қорғау мәселесін талдау келесі сұрақтарға жауап алуды білдіреді: Кім қорғайды? Кімді қорғайды? Неден қорғайды? Яғни әлеуметтік қорғаудың субъектісі, қорғау объектісі және әлеуметтік қорғансыздық көздері анықталады.

Әлеуметтік қорғау субъектілеріне мыналар жатады: мемлекет, кәсіподақтар, кәсіпкерлер одағы мен ассоциациялары, әртүрлі тұтынушылар одағы мен бірлестіктері, сонымен қатар құқы қорғаушылар деп аталатын жекелеген тұлғалар.

Әлеуметтік қорғау объектілеріне, біріншіден, барлық халық жатады. Бұл жағдайда әлеуметтік қорғау адамдар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, тұтынушылар мүдделерін жүзеге асыруды, ұлт денсаулығын нығайтуды, рухани дамуға жағдай жасауды білдіреді.

Екіншіден, жекелеген бұқара топтары. Мысалы, зиялыларды, әскери қызметкерлерді, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет қызметкерлерін және т.б. әлеуметтік қорғау.

Үшіншіден, әлеуметтік қорғау объектісіне әлеуметтік мұқтаж бұқара топтары жатады: көп балалы отбасылар, мүгедектер, жұмыс жасамайтын зейнеткерлер, жұмыссыздар, сонымен қатар әйел адамдар.

Әлеуметтік қорғау субъектілерінің рөлі мен функцияларын қарастыруға кеңінен тоқталайық.

Мемлекет.

Ол әлеуметтік қорғаудың қоғамдық мүдделерді білдіретін негізгі субъектісі болып саналады. Жоғарыда ооп көрсетілген әлеуметтік қорғау түрлерін орындау барысында мемлекеттің атқаратын рөлі әртектес болып келеді. Егер шектеулі қорғауды қамтамасыз ету мемлекеттен нарықтық механизмді қолдау мен дамытуды талап етсе, ал абсолютті қорғауды жүзеге асыру нарықтық қатынастарды шектеуді білдіреді. Бірінші жағдайда мемлекет әлеуметтік қорғау нормаларын өңдеп, қабылдайды. Мысалы, еңбек келісімдерін, тұрғын үй қорын бөлістіру және қолданумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық актілер; медициналық қызмет көрсету сипаты және зейнеткерлік қамсыздандыру нормалары.

Ең төменгі жалақы деңгейін белгілеу ерекше мәнге ие болып табылады.

Қазіргі уақытта дамыған елдерде бірінші түрдегі әлеуметтік қорғауға барлық тұрғындар үшін кепілдік берілген. Мемлекет төтенше жағдайлар нәтижесінде қиындыққа тап болған азаматтарға көмек көрсетуі қажет. Ауру, бақытсыз жағдай және басқа да жағдайлар мемлекеттік деңгейде әлеуметтік қамсыздандыруды ұйымдастыруды талап етеді.

Абсолютті қорғауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлі меншік иесінің, заң шығарушының және орындаушының бірігуі ретінде орын алады.

Нарықтық жағдайда еңбекті бөлістіру азаматтардың өз қызмет түрлерін еркін таңдау мүмкіндігіне негізделген. Сыйақы барлық уақытта қол жеткізілген еңбек нәтижесіне сәйкес болуы тиіс. Рынок табыстар тұрақтылығына кепілдік бере алмайды.

Кәсіподақтар.

Олар еңбек қатынастарының маңызды субъектілері болып табылады. Еңбекшілердің мүдделерін қорғау бойынша олардың қызметі халықаралық конвенциялармен, ұлттық заңдармен және кәсіпкерлермен жасалған еңбек келісім шарттарымен реттеледі. Кәсіподақтар қызметінің сферасында көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелер кездеседі. Оларды шешу еңбекшілерді әлеуметтік қорғау деңгейіне айтарлықтай әсер етеді. Бұл, ең алдымен, еңбек төлемінің деңгейі мен формасы, жұмыс күнінің ұзақтығы және жыл сайынғы еңбек демалыстары, медициналық сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру және басқалар.

