
- •Тақырып 1. Әлеуметтік саясаттың ғылыми-әдістемелік негіздері
- •2. Әлеуметтік саясаттың негізгі принциптері.
- •3. Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттары.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. «Әлеуметтік саясат және қоғамдық даму» тақырыбына реферат.
- •Тақырып 2. Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •1. Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •Әлеуметтік саясаттың субъектілері
- •Әртүрлі экономикалық жүйелердегі әлеуметтік саясаттың негізгі ережелері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын: «Әлеуметтік саясатты қалай реформалауға болады?»
- •2. Мемлекеттің әлеуметтік функциялары.
- •3. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының құқықтық негіздері.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. «Кезеңдік басылымдардағы әлеуметтік мәселелерге қатысты мақалаларды талқылау» іскерлік ойыны
- •Тақырып 4. Әлеуметтік қорғау
- •2. Әлеуметтік қорғау механизмі мен тиімділігі
- •3. Әлеуметтік қорғау субъектілері мен объектілері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Студенттерге шағын сауал: «Сіз мемлекеттің әлеуметтік қолдауына мұқтажсыз ба?».
- •2. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарындағы әлеуметтік қорғау органдарына бару
- •Тақырып 5. Аймақтық әлеуметтік саясаттың ерекшеліктері
- •2. Аймақтық әлеуметтік саясат
- •3. Аймақтың әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі
- •Сурет 2. Әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Эссе «Әлеуметтік саясат үлгілері және хх-ші жүз жылдықта олардың жүзеге асуы».
- •Тақырып 6. Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру
- •Медициналық сақтандыру
- •Зейнетақылық сақтандыру. Зейнетақы қорлары.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Тақырып 7. Еңбек және халықты жұмыспен қамту саласындағы саясат
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары түсініктері
- •Маңғыстау облысы тұрғындарын жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік саясат.
- •Маңғыстау облысының негізгі көрсеткіштері
- •Жалпы аймақтық өнім
- •Өнеркәсіптік өндіріс
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Халықты жұмыспен қамту мемлекеттік қызмет органына бару.
- •2. Эссе «Жұмыспен қамту туралы заңға қандай өзгерістер енгізуге болады?».
- •3. Іскерлік ойын «Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары сферасындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •Тақырып 8. Әлеуметтік саладағы тұрғын үй саясаты
- •Тұрғын үй саясаты және оның бағыттары
- •2. Маңғыстау облысында тұрғын үй саясатын дамытудың негізгі бағыттары
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Эссе «Менің әлеуметтік сараптамам».
- •2. Іскерлік ойын «Тұрғын үй сферасындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •Тақырып 9. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясат
- •Денсаулық сақтау әлеуметтік саясаттың бағыты ретінде
- •Маңғыстау облысындағы денсаулық сақтау саласының негізгі даму бағыттары
- •Денсаулық сақтау объектілері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясатты талдау»
- •2. Іскерлік ойын «Денсаулық сақтауды Басқару есебінің негізгі көрсеткіштерін талдау»
- •Тақырып 10. Білім беру саласындағы саясат
- •Білім беру әлеуметтік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде
- •Маңғыстау облысындағы білім беру саласының дамуы
- •Білім беру объектілері
- •1. Іскерлік ойын «Білім беру саласындағы саясат».
- •Тақырып 11. Жастарға қатысты әлеуметтік саясат
- •Әлеуметтік жастар саясатының негізгі бағыттары
- •2. Маңғыстау облысында аймақтық әлеуметтік жастар бағдарламасын дамыту
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Муниципалды жастар саясаты».
- •Тақырып 12. Әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласындағы саясат
- •Әлеуметтік қызметтер ұсыну жүйесі
- •Қиын тұрмыс жағдайындағы тұлғаларға әлеуметтік қызмет көрсету
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Тақырып 13. Әлеуметтік саясатты қаржыландыру
- •Әлеуметтік саланы қаржылық қамсыздандыру
- •Әлеуметтік саясат бюджеті және оның қалыптасу көздері
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •1. Іскерлік ойын «Әлеуметтік бюджетті құру».
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Глоссарий
- •Маңғыстау облысындағы білім беру саласының стратегиялық бағыттары, мақсаты және міндеттері [59, 60, 62, 66]
АЙМАҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТЫ
ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Саймағамбетова Г.А.
