
- •Дәрістер Кіріспе. Көліктік үрдіс туралы негізгі түсінік, оның тармақты жүйелері және олардың сипаттамасы.
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Автомобильді күнделікті баптау, бақылау-диагностикалық және реттеу, бекіту және майлау жұмыстарының технологиясы
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
Дәрістер Кіріспе. Көліктік үрдіс туралы негізгі түсінік, оның тармақты жүйелері және олардың сипаттамасы.
Жоспар
1 Көліктік үрдіс туралы негізгі түсінік
2 Көліктік үрдісінің жүйелері және олардың сипаттамасы.
«Көлік» дегеніміз жүктер және жолаушылар тасымалдайтын халық шаруашылығының саласы;
• материалдык өнім мен адамдар қозғалысын камтамасыз ететін, техникалық қүралдар кешені;
жол бойымен қозғалатын, бірліктер ағыны;
белгілі тағайындалу пунктына және нақты мекен-жайға баратын, жүктің жеке партиясы.
Қатынас құралы - темір жол, теңіз, өзен, автомобиль, әуе және т.б. көлік түрлері жататын, негізгі жылжымалы кұрам.
Қатынас жолдары - жылжымалы қүрамның қозғалысы, атап айтқанда: рельстік жолдар, автомобиль жолдары, кеме жүзетін өзен, теңіздер және басқалары үшін арнайы бейімделген және жабдықталған жолдар [2].
Көліктегі техникалық құрылғылар және ғимараттар тиеу-түсіру пунктарынан, жүк жөне жолаушылар станцияларынан, кемежайлардан, заводтардан, жөндеу шеберханаларынан, қоймалардан, сигнал беру күралдарынан және басқаларынан тұрады.
Көлік жуйесі - тасымалдарды орындағанда өзара тәуелділікте және өзара әрекеттесуде болатын, көліктің әр түрлерінің кешені. Көлік жүйесі сондай-ак ұйымдастыру және жедел, басқару функцияларын (АБЖ, ТҰАБЖ, т.б.) кірістіреді. «Бірыңғай көлік жуйесі» ұғымы мемлекет, аумақ немесе ірі қалаларға тән, көліктің барлық түрлерінің әлеуметтік-экономикалық бірлігін ерекше көрсетеді.
Көлік желісі - елдердің немесе жеке аймақтардың елді мекендерін байланыстыратын, қатынастың барлық жолдарының жиынтығы. Көлік желісі көліктің жеке түрлерінің (метро, трамвай, автобус және т.б.) маршруттық желілерінен құралады, ол әдетте магистральді жолдар желісіне және төменгі желіге белінеді (низовая сеть). Магистралъ желісі жүктерді үлкен ара қашықтыққа тасымалдауды орындайды, ал төменгі желі жергілікті өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы жүктерін тасымалдауды қамтамасыз етуге арналған.
Көлік желісінің тыгыздыгы деп желідегі 1000 км2-ге келетін километрлер санын атайды.
Агынның куаты желінің 1 км-не келетін, тонна-километрлермен елшенетін, олардың жүк тасымалдылығын немесе жолаушылар жиілігін анықтайды.
Тасымалдау-экспедициялық
операцияларға мыналар
жатады: жүкті қабылдау, буып-түю, таңбалау
жөне беру, сондай-ақ оны қысқа мерзімде
сактау, әр түрлі тектегі құжаттарды
және төлемдерді дайындау, жүкті бір
көліктік құралдан басқасына асқын
жүктеу.
Жүктерді және жолаушыларды тасымалдау көліктің бір немесе бірнеше түрлерімен үйымдастырылады.
Жергілікті деп бір көлік кәсіпорнымен жасалатын тасымалдарды атайды.
