- •«Медициналық – профилактикалық іс», «Мейірбике ісі», «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары 2 курс студенттеріне патофизиология пәні бойынша емтихан есептері
- •10 Есеп
- •11 Есеп
- •17 Есеп
- •18 Есеп
- •19 Есеп
- •20 Есеп
- •21 Есеп
- •22 Есеп
- •23 Есеп
- •24 Есеп
- •25 Есеп
- •26 Есеп
- •27 Есеп
- •28 Есеп
- •29 Есеп
- •30 Есеп
- •31 Есеп
- •32 Есеп
- •33 Есеп
17 Есеп
Сол жүрекше-қарыншалық тесіктің тарылуы бар науқасты қарап тексергенде цианоз, аяқ-қолдарының аздап ісінгені және ұстағанда қол басының салқындығы анықталды. Тырнақ тамырларын биомикроскоптық тексергенде вена тамырларының кеңейгені, қанағымының баяулағаны көрінеді.
Шеткері қанайналымының қандай бұзылысы туралы айтуғаболады?
Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің патогенезі қандай?
1. Веналық гиперемия
2. Сол жақ жүрекше-қарыншалық тесіктің тарылуы →өкпеде қан іркілуі→ оң қарыншалық жеткіліксіздік → үлкен қанайналым шеңберінде қан іркілуі → веналық гиперемия. Веналық гиперемия көріністерінің патогенезін «Патофизиология в схемах и таблицах» оқулығынан қараңыз Б. 89
18 Есеп
Балтырында флегмона дамыған науқасқа антибиотик еңгізілді. 20 минөттен кейін науқаста беймазалық, қорқу, қимылының күшеюі, басының солқылдап қатты ауыруы, терісінің қышуы, бетінің қызаруы, тершеңдік пайда болды; АҚ -180/90 мм с.б.б., тамыр соғысы – 120. Дәрігер науқастың палатаға барып төсекке жатуын ұсынды. 20 минөттен кейін жағдайы күрт нашарлады: әлсіздік, бетінің бозаруы, тынысы тарылуы, дем шығаруы қиындады, есін жоғалта бастады, клоникалық-тоникалық тырыспалар пайда болды, АҚ – бірден 75/55 мм.с.б.б. деңгейге дейін төмендеді. Науқасқа медициналық жедел жәрдем көрсетілді.
1. Антибиотик еңгізгеннен кейін науқаста қандай жағдай дамыды?
2. Бұл патологиялық жағдайдың даму тетіктері қандай?
1. Анафилаксиялық сілейме
2. Негізінде аллергиялық серпілістердің реагиндік түрі жатыр. Патогенезін «Патофизиология в схемах и таблицах» оқулығынан қараңыз Б..95
3. Коллоидты ерітінділерді тамыр ішіне көп мөлшерде енгізу (жүрекке қан көлемі жеткіліксіздігін жою мақсатында), көктамырға адреналин (жүректің жиырылғыштығын қалпына келтіреді, шеткері кедергіні арттырады және бронхоконстрикцияны жояды), антигистаминдік дәрілер, бүйрек үсті безі қыртысты қабатының гормондары, жүрек қызметі мен тыныс алуды жақсартатын дәрілер, эуфиллин, аминазин.
19 Есеп
7 жастағы балада манго шырынын ішкеннен 40 минөттен соң кенеттен жұмсақ таңдайында жұтынуға кедергі жасайтын тез үдемелі шектелген ісіну пайда болды, кейіннен ол дем алуға кедергі келтірді. Ісінген аймақтағы шырышты қабат қызарған, ауырмайды; қанында – аздаған эозинофилия. Дене қызымы қалыпты. Сұрағанда үлкен әпкесінде бронх демікпесінің ұстамасы болғандығы анықталды.
Науқаста қабынулық ісіну дамыды деуге бола ма?
Егер болмаса, онда ісіну дамуы неге байланысты, ол қалай аталады?
Аталған дерт түрінің патогенезі қандай?
Аталған ісінуді өмірге қауіпті ісінулерге жатқызуға бола ма?
1. Жоқ
2. Аллергиялық ісіну (Квинке ісінуі)
3. Аллергиялық серпілістердің реагиндік түрі. «Патофизиология» оқулығын қараңыз Б. 322
4. Иә, кеңірдектің ісінуі және тұншығу дамуына байланысты
20 Есеп
46 жастағы науқас жиі несептің макрогематуриямен қабаттасып шығуына және жалпы қимылсыздыққа шағымданды. Цистоскопия жасалып, өспелік түзінді табылып, ол тіннен және айналасындағы шырышты қабаттан кесінді алынды. Биоптатты гистологиялық зерттеуде өспелік тіннің дұрыс орналасқан жасушалардан тұратындығы, бірақ арасында атипиялық жасушалардың да кездесетіндігі анықталды. Науқас он жылдан аса тоқыма комбинатында анилиндік бояулар қолданатын бояғыш цехта жұмыс істейді.
Өспе дамуының мүмкіндік себебі қандай?
Анилиндік бояғыштар қандай канцерогендерге жатады?
1. химиялық канцерогендердің – анилиндік бояғыштардың әсері
2. Экзогендік канцерогендер, аминоазоқосындылар тобы