Алматы - 2014
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз.......………………………………………………………………......…6
ТАҚЫРЫП 1. Әлеуметтік саясаттың ғылыми-әдістемелік негіздері .....8
1. «Әлеуметтік саясат» түсінігінің мәні мен мазмұны.......................................8
2. Әлеуметтік саясаттың негізгі принциптері...................................................12
3. Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттары..........................14
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар..............................19
Бақылау сұрақтары..............................................................................................19
ТАҚЫРЫП 2. Әлеуметтік саясаттың субъектілері……….………..........20
1. Әлеуметтік саясаттың субъектілері...............................................................20
2. Әртүрлі экономикалық жүйелердегі әлеуметтік саясаттың негізгі ережелері..............................................................................................................21 Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар..............................23
Бақылау сұрақтары..............................................................................................23
ТАҚЫРЫП 3. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты және оны құқықтық қамсыздандыру ………………………………...……………………………..24
1. Мемлекеттік саясат құрылымындағы әлеуметтік саясат........... .................24
2. Мемлекеттің әлеуметтік функциялары. .......................................................25
3. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының құқықтық негіздері..........................27
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар.............................29
Бақылау сұрақтары.............................................................................................29
ТАҚЫРЫП 4. Әлеуметтік қорғау..................................................................30
1. Халықты әлеуметтік қорғау түсінігі және жүйесі.... ...................................30
2. Әлеуметтік қорғау механизмі мен тиімділігі................................................32
3. Әлеуметтік қорғау субъектілері мен объектілері
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар ………………….36
Бақылау сұрақтары..............................................................................................39
ТАҚЫРЫП 5. Аймақтық әлеуметтік саясаттың ерекшеліктері.....…..40
1. Мемлекеттің аймақтық саясатының басты бағыттары............…………..40
2.Аймақтық әлеуметтік саясат...........………………………………………..43
3. Аймақтың әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі..………………………….....49
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар..............................53
Бақылау сұрақтары..............................................................................................53
ТАҚЫРЫП 6. Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру............................................................................................54
1. Әлеуметтік сақтандыру түсінігі және түрлері.....................................54
2. Медициналық сақтандыру. ............................................................................56
3. Зейнетақылық сақтандыру. Зейнетақы қорлары. ........................................57
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар..............................60
Бақылау сұрақтары..........................................................................................60
ТАҚЫРЫП 7. Еңбек және халықты жұмыспен қамту саласындағы саясат...................................................................................................................61
1. Халықтың жұмыспен қамтылуы және еңбек қатынастары түсініктері.....61
2. Маңғыстау облысы тұрғындарын жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік саяса…...................………………………………63
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар..........................69
Бақылау сұрақтары........................................................................................69
ТАҚЫРЫП 8. Әлеуметтік саладағы тұрғын үй саясаты.......................70
1. Тұрғын үй саясаты және оның бағыттары................................................70
2. Маңғыстау облысында тұрғын үй саясатын дамытудың негізгі бағыттары........................................................................................................73
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар..............................74
Бақылау сұрақтары...........................................................................................74
ТАҚЫРЫП 9. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясат........75
1. Денсаулық сақтау әлеуметтік саясаттың бағыты ретінде.. ........................75
2. Маңғыстау облысындағы денсаулық сақтау саласының негізгі даму бағыттары.............................................................................................................77
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар..............................80
Бақылау сұрақтары.............................................................................................80
ТАҚЫРЫП 10. Білім беру саласындағы саясат..........................................81
1.Білім беру әлеуметтік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде. .........................81
2. Маңғыстау облысындағы білім беру саласының дамуы.............................85
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар..............................91
Бақылау сұрақтары..............................................................................................91
ТАҚЫРЫП 11. Жастарға қатысты әлеуметтік саясат...... ……………92
1. Әлеуметтік жастар саясатының негізгі бағыттары............. ………………92
2. Маңғыстау облысында аймақтық әлеуметтік жастар бағдарламасын дамыту...........................….…………94
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар ….……………..95
Бақылау сұрақтары..... …………………………………………………………96
ТАҚЫРЫП 12. Әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласындағы саясат ….97
1. Әлеуметтік қызметтер ұсыну жүйесі.........………………………………...97
2. Қиын тұрмыс жағдайындағы тұлғаларға әлеуметтік қызмет көрсету ..…98
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар ………..…...…103
Бақылау сұрақтары …………………………………………………....….…104
ТАҚЫРЫП 13. Әлеуметтік саясатты қаржыландыру……..…………105
1. Әлеуметтік саланы қаржылық қамсыздандыру..…………………..…..…105
2. Әлеуметтік саясат бюджеті және оның қалыптасу көздері........……….107
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар............................109
Бақылау сұрақтары.....................................................................................110
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........…………………….111
ГЛОССАРИЙ……………………………………………………………….115
ҚОСЫМШАЛАР…………………………………………………………….119
АЛҒЫ СӨЗ
Бүгінгі таңда әлеуметтік саясат мемлекеттік саясаттың маңызды элементтерінің бірі болып табылады және де қоғамдық қатынастарда әлеуметтік саясатпен байланысы жоқ ешқандай сала болмайды.
