Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Азаматтык.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

Тақырып 1: Азаматтық құқық түсінігі

Мақсаты: Студенттерді құқық саласы ретiнде азаматтық құқықтың түсiнiгiмен таныстыру.

Сұрақтар:

1 Азаматтық құқығының түсінігі.

2 Азаматтық құқық принциптері.

3 Азаматтық заңдар.

4 Азаматтық қүқық ғылым ретінде.

1. Азаматтық-құқықтық нормалар реттеп отыратын қоғамдық қатынастар ауқымын азаматтық қүқықтың нысанасы деп түсінеді.

Мүлікті - заттарды, заттар мен өзге де материалдық игіліктерге қатысты құқықтар мен міндеттерді иелену және пайдалану жөніндегі қатынастарды мүліктік қатынастар деп түсінеді. Әдетте, мүліктік қатынастар объектісін ақшамен бағалауға болады.

АК-ның 1-бабы сондай-ақ мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастарды да атайды. Бұл ең алдымен интеллектуалдық меншік объектілерін - ғылым, өнер, техникалық шығармашылық туындыларын, азаматтық айналымға қатысушыларды дараландыру құралдарын және т.с.с. жасаудан туындайтын қатынастар. Бұл объектілер мен құқықтардың өздігінен тікелей мүліктік мазмұны мен ақшалай бағасы болмайды. Бірақ олар, бұл мүліктік емес өзіндік қатынастар мүліктік қатынастармен тығыз байланысты болғандықтан, азаматтық-құқықтық реттеу саласына жатады, оларды азаматтық құқықтарды қорғау құралдары қамқорлығына алады.

АК-ның 1-бабы азаматтық құқықтың нысанасы болып табылатын қатынастардың ішінен мүліктік қатынастарға байланысы жоқ өзіндік қатынастарды да атайды. Мысалы, азаматтың есіміне, оның ар-намысына, тұрғылықты жерді таңдау мүмкіңдігіне, жеке жазбаларын (күнделіктерін, хаттарын) жарияламауға, бейнесіне қол сұғылмайтынына, денесіне тиіспеушілігіне және т.с.с байланысты қатынастар. Азаматтық құқық кейбір шарттар сақталғанда мұндай қатынастарды өзі реттеп отырады, айталық: егер оларды құқықтың басқа салалары (мысалы, қылмыстық құқық) реттемейтін болса, егер олар мүліктік емес өзіңдік қатынастардың мәніне (мысалы, ішкі сырлас жақындық саласында) қайшы келмейтiн болса.

Сонымен, қатынастардың осы нысанасын құрайтын мүліктік және (немесе) мүліктік емес сипаты азаматтық құқық нысанасының бірінші айқындайтын белгісі болып табылады.

Құқықтың салаларына сипаттама беру үшін оның нысанасын ғана емес, сонымен бірге азаматтық-құқықтық реттеу әдісін де анықтаудың маңызы зор.

Қатынастарға қатысушылардың керекті мінез-құлқын қалыптастыра алатын құралдар мен әдістер жүйесін реттеу әдісі деп түсінеді. Тыйым салу және міндеттеу әдістерінен өзгеше, азаматтық-құқықтық реттеу әдісінің жалпы сипаттамасы жалпыға рұқсат ету ретінде түсіндірілуі мүмкін, яғни азаматтық айналымға қатысушылардың өздері қалайтын кез келген іс-әрекетті жасауына мемлекеттің рұқсат етуі ретінде көрсетілуі мүмкін.

2. Азаматтық құқық принциптері деп оның негізгі бастауларын, яғни заңмен тұжырымдалған немесе оның ұйғарымының мағынасынан туындайтын, азаматтық-құқықтық нормалардың мазмұны мен мәтінін дұрыс түсінуге, оларды бара-бар түсіндіруге, арасындағы қарама-қайшылықтарды шешуге септігін тигізетін, заңдардың олқы тұстарын толықтыруға жәрдемдесетін іргелі идеяларды түсінеді.

Азаматтық құқықтың мынадай принциптерін атауға болады:

  • азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтық мәртебесінің тендігі;

- меншікке қол сұғылмайтындығы;

- азаматтық-құқықтық шарттың еркіндiгi;

- мемлекеттің және барлық үшінші тұлғалардың жеке істерге және жеке өмірге араласпауы;

- азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері – кәсіпкерлермен тұтынушыларды қорғау;

- несие берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

- азаматтық құқықтардың қорғалуы.

Барлық азаматтық-құқықтық нормативтік актілер, ең алдымен - ҚР АК аталған принциптерге сай келеді (сай келуі тиіс). Олардың көпшілігі АК-ның 2-бабында көрсетілген және «Азаматтық заңдардың негізгі бастаулары» деп аталады. Бұл принциптердің барлығы өзара тығыз байланысты, бiрiн-бiрi толықтырады және бiртұтас заңды жүйе болып табылады.

3. Азаматтық заңдар. Азаматтық құқық нормалары көпшілікке түсінікті болуы үшін ерекше жазбаша мәтіндермен бейнеленуі тиiс, құзыретті органдар қабылдайтың нормативтік құқықтық актілер осындай мәтіндер болып табылады. Белгілі шектерде құқық нормалары өзге (тіпті ауызша) нысанда да бейнеленуі мүмкін. Бірақ бұл - айтарлықтай сирек кездесетін жағдай, оны кейінірек қарастыратын боламыз.