Тура қатынасты тасымалдар - бұл тасымалдар көліктін бір түрімен орындалады, бірақ бірнеше көлік кәсіпорындарымен жүзеге асырылады
Аралас қатынасты тасымалдар ~ тасымалдар бірыңғай көлік күжаттары бойынша бірнеше көліктік түрлерімен жүзеге асырылады. Мүндай тасымалдар бәрінен жиі асқын жүктеусіз катынастар үшін (контейнерлерде, жәшіктерде, вагондарда және т.б.) пайдаланылады.
Халықаралық тасымалдар - мемлекеттің шегінде - шетке шығару (экспорт), шеттен әкелу (импорт) жүзеге асырылган тасымалдаулар.
Көлік процесі - өнеркәсіптерде кабылданған, өндіріс процесінін ұғымына ұқсас, және жүктерді және жолаушыларды жөнелту пункттарынан белгілеу пункттарына дейін жеткізумен тікелей байланысты, нақты операциялардың кешенін көрсетеді. Көлік процесін үйымдастырумен жалпы алғанда тиеу, жылжыту, жүктерді түсіру тасымалдық-экспедициялық операцияларды және т.б. орындау бойынша көліктің әрекетті буындарының үйлесуін қарастыратын, принциптік жағдайларды, әдістерді және құрылымдық сұлбаларды түсінеді.
Учаскелерге немесе үлкен емес желілерге сәйкес, әдістер кешенін тасымалдау максаттарымен шектеуді ерекше көрсететін, «қозғалысты ұйымдастыру» терминін жиі қолданады.
Көліктің кез келген объектісінін өткізу кабілеті - казіргі техникалык жабдықтау кезінде және козғалысты ұйымдастырудың белгілі формалар жағдайында уақыттар бірлігінде (тәуліктер, сағат) осы объект бойынша (жолдарды кесіп алу, жолдар қимасы) өткізілген болуы мүмкін, жылжымалы бірліктердің максимум саны.
Көліктің қандай да бір объектісінің тасымалдау қабілеті - бұл есептеу периодына жылжымалы құрамның, отынның, және басқа ауыспалы құралдардың бар болуына байланысты жіберілуі мүмкін, жүктердің (тонналардың немесе жолаушылардың) максимум саны. Өткізу қабілеті жөне көлік ағынынын ен жоғары шамасын анықтайды, сондықтан тасымалдау қабілеті, мысалы жолдар, тіпті оларда бірде бір көлік бірліктері болмаған жағдайда да өзгермейтін болып қалады.
Бірқатар шарттарды сақтау кезінде (жылжымалы құрамды отынмен, материалдармен, кадрлармен жөне көлік бірліктерінің қажетті санымен камтамасыз ету) өткізу және тасымалдау қабілеті тең болады, және сонда тасымалдау қуаты деген бір ұғыммен ғана операция жасауға болады.
Құрастыру немесе маршруттау жоспары көліктің әр алуан бөлімшелерімен әзірленген, қүжат түрінде үсынылады. Ол құрастыру пункттары (басты пункттарды) және (ақырғы пункттарда) поездарды және жеке көлік бірліктерін (автомобильдер, кемелер, ұшақтар және т.б.) тарату, сондай-ақ тек қазіргі белгілеудегі поезға қосылуы мүмкін, жүк ағыны (жолаушылар ағыны) сипаттамалары туралы нұсқауларды қамтамасыз етеді.
Маршруттауды әзірлеу қажеттілігі, көліктік құралға жүктелген, жүк өзінің белгіленген пунктына дейін баруы тиісті екендігін білдіреді, осыған карамастан, темір жол поезының, автопоездың немесе өзен құрамының жүріс жолында тартқышты, буксирді, локомотивті және басқаларды ауыстыруы мүмкін.