Әлеуметтік саясат мемлекеттік құрылымдармен, қоғамдық ұйымдармен, жергілікті басқару органдарымен, сонымен қатар өндірістік ұжымдармен жүргізілетін, қоғамдық ахуалды арттырумен, халықтың тұрмыс сапасын жақсартумен және әлеуметтік-саяси тұрақтылықты, әлеуметтік серіктестік пен қоғамдағы әлеуметтік маңызды қамтамасыз етумен байланысты әлеуметтік мақсаттар мен нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған шаралар жүйесін білдіреді.
Нарықтық экономика жағдайындағы әлеуметтік саясаттың ерекше саласы халықты әлеуметтік қорғау жүйесі болып саналады. Әлеуметтік қорғау дербес әлеуметтік институт ретінде көрсетілетін қызметтердің технологиясымен байланысты өзіндік ерекшеліктерге ие. «Әлеуметтік саясат» түсінігі тәжірибе жүзінде халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуге, мүгедектерді әлеуметтік қорғауға, әлеуметтік жәрдемақыларға, өтемақыларға, шәкіртақыларға, сонымен қатар әскери қызметтен шығарылған азаматтарды әлеуметтік қолдауға және басқа мәселелерге қатысты сұрақтарды білдіреді. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі нормативтік-құқықтық, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, ұйымдық-техникалық құралдардың көмегімен жағдайы төмен бұқара топтарына қолдау көрсетуге бағытталған.
Әлеуметтік саясат бірнеше деңгейде жүзеге асырылады: мемлекеттік, аймақтық, сонымен қатар жекелеген кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер деңгейінде. Егер мемлекеттік деңгейде әлеуметтік дамудың негізгі мақсаттары, міндеттері, принциптері, оларға қол жеткізу тәсілдері мен шаралары бүкіл қоғамға қатысты анықталатын болса, аймақтық әлеуметтік саясат аймақтың ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады: экономикалық даму деңгейі мен мүмкіндіктерін, тарихи-мәдени және басқа да ерекшеліктерін.
Әлеуметтік саясат, сәйкесінше аймақтық және жергілікті деңгейдегі оның субъектілерінің қызметі, ең алдымен, халықтың, ерекше көмекке мұқтаж әлеуметтік топтар мен азаматтардың нақты мәселелерін шешуге бағытталған.
Маңғыстау облысында Қазақстанның жылдам дамып келе жатқан облыстарының бірі ретінде республиканың барлық аймақтарына ортақ міндеттер де, әлеуметтік дамудың жеке міндеттері де шешіледі. Маңғыстау облысында жергілікті билік пен басқару органдары қызметінің көмегімен облыс тұрғындарының өмір сүру жағдайларын қолдау мен дамытуға ықпал ететін белгілі бір нәтижелерге қол жетікізілді.
Курстың мақсаты мен міндеттері – студенттерді аймақтың әлеуметтік саясатының негізгі концептуалды және тәжірибелік негіздерімен таныстыру, әлеуметтік саясаттың қалыптасуы мен жүзеге асырылуының теориялық негіздері; әлеуметтік саясаттың тарихы; халықты әлеуметтік қорғау; еңбек нарығындағы мемлекеттік саясат; әлеуметтік саясатты қаржыландыру және басқа сұрақтарды қарастыру.
Әлеуметтік саясатты оқыту «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттерін дайындауда маңызды орын алады.
Әлеуметтік саясат, бір жағынан, қызмет саласы, ал екінші жағынан – қолданбалы әлеуметтік пән болғандықтан, студенттер әлеуметтік саясаттың табиғатымен, оның негіздерімен, принциптерімен, даму қарқынымен танысады, соымен қатар әлеуметтік мәселелердің сипаты мен басқару саласында оны шешу тәсілдерін талдайды. Курсты толық меңгерген маман заманауи қоғамда орын алып жатқан әлеуметтік үрдістер туралы, әлеуметтік саясаттың мақсаттары мен міндеттері, оның мәні мен категориялары туралы толық түсінікке ие болуы қажет.