Еңбекшілерді әлеуметтік-экономикалық қорғаудың реттеуші бастамасы ретінде кәсіподақтар қызметі нарықтық экономикаға бейімделген әлеуметтік бағытпен сипатталады. Бұл күрес эленментін білдіретін ұжымдық келісім шарттарды рәсімдеу технологиясынан көрініс табады. Осы күресте, яғни «әлеуметтік диалог» процесінде барлық жақтар барлығын да қанағаттандыратын және еңбекшілердің әлеуметтік қорғалу деңгейінің артуына, кәсіпкерлік қызмет табыстылығының өсуіне ықпал ететін келісімге келеді.

Ұжымдық келісім шарттар бүгінгі күні әлеуметтік прогрессті жүзеге асырудың негізгі құралы болып отыр. Еңбекшілер мен олардың кәсіподақтарының жетістіктері ең алдымен ұжымдық келісім шарттарда көрсетіліп, кейін заңда бекітіледі.

Кәсіподақтар күресінің тактикасында еңбекшілердің әлеуметтік-экономикалық мүдделерін келісіммен шешу құралдарын және конфронтациялық әдістерді ажыратады. Келісіммен шешу әдістеріне «әлеуметтік диалог» жүйесін, жергілікті билік органдарына, ұжымдық келісім-шартты реттеу процесіне және демократиялық жүйеде қызмет ететін басқа да институттар қызметіне араласуды жатқызады. Конфронтациялық әдістерге ереуілдер (жұмысшылардың өндірістік жанжалды шешу үдерісіне қысым жасау мақсатымен жұмысты тоқтатуы) жатады.

Кәсіпкерлер одағы.

Ең алғаш Ұлыбританияда, Германияда, Австрияда 18-ші ғасырдың аяғы мен 19-шы ғасырдың басында пайда болды. Кәсіпкерлер одағы жекелеген облыстар, қалалар мен өнеркәсіп салалары кәсіпкерлерінің бірігуін білдіреді. Өз одақтары арқылы кәсіпкерлер өздеріне тиімді баж салықтарын, тасымалдау тарифтерін белгілеуге қол жеткізді және жұмысшыларға қарсы біріге күрес жүргізді. Капитализмнің дамуымен бұл одақтардың да саны артып, олардың орталықтану процесі күшейе түсті.

Ең алғашқы жалпы ұлттық кәсіпкерлер одағы - өнеркәсіпшілердің Ұлттық ассоциациясы 1995 жылы АҚШ-та пайда болды. Қазіргі уақытта жалпы ұлттық кәсіпкерлер одақтары барлық дамыған капиталистік елдерде құрылған.

Қоғамдық мүдделер жүйесіндегі кәсіпкерлердің мүдделері анық белгіленген – кәсіпкерлік істі сақтап қана қоймай, оның деңгейі мен табыстылық масштабын тұрақты арттыру. Оларды жүзеге асыру кәсіподақтар талабын жан-жақты ескеруді талап етеді. Сондықтан да кәсіпкерлер еңбекшілердің тұрмыс деңгейінің қол жеткен стандарттарын сақтауға белсене қатысуға мәжбүр болып табылады. Бұл үшін жұмыс берушілер, біріншіден, әртүрлі сақтандыру қорларын құруға қатысады. Мысалы, Францияда олар денсаулықты әлеуметтік сақтандыру қорына ақшалай сома аударып тұрады және оның мөлшері жұмысшылар үшін – жалақы көлемінен 13,5%, қызметкерлер үшін 5.5% құрайды. Екіншіден, еңбек жағдайларының, кәсіпорындардағы медициналық және тұрмыстық қызмет көрсетудің сапасын арттыруға ықпал етеді. Үшіншіден, еңбек төлемінің жаңа, мейлінше прогрессивті формаларын және қосымша төлем ақылар енгізеді. Дәстүрлі тарифтік разрядтар өз мәнін жойып отыр. Еңбек ақы өндіріс тиімділігіне тәуелді болып келетін еңбек төлемінің жаңа жүйелері пайда бола бастады. Бірқатар индустриалды дамыған елдерде еңбек ақыны индивидуализациялау байқалады. Жұмысшының еңбек өніміне емес, оның потенциалды мүмкіндіктерімен байланысты еңбек төлемінің түрлері енгізіледі.