Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
patfiz_esep_s_otv.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
43.57 Кб
Скачать

10 Есеп

Аурудағы ҚСҮ бүлінісін сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз, мүмкіндік себептерін көрсетіңіз.

рН 7,42

рСО2 30 мм с. б.

SB 20,5 ммоль/л

АВ 18,0 ммоль/л

ВЕ -4,0 ммоль/л

Теңгерілген газдық алкалоз. Мүмкіндік себебі - өкпе гипервентиляциясы.

11 Есеп

Ауруға жасанды өкпе вентиляциясын қолдану арқылы операция жасалынды. Аурудағы ҚСҮ бүлінісін сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.

рН 7,24

рСО2 69 мм с. б.

SB 18,5 ммоль/л

АВ 28,0 ммоль/л

ВЕ -8,0 ммоль/л

Теңгерілмеген аралас (газдық және метаболизмдік) ацидоз. Оттегі аз түсіп, көмір қышқыл газының шығуы бұзылған. Жасанды демалдыру тәртібін өзгерту қажет.

12 есеп

Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 15 көлемдік %, веналық қанда 10 көлемдік %. Артерияда гемоглобиннің оттегіге қанығуы 74 %, венада 48%. О2 бойынша артерио – веналық айырмашылық қандай және бұл гипоксияның қай түріне сәйкес келеді?

О2 бойынша артерио-веноздық айырма – 5 көл%.Тыныстық гипоксия

13 есеп

Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 18 көлемдік %, веналық қанда 6 көлемдік %. Артерияда гемоглобиннің оттегіге қанығуы 98 %, венада 30%. О2 бойынша артерио – веналық айырмашылық қандай және бұл гипоксияның қай түріне сәйкес келеді?

О2 бойынша артерио-веноздық айырма - 12 көл%. Қанайналымдық гипоксия.

14 есеп

Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 18 көлемдік %, веналық қанда 16 көлемдік %. Артерияда гемоглобиннің оттегіге қанығуы 98 %, венада 80%. О2 бойынша артерио – веналық айырмашылық қандай және бұл гипоксияның қай түріне сәйкес келеді?

О2 бойынша артерио-веноздық айырма - 2 көл%. Тіндік гипоксия

15 есеп

Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 10 көлемдік %, веналық қанда 4 көлемдік %. Қанның О2 сыйымдылығы төмендеген. О2 бойынша артерио – веналық айырмашылық қандай және бұл гипоксияның қай түріне сәйкес келеді?

О2 бойынша артерио-веноздық айырма - 6 көл%. Гемдік гипоксия

16 есеп

56 жастағы науқас тез шаршағыштыққа, тоқтағаннан кейін басылатын, бірақ жүргенде қайталанатын балтыр бұлшық еттеріндегі ауыру сезіміне, аяғының жансыздануына, «жыбырлауына», тыныштықта шаншитынына (парестезия) шағымданды. Науқас шылымды көп шегеді. Қарап тексергенде аяқ басының терісі бозғылт, құрғақ, ұстағанда салқын, тамыр соғысы тек екі аяқ басының үстіңгі бетінде ғана анықталса, артқы балтыр артерияларында анықталмайды. Алдын ала қойылған аңғарымы – «Бітелген (облитерирующий) эндартериит».

  1. Шеткері қанайналымының қандай бұзылысы туралы айтуға болады?

  2. Науқаста шеткері қанайналымы бұзылысының даму тетіктері қандай?

  3. Байқалған белгілерінің патогенезі қандай?

  4. Қандай жағымсыз салдарлары болуы мүмкін?

1. Ишемия

2. Артерия қабырғасына тараған қабынулық үрдіс, олардың кемерінің бітелуіне әкеліп соқты, сондықтан өткізгіштігі нашарлады (обтурациялық ишемия). Бұдан басқа тамыр тарылтқыш әсерлерге тамыр қабырғасының сезімталдығы артты.

3. ишемия көріністерінің патогенезін «Патофизиология в схемах и таблицах» оқулығынан қараңыз.

4. Аяқ-қолдар тіндерінің ишемиялық дистрофиясы олардың ең алдымен жанама қанайналымы анатомиялық шектелген ұштарының некрозын тудырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]