Азаматтық-құқықтық нормалардың негізгі бөлігі жазбаша түрде нормативтік құжаттарда жазылады - заңдар, Президенттің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары және т.с.с. шығарылады. Нормаларды олардың аяқталған күйіне дейін жеткізудiң мұндай түрі олар арналған адамдарды, яғни оларды орындаушыларды нормалармен толығырақ таныстыруға мүмкіндіктер туғызады. Бұл нормаларды жүзеге асырудың және олардың міндетті түрде орындалуын қамтамасыз етудің маңызды құралы болады. Біріншіден, жазбаша мәтiн құқықтық норманың мазмұнын нақ, анық әрі бір мағыналы етіп баяңдауға мүмкіндік береді. Екіншіден, бұл кез келген мүдделі адамды норманың дәл мазмұнымен таныстыруды оңайлатады. Үшіншіден, бұл оның түрліше түсінілуін және қарама-қайшылықтарын жою мақсатыңда нормаларды асқан дәлдікпен салыстыруға мүмкіндік береді.

Құқық пен заңдардың айырмашылығы мынада: құқық дегеніміз - бұл заңдық нормалардың жиынтығы, ал заң дегенiміз - осы нормаларды білдіретін нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы.

Құқық пен заңдардың құрылымында өзара айырмашылықтар бар. Құқық нормаларының тобы бір ғана іргелі заң - Азаматтық кодекске сүйенетіңдіктен және барлық нормалар үшін бірыңғай обьективтік белгі - реттеу нысанасы мен әдісі бойынша құрылатындықтан, құқықтың бір саласы - азаматтық құкық аталған белгілер бойынша біртекті нормаларды ғана қамтиды.

Заңдар болса, заң актiлерін қабылдау мақсаттарын, оларды қолдану міндеттері мен жағдайларын ескере отырып, субъективтік жолмен қалыптастырылады. Сондықтан нақты заң шығару актісі немесе өзгеше нормативтік құқықтық акт азаматтық, әкімшілік, iс жүргізу және құқықтың өзге де салаларының нормаларын қамтуы, яғни кешенді сипатта болуы мүмкін. Мысалы, Кеден кодексі осыған мысал бола алады.

Заң актілерінің оларды неғұрлым тиімді зерттеу және қолдану мақсаттарын көздейтін кешенді тобы да болуы мүмкін. Заңдардың кешенді салалары (сала тармақтары) - құрылыс заңдары, көлік заңдары, кооперативтік заңдар және т.б. субъективті қалыптастырылады.

АК-ның 3-бабы азаматтық заңдардың құрамына, біріншіден, ҚР Азаматтық кодексі, оған сәйкес республиканың өзге де заңдары, ҚР Президентінің Заң күші бар жарлықтары, Парламенттің және оның палаталарының қаулылары; екіншіден ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары және Үкіметтің қаулылары кіреді деп анықтайды.

Аталған нормативтік актілердің бірінші тобы заң актілері деген ұғымға бірігеді. Екінші тобы, заң актілерімен қатар, заңдар деген едәуір кең ұғымға кіреді. Заң актілерімен, заңдармен және өзге нормативтік құқықтық актілердің арасын межелеудің зор практикалық маңызы бар, өйткені ол белгілі бір құқықтарды немесе міндеттерді нақ қандай нормативтік актілердің белгілеуге құзіретті болатынын тікелей көрсетуге мүмкіндік береді.

Азаматтық заңдардың толып жатқан актілерінің ішінен іргелі және жүйе түзуші заң актісі - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін бөліп көрсету керек.

АК-ның Жалпы бөлімі 1995 ж. 1 наурыздан, ал Ерекше бөлімі - 1999 ж. 1 шілдеден қолданысқа енгізілді. 1124 баптан тұратын, Қазақстан Республикасының көлемі жөнінен ең үлкен заң актісі - Азаматтық кодекс азаматтық-құқықтық реттеу нысанасының құрамына кіретін - жалпы ережелер бөліміңдегі және жеке институттардың ерекшеліктері бөліміндегі - қоғамдық қатынастардың барлық салаларыңдағы маңызды барлық азаматтық-құқықтық нормаларды қамтып, жүйелеп отырады. Нақ осы әрекет азаматтық құқықты біртұтас, іштей үйлестірілген құқық саласы ретінде дамытуға мүмкіндік береді. Ал бұл, өз кезегінде, Азаматтық кодекстен басқа заң актілерінде қамтылған азаматтық-құқықтық нормалардың оған қайшы келмеуін талап етеді, АК-ның 3-бабының 2-тармағында бұл жөнінде тікелей айтылған.

Азаматтық заңдардың уақытқа қарай қолданылуы туралы ережелердің практикалық маңызы мынадай бірнеше принциптік қағидаларға сыяды:

а) егер азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын заң актілері жаңа заң бойынша оның құқықтық қатынастар пайда болғанға дейінгі түрінен өзгеше анықталған болса, онда мұндай құқықтық қатынастардың заңдылығы олар пайда болған кезде қолданылған заңдармен бағаланады;

б) заңдардың өзгеруі өздігінен азаматтық-құқықтық қатынастарды өзгерте бермейді, олар заңды түрде пайда болған күйінде сақталады;

в) егер заң бұған дейін тыйым салынбаған әлде бір әрекеттерді жасауға тыйым салатын болса, онда мұндай әрекеттер тоқтатылуы тиіс.

