- •«Медициналық – профилактикалық іс», «Мейірбике ісі», «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары 2 курс студенттеріне патофизиология пәні бойынша емтихан есептері
- •10 Есеп
- •11 Есеп
- •17 Есеп
- •18 Есеп
- •19 Есеп
- •20 Есеп
- •21 Есеп
- •22 Есеп
- •23 Есеп
- •24 Есеп
- •25 Есеп
- •26 Есеп
- •27 Есеп
- •28 Есеп
- •29 Есеп
- •30 Есеп
- •31 Есеп
- •32 Есеп
- •33 Есеп
21 Есеп
Науқас тез шаршағыштыққа, ұйқышылдыққа, қолдарындағы ауыру сезіміне шағымданады. Дене қызымы 38,30С. Қарап тексергенде сол қолының басбармағының тырнағы ұлғайған, қызарған, басқанда ауырады. Қанының жалпы талданымы:солға жылжыған нейтрофилдік лейкоцитоз (15х109/л), ЭТЖ 40 мм/сағ, жалпы нәруыз 77 г/л, альбумин/глобулиндік коэффициент – 0,9, С-әсерлі нәруыз артқан.
1. Дерттік үрдісті және организмнің жалпы жағдайын сипаттаңыз
2.Қабынудың жергілікті белгілерін және олардың патогенезін анықтаңыз
3. Науқаста қабынудың қандай жалпы белгісі болуы мүмкін, олардың патогенезі қандай?
1. Науқаста басбармағының тырнағының қабынуы (күбірткелі). Организм серпілісі – нормергиялық, яғни қабыну тудырушы заттың әсеріне қалыпты жауап байқалады: үрдіс орныққан, қабынудың жалпы белгісі шамалы қызба түрінде, солға жылжыған айқын лейкоцитоз, «жауаптың жедел кезеңі» нәруыздарының пайда болуы (ЭТЖ жылдамдауы, жалпы нәруыз саны және СРН артуы).
2. Қабынудың жергілікті белгілері: ауыру сезімі, гиперемия, сол қолының басбармағының тырнақ аймағында ісіну дамуы. Патогенезін «Патофизиология» оқулығынан қараңыз. Б.266.
3. Қабынудың жалпы белгілері: цулану, қызба, солға жылжыған лейкоцитоз, гиперпротеинемия, диспротеинемия, ЭТЖ жылдамдауы (жауаптың жедел кезеңі нәруыздарының пайда болуы әсерінен). Қабынудың жалпы белгілерінің патогенезін «Патофизиология» оқулығынан қараңыз. Б. 266.
22 Есеп
Егеуқұйрықты барокамераға орналастырып үш минөт аралығында ауаны барометрлік қысымның 180 мм.с.б. денгейіне дейін сорып алады. Төменгі барометрлік қысым жағдайында болған жануарда 4 минөт өткен соң клоникалық - тоникалық селкілдек пайда болады. 5 минөттен кейін ақтық тыныс (сирек терең дем алу) пайда болады және бір бүйірімен қисайып жатады. Кейін тыныс алуы толығынан тоқтайды. Төменгі барометрлік қысым жағдайында (барометрлік қысымның 180 мм.с.б. жеткізгеннен бастап) өмір сүру уақытының ұзақтығы 6 минөтті құрады.
Аталған тәжірибеде жануар қандай жайттың әсеріне шалдықты?
Көрсетілген жайттардың қайсысы дамыған дерттік үрдістің (гипобариялық гипоксияның) себебі болуы мүмкін?
Айтылған болжамдарды тәжірибе жүзінде қалай көрсетуге болады?
Аталған гипоксияда жануарда ҚСҮ көрсеткіштерінде және қанның газдық құрамында қандай өзгерістер дамиды?
Дем алатын ауада барометрлік қысымның және оттегінің үлестік қысымының төмендеуі.
Төмен барометрлік қысымның нәтижесінде оттегінің үлестік қысымының азаюы.
Аталған жайттар жекелеп әсер ететін тәжіриюелік үлгіні алу. (Поль Бер тәжірибесі)
Гипоксемия, гипокапния, газдық алкалоз.
23 Есеп
Екі егеуқұйрыққа келесі тәжірибе жасалды: № 1 егеуқұйрық су температурасы 10 °С аквариумға салынды. 5 минуттан соң егеуқұйрықты шығарып бақылау жануарымен (№ 2 егеуқұйрық) және 10 минут бұрын 2,5 мг/кг психостимулятор кофеин салынған егеуқұйрықпен (№ 3 егеуқұйрық) бірге барокамераға отырғызылды. Сосын барокамерадағы ауа 180 мм с.б. дейін сорылды. Өмір ұзақтығы (барометрлік қысымның деңгейі 180 мм с.б. болғаннан тыныстың тоқтағанына дейінгі кезең) № 1 егеуқұйрықта 15 минут, № 2 егеуқұйрықта – 7 минут, № 3 егеуқұйрықта – 4 минут болды.
Гипотермия мен психостимулятор кофеин гипоксияға төзімділікке әсер етеді ме?
Гипотермия мен кофеин жануарлардың гипоксияға төзімділігіне қалай әсер етеді?
Организмнің гипобариялық гипоксияға төзімділігін арттыратын және төмендететін басқа жайттардан мысал келтіріңіз.
Иә.
Гипотермия зат алмасу үрдістерін төмендетеді, тіндердің, әсіресе ОЖЖ-нің оттегіне мұқтаждығын азайтады, соның әсерінен оттегіне төзімділік артады, психостимулятор фенамин керісінше әсер етеді.
Гипертермия, наркоз ж.б.