Маман мыналарды білуі тиіс:
әлеуметтік саясаттың құрылымын, объектісі мен субъектісін;
әлеуметтік саясат пен халықты әлеуметтік қорғаудың өзара байланысын;
еңбек және халықты жұмыспен қамту саласындағы саясатты;
зейнетақымен қамту саласына қатысты саясатты;
білім беру және денсаулық сақтау саласындағы саясатты және басқалар.
Әлеуметтік саясат курсын оқыту тек дәріс материалдарын меңгеріп қана қоймай, сондай-ақ семинарларда әлеуметтік мәселелерді мен әлеуметтік-саяси шараларды дербес талдау дағдыларын да дамытуды білдіреді.
Тақырып 1. Әлеуметтік саясаттың ғылыми-әдістемелік негіздері
1. «Әлеуметтік саясат» түсінігінің мәні мен мазмұны
2. Әлеуметтік саясаттың негізгі принциптері
3. Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттары
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
Бақылау сұрақтары
«Әлеуметтік саясат» түсінігінің мәні мен мазмұны
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеу бойынша мемлекеттік қызмет бағыттарының бірі. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні әлеуметтік топтар арасындағы қатынасты бірқалыпты ұстау, қоғам мүшелерінің әл ауқаты мен тұрмыс деңгейін арттыруға жағдай жасау, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық стимулдарды қалыптастыруға әлеуметтік кепілдеме беру. Жалпы қоғамдық өндіріс жағдайларын реттеу мақсатында мемлекетпен жүргізілетін шаралардың бір бөлігі ретінде орын алатын мемлекеттің әлеуметтік саясаты елдегі жалпы экономикалық жағдаймен тығыз байланысты екендігін де айта кету керек. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты туралы сөз қозғай отырып, біз қоғамның әртүрлі мүшелері мен топтарының табыстарын бөлістіруге және қайта бөлістіруге бағытталған үкіметтің іс әрекеттерін түсінеміз. Тар мағынада, әлеуметтік саясатқа осылайша анықтама беруге болады.
Кең мағынада, әлеуметтік саясат – бұл қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуге негізделген макроэкономикалық ретттеу бағыттарының бірі.
Мемлекеттік әлеуметтік саясат – бұл табыстар теңсіздігін төмендету, нарықтық экономика мүшелерінің арасындағы қарама-қайшылықтарды жою, экономикалық сипаттағы дау-жанжалдардың алдын алу мақсатында жүзеге асырылатын мемлекеттің мақсатқа бағытталған қызметі, бұл мемлекеттің, кәсіпорындардың, ұйымдардың, жергілікті басқару органдарының халықты жұмыссыздықтан, бағаның өсуінен және басқалардан қорғауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық шараларының кешені. Нарықтық экономикада мемлекеттік әлеуметтік саясаттың көмегімен әлеуметтік әділеттілік принципі жүзеге асырылады. Әлеуметтік әділеттілік принципі азаматтардың жағдайын теңестіру шараларын, барлық бұқара топтары үшін әлеуметтік кепілдемелер жүйесін құруды білдіреді.
Әлеуметтік бағытталған нарықтық экономикада әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекет айтарлықтай қызмет атқарады. Бұл жағдай нарықтық экономиканың еңбек етушілер үшін еңбек құқығына, стандартты білімге кепілдік бермеуімен, мүгедектерді, жағдайы төмен отбасыларды, зейнеткерлерді қамтамасыз етпеуімен байланысты орын алады. Сондықтан да табыстарды бөлістіру сферасына әлеуметтік саясат жүргізу жолымен мемлекеттің араласу қажеттілігі туындайды. Ұлттық табыстың қайта бөлістірілуі бюджет арқылы жүзеге асырылады, мемлекет әлеуметтік бағдарламалар жүйесін жүзеге асырады.
Әлеуметтік саясат тұрғындардың ең төменгі табысына кепілдік беруге; халықты ауру-сырқаудан, мүгедектіктен, жұмыссыздықтан, кәріліктен әлеуметтік сақтауға негізделген. Бұл жерде мемлекеттің ең төменгі тұрмыс жағдайларын қамтамасыз етуі тек мұны дербес жасай алмайтындарға ғана қатысты жүзеге асрылады.