Бұл ережелер «заңның кері күші болмайды» деген принциптің мазмұнын құрайды.

Алайда аталған принциптен мынадай кейбір ауытқуларға жол беріледі, оларды заң белгілейді: 1. заңға кері күш беру және оны ол қабылданғанға дейінгі қатынастарға тарату. Мысалы, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1994 ж. 27 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Жалпы бөлім) қолдануға енгізу туралы» Қаулысы АК-ның қолдануға енгізгенгедейін пайда болған коммерциялық заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандары 1998 ж. 1 қаңтарға дейін АК-да көрсетілген нысандарға өзгертілуі тиіс деп көзделген; 2. жаңа заң қабылданғанға дейін пайда болған қатынастарды сақтайтын ережелердің нұсқаулары сақталғанымен, олардың мазмұны өзгереді. Мысалы, пәтер ақы, коммуналдық төлемдер мөлшерінің өзгеруі жене т.с.с.

Қазақстандық азаматтық заңдардың кеңістікте қолданылуына келетін болсақ, онда бұл жерде бір ғана бастапқы ережені қолдануға болады:

- бұл заң халықаралық шарттарға немесе жалпыға бірдей қабылданған халықаралық әдеттерге байланысты мемлекеттің аумағына жататын жер көлемін немесе жер бетін қоса алғанда, (аумақтағы сулар, Қазақстан Республикасының туы астында жүзетін кемелер) Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

ҚР Конституциясы 12-бабының 4-тармағына және АК-ның 3-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан заңдары бұл аумақта Қазақстан азаматтарына, қазақстандық заңды тұлғаларға, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік азаматтар мен шетелдік заңды тұлғаларға бірдей дережеде таралады. Тікелей заң актілерінде белгіленетін жағдайларда ғана бұл ережеден ауытқушылық орын алуы мүмкін.

4. Азаматтық қүқық ғылым ретінде. Азаматтық құқық және азаматтық заңдар ұғымына, жүйесіне және олардың қолданылуына қатысты барлық мәселелер көлемін зерттейтін құқықтық ғылым саласын азаматтық құқық ғылымы деп атайды.

Азаматтық құқық ғылымының міндеті - азаматтық-құқықтық нормалар жүйесінің және оның жекелеген буындарының пайда болуы мен мазмұнының ерекшеліктерін анықтайтын жағдайларды зерттеу. Егер азаматтық-құқықтың пәні қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласы болса, азаматтық құқық ғылымының пәні құқықтық нормалардың жиынтығы - нақ азаматтық-құқықтың өзі болып табылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Азаматтық қүқықтың нысанасы.

2. Азаматтық құқық принциптері.

3. Құқық пен заңдардың айырмашылығы.

Тақырып 2: Азаматтық-қүқықтық қатынастар

Мақсаты: азаматтық құқықтық қатынастардың түрлерiн, элементтерiн және мәнiн анықтау.

Сұрақтар:

1 Азаматтық-құқықтық қатынастар үғымы және олардың түрлері.

2 Азаматтық-қүқықтық қатынастардың мазмүны.

3 Азаматгық-құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері.

4 Азаматтық-қүқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері.

1. Азаматтық-құқықтық қатынастар үғымы және олардың түрлері. Өздерінің қажеттерін қанағаттандыру барысында азаматтар мен занды тұлғалар үнемі өзара ер түрлі қатынастарға түсуге мәжбүр болады.

Қоғамдық қатынастарды құқықтың түрлі салаларының нормалары реттеп отырады. Азаматтық қүқық негізінен меншік қатынастарын және тауар-ақша айналымы саласында қалыптасатын қатынастарды реттейді. Азаматтық қүқық сондай-ақ өзіндік мүліктік емес қатынастарды да реттейді. Мүліктік емес игіліктер өзіндік мүліктік емес қатынастардың объектілері болады. Азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастар, атап айтқанда, азаматгық-қүқықтық қатынастар сапасына ие болады. Азаматгық-құқықтық қатынастар дегеніміз - азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастар.

Азаматтық-құқықтық қатынастардың ерекшеліктері азаматтық-құқықтық реттеудің объектісі мен әдістеріне байланысты. Азаматтық-құқықтық қатынастардың аса маңызды белгісі, ең алдымен, оған қатысушылардың заң жүзіңдегі теңдігі.

Азаматтық-құқықтық қатынастар ерікті болады. Әдетте, мұндай қатынастар оларға қатысушылардың қалауы бойынша жасалады, өйткені азаматтық-құқықтық қатынастардың басым бөлігі шарттың негізінде пайда болады.

Азаматтық-құқықтық қатынастардың түрлері. Азаматтық-құқықтық нормалары реттейтін объектіге қарай азаматтық-құқықтық қатынастардың мынадай түрлерін ажыратады:

1) мүліктік қатынастар;

2) мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастар;

3) мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіңдік қатынастар.