Көлік бірліктерінің графиктері және қозгалыс кестесі жолаушылар оферасына да, жүктер тасымалына да әзірленеді. Кестелер кестеге енгізілген, әрбір пункт бойынша әрбір көлік бірліктерінің жөнелтілуінің және келуінің дәл уақытын және бірліктер жүрісінің маршруттарын, сондай-ақ тәуліктік қозғалыс мөлшерін (рейстер санын) реттейтін, кесте түрінде болады. Олар желілердің (маршруттардың) әрбір бағытындағы қозғалыстың үздіксіздік және реттілік дәрежесін көрсетеді. Әзірленген құжаттар ішкі көлік құжаттары шегіне шығады және жалпы мемлекеттік мәнді құжаттарға айналады және көліктің өзінің бөлімшелері үшін де қатаң міндетті бола бастайды.
Құрастыру (маршруттау) жоспарлары және қозғалыс графиктері (кесте) негізінде көліктік министрліктердің және техникалық жоспар немесе техникалық мөлшерліктер кешені мекемелерінің қатарынан шықпай әзірленуі мүмкін, мүнда активті бірліктер (локомотивтер, тартқыштар, буксирлер) айналымының графиктері, жүргізушілердің жүмыс және демалыс графиктері, жүк ауласының жүмыс жоспарлары мен графиктері, техникалык құралдарды жөндеу және қызмет көрсету және т.б. енгізілуі мүмкін.
Дәріс 1.
Автомобильді техникалық пайдалану. Пайдалану кезіндегі автомобильдің техникалық күйінің өзгеруі және оның сенімділігі
Жоспар:
1. Автомобильдің негізгі пайдаланушылық қасиеттері
2. Автомобильдің техникалық жағдайының өзгеруінің негізгі себептері
3. Автомобильді техникалық баптау сапасы
Автомобиль көлігімен тасымалдауда техникалық күйі қалыпты болатын жылжымалы құрамды (автомобильдер, автопоездар) пайдаланады.
Қалыпты техникалық күйі дегеніміз жылжымалы құрамның техникалық пайдалану ережелерінде көрсетілген нормаларға толығымен сай болып, жұмыс істеу қабілеттілігін сипаттайтын параметр.
Автомобильдерді техникалық пайдаланудың негізгі мақсаты берілген пайдалану шарттарындағы автомобильдің жұмыс істеу қабілетін сақтауға кететін шығындарды азайту болып табылады. Бұл міндетті тиімді орындау үшін автомбиль бөлшектерін пайдалануға байланысты бұзылуының физикалық процестеріне негізделген оның техникалық күйінің өзгеруін белсенді бақылау,
Автомобильдің негізгі пайдаланушылық қасиеті қозғалыспен байланысты. Олар жүйелердің, тораптардың және агрегаттардың параметрлерімен, және шығу сипаттамаларымен анықталады. Бұл параметрлердің деңгейі конструкциялау және өндіру процесінде қамтамасыз етіледі де, пайдалану кезінде автомбильдің техникалық күйіне тәуелді болады.
Ұзақ пайдалану кезінде автомобильдердің техникалық күйі, барлық машиналар сияқты, нашарлайды. Автомобильді ұзақ пайдалану мерзімінде жұмыс істеуге қабілетті күйде ұстау техникалық баптау (ТБ) жөндеудің негізгі тіндеті болып табылады.
Сенімділік – бұл объектінің бірелген режимдер мен қолдану шарттарынада, ТБ, жөндеуде, сақтау мен тасымалдауда талап етілетін функцияларды орындау қабілетін сипаттайтын барлық параметрлдердің шамаларын берілген шектерде ұзақ уақыт бойына сақтау қабілеті болып табылады. Сенімділік көрсеткіштері автомбиль жұмысының ұзақтылығына байланысты қарастырылады, ол мыңдаған километр жүруімен немесе сағат жұмыс істеуімен өлшенеді.
Автомбильдің қалыптылығына ебіршама уақытқа немесе бірша ажүруіне дейін жұмыс істеу қабілетін сақтау жатады.
Автомобиль, оның агрегаттары және бөлшектері жұмысының мәңгілігі деп берілген ТБ мен жөндеу кезіндегі шекті күйіне дейін жұмыс істеу қабілетін сақтауды айтады. Бұл қабілет техникалық ресурспен бағаланады.
Сақтаулық – бұл автомбиль мен оның бөлшектерінің сақтау кезі мен одан кейін қалыптылық, мәңгілік және жөндеуге мүмкіндік көрсеткіштері шамаларын сақтау қабілеті.
Жөндеуге мүмкіндік – объектінің жарамсыздықты, сынуын ескерту қабілеттігі, сондай-ақ ТБ мен жөндеу арқылы жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру қабілеті.
Бөлшектің беріктігі деп оның жүктеме әсеріне қарсыласу қабілетін айтады.
Шаршау – бұл көпретті қайталанатын қарсы бағыттағы күштердің әсерінен бөлшектің бұзылу процесі.
Коррозия – материалдардың қоршаған ортамен физика-химиялық әсерлесу салдарынан бұзылу процесі.
Тозу – бұл қтты дене бетінен материалдардың бөлінуі мен бұзылу және үйкеліс және деформация әсерінен дене формасы мен өлшемдерінің үнемі өзгеру процесі.
Автомобильді күрделі жөндеудің (КЖ) экономикалық тиімділігінң негізгі көзі оның бөлшектерінің қалдық ресурстарын пайдалану болып табылады. Автмобиль бөлшектерінің 70-75% КЖ кезінде қалдық ресурсы болады және аздаған жөндеу немесе жөндеусіз қайтадан қоллданылуы мүмкін. Түскен автомобиль бөлшектерінің барлығын үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа өз ресурсын толығымен жұмсаған бөлшектер жатады және олар автомобильді жөндеген кезде жаңасымен ауыстырылуы керек. Олар 25-30% құрайды.
Екінші топқа ресурсы жөндеусіз қолдануға мүмкіндік беретін бөлшектер жатады. Бұл топқа жұмыс беттерінің тозуы қосымша шектердегі бөлшектердің барлығы жатқызылады, мұндай бөлшектер 30-35%. құрайды.
Үшінші топқа автомбильдің қалған бөлшектері кіреді (40-45%). Бұл бөлшектер толығымен қалпына келтірілгеннен кейін ғана қайта қолданылуы мүмкін. Бұл топқа автомобильдің ең күрделі және қымбат базалық бөлшектері жатады. Мұндай бөлшектерді қалпына келтіру құны оны дайындау құнының 10-50% аспайды. Осылайша, автомобильді КЖ экономикалық тиімділігінің негізгі көздері ретінде екінші және үшінші топтардағы бөлшектердің қалдық ресурсын пайдалану дұрыс.
Автомобильдің техникалық жағдайының өзгеруінің негізгі себептері мынадай:
- Тозу; - қажу; - коррозия (даттану)
- бөлшектер мен материалдардың физикалық, химиялық және температуралық өзгеруі.
Тозу – бұл үйкеліс нәтижесінде бөлшектердің үйкелесу беттерінен материалдар ажырап, бөлшектердің өлшемдерінің өзгеру процессі. Табиғи тозу бөлшектердің өзара жанасып жатқан беттері арасында үйкелістің пайда болуы, метталлдың сыртқы қабатының қажуы нәтижесінде туады да, бөлшектердің бұдан былайғы жұмыстарға жараамсыз болуына негізгі себеп болып табылады. Табиғи тозу бірнеше түрлерге бөлінеді.
Механикалық тозу металл бөлшектерінің деталдар бетінен ажырауымен сипатталады және ол негізінен құрғақ үйкеліс кезінде болады. Мұндай тозу тежеуінен барабандар мен басқа да бөлшектерден байқалады.
Абразистік тозу өзара жанасып жатқан бөлшектердің үйкелістің беттерінің арасына абразистік элементтердің (минерал текті шаң және түйіршіктер) қатты түйіршіктерінің түсуінен пайда болады. Мұндай тозу поршеннің жоғарғы сақинасынан, бөлгіне біліктің жұдырықшаларынан және басқа детальдардан байқалады.
Коррозиялық тозу құрамында күкірттің көп мөлшері бар жанар майдың жануынан түзілетің немесе сапасыз майдың құрамында болатын қышқылдардың әсерімен, сондай – ақ газдар мен су буларының жоғарғы температурада әсер етуінен, дымқыл ауа райының әсерінен пайда болады. Тозудың бұл түріне кінді біліктің мойыны, циллиндрлер, поршень саусақтары, кузовтың,раманын, кабиналық детальдары ұшырайды.
Қажи тозу (питинг) детальдарға оқтын – оқтын әсер етіп тұратын жоғарғы қысымнан тұрады. (шестериялар тістері, теңселу подшипниктері, рессорлар, крокштейндер.)
Қалыптаса қажалу кезеңінде өзара жанасып жатқан жаңа детальдар қауырт тозып, қалыптаса қажалу кезеңінен соң тозу дәрежесі баяулайды да, тозу шамасы айтарлықтай баяу өтеді. Пайдалануға қажетті қалыпты тозу деп аталатын түрі орындалады.
Бөлшектердің кезекті жөндеуге дейін қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндігі болатын тозуды шектеулі тозу деп атайды.
Жұмыс істеудің белгілі бір кезеңінен соң тозу қайтадан күрт өсіп, саңылаулар ту артады, бұдан детальдар дұрыс жұмыс істей алмай, дүрсіп пайда болады. Атомобильді бұдан әрі пайдалануға мүмкіндік болмайды немесе тиімсіздік жасайды.
Механизмді одан әрі пайдалану тозудың тез өсуіне және өзара жанасып жатқан детальдардың бүлінуіне себепші болатын жағдайдағы тозуды шекті тозу деп атайды. Бөлшектерді шекті тозуға ұшыраған автомобильдерді пайдалану апатқа әкеп соқтыруы мүмкін.
Бөлшектер мен материалдардың температуралық өзгеруі автомобильдердің техникалық жағдайына қатты әсер етеді:
материалдардың беріктігі төмендейді,металдар 300 – 400 с-қа жеткенде беріктігі азайып, өздігінен «жылжу» пайда болады, былайша айтқанда пішінің өзгерте бастайды;
жоғарғы температурада май өздігінен майлау қаситтінен айырылады. Мысалы, автотрактор майы температура 120 с – қа жетпестен – ақ бұзылады , ал арнаулы май (авиация майы) 300 – 400 с- қа дейін майлау қаблеттілігін сақтап қалуы ықтимал, бірақ одан жоғары температурада ол майлау қасиеттінен айырылып, үйкеліс күші кенет көбейген соң детальдардың бір – бірімен жабысып қалу қаупі туады;
ыстықтың әсерінен детальдар арасындағы саңылау азаяды, дәлдік кемиді және бесқа ұнамсыз жағдайлар пайда болады.
Автомобильдердің сенімділігі деп, олардың белгілі бір мерзімде ақаусыз, бұзылмай жұмыс істеу қабілеттігін айтады.
Автомобильдердің сенімділігі сенімсіздік коэффициенті арқылы бағаланады. Бұл коэффициент бұзылмай жұмыс істеген бөлшектер санының барлық детальдар санына қатынасын немесе машиналық бұзылмай жүрген уақытының мерзіміне қатынасын айтады.
Автомобиль сенімділігінің қасиеттері мен негізгі көрсеткіштеріне мыналар кіреді:
- тоқтап қалмаушылығы;
- ұзақ уақытылығы;
- жөндеуге жарамдылығы;
- сақталынушылығы;
Тоқтап қалмаушылық – бұл автомобильдің деогілі бір уақыт немесе жүріс аралығындағы жұмыс істеу қабілетін сақтау қасиеті. Автомобильдің тоқтап қалмау қасиетін бағалау үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады:
тоқтап қалмау жұмыс істеу ықтималдығы;
тоқтап қалуға дейінгі және тоқтап қалулар арасындағы істелген орташа жұмыс;
қалыпқа келтірілінбейтін бұйымдар үшін тоқтап қалу ағынының параметрі.
Ұзақ уақыттылық – бұл автомобильдің шекті жағдай туғанға дейінгі және қабылданған техникалық баптау мен жөндеу жұмыстарын жүргізген кездегі жұмыс істеу қабілеттілігін сақтау қасиеті. Ұзақ уақыттылықтың негізгі көрсеткіштеріне мыналар жатады:
орташа ресурс немесе қызмет ету мерзімі;
гамма – пайызды ресурс (қызмет мерзімі);
шекті жағдайға жету ықтималдығы.
Жөндеуге жарамдылық – бұл автомобильдің тоқтап қалудың алдын алу, оны айқындау және жою, оған қоса техникалық баптау мен жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде ақаулардың алдын алу, айқындау, жоюға икемділік қасиеті. Жөндеуге жарамдылықтың негізгі көрсеткіштері төмендегідей:
техникалық баптау мен жөндеу әрекеттерін орындаудың орташа ұзақтылығы мен еңбек – сиымдылығы;
берілген уақытта техникалық баптау мен жөндеу әрекеттерін орындау ықтималдығы;
техникалық баптау мен жөндеу әрекеттерін орындаудың гамма – пайыздық уақыты.
Сақталунышылық – бұл автомобильдің сақтау мерзімі ішінде және одан кейін, оған қоса оны тасымалдаған кезде ақаусыз күйін және жұмыс қабілеттілігін сақтап алу қасиеті. Осы қасиеттің негізгі көрсеткіштері:
бұйымдардың сақталынушылығының орташа мерзімі;
бұйымдардың сақталынушылығының гамма – пайыздық мерзімі.
Автомобиьлдің техникалық күйінің нашарлауының негізгі себептері: бөлшектердің ,тараптардың, механизмдердің, приборлар мен агрегеттардың тозуы.
Бөлшектердің тозуына әсер ететін жағдайлар:
қозғалыс тәртібі және автомобиьлге түсетін күш;
жол және климаттық жағдайлар;
жанар майдың, майлаудың, техникалық баптаудың сапасы;
автомобиль жүргізу шеберлігі.
Қозғалыс тәртібі. Ол жүру жылдамдылықтарынан, екпіндеу, тежеу және аялдама санынан құралады. Автомобильдің тозуына оның айнымалы режиммен (үдету, баяулау және аялдамалар санының көп болуы) жүруі күшті әсер етеді, бұл жақын қашықтыққа жиі аялдамалар жасап, жылдамдықты жиі өзгертуге, мысалы қозғалыс қарқынды болатын қалаларда жұмыс істеуге байланысты болады. Бұл кезде кінді біліктің айналым санының жиілеп, күрт өзгеруі мотор детальдарының, әсіресе май берілуінің бұзылып, майлаудың нашарлауы салдарынан кінді білік подшипниктерінің тез тозуына әкеп соғады. Бұл айнымалы режим күш берілісінің, жүріс бөлігінің және басқару механизмдерінің тозуын айтарлықтай тездетеді.Сондай – ақ автомобильдің төменгі берілістерімен ұзақ жүруі тозуға едәуір седепші болады.
Автомобильді орнынан кенет қозғалту, әсіресе, жүк тиелген автомобиль жоғарғы берілістерде қозғалуынан күш берілісі мен жүріс бөлігі тез тозатын болады. Кенет және жиі тежеу, сондай – ақ жоғарғы жылдамдықтарда шұғыл бұрылыстар жасау тежеу жүйесінің, күш берілісі механизмдерінің және шиналардың тозуын арттырады.
Эксковатормен, трактор немесе автомобиль тиегіштермен автомобильге жүк тиеуден кузовқа жүк салмағы өте көп түсіп, детальдарда кернеу артады, жүріс бөлігінің үйкелетін тараптарынан майды сығып шығарып, детальдар тез тозатын болады. Автомобильге белгіленген мөлшерден артық жүк тиеу де тозуға кері әсер етеді.
Жол жағдайлары. Жолдың күйі автомобильдің тозуын тездетуге әсер етеді. Жолдың кедір – бұдырлығы зор айнымалы соққылар тудырып, нашар жолдарда автомобильдің ұзақ уақыт төменгі бірлестіктермен жүруіне тура келеді, мұның нәтижесінде мотор мен басқа механизмдер жұмысына артық күш түседі. Шаңды жолдармен жүрген кезде оның өте ұсақ қатты түйіршіктері детальдардың үйкелетін бетіне түсе отырып, лоардың абразисті тозуына және мерзімнен бұрын қатардан шығуына себепші болад ы.
Климаттық жағдайлар. Айналадағы ауа темпертурасы төмендегенде майлау материалдарының тұтқырлығы артады, мұның салдарынан барлық механизмдердегі үйкеліске жұмсалатын шығын артып, автомобильдің жүрісі нашарлайды, жанар май шығыны жоғарылап, детальдар тез тозатын болады. Бұған мотор бөлшектерінің үйкелетін беттеріне жоғары тұтқырлықтағы майдың жеткіліксіз келінен басқа, буланып үлгермеген жанар май тамшыларының цилиндрлер қабырғаларына шөгуі де себеп болып табылады да, ол цилиндрлер, поршеньдер және сақиналардағы майдың жұқа қабатын шайып кетеді.
Айналадағы ауа температурасы жоғарлығанда мотор қызып кетіп, цилиндрлердің жанар қоспасымен толуы нашарлайды, мотордың қуаты келіп, оған көп күш түседі. Бұдан басқа, температура жоғарылаған кезде майдың жұқа қабаты оңай ажырайды, бұл үйкелістің күшейіп, үйкелетін беттердің тозуына себепші болады.
Жанар май мен майлау сапасы. Октан саны төмен болатын жанар майдан детонация пайда болады, ол мотордың шатун – поршень тобының тез тозуына жағдай жасайды. Жанар май нашар буланатын болғандықтан цилиндрлер қабырғаларына консенсацияланады да, соның салдарынан цилиндрлер қабырғасы, поршеньдер және сақиналардағы май шайылып, мотор картеріндегі май сұйылады, бұл майлау жүйесіндегі қысымның төмендеуіне себепші болады.
Сәйкес келмейтін май сорттарын пайдалану өзара жанасқан барлық детальдар беттерінің ту тозуына әкеп соғады. Тұтқырлығы төмен май мен жағылған майға күш түскенде сығылып шығады да, үзілмелі майланған жұқа қабат түзеді де құрғақ үйкеліс туады, демек, детальдар күшті қажалып тозатын болады. Май тұтқырлығы жоғары болғанда өзара жанасқан детальдардың саңылауларына нашар өтіп, майлауды дұрыс қамтамасыз ете алмайды.
Жанар май мен майда сілтемелер, қышқылдар, күкірт т.б түріндегі зиянды қоспалардың болуынан детальдар коррозияға ұшырайды.
Техникалық баптау сапасы. Механизмдерді дер кезінде майлап, тексермеу және реттемеу, бекітпелерді дер кезінде тартып бырамау тозудың апаттық жағжайға дейінгі күрт тездеіне, автомобильдің тиімділік және жылдамдық сапаларының нашарлауына апарып соғады.
Ақаулы тұтандыру білтелері, үзгіш контактілердің арасындағы саңылаудың дұрыс болмауы және ерте тұтану бұрышын белгілеудің бұзылуы двигательдің тиімділігін күрт нашарлатады. Мәселен, ерте тұтану бұрышын қалыпты тұтану бұрышынан 10 пайызға кеміту жанар майдың жұмсалуын қалыптағыдан 10 – 15 пайызға жоғарлатады.
Автомобильдің қозғалыс жылдамдығына байланысты күш берілісіндегі теңселгенде кездесетін кедергі мен шығынға мотор қуатының едәуір бөлігі жұмсалады; күш берілісі мен жүріс бөлігіне жұмсалатын техникалық баптау ережелерін сақтамаған жағдайда бұл шығындар 2 – 3 есе артуы мүмкін. Алдыңғы доңғалақтардың дұрыс орнатылу шамасының өзгеруі шиналардың тез тозуымен қатар, жанар май шшһығының едәуір артуына себепші болады.
Автомобиль сенімділігін қамтамасыз ету.
Автомобиль детальдары мен механизмдердің сенімділігін арттыру үшін дайындаушы заводтар конструктивтік және технологиялық жетілдірулер енгізеді.
Мотор цилиндрлеріне тозуға бекем, жоғары легирленген гильзалар орнатады, бұл цилиндрлердің қызмет атқару мерзімін 2 -3 есе арттырады. Поршень басына алюминий қорытпасынан әзірленген шойын сақина құяды, онда күш неғұрлым көбірек түсетін поршеннің үстіңгі сақинас ына арналған жырашығы болады.
Жоғарғы, компрессиялық сақиналарды ұзақ қызмет атқару үшін кезекті хром қабатымен жауып, қалған поршень сақиналары мен поршендерге жақсы қалыптасу үшін электрометтік қалаулау жүргізіледі.
Поршендегі поршень саусағы сұғынатын тесіктер цилиндр өсімен салыстырғанда автомобиль жүрісі бойынша оңға қарай ығыстырылған, поршеннің жоғарғы шекті нүктеден өткен кезде пайда болатын дүрсілін кемітуге мүмкіндік жасайды.
Қыздырылған мотордың поршені мен цилиндрі арасындағы саңылауды барынша азайтып, салқын двигательдің дүрсілін жою үшін поршень етегін доғалап жасайды. Бұл кезде күмбездің үлкен өсінде шатун теңселетін орын болады да, күмбездің кіші өсі поршень саусағының өсін бойлай орналастырады.
Шар тәрізді жұмыс беті бар итергіштердің беркелкі тозуы үшін бөлгіш білік жұдырықшаларының қырларын сәл еңкіштеу етіп жасайды, бұл жұмыс істеп тұрған итергіштердің бұрылуын қамтамасыз етеді.
Клапан қалпақшасынан жылуды жақсы әкету үшін оның стержінің қуыс етіп жасайды да металл натриімен толтырылады.
Иінді біліктің негізгі және шатун подшипниктерінің сенімділігін жұқа болат – баббит немесе болат – алюминий вкладыштарды қолдана отырып арттырады.
Иінді біліктің түпкі монында арнаулы лас тұтқыш камераларды, май тазартудың центрден тепкіш және толық ағынды сүзгілерін, картерді еріксіз салқындату жүйесін қолдану мотордың сенімділігіне өте жақсы әсер етеді.
Ауа сүзгілері қатты түйіршіктердің мотор цилиндрлеріне түсу мөлшерін едәір азайтады, демек, цилиндр – поршень тобының тозуы да кемиді.
Рессора табақтарының қызмет атқару мерзімн арттыру үшін оларды болат бытырамен соғып шыңдайды.
Автомобильдердің беріліс қораптарында тұрақты ілініс шестериялары мен синхронизаторларды, ал басты берілісте гипоидты тісті шестерияларды кеңірек пайдаланады, бұл - шестериялардың сақталынуын және беріліс қораптары мен басты берілістердің қызмет атқару мерзімін ұзартуды қамтамасыз етеді.