Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
patfiz_esep_s_otv.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
43.57 Кб
Скачать

32 Есеп

52 жастағы науқаста хирургиялық жолмен өкпенің қатерлі өспесін алып тастағаннан соң, химиотерапия емінен кейін бір жылдан соң сол жақ бұғана асты лимфа түйіндерінің ұлғайғаны байқалды. Биопсия кезінде өспе жасушалары анықталды, құрылымы бойынша алып тасталған өкпенің қатерлі жасушаларына ұқсас.

Сұрақтар:

  1. Осы ерекшеліктерді қалай түсіндіруге болады?

  • жаңа өспенің пайда болуымен?

  • өкпе өспесінің қайталануы?

  • өкпе өспесінің метастаздануы?

  1. Даму тетіктерінің мүмкіндігін анықтайтын жауапты негіздеңіз

1. өкпе өспесі

2. Қатерлі өспелердің метастаздануы гематогенді және лимфогенді жолдармен дамуы мүмкін. Қазіргі жағдайда лимфогенді жолмен метастаздануы байқалады

33 Есеп

50 жастағы науқас жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, тәбеттің себепсіз төмендеуіне, жүректің айнуына шағымданады. Соңғы уақыттарда айтарлықтай салмағының төмендеуі, қызба, терінің бозарғаны байқалады. Қанның және асқазан сөлінің зерттеу нәтижелері асқазан сөлі қышқылдығының төмендегенін және анемияны көрсетеді.

Гастроскопиялық зертеуде өспе анықталды. Науқас сонымен қатар, 30 жылдан бері атрофиялық гастритпен ауыратынын айтты.

Сұрақтар:

1. Асқазанның созылмалы атрофиялық гастриті қатерлі өспенің дамуына әкелуі мүмкін бе?

2. Науқастың жүдеуінің (кахексия) даму тетігі қандай?

1. Ия, бұл фагоцитоз белсенділігінің төмендеуіне, гипоксия дамуынан микроциркуляцияның бұзылуына, канцерогендердің жиналуынан өспе өсуіне қарсы төзімділіктің төмендеуінен дамуы мүмкін.

2. Кахексияның дамуы өспенің қан мен тіндерден энергиялық қоректік заттарды сорып алуымен байланысты, асқазан сөлі ферментінің белсенділігі төмендеуінен, өспе жасушаларында өспені жоятын жайттың (ӨЖЖ) өндірілуі, тәбеттің төмендеуіне әкеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]