- •Дәрістер Кіріспе. Көліктік үрдіс туралы негізгі түсінік, оның тармақты жүйелері және олардың сипаттамасы.
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Автомобильді күнделікті баптау, бақылау-диагностикалық және реттеу, бекіту және майлау жұмыстарының технологиясы
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
Ұсынылған әдебиеттер
Негізгі әдебиет
1. Ордабаев Е. Автомобиль және трактор моторларының теориясы. Қарағанды: ҚарМТУ. 1996 ж.
2. Автомобиль. Үшінші класты жүргізушінің оқулығы (Ж.К. канафин бастамасымен басылған). Қарағанды: 1996 ж.
3. Техническая эксплуатация автомобилей /Под ред. Г. В. Крамаренко. - М.: Транспорт, 1985 . – 488 с.
4. Колесник П.А., Шейнин В.А. Техническое обслуживание и ремонт автомобилей. - М.: Транспорт, 1985. - 325 с.
5. Техническое обслуживание, ремонт и хранение автотранспортных средств (в 3-ёх книгах). - Киев: Выща школа, 1991.
Қосымша әдебиет
1. Лабораторный практикум по технической эксплуатации автомобилей/ Под ред. С. В. Шумика. - Мн.: Выш. школа, 1984. - 176 с.
2. Ансеров М. А. Приспособления для металлорежущих станков. М. -Л., «Машиностроение», 1964. 652 с.
3. Балакшин Б. С. Основы технологии машиностроения. М., «Машиностроение», 1965. 560 с.
4. Гурин В. Ф., Клепиков В. Д., Рейн В. В. Технология автотракторостроения. М., «Машиностроение», 1971. 343 с.
5. Данилевский В. В. Лабораторные работы по технологии машиностроения. М., «Высшая школа», 1971. 238 с.
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
1. Автомобильді техникалық баптау дегеніміз не, оның қандай түрлерін білесіздер?
2. Автомобильдерді техникалық баптай мен жөндеуге қандай талаптар қойылады?
3. ТБ мен жөндеу жүйесін қалыптастыру әдістерін және оның сипаттамасын түсіндіріңіздер.
4. ТБ жұмысының қызметін атаңыздар.
5. Автомобильдерді сақтауға арналған ғимараттар жылжымалы құрамды жер дергейіне байланысты орналастыру әдістеріне қарай қандай түрлерге бөлінеді?
6. Тұрақ территориясында автомобильдерді орналастыру тәсілдері қандай нышандарға байланысты сарапталады?
7. Ауаның төмен температурасына автомобильді ашық алаңда сақтау кезінде мотордың оталуын жеңілдету тәсілдері қанша және қандай топтарға бөлінеді?
Дәріс 3
Автомобильді күнделікті баптау, бақылау-диагностикалық және реттеу, бекіту және майлау жұмыстарының технологиясы
Жоспар
1. Автомобильге күнделікті баптау жұмыстарының технологиясы
2. Автомобильдерге техникалық баптау және жөндеу жұмыстарын жүргізу тиімділігі
3. Техникалық диагностика және диагностикалау
4. Автомобильдегі бекіту және реттеу операциялары
Автомобильге күнделікті баптау жұмыстарының технологиясын үш топқа бөлуге болады:
КБ бақылау және жағар-жанар май құю технология сы.
Тазалау-жуу жұмысының технологиясы мен құрылғысы.
Судан тазалау және сумен қайтым қамсыздандыру жүйесінің технологиясы мен құрылғысы.
Баптаудан кейінгі бақылау жұмыстары мотор, тежегіш әрекетін, рульдік басқаруды және басқа да агрегаттар мен механизмдер жұмысын тексеруден тұрады.
Жағар-жанар май құю жұмыстары автомобильдің отын багын жанар маймен және мотордың салқындату жүйесін сұйықпен толтырудан тұрады.
