
- •«Медициналық – профилактикалық іс», «Мейірбике ісі», «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары 2 курс студенттеріне патофизиология пәні бойынша емтихан есептері
- •10 Есеп
- •11 Есеп
- •17 Есеп
- •18 Есеп
- •19 Есеп
- •20 Есеп
- •21 Есеп
- •22 Есеп
- •23 Есеп
- •24 Есеп
- •25 Есеп
- •26 Есеп
- •27 Есеп
- •28 Есеп
- •29 Есеп
- •30 Есеп
- •31 Есеп
- •32 Есеп
- •33 Есеп
«Медициналық – профилактикалық іс», «Мейірбике ісі», «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары 2 курс студенттеріне патофизиология пәні бойынша емтихан есептері
№ 1 есеп
10 000 м биіктікте жолаушылар авиалайнерінің тығыз жабылмағандығы анықталды. Бірнеше секөндтің ішінде ұшақтағы барометрлік қысым сол биіктіктегі атмосфералық қысымның көрсеткішімен бірдей (170 мм.с.б.) болды. Экипаж төмен түсе алмай, сол биіктікте бірнеше минөт бойы ұшты.
Осы апатқа сәйкес жолаушылар организмінде дамыған қандай дерттік үрдістер олардың денсаулығына қатер төндіріп, өлімге әкелуі мүмкін?
Бұл дерттік үрдістердің туындауы мен дамуының себептері қандай?
Аталған үрдістердің қайсысы жолаушылар организміне қауіпті және не себепті?
Экзогенді гипобариялық гипоксия, гипотермия, декомпрессия синдромы
№1 СӨЖ және №2 организмге гипотермия және төмен барометрлік қысымның зақымдаушы әсерінің патогенезі сабақтарын қараңыз.
гипоксия, себебі барометрлік қысым 170 мм.с.б. болғанда, артериялық қанның оттегімен қанығуы 10%-ды құрайды, бұл өлімге әкеледі.
№ 2 есеп
Балалар бөлімшесіне 3 жастағы ер бала келіп түсті. Қарап тексергенде: бала қатарластарымен салыстырғанда бойы аласа, беті жалпақ, ауызы жартылай ашық, төменгі ерінінен сілекей ағып тұр, көз ойығы тар, бет сүйегі шығыңқы, алақанында көлденең қатпар көрінеді.
Кариотип: 46, ХҮ, t(+14,21).
бала қандай аурумен зардап шегеді?
Кариотип өрнегін ажыратыңыз және сипаттаңыз. Оның қалыптыдан айырмашылығы неден?
Бұл аурудың мүмкіндік себептері қандай? Аталған ауруға тағы қандай көріністер тән?
Даун ауруы
21 жұп хромосомада трисомия (96% жағдайда), 21 хромосоманың бөлігінің 14, 13, 15 хромосомаға транслокациясы (3%)
Анасының жасы 35-тен асқан жағдайда мейоздың ақауы. Бұлшық еттердің гипотониясы, ішкі ағзалар дамуының қалыс қалуы, саусақтарының қысқалығы,ақыл-есінің дамымауы әртүрлі дәрежеде болады.
№ 3 есеп
Тұрғындарды жаппай тексеру кезінде жыныстық хромосомаларында өзгерістері бар адамдар анықталды. Геномындағы ауытқуларына байланысты келесі топтар бөлінді: 1‑топ — XXY; 2‑топ — XXXY; 3‑топ — 0X; 4‑топ — XXX; 5‑топ — XXXX.
Тексерілген адамдардың геномындағы өзгерістер қандай синдромдардың дамығандығын көрсетеді?
Әрбір топ науқастарының жыныстық хроматинінде қанша денешіктер бар?
Жыныстық хроматин нені көрсетеді, ол организмнің қай қасиетін анықтайды?
Геномдағы бұндай өзгерістердің мүмкіндік себептері мен даму тетіктері қандай?
1 - Клайнфельтер синдромы; 2 - Шерешевский-Тернер синдромы, 3- Трисомия Х; 4- Тетрасомия-Х
1-1; 2-жоқ; 3-2; 4-3.
Әсерсіз Х хромосома, әйел жынысын анықтайды
Мейоз кезінде жыныс хромосомаларының ажырамауы
№ 4 есеп
28 жастағы ер адамның жол апаты әсерінен аяқ-қолдарында көптеген сынықтар, денесі соғылған. Стационарға апаттан кейін бір сағаттан соң ауыр халде әкелінді: есі кіресілі-шығасылы, бозарған, «суық» жабысқақ терге шыланған, көз қарашықтарының жарыққа серрілісі әлсіз, тарылған, тынысы сирек, беткей, жүрек соғысы әлсіреген, пульсі әрең анықталады, АҚ 60/40 мм с.б., сыртқа немесе ішке қансырау белгілері жоқ..
1. Жарақаттың әсерінен науқаста қандай жағдай дамыды? Науқас оның дамуының қай сатысында?
Жарақаттық сілейме. Торпидті сатысы
Уақтылы және дұрыс емделген жағдайда – организмнің бұзылған қызметтері қалпына келеді, көмек көрсетілмесе – ақтық сатысы және өлім.
Сілейменің декомпенсация сатысы организмнің бейімделу серпілістерінің қажуымен, жүйке-эндокриндік реттелудің үдемелі төмендеуімен, ағзалар мен жүйелердің үдемелі жеткіліксіздігімен сипатталады. Көрсетілген өзгерістер көрінеді:
АҚ төмендеуі және коллапс дамуы (систолалық қысым сілейменің жеңіл түрінде - 90 мм с.б., орташада — 70 мм с.б., ауырда — 40–50 мм с.б)
Тамыр соғысы жиілігі артуымен (минутына 180-210 ретке дейін) және қанға аз толуымен, кейбір толқындарының түсуімен (жүрек аритмиясының белгісі)
Тамырдан сұйықтықтың артық мөлшерде тінге шығуымен
АҚК азаюымен (қалыптыдан 25–40% және одан артық) және Ht артуымен
әсіресе микроциркуляция арнасында қанның ұйуы және тромбозымен. Кейінірек тамыр ішілік шашыранды қан ұйу синдромы, тромбоз, фибринолиз және геморрагиялар.дамуы мүмкін
Қанның көп мөлшерінің іш қуысы ағзаларында, өкпе, бауыр, көкбауырда қорға жиналуымен. Бұл жүрек шығарымының үдемелі азаюына және АҚ төмендеуіне әкеледі.
Өкпеде микрогемоциркуляция бұзылуымен, оның ісінуімен, бронхиолдардың бітелуі, ошақты ателектаз дамуына әкеледі, бұл тыныстың қауырт жеткіліксіздігін туындатады. Аталған өзгерістер «сілеймелік өкпе синдромы» ретінде белгілі.
Айналымдағы қан көлемін қалпына келтіру (қан алмастырушыларын, жоғары молекулалы коллоидтарды құю), рН-ты қалпына келтіру (тұзды ерітінділер, натрий гидрокарбонаты), тамыр тонусы мен жүректің жиырылғыштық қабілетін қалпына келтіретін тамыр әсерлендіргіш және кардиотропты дәрілерді, ӨЖД аппараты, «жасанды бүйрек» аппараты, усыздандыру емін қолдану қажет.
5 есеп
Тышқандарда гемолиздік анемияны үлгілеу үшін фенилгидразин енгізілді. Фенилгдразинді енгізгеннен жарты сағат өткеннен кейін жануардың қанында эритроциттердің азайғаны, бос гемоглобин және метгемоглобин анықталды.
1. Фенилгидразин әсерінен эритроциттер мембранасы зақымдануының мүмкіндік тетіктерін түсіндіріңіз.
Фенилгидразин жасушадағы еркін радикалдық тотығуды күшейтеді, бос радикалдардың әсерінен мембрананың фосфолипидті қабаты бұзылады, тесіктер пайда болады, мембрананың өткізгіштігі артады, мембрананың иондық сораптары қызметі бұзылады. Бұл натрийдің жинақталуына және жасушаның гиперосмиясын тудырады, эритроциттердің гипергидратациясы дамып, олар гемолизге ұшырайды.
6 есеп
Науқасқа натрий бикарбонат ертіндісін тамыр ішіне енгізді. Аурудағы ҚСҮ бүлінісін сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.
рН 7,42
рСО2 40,5 мм с. б.
SB 28,0 ммоль/л
АВ 31,0 ммоль/л
ВЕ +6,5 ммоль/л
Теңгерілген газдық емес ацидоз, өкпенің бейімделулік гиповентиляциясы әсерінен СО2 мөлшерінің аздап артуы. Бикарбонатты енгізу SB, АВ артуына әкелді. ВЕ-нің артуы оң маңызды рөл атқарады.
7 есеп
Науқастың бас миы шайқалған, толастамайтын құсу және ентік байқалды. Аурудағы ҚСҮ бүлінісін сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.
рН 7,56
рСО2 26 мм с. б.
SB 24,0 ммоль/л
АВ 17,0 ммоль/л
ВЕ + 4,0 ммоль/л
Теңгерілмеген аралас алкалоз (газдық және бөліністік).
8 есеп
Науқаста диффузды гломерулонефрит. Аурудағы ҚСҮ бүлінісін сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.
рН 7,23
рСО2 34 мм с.б.
SB 16,0 ммоль/л
АВ 13,0 ммоль/л
ВЕ - 11,0 ммоль/л
Несептегі ТҚ: 8 мл сілті
Несептегі аммиак: 8 ммоль/л
Бөліністік теңгерілмеген ацидоз. Өкпенің бейімделулік гипервентиляциясы әсерінен гипокапния дамыды. Бүйректегі ацидогенез және аммониогенез үрдістері біріншілік азайып тұр.
9 есеп
Науқас кома жағдайында. Аурудағы ҚСҮ бүлінісін сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.
рН 7,17
рСО2 50 мм с. б.
SB 15,5 ммоль/л
АВ 38,0 ммоль/л
ВЕ -13,0 ммоль/л
Теңгерілмеген аралас (газдық және метаболизмдік) ацидоз.