Сонымен қатар, абсолюттік және салыстырмалы азаматтық-құқықтық қатынастар болады. Абсолюттік құқықтық қатынастарда құқық берілген адамға міндетті ретінде үшінші адамдардың беймәлім тобы қарсы тұрады, мұндай құқықтық қатынастарда іс жүзінде әркім және барша жұрт міндетті болып шығады. Мысалы, меншіктің құқықтық қатынастары абсолюттік қатынастарға жатады, мұнда меншіктің субъективтік құқығына барлық үшінші тұлғалардың бұл құқықты бұзбау, оны жүзеге асыруға кедергі жасамау міндеті ұштасады. Салыстырмалы құқықтық қатынастарда нақты адам (адамдар) мiндетті болып табылады. Салыстырмалы құқықтық қатынастар құқық берілген тараптарың да, міндетті тараптың да нақты тұлғаларын байланыстырады, яғни дербестелген болып табылады. Мәселен, зиян келтірген адам жәбірленушіге зиянның орнын толтыруға, сатып алушы өзі сатып алған заттың құның төлеуге міндетті.

Азаматтық-құқықтық қатынастар заттық және мiндеттемелік азаматтық-құқықтық қатынастар болуы мүмкін. Заттық құқықтық қатынастарда құқық берілген субъектінiң затқа өзінің әрекетімен ғана жүзеге асатын құқығы болады (“өзі әрекет ету” құқығы). Заттық құқықтың субъектісі өзінің затқа деген мүддесін басқа адамдардың көмегіне жүгінбестен, затқа тікелей әсер ету жолымен қанағаттандыра алады. Міндеттемелік құқық субъектісінің затқа деген мүддесі басқа адамның белгілі бір әрекеттер жасауы жолымен қанағаттандырылуы мүмкін. Міндеттемелік құқықтық қатынастарда құқық берілген адам міндетті адамнан белгілі бір әрекеттер жасауды талап етуге құқылы (“бөгде әрекет” құқығы). Мәселен, сатып алушы сатушыдан өзіне затты беруді талап ете алады, ал сатушы оны сатуға, яғни белгілі бір әрекеттер жасауға мiндетті.

Зат қашан да заттық құқықтық қатынастардың объектісі болып саналады, ал міндеттемелік қатынастардың объектісі - зат болмауы мүмкiн.

2.Азаматтық-қүқықтық қатынастардың мазмүны. Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқықтары мен субъективтік міндеттері оның мазмұнын құрайды. Субъективтік құқық дегеніміз құқық берілген адамның байқалатың мінез-құлқының заңды жолмен қамтамасыз етілген шарасы. Ол құқық берілген адамның белгілі дәрежеде өзінің әрекет ету (өзінің дұрыс әрекет ету құқығы) мүмкіндігінен немесе міндетті адамнан белгілі бір әрекеттер жасауды (бөгде әрекеттер құқығы - талап ету құқығы) талап ету мүмкіндігінен көрінеді. Мәселен, автордың шығармасын жариялау құқығы, оған қол сұғылмау құқығы оның өз әрекеттерімен жүзеге асырылуы мүмкін. Керісінше, жалға берушінің өз мүлкін жалға беру шартында көрсетілген мерзім өткен соң қайтару жөніндегі құқығын міндетті адамның тиісті әрекеттер жасауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес.

Құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын элементтер - субъективтік құқықтар өзіндік және берілетін субъективтік құқықтарға бөлінуі мүмкін.

Иелерімен тығыз байланысты құқықтар өзіндік құқықтар деп аталады (мысалы, белгілі бір аппараттың өнертапқышы аталу құқығы), осыған орай, барлық басқа өкілеттіктерді берілетін құқықтар деп атауға болады

Субъективтік міндет дегеніміз - міндетті адамның байқалуға тиісті мінез-құлқының заңды жолмен қамтамасыз етілген шарасы. Азаматтық-құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын субъективтік құқықтар мен оның қатысушыларының міңдеттері өзара тығыз байланысты, әрбір субъективтік құқықтың тиісті міндеті бар және керісінше. Құқықтық қатынастардың бір тарабындағы субъективтік құқықтың міндетті адамнан белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етуіне келесі тараптың осындай әрекеттер жасауға бағытталған субъективтік міндеті сай келеді. Демек, құқық берілген адамның белгілі бір әрекеттер жасау жөніндегі субъективтік құқығына құқықтық қатынастардың келесі қатысушысының бұл қүқықты жүзеге асыруға кедергі жасамау, оны бұзбау міндеті сөйкес келеді.

3.Азаматгық-құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері. Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалар субъектілері болып табылады. Азаматтық-құқықтық қатынастар субъектiлерінің ауқымы АК-ның 2-тарауында айқындалған. Құқық, оның ішінде азаматтық құқық реттеп отыратын қатынастар қоғамдық қатынастар, яғни адамдар арасындағы қатынастар болып табылады. Азаматтық-құқықтық қатынастарға құқық берiлген немесе міндетті адам ретінде қатысу мүмкіндігі құқық субъектiлiктiң болуын талап етеді, ал ол құқық қабілеттілігі мен әрекет қабiлеттiлiгiн қамтиды. Азаматтық құқықтарды иеленіп, міндеттер атқару қабiлетiн құқық қабілеттілігі деп түсінеміз. Өз әрекеттерімен құқықтарды иеленiп, оларды жүзеге асыру, сондай-ақ мiндеттерді белгілеп, орындау қабiлетi әрекет қабілеттілігі болады.

Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастардың қатысушылары:

1) азаматтар;

2) заңды тұлғалар;

3) мемлекет;

4) сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер (АҚ – 1-бап, 1 т.).

Құқықтық қатынастардың объектісі азаматтық-құқықтық қатынастардың да объектiсi болады.

Азаматтық құқықтар объектілерінің негізгі түрлері АК-ның 115-бабында аталған, мұнда олар мүліктік және мүліктік емес өзіңдік игіліктермен құқықтарға бөлінеді. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға, атап айтқанда, заттар, ақша, оның ішінде шетелдік валюта, бағалы қағаздар, жұмыстар, көрсетілетін қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объективтелген нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және өзге де дараландыру құралдары, мүліктiк құқықтың өзі де жатады. Мүліктік емес өзіндік құқықтар мен игіліктерге адамның өмірі, денсаулығы, ар-намысы, қадір-қасиеті, іскерлік беделі, ізгі атағы, жеке өміріне қол сұғылмайтындығы, жеке және отбасылық құпиясы, есіміне құқығы, авторлық құқығы, шығармаларына қол сұғылмау, құқығы және басқа материалдық емес игіліктері мен құқықтары жатады.

4. Азаматтық-қүқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері. Қықтық қатынастар пайда болуы үшін нақты адамдар арасында нақты құқықтар мен міндеттер туғызатын нақты мән-жайлар қажет болады.

Азаматтық-қүқықтық қатынастарды өзгерту немесе тоқтату үшінде осындай мен-жайлар қажет болады.

Мүдай мән-жайларды заңдық фактілер деп атайды.

Заңдық факті дегеніміз - заң құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын онымен байланыстыратын мән-жай.

Құқықтық қатынастардың тууына себепші болатын ықпал ету тетігіне қарай заңдық фактілер мынадай топтарға бөлінуі мүмкін: құқықтық қатынастардың болашақ немесе осы сәттегі қатысушыларының іс-әрекеттері; үшінші түлғалардың іс-әрекеттері; оқиғалар.

Нақты жігерлі мінез-құлық актілерін іс-әрекеттер деп түсінеміз.

АК-ның 7-бабы оқиғаларды, яғни қатысушылардың еркінен тыс пайда болатын мән-жайларды да заңдық фактілерге жатқызады. Кейбір жағдайларда құқықтық нәтижеге жету үшін бірлі-жарым заңдық фактінің пайда болуы да жеткіліктi. Кейде үш, төрт, бес және одан да көп зандық фактілердің жиынтығы бойынша ақырғы зандық салдар туады. Қарастырылатын мұндай жиынтықты әдетте іс жүзіндегі немесе заңдық құрам деп атайды.

Заңдық күй деп аталатын жағдайды зандық фактілердiң ерекше санатына жатқызуға болады. Бір реттік актілерді жасамаудан емес, заң құқықтық маңыз беретін тұлғаның немесе заттың белгілі бір құқықтық немесе іс жүзіндегі қасиеттері болуынан байқалатын мән-жайларды зандық күй деп түсіну керек. Мысалы, қайтыс болган адаммен жақын туыстық байланыс - мұрагерлік құқықтық қатынастың пайда болу негiздерiнiң бiрi.

3аңдық фактілердiң құқықтық қатынастардың дамуына ықпал етуіне қарай оларды құқықты туғызатын, құқықты тоқтататын және құқықты өзгертетін фактілерге бөлуге болады. Мұның алғашқысы бұрын мұндай зандық байланысы (шарт, зияң келтіру)

болмаған адамдар арасында құқықтық қатынастардың тууына әкеп тірейді. Екіншісі (мерзімінiң өтуі, шарттың бұзылуы) - заңдық қатынастардың тоқтатылуына әкеп соғады. Үшіншісі – қалыптасқан құқықтық қатынастардың мазмұнын өзгертуге себешпі болады. Заңдық фактілер өздерінен кейін туатын құқықтық салдарға түрліше ықпал етеді.

Зиян келтіру фактісі заңның нақты заңцық қатынастағы үйғарымдарын тек жүзеге асырады. Мүндай зандық факгшерді қүқықгы бағыттаушы фактілер деп атайды. Бүлардан өзгеше, қүқықты қалыптастырушы зандық факгілер қүқықтық қатынастардың тууына себепші больш қана қоймастан, сонымен қатар занда белгіленген шекарада олардьщ мазмүьш айқыңцауға да жәрдемдеседі. Мысалы, мүлікті сату жөніндегі қүқықтық қатынастардың мазмүны заң нормаларына ғана емес, сондай-ақ сатушы мен сатып алушы арасыңцағы шартгың талап-тарына да байланысты. Құқықты қалыптастырушы зандық фактілер бүл қасиеттері жөнінен қүқықтық нормаларға үқсайды, бірақ одан мәнді айырмашылығы - қүқықтық қатынастардың мазмүнын жалпылай емес, жеке-дара анықтайды.

Заңдық фактілердің барлығынан мәміле мен әкімшілік актілерді ғана қүқықты қалыптастырушы фактілерге жатқызуға болады. Әлбетге, олар қүқықтық қатынастардың мазмүнын белгілі бір шектерде ғана, ол императишік үйғарымдарға немесе заңның тыйым салуына қайшы келмейтін шектерде ғана анықтай алады.

Азаматгық қүқықтың кейбір объектілерін және мәмілелердің кейбір түрлерін міндетгі тіркеу секілді зандық фактілер түрінің ерекше маңызы бар (АК-ның 118 жөне 155-баптары). Олар қүқықтар мен міндеттерді туғызбайды.

Бақылау сұрақтары:

1.Азаматтық-құқықтық қатынастардың түрлері.

2.Субъективтік міндет дегеніміз не?

3.Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастардың қатысушылары.

Тақырып 3: Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау

Мақсаты: азаматтық құқықты жүзеге асырудың түсiнiгi және шегiмен таныстыру, құқықты терiс пайдаланудың мәнiн, сонымен қатар субъективтi құқықтарды қорғаудың тәсiлi мен нысанын қарастыру.

Сұрақтар:

1 Азаматтық қүқықтарды жүзеге асыру. Міндеттерді атқару.

2 Азаматтық қүқықтарды қорғау.

1. Азаматтық қүқықтарды жүзеге асыру. Міндеттерді атқару. Құқықтық қатынастарға катысушылардың белгілі бір қажеттерін қанағаттандыру үшін азаматтық құқықтар мен міндеттер белгiленеді. Субьективтік қүқықтын мазмұнын құрайтын әрекеттер жасауды қүқықтарды жүзеге асыру деп түсінеді.

Мәселен, билік ету өкiлеттігі субъективтік меншік құқығының мазмұның құрайды, ал аталған өкілеттікті әр түрлі мәмілелер (сату, сыйға тарту, айырбастау, жалға беру және т.б.) жасау жолымен жүзеге асыруға болады. АК-ның 2-бабы азаматтық заңдардың негізгі бастаулары (принциптері) ретінде азаматтар мен занды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарына өз еркімен және өз мүдделерін көздей отыра ие болып, оларды жүзеге асыратынын (2-тармақ), азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру қажеттігін (1-тармақ) баянды етеді.

Азаматтық құқық субъектілері өздерінің құқықтарына өз еркімен және өз мүдделерін көздей отыра ие болу принципін жүзеге асыруы үшін АК-ның 8-бабының 1-тармағы азаматтар мен заңды тұлғаларға өздеріне берілген азаматтық құқықтарды, оның ішінде өздерін қорғау құқығын өз қалауынша пайдалану мүмкіндігін береді. Ең алдымен, құқықты жүзеге асыру немесе жүзеге асырмау құқығы құқық берілген тұлғаға байланысты. Азаматтар мен заңды тұлғалардың өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асырудан бас тартуы, заң құжаттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл құқықтардың тоқтатылуына әкеп соқтырмайды. Құқықты жүзеге асырудан бас тартуды құқықтан бас тартудан айыра білу керек. Адам заң актілерінде тыйым салынған жағдайлардан басқа реттерде өзіне тиесілі құқықтардан бас тарта алады.

Құқықты жүзеге асыру осымен бір мезгілде құқық берілген адамның міндеті бола алмайды, өйтпеген жағдайда құқық мәжбүрлі түрде жүзеге асырылған болар еді. Алайда құқықты жүзеге асырмау, заң актілерінде көзделген жағдайларда, құқықтың тоқтатылуына әкеп соқтыруы мүмкін. Мәселен, жалға алушы дәлелді себептерсіз тұрғын үйде алты айдан астам тұрмайтын жағдайда сот оны тұрғын үйді пайдалану құқығынан айрылған деп тануы мүмкін (Тұрғын үй қатынастары туралы заңның 87-бабы).

Қүқықты нақты жүзеге асыру әдістері оның түріне байланысты. Субъективтік құқық мүмкін болатын мінез-құлық өлшемі ретінде құқық берілген адамның белгілі бір тәртіппен өз бетінше әрекет ету (өз әрекеттеріне құқығы) мүмкіндігі не міңдетті адамнан белгілі бір әрекеттер жасауды талап ету (талап ету құқығы) мүмкіндігі болуы мүмкін. Құқық берілген адамның белгілі бір әрекеттер жасауы нәтижесінде субъективтік заттық құқық жүзеге асырылады. Заттық құқықты (өз әрекеттеріне өзге құқықты) жүзеге асыруда құқық субъектісінің мінез-құлық нұсқаларын тандау еркіндігі мол болады. Мұндай жағдайда, әдетте, ол заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген әрекеттерді жасауға құқылы болады. Міндетті адамның белгілі бір әрекеттерді жасауы арқылы міндетті субъективтік құқық жүзеге асырылуы мүмкін.

Азаматтық қүқықтарды жүзеге асыру шегі. Заң азаматтық құқық субъектілеріне өздерінің құқықтарын жүзеге асыру бостандығын бере отырып, осымен бірге оларды жүзеге асыруға белгілі бір талаптар қояды. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыруға қойылатын талаптар АК-ның 8-бабында баяндалған. Ең алдымен, субъективтік азаматтық құқықтар құқықты жүзеге асыру құралдарына, әдістеріне, оның субъектілеріне, оны қорғаудың мүмкін болатын әдістері мен нысандарына қатысты заңдардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Азаматтар мен заңды тұлғаларға тиесілі құқықтарды жүзеге асыру қоғамның ізгілік принциптерін бұзбауы тиіс, ал кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда, сонымен қатар, іскерлік әдеп ережелері сақталуға тиіс. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне тиесілі құқықтарын адал, парасатты әрі әділ жүзеге асыруы тиіс. Заң теріс пиғылды, қисынсыз не әділетсіз әрекеттердің бәріне бірдей сипаттама бере алмайды.

Құқықты жүзеге асыру барысында басқа субъектілердің құқықтары және заңмен қорғалатын мүдделері бұзылмауға тиіс. Заң құқықты өзінің тікелей мақсатына қайшы бағытта жүзеге асыруға тыйым салады. Құқықтың мақсатын заң, құқықтық қатынастарға қатысушылардың келісімі белгілеуі мүмкін немесе ол субъективтік құқықтың мәнінен туындайды және көзделген нысана болып табылады. Құқықты жүзеге асыру қоршаған табиғи ортаға залал келтірмеуі тиіс.

Басқа адамдарға зиян келтіруге тыйым салу құқықты жүзеге асыру жағдайларына да таралады. Құқықты жүзеге асыру барысында зиян келтіру құқықты теріс пайдалану деп танылады. Құқықты тек басқа адамға зиян келтіру мақсатында пайдалану құқықты теріс пайдаланудың жеке жағдайы (шикана) болып табылады Құқықты теріс пайдаланудың өзге де түрлеріне, атап айтқанда, тауарлар және қызмет көрсету рыногында өзінің монополиялық жағдайын асыра пайдалануға да тыйым салынады..

Азаматтық міндеттерді атқару. Субъективтік міндеттерді атқару азаматтық құқықтарды жүзеге асырумен тығыз байланысты. Тиісті мінез-құлық шарасы ретінде субъективтік міндет белгілі бір әрекеттер жасау немесе оларды жасамау міндеттерінен тұруы мүмкін. Заттық азаматтық-құқықтық қатынастарда міндетті субъект әлде бір әрекеттер жасамауға тиіс, оған құқық берілген адамның өз құқығын жүзеге асыруына кедергі жасамау міндеті жүктеледі. Мұндай міндетті атқару міндетті адамның енжар әрекет етуін көздейді. Міндеттемелік құқықтық қатынастарда, керісінше, міндетті адам құқық берілген адамның пайдасына белгілі бір әрекеттер жасауға тиіс. Белгілі бір әрекеттер жасаудан тартыну да міндеттемелік құқықтық қатынастардың мазмұнына кіруі, тек белгілі бір әрекеттерді (жұмысты орындау, қызмет көрсету, мүлікті беру) жасау міндеттерімен қоса кіруі мүмкін.

2.Азаматтық қүқықтарды қорғау. Өз әрекеттеріне құқықпен немесе талап ету құқығымен қатар, субъективтік құқықты қорғау құқығы кез келген субъективтік құқық мазмұнының құрылымдық элементі болып табылады. Заңда көзделген, қүқықтың қол сүғылмаушылығын қамтамасыз етуге, бүзылған қүқықты қалпына келтіруге және қүқықты бүзатын әрекеттердің жолын кесуге бағытталған шаралар жүйесін азаматтық қүқықтарды қорғау деп түсінеміз.

Азаматтық қүқықтарды қорғау әдістері. Азаматтық құқықтарды қорғау АК-ның 9-бабында көрсетілген мынадай әдістермен жүзеге асырылуы мүмкін: құқықтарды мойындату; құқық бұзылғанға дейінгі болған жағдайды қалпына келтіру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупін туғызатын әрекеттерге тыйым салу; міндетті заттай орындатуға ұйғарым шығару; залалдарды, төленетін айыпты өндіртіп алу; мәмілені жарамсыз деп тану; моральдық зиянның өтемін төлету; құқық қатынастарын тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттік басқару органының немесе жергілікті өкілді не атқарушы органның заңдарға сәйкес келмейтін құжатын жарамсыз немесе орындауға жатпайды деп тану; азаматтың немесе заңды тұлғаның құқыққа ие болуына немесе оны жүзеге асыруына кедергі жасағаны үшін мемлекеттік органнан немесе лауазымды адамнан айыппұл өндіртіп алу арқылы, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де әдістер. Олардың тізбесі мұнымен аяқталмайды, Азаматтық кодекс, басқа заң актілері АК-ның 9-бабында көзделгендерден басқа да әдістер ұсынуы мүмкін.

Бақылау сұрақтары:

1.Азаматтық қүқықтарды жүзеге асыру.

2. Міндеттерді атқару.

3. Азаматтық қүқықтарды қорғау.

Тақырып 4: Азаматтық құқықтар объектілері

Мақсаты: Субъективтiк азаматтық құқықтың объектiлерiнiң ұғымы мен түрлерiн ашу.

Сұрақтар:

1 Азаматтық құқықтар объектілеріне жалпы сипаттама.

2 Мүлік - азаматтық құқықтар объектісі.

3 Азаматтық құқықтар объектісі - мүлікті жіктеу.

4 Ақша - азаматтық құқықтар объектісі ретінде.

5 Бағалы қағаздар - азаматтық құқықтар объектісі ретінде.

6 Мүліктік емес өзіндік қүқықтар.

1. Азаматтық қүқықтар объектілеріне жалпы сипаттама. Мүліктік және мүлiктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтар азаматтық құқықтар объектілері бола алады (АК-ның 115-бабының 1-тармағы). АК азаматтық құқықтар объектілері мынадай негізгі екі топқа бөлiнеді: мүліктік игіліктер мен құқықтар және мүліктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтар.

Азаматтық құқық субъектілерінің материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттандыра алатын, әдетте, ақшалай бағалауға жататын және азаматтық құқық реттейтін қатынастар саласына енгізілген материалдық заттарды және өзге құндылықтарды (атап айтқанда, энергияны, жұмысты және көрсетілетін қызметті) мүліктік игіліктер деп түсінеміз.

Мүліктік игіліктерге (атап айтқанда, мүліктік игіліктерді пайдалану, иелену және оларға билік ету) субъективтік азаматтық құқықтарды мүліктік құқықтар деп түсінеміз.

Азаматтық құқық субъектілерінің жеке тұлғасымен ажырамастай тығыз байланысты құндылықтар мүліктік емес өзіндік игіліктерге жатады, ал мүліктік емес өзіндік құқықтар дегеніміз - бұл аталған құңдылықтарға құқықтар болып табылады. Мысалы, адамның өмірі мүліктік емес өзіндік игіліктерге, ал өмірі сүру құқығы - мүліктік емес өзіндік құқықтарға жатады.

2. Мүлік - азаматтық құқықтар объектісі. АК-ның 115-бабының 2-тармағы құқық объектісі - мүліктің заңдық ұғымына мүліктік игіліктер мен мүліктік құқықтарды біріктіреді. АК жекелеген мүліктік игіліктер мен құқықтарды да, сондай-ақ олардың жиынтығын немесе кешенін де мүлік деп түсінеді. Соңғы жағдайда, мысалы, азаматтың немесе заңды тұлғаның мүлкі туралы айтылады да, олардың ішінен жекелеген игіліктер мен құқықтар бөліп көрсетілмейді.

Мүліктің мынадай негізгі түрлерін бөліп көрсетуге болады: 1) заттар; 2) ақша және бағалы қағаздар; 3) жұмыстар және көрсетілетін қызметтер; 4) шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелері; 5) ақпарат; 6) мүліктік құқықтар (құқық объектілері - ақша мен бағалы қағаздарға осы тараудың жеке параграфтары арналған).

Заттар мүліктің кең таралған түрлерінің бірі болып табылады. Заң әдебиеттерінде әдетте, адамға қатысты алғанда, сыртқы материалдық дүние заттарын - адам қолымен жасалған, сондай-ақ табиғаттың өзі жаратқан және табиғи қасиеттері бар нәрселерді заттар деп түсінеді. Алайда мүлік ретіндегі заттың мәні оның табиғи қасиеттерінде ғана емес (бұлар оның құқықтық режимінен көрініс табатын болса да), адамның қажеттерін қанағаттандыра алатын, тұтыну және айырбас құны бар, әдетте ақшалай бағасы болатын және, әдетте, айналымға қабілетті мүліктік игілік ретіндегі оның қоғамдық қасиеттерінде болып табылады. Зат мұндай қоғамдық қасиеттерді қоғамдық қатынастар арқылы, оның заттық нысаны ретінде, басқаша айтқанда, затқа айналдырылған қоғамдық қатынастар ретінде иеленеді.

Заттар мүлік ретінде барынша алуан түрлі және құқық субъектiлеріне ұдайы белгілі бір қатынастарда болады (мысалы, оларға меншік құқығы, пайдалану құқығы және т.с.с. ретінде тиесілі болады). Заң әр түрлі табиғат ресурстарын да, зат нысанында көрінетін адам еңбегінің өнімдерін де заттар деп түсінеді. Энергияның түрлері де (мысалы, жылу, электр энергиялары) заттардың қатарына кіреді. Өсімдіктер мен жануралар да заттар ретінде танылады.

Жеміс, өнім және табыс болып табылатын заттардың құқықтық режимінің кейбір ерекшеліктері бар. Мүліктерді пайдалану нәтижесінде алынған түсім (жемістер, өнімдер, табыстар), егер заңдарда немесе бұл мүлікті пайдалану туралы шартта өзгеше көзделмесе, осы мүлікті заңды негізде пайдаланушы адамға тиесілі болады (АК-ның 123-бабы). Әдетте, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілiк әрекетінің құндылығы бар табиғи өнімдерін, мысалы, жеміс ағаштарының жемістерiн, шайдың жапырағын, жануарлардың төлiн, жүн, сүт, жұмыртқа секілді өсімдіктер мен жануарлардан алынатын өнiмдерді, яғни түсімдерді зандық ұғым ретіңде жемістер деп түсінеді. Бірақ, мұнда тағы да заттардың зандық қасиеттері жөнінде, яғни мүліктің қасиеті жөнінде әңгіме болып отыр.

Еңбек барысында басқа заттарды өнімді пайдалану арқылы жасалған заттарды өнімдер деп түсіну керек (мысалы, наубайханада пісірілