Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
patfiz_esep_s_otv.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
43.57 Кб
Скачать

24 Есеп

Пол Бер тәжірибесін сараптаңыз.

Тәжірибеге екі топ тышқан алынды. Біріншісі іші ауаға толтырылған, барометрлік қысымы 210 мм.с.б. дейін біртіндеп түсірілген барокамераға отырғызылды. Тышқанда биіктік ауруының белгілері пайда болып, құрысулар дамыды.

Екінші топ тышқандар оттегі толтырылған барокамераға отырғызылды. Бұл камерадағы барометрлік қысым 200 мм.с.б. дейін біртіндеп түсірілді. Бұл жануарларда биіктік ауруының белгілері байқалмады.

  1. Бірінші топ тышқандардағы дамыған биіктік ауруының белгілерінің патогенезін түсіндіріңіз.

  2. Екінші топ тышқандарда биіктік ауруының белгілері неліктен байқалмағандығын түсіндіріңіз.

25 Есеп

Токсикологиялық зертханада бір химиялық өндіріс орнындарынан шығарылатын қалдықтардың құрамына кіретін уытты заттың жасушаға әсерін зерттеді. Жасанды ортадағы қалыпты эпителий жасушасына өнімнің уытты мөлшерін енгізеді. Жасуша зақымдалуының көріністерін 3 сағат бойына әрбір 30 минут сайын бақылады. 3 сағаттан соң 80% жасушаның тіршілігін жоғалтқаны анықталды.

  1. Осы тәжірибедегі эпителий жасушаларының қайтымды (А) және қайтымсыз (Б) бүліністерін бағалау үшін қандай құрылымдық және биохимиялық нышандарды (белгілерін) ұсынуға болады.

. Жасушаның қайтымды зақымдануының белгілері:

  • Жасуша көлемінің шамалы артуы

  • Лактаттың жиналуы

  • Жасуша сыртында калийдің артуы

  • Мембраналық потенциалдың төмендеуі

  • митохондрий ферменттері белсенділігі азаюы

В. Жасушаның қайтымсыз зақымдануының белгілері

  • мембрана тұтастығының бұзылуы

  • ядроның ыдырауы

  • митохондрий құрылымының бұзылуы

  • теңгерілмеген жасушаішілік ацидоз

  • жасушаның сорғыштық қабілетінің артуы

  • лизосомалық ферменттердің белсенділенуі

  • гиперферментемия

26 Есеп

60 жастағы науқас Ц., 2 апта бұрын жүректің сол қарыншасының алдыңғы қабырғасының кең трансмуралды инфарктымен ауырған, түнде ауа жетіспеушілігінен оянды. Шақырылған мейірбике науқасқа кереуетке отыруына, аяғын еденге түсіруіне көмектесіп, терезені ашты. Науқас жеңілденді. Бірақ, 10 минуттан соң ентігуінің күшейгендігіне, мезгіл-мезгіл қақырықпен жөтелуіне және тыныс жолдарында құлаққа естілетін сырылдардың пайда болғандығына шағымданды. Мейірбике науқасқа оттегілік масканы беріп, дәрігерді шақырды.

  1. Науқаста гипоксияның қай түрі дамыды? Жауабыңызды негіздеңіз.

  2. Берілген жағдайда оның даму бірізділігі қандай?

  3. Оттегі бойынша артерио-веноздық айырма, рН қалай өзгереді және не себепті?

1.Қанайналымдық ( жүрек жеткіліксіздігі), тыныстық (өкпеде қан іркілуі)

2. қанайналымдық гипоксияға тыныстық гипоксия қосылды

3.раО2, рvO2 төмендейді, оттегі бойынша артерио-веноздық айырмасы артқан, рН төмендейді

27 Есеп

1,5 жыл бұрын АЭС апатын қалпына келтіруге қатысқан 40 жастағы науқас В. дәрігерге айқын әлсіздікке, бас айналу, ұдайы аздаған қақырықпен «құрғақ» жөтелге шағымданып келді. 20 жыл бойы шеккен шылымын соңғы екі жылда тоқтатқан. Соңғы алты ай бойы бірнеше жұқпалы аурулармен, оның ішінде ринит, бронхит және пневмониямен ауырған. Бронхоскопия жасағанда басты оң бронхында өспе анықталды. Өспе тінін гистологиялық зерттегенде онда қатерлі өспе жасушалары анықталды.

  1. Қандай жайт бронх өспесі дамуының мүмкіндік себебі болуы мүмкін?

  2. Канцероген әсеріне қандай жайт тиімділігін көрсетті? Олардың әсер ету тетіктері қандай?

  3. Науқаста өспеге қарсы төзімділіктің қай механизмдері әсерленуі тиіс еді: - канцероген әсер еткенде? – бронх эпителий жасушасының гендік бағдарламасының «өспелік трансформациясы» үрдісінде? - өспе жасушалары пайда болғанда? Аталған науқаста олар неге жеткіліксіз болды?

1.иондағыш радиацияның әсерінен

2.20 жыл шегу, өкпедегі созылмалы қабыну үрдістері

3. «Патофизиология» оқулығын қараңыз 525 бет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]