Әлеуметтік саясат заманауи қоғам мүдделерінің аса маңызды сферасы және заманауи мемлекет қызметінің маңызды бөлігі болып табылады. Ол қоғамның даму түрімен және деңгейімен, өзінің әлеуметтік дамуында қоғамның алдына қоятын мақсаттарымен және міндеттерімен байланысты.
Әлеуметтік саясаттың мәнін, мемлекет пен қоғамның өзара қатынасын түсінумен байланысты сұрақтар өткен кезеңдерден бері ойшылдардың назарында болып келеді. Өткен кезеңдердің өзінде әртүрлі мектептердің оқымыстылары, мемлекеттік міндеті - өз тұрғындарының қамын ойлау екендігін мойындаған болатын.
Аристотель атап көрсеткендей, “мемлекет өмір сүру үшін емес, бақытты өмір сүру үшін құрылады”, “мемлекет - ... көмек көрсету мақсатындағы одақ”, ал “ұйымдастырылуы барлық адамдардың бақытты өмір сүруіне мүмкіндік беретіндерді ең жақсы мемлекеттік құрылым ретінде мойындау қажет”[1]..
Жаңа уақыт ойшылдары, олардың ішінде Т.Гоббс, И.Кант, Г.В.Ф.Гегель және басқалар да мемлекеттің өз азаматтары алдындағы міндеттемелерін қарастыра отырып, әділеттілікті әлеуметтік және адмгершілік құндылық деп есептеген. Атап айтсақ, В. фон Гумбольдт “Идеи к опыту, определяющему границы деятельности государства” атты жұмысында мемлекеттің заңнамалық қызметтерімен (бейбітшілік пен қоғамдағы қауіпсіздік, азаматтардың еркіндік құқығын қорғау) қатар, әлеуметтік қызметтерін де (әрбір азаматтың игілігі мен бақытына жағдай жасау) талдайды. Азаматтардың өмір сүруінің әлеуметтік жағдайларын қамтамасыз етуге мемлекеттің мейлінше қатысу концепциясы И. Фихтенің «Замкнутое государство» деп аталатын жұмысында кеңінен қарастырылған.[2]
Мемлекет пен қоғамның спецификалық қызметі ретінде әлеуметтік саясатты одан әрі зерттеу және қарастыру әлеуметтік мемлекеттің негізі қалана бастаған уақытқа сәйкес келеді. [3]
Әлеуметтілік сапасы тұрғындарын заманауи гуманистикалық құндылықтар бөліп тұратын кез-келген мемлекетке тән.
Заманауи әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарының арасынан мыналарды бөліп қарауға болады (1-ші суретті қара).
Объект:
барлық бұқара топтары
Объект:
аса мұқтаж, экономикалық тұрғыдан
қорғалмаған бұқара топтары
Объект:
экономикалық
белсенді халық
Сурет.1 Әлеуметтік саясаттың бағыттары
Әлеуметтік саясат тарихи феномен ретінде аз уақыт бұрын ғана, XX ғасырда, тіпті оның екінші жартысында пайда болған. Бірақ тарихта әлеуметтік мәселелерді қандай да бір жолдармен шешпеген мемлекет болмаған, бірақ, ең алдымен, бұл қызмет егістіктен өнім ала алмай, шөлден, табиғи зардаптардан, эпидемиядан және басқалардан зардап шеккендерге көмек көрсетумен ғана шектелген.
Әлеуметтік саясат мемлекеттік саясаттың жалпы жүйесіне енеді, ал азаматтық қоғамның қалыптасуы арқылы өз мүмкіндіктерін кеңейтеді және мемлекеттік емес белсенді бірлестіктер мен топтарға таратылады. «Жеке саясат проблематикасы» ХIХ-ХХI ғасырлар ағымында рәсімделді. Және де қоғамдық үрдістерге мемлекеттік араласу масштабының өсуімен қоғамдық реттеудің жалпы кешенінен адам өмірі мен қызметінің спецификалық сферасын қамтитын дербес бағыт ретінде әлеуметтік саясаттың бөлініп шығуына ықпал етті. «Әлеуметтік саясат» түсінігінің пайда болуы XIX ғасырдың екінші жартысында қоғамдық үрдістерді реттеу және тұрақтандыру мақсатында оларға араласып отыратын әлеуметтік мемлекет теориясы мен практикасының қалыптасуымен байланысты. Мемлекеттің әлеуметтенуімен байланысты пайда болған оның жаңа функциялары аса жүйелі және сапалық тұрғыдан анықталған сипатқа ие болып, «әлеуметтік саясат» терминімен біріктірілді. [11]
А.А. Кочетковтың пікірінше, әлеуметтік саясат – бұл қоғамның әрбір мүшесіне оның дамуы мен өз қабілеттерін (еңбек, кәсіпкерлік, тұлғалық) қолдануы үшін және осы қабілеттерін жоғалтқанда (қарттар, ауру адамдар, мүгедектер, балаалар және т.б.) қажетті ең төменгі белгілі бір өмір сүру деңгейіне кепілдемені қамтамасыз ететін экономикалық қатынастар жүйесі. [9]
Бұл пікірге М.А.Сажина, Г.Г.Чибриков және басқа да оқымыстылар қосылады.[15]
И.П.Николаеваның көзқарасы бойынша, әлеуметтік саясатты кең мағынада, бір жағынан мемлекеттік және мемлекеттік емес институттар арасындағы, келесі жағынан жекелеген әлеуметтік топтар мен тұлғалар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі ретінде түсінуге болады. Ал тар мағынада, әлеуметтік саясат мемлекеттік экономикалық саясаттың әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған құрама бөлігін білдіреді.[14]
Бірақ, көбінесе әлеуметтік саясат пен оның мәнінің келесі анықтамасын көруге болады: мемлекеттің әлеуметтік саясаты – тұрғындардың тұрмыс деңгейі мен сапасын өзгертуге, нарықтық экономика мүшелерінің арасындағы қарама-қайшылықтарды азайтуға және әлеуметтік дау-жанжалдардың алдын алуға бағытталған саясат. [13]
Бұл құбылысты анықтайтын көптеген терминдер бар, бірақ бір нәрсе өзгеріссіз қалады - әлеуметтік саясат оны жүргізбесе көптеген адамдар өмір сүре алмайтын мемлекет саясатының маңызды бөлігі.
Әлеуметтік саясатты кеңейтілген және шектелген деп бөледі. Кеңейтілген әлеуметтік саясат әлеуметтік бағдарламалардың жалпыға қол жетімділігін, әлеуметтік төлемдердің әмбебаптығын, мемлекеттің қайта бөлістіру қызметінің сипатын білдіреді.
Шектелген әлеуметтік саясат оның минимумға келтірілуін, атқарылатын қызметтерге әлеуметтік саланың дәстүрлі институттарын қосуды білдіреді. Әлеуметтік саясаттың нәтижелік көрсеткіші халықтың тұрмыс деңгейі мен тұрмыс сапасы болып табылады.
Халықтың тұрмыс деңгейі – халықтың материалдық тұтыну деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі, мысалы, жан басына шаққандағы өнімдерді тұтыну, бір отбасына немесе жүз отбасына есептегенде осы өнімдермен қамтамасыз етілу, тұтыну құрылымы. Тұрмыс деңгейін анықтағанда «тұтыну қоржыны» негізге алынады – бұл белгілі бір тұтыну деңгейін қамтамасыз ететін игіліктер мен қызметтер жиынтығы. Тұтыну қоржынының құнындағы өзгерістер халықтың табысын қалыптастыру саясатын жүргізуге негіз болады. Осыған байланысты минималды және рационалды тұтыну деңгейін ажыратады.
Минималды тұтыну деңгейі – төмендеуі нәтижесінде тұтынушылар қалыпты өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етудің шегіне жететін тұтыну жиынтығы.
Рационалды тұтыну деңгейі – тұлға үшін аса қолайлы тұтыну саны мен құрылымы.
Минималды тұтыну деңгейі «кедейшілік шегінә анықтайды. Кедейшілік шегінде өмір сүретін тұрғындардың үлесі осы елдегі тұрмыс деңгейін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. Бұл көрсеткіштің төмендеуі, кедейшілікпен күрес – әлеуметтік саясаттың басты міндеттерінің бірі.
Халықтың тұрмыс сапасы көрсеткішін бағалау айтарлықтай күрделі болып саналады. Халықтың тұрмыс сапасы – тұрғындардың материалдық, әлеуметтік, физикалық және мәдени тұрмыс жағдайын бейнелейтін сапалық сипаттамалардың жиынтығы. Бұл көрсеткіш қалыпты еңбек жағдайлары мен оның қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қалыпты экологиялық жағдайын, бос уақытттың болуы мен оны пайдалану мүмкіндіктерін, мәдени деңгейді, физикалық дамуды, азаматтардың физикалық және мүліктік қауіпсіздігін және басқаларды қарастырады. [13]