ТБ негізгі жұмыстарын бұлайша бөу, біріншіден, жұмыстың әрбір түріне сәйкес мамандықты және квалификациялы жұмыскерлерді қолдануға, екіншіден, көрсетілген жұмыстарды сол жерде орындауға арналған арнайы приборлар құрылғылары мен саймандарды пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол жұмысты тиімді ұйымдастыруға, бірізді орындауға қажет.
Тазалау-жуу жұмыстары ТБ түріне тәуелсіз бірінші ретті болып табылады. Олардың міндеттерінің біріне автомобильді келесі ТБ операциясына даярлау мен қалыпты сыртқы түрін сақтау жатады.
Қоршаған орта температурасының әсерінен, атмосфералық әрекеттен және кузовтың органикалық және неорганикалық қышқылдармен ластануынан лак-бояулы жапқының физика-химиялық қасиеттерінде қайтымсыз өзгерістер жүреді де, нәтижесінде автомобиль кузовының лакты пленкасы бірітндеп бұзылады да, күңгірттенеді. Лак-бояулы жапқы қасиетіінң бұлайша өзгеруі қышқылдану, термиялық немесе фотохимиялық процестермен сипатталатын олардың тозуы немесе деструкцияның пайда болуы деп аталады.
Автомобиль кузовын тазалау. Тазалау кезінде автомобиль кабинасы мен кузовынан қоқыстар шығарылады, отырғыштар, әйнектер және кузов ішінің арматурасы сүртіледі, сондай-ақ мотор, капоттың ішкі беті тазаланады.Арнайы қызметтегі автомобильдер (санитарлық, тағам тасымалдаушы және т.б.) мен автобуытардың кузовтары периодты түрде дезинфекцияланады.
Автомобильдерді жуу. Автомобиль кузовының сыртқы бөліктерін және шассиді суық немесе жылы (плюс 25—30°С) сумен жуады. Кузов бояуын бүлдірмес үшін су мен жуылатын бет темепратураларының айырмасы 18—20°C аспауы тиіс.
Автомобильдерге техникалық баптау және жөндеу жұмыстарын жүргізу тиімділігін арттыру үшін баптауға немесе жөндеуге дейінгі және одан кейінгі автомобильдердің техникалық күйі туралы жеке ақпараттар қажет. Жабық және пайда болып жатқан тоқтап қалулар туралы жеке ақпарат бұрын немесе кешіккен жөндеу жұмыстарының алдын алады, оған қоса орындалатын жұмыстардың сапасын бағалайды. Мұндай ақпараттарды алу құралы – автомобильдерге техникалық диагностика жасау.
Техникалық диагностика деп автомобиль ақаулықтарының белгілерін, оның техникалық күйін бұзбай анықтау әдістерін, құралдарын және алгоритмдерін, оған қоса қозғалмалы құрамды техникалық пайдалану процессінде диагностикалау жүйесін қолдану технологиясы мен оны ұйымдастыруды зерттейтін білімдер саласы.
Диагностикалау деп нысанның техникалық күйін оны бұзбай, тек сыртқы белгілері бойынша, яғни оның күйін сипаттайтын шамаларды өлшеу жолымен, анықтау және осы шамаларды нормативтермен салыстыру процессін айтады. Ол автомобильдерге техникалық баптау және жөндеу жұмыстарын жүргізу жүйесін автомобильдердің техникалық күйі туралы жеке ақпаратпен қамтамасыз етеді, яғни осы жүйенің элементі болып табылады. Кез келген нысанды (автомобильді, агрегатты, механизмді) диагностикалау техникалық құжатпен бекітілген алгоритм (әрекеттер тізбегінің жиынтығы) бойынша жүргізіледі. Нысандарды, құралдарды және алгоритмдерді біріктіретін комплекс диагностикалау жүйесін құрады.
Диагностикалау құралдарына арнайы приборлар мен стендтер жатады. Олар сыртқы (жеке) және жалына орнатылған болып екіге бөлінедің. Диагностикалау кезінде техникалық өлшегіш құралдардан басқа адамның субъекті мүмкіндігі, оның сезім органдары, тәжірибесі мен дағдылары пайдаланылады. Қарапайым жағдайларда субъективті диагностикалау, ал күрделі жағдайларда объективті диагностикалау қолданылады.
Диагностикалау жүйесі мынадай түрлерге бөлінеді:
функционалды ;
тесті ;
әр жақты ;
арнайы ;
жалпы;
локальды;
автоматтандырылған;
қолды.
Жүйенің функционалды түрінде диагностикалау нысанның жұмыс процессі кезінде жүргізіледі.
Жүйенің тест тәрізді түрінде нысан жұмысының диагностикалық параметрлері жасанды түрде өлшенеді.
Жүйенің әржақты түрі бірнеше әртүрлі диагностикалық процесстер үшін арналған.
Жүйенің арнайы түрі тек бір диагностикалық процессті қамтамасыз етеді.Жалпы диагностикалауда нысанға толық бұйым жатады, ал оның міндеті – нысанның техникалық күйін “жарамды-жарамсыз” деңгейінде анықтау.
Жүйенің локальды түрі – нысанның құрама бөліктерін (агрегаттарды, жүйелерді, механизмдерді) диагностикалау үшін қолданылады.
Автомобильдерді пайдалану барысында оның жеке механизмдерінің құрылымдық параметрлерін (тозуларды, саңылауларды) бұзбай өлшеу мүмкіндігі шектеулі болады. Сондықтан диагностикалау кезінде автомобильдің техникалық күйін көрсететін қосымша белгілер қолданылады. Бұл белгілер диагностикалық параметрлер деп аталады. Және автомобильдің техникалық күйі туралы ақпарат беретін, өлшеуге жарамды физикалық шамалар болып табылады. Диагностикалық параметрлерге мыналар жатуы мүмкін : жұмыс процессінің параметрлері (тербелістер, шуылдар және т.б.) және геометриялық шамалар (саңылаулар, бос жүрістер, соққылар және т.б.).
Анық және үнемді диагностикалауды қамтамасыз ету үшін диагностикалық параметрлер сезімді, бір мәнді, тұрақты және ақпаратты болуы қажет.
Диагностикалық нормативтер автомобильдің техникалық күйін сандық бағалау үшін қызмет етеді. Диагностикалық нормативтерге мыналар жатады: бастапқы Пн, шекті Пп және мүмкіндігі Пд норматив мәндері.
Бастапқы норматив Пн жаңа, техникалық жағынана ақаусыз нысандардың диагностикалық параметрлерінің шамаларына сай келеді. Пайдалану барысында бастапқы норматив қалыпқа келтіру мен реттеу әрекеттері жолымен өлшенген параметр мәндерін Пе мәніне жеткізу үшін қолданылады. Бастапқы диагностикалық норматив техникалық құжаттама арқылы беріледі.
Шекті норматив Пп нысанды әрі қарай пайдалануға мүмкіндік болмайтын жағдайда немесе техникалық-экономикалық талаптар бойынша тиімсіз болған жағдайға сай келеді.
Мүмкінді норматив Пд автомобильдерді техникалық баптау жүйесінде өткізілетін кезендік диагностикалау кезіндегі негізгі диагностикалық норматив болып табылады. Мүмкінді норматив негізінде нысанның күйіне диагноз қойылады және жөндеу немесе реттеу жұмыстарының қажеттілігі туралы шешім қабылданады.
Диагноз қоюдың мақсаты – нысанның ақауларын анықтау, техникалық баптау мен жөндеу қажеттілігін айқындау, орындалған жұмыстардың сапасын бағалау немесе диагностикалатын автомобильді, механизмді келесі баптауға дейін пайдалануға болатын жарамдылығын бекіту.
Диагностикалау міндеттері мен нысанның күрделілігіне байланысты жалпы және локальды диагноз болады.
Жалпы диагноз нысанның жалпы талаптарға сай келетіні немесе сай келмейтіні туралы сұрақтарды шешеді.
Локальды диагноз нақты ақаулар мен олардың пайда болу себептерін анықтайды. Жалпы диагноз жасаған кезде тек бір диагностикалық параметр, ал локальды диагноз өткізген кезде бірнеше диагностикалық параметрлер қолданылады. Жалпы диагноз кезінде П параметрдің сол уақытта қалыптасқан мәндері өлшеніп, олар нормативтік мәндермен салыстырылады. Кезеңдік диагностикалау кезінде мұндай нормативке диагностикалық параметрдің мүмкінді мәні Пд, ал үздіксіз диагностикалау кезінде шекті мәні Пп жатады. Жалпы диагноздың үш варианты болуы мүмкін: П > Пд; Пд < П < пп; П < Пд.
Бірінші және екінші вариантта механизмнің ақауы бар. Яғни ТБ мен жөндеу жұмыстары жүргізілуі керек, ал ақаулар себебін анықтау үшін локальды диагностикалау қажет. Үшінші вариантта механизм ақаусыз.
Локальды диагноз қою барысында құрылымдық модельдер мен диагностикалық матрица қолданылуы мүмкін.
Автомобильдерді диагностикалау әдістері диагностикалық параметрлердің физикалық мәнімен сипатталады. Олар үш топқа бөлінеді.
Егер осы әдістердің бірінші тобы автомобильдердің жұмыс істеу қабілеті мен пайдалану қасиеттеріне баға берсе, екінші және үшінші топтар ақаулардың нақты себептерін анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан диагностикалау кезінле, біріншіден әдістердің бірінші тобы қолданылады, яғни жалпы диагностикалау өткізіледі, ал одан кейін автомобильдің техникалық күйін нақтылау үшін әдістердің екінші және үшінші әдістері қолданылады, яғни локальды диагностикалау әдісі.
Ағымдағы белгілі бір жұмыс көлемін орындай отырып, жұмыскерлер әрбір постыдан конвейерді басқару пультіне белгі берулері қажет. Конвейер қозғалуының басталуы туралы белгі берілгенде жұмыскерлер жұмыстарын тоқтатуы тиіс.
Автомобильді бір постыдан екіншісіне жылжытқанда оның ішінде болуға тыйым салынады.
Барлық бекіту және реттеу операцияларын технологиялық карталарда көрсетілген реттілікті қатаң сақтай отырып орындау қажет. Карталарда сәйкес операцияларды орындаудың дұрыстығы мен қауіпсіздігі, сондай-ақ қолданылатын саймандар мен құрылғылар көрсетіледі.Сондықтан технологиялық карталар жұмыс орындарында ілініп тұруы қажет. Міндетті жұмыс көлемін орындау реттілігінде бір кезеңде автомобильдің үстінде және астында жұмыс істеуді болдымауы қажет, өйткені үстіндегі жұмыскердің құралы түсіп кеткен жағдайда төмендегі жұмыскердің жарақат алуы мүмкін.
Карбюраторлы моторлы автомобильдің тіркісін реттеу операциясын екі жұмыскер жүргізеді, олардың бірі қол бұрағыш арқылы иінді білікті айналдырып тұрады. Тіркісті реттеу барысында жылжымалы шамды алдын ала жұмыс объектісіне жақын жерге орналастырып алып, қолдану керек
Автомобильдің түйісетін бөлшектерінің жұмысында үйкеліс әсерінен олар тозады. Үйкелістеін бөлшектерді уақытынан бұрын тозудан сақтандыру – майлаудың негізгі ролі. Автомобиль тораптарын майлау жұмыстары өте күрделі. Майлау-отын құю жұмыстарына кететін шығын автомобильге жасалатын техникалық баптау еңбегінің толық шығындарының 30—34% құрайды. Майлау жұмыстарын кешенді механикаландыру арқылы автомобильді майлау, отын құю жұмыстарының көлемін біраз азайтуға болады.
Көптеген автокөлік мекемелерінде автомобильді техникалық баптау постыларына майлау материалдарын беру механикаландырылған. Май тарату колонкалары, бактары мен қондырғылары кең көлемде қолданыс табуда. Майлау жұмыстарын арнайы жабдықталған постыларда орындау керек. Майлау постыларында пайдаланылған газдарды шығаруға арналған жергілікті сору құрылғылары болуы тиіс, өйткені май алмастыру кезінде мотор іске қосылады.
Автомобильдергді техникалық баптауға арналған арнайы постыларда майлаушының жұмысын жақсарту, сондай-ақ жұмыс өнімділігін арттыру үшін НИИАТ дайындаған майлаушының стол-тіркемесін пайдаланған дұрыс. Стол-тіркеме екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлікте мұқият тазалау фильтрінің жарамсыз элементтерін жинауға және ішінара және мұқият тазарту фильтрлерінен ағызылатын майды тұндыруға арналған сеткалы бак орнатылған. Келесі бөлігінде әртүрлі бөлшектер, материалдар және саймандар (жаңа сүзу элементтері, таза сүрту материалдары және т.б.) сақталатын сөрелер жасалған. Стол-тіркеменің үстін майлаушы жұмысына қажет әртүрлі құралдар орналастыруға арналған стол ретінде пайдаланады. Электр жетекті солидолнығыздағыштарды қолданғанда электр желісіне қосатын вилканың ұзартылған жерлестіру контактісі болуын қадағалау қажет.
Автомобильдерге техникалық баптау жасаған кезде ТБ-1 жұмыстарының 30%, ал ТБ-2 жұмыстарының 17% майлау жұмыстары құрайды. Майлау жұмыстары барысында әр түрлі моторлық, трансмиссиялық, индустриялық, созымды майлар, гидравликалық жүйелер үшін жұмыс сұйықтықтары қолданылады.
Майлау жұмыстарының мазмұның анықтайтын негізгі құжат болып майлау картасы белгіленеді. Майлау картасында майлау орны, майлау нүктелерінің саны, майдын аты мен мөлшері, техникалық баптау түріне тиісті мерзімділігі көрсетіледі.
Майлау картасында көрсетілген ТБ-1, ТБ-2 және МБ кезінде орындалатын негізгі майлау жұмыстарынан басқа электр-қондырғы жүйесінің элементтерін, механикалық жетектерін майлау жұмыстары да қарастырылады. Осы баптаулар кезінде кузов пен кабинаны майлау-қорғау жұмыстары қосымша қарастырылады.
Жыл мерзімін ескермей майлау материалдарын арнауынсыз қолдану бөлшектердің, механизмдер мен агрегаттардың тез тозуына әкеп соғады.
Майлау құрылғысы механизмдерінің жетегі пневматикалық, электрлік және механикалық (қолдық) болуы мүмкін.
Сұйық майларға (моторлық және трансмиссиялық) арналған қондырғы салыстырмалы төмен қысымда (1,5 МПа дейін) бір минутта 10-15 л май құя алады консистенті майларға арналған қондырғы 10-40 МПа қысымда бір минутта 200г май жібере алады.
Майлау жұмыстарына арналған қондырғылар төмендегі суретте көрсетілген.
Моторды майлау. Пайдалану барысында май бөлшектердің желіну өнімдерімен, жану камерасына, картер мен қоректендіру жүйесіне ауадан кіретін абразивті түйіршіктермен кірленеді.
Осы факторлардың әсерінен май құрамындағы тотығу өнімдері мотор детальдарына жабысып қабат құрады. Мотордың майлау жүйесіндегі құбырөткізгіштер мен арналардың қабырғаларына жабысқан бұл өнімдер олардың өткізу қабілетін төмендетеді, сүзгілерді бітеп қалады. Мұның нәтижесінде майдың сапасы нашарлайды және детальдардың жұмыс беттеріне аз мөлшерде жетеді, яғни керекті майлау қамтамасыз етілмейді. Бұл мотор детальдарының өте қарқынды желініп, тозуына, яғни оның сенімділігінің төмендеуіне әкеледі.
Мотордың майлау жүйесінің баптауға мыналар жатады:
картердегі май деңгейін тексеріп, қажет болса толтырып құю.
сапасы төмендеген майды айырбастау.
Мотордың майлау жүйесін жуу.
май сүзгілерін жуып тазарту немесе айырбастау.
Майдың сырртқа ағуын жою.
Мотор картеріндегі май деңгейін тегіс аланда мотор тоқтағаннан кейін 3-5 минуттан соң май өлшегіш щуп көмегімен тексереді. Мотор картеріндегі майдың сапасын май өлшегіш щупке жабысқан майдың түсі мен айқындылығы бойынша жуықтап анықтайды, немесе ақ түсті сүзгілік қағазға май тамшысын тамызу арқылы анықтайды. Майдың түсі қара болса және щуптағы белгілер көрінбесе, май айырбасталады. Ақ қағазға тамызылған майдың түсі қара болса, онда майды айырбастау қажеттілігі туады.
Моторлық майдың тұтқырлығы вискозиметрмен анықталады. Мұнда тексерілетін майдың ағу жылдамдығы өлшеніп, ол эталондық жылдамдықпен салыстырылады.
Мотордың майлау жүйесін баптауға арналған құрал жабдықтарға жуып тазарту және құю қондырғылары кіреді. Майды, әдетте, қызған моторда яғни майдың тұтқырлығы төмен, ағымдылығы жоғары болғанда айырбастайды. Бірақ картердегі май ағызылғаннан кейін майлау жүйесінің қабырғаларында жабысқақ тұнбалар қалып қояды.
Бұл тұнбаларды жою үшін мотордың майлау жүйесін индустриалды маймен, дизель отымен немесе арнайы жуғыш сұйықтығымен жуып тазартады.
Жүйені дизель отынымен жуып тазартқан кезде оны мотордың картеріне құйып, төменгі айналымда 4-5 минут моторды от алдырып, жұмыс істейді, одан кейін тазарту сұйықтығын ағызып жібереді де, жаңа май құяды.
Мотордың майлау жүйесін жуып тазарту үшін арнайы қондырғылар да қолданылады. Мысалы, 1147 модельді қондырғысы жүйені тазарту жұмыстарын тиімді, сапалы, әрі үнемді өткізуге ықпал етеді.
Май сүзгілері әр май айырбасталған сайын тазартылады. Маусымдық техникалық баптау кезінде картерді желдету жүйесі тексеріліп, керек жағдайда тазаланады.
Мотордың майлау жүйесін маймен толтыру үшін май таратқыш колонкалар қолданылады. Мысалы, 367 МЗ моделі автоматтандырылған колонка май мөлшерін өлшеп таратып бере алады.
Трансмиссия, басқару және жүріс бөліктерін майлау. Трансмиссия, басқару және жүріс бөліктері механизмдері өте күрделі жағдайда жұмыс істейді. Басты беріліс донғалақтары тістерінің жұмыстық беттеріне түсетін жоғары меншікті қысым трансмиссиялық майларға қойылатын тиісті талаптарды анықтайды.
Беріліс қорабы мен артқы белдік донғалақтарының желіну қарқындылығы майдың тұтқырлығымен температурасына тәуелді болады. Зерттеулер нәтижесінде трансмиссия агрегаттарының тиісті донғалақтарының желіну қарқындылығының тиімді мәні 75-90 С температурасына сәйкес келеді. Температура көрсетілген мәнінен жоғарлағанда және төмендегенде желіну қарқындылығы өседі. Сондықтан, автомобилдерді пайдалану барысында трансмиссия бөлігінде жоғарыда көрсетілген температураны ұстаған жөн. Осы механизмдерде жүргізілетін майлау жұмыстарына мыналар жатады:
- беріліс қорабы, тартқыш қорабы картерлердеріндегі, жетекші белдіктердегі, рульдік механизмдердегі май денгейін тексеріп, қажет болса үстемелеп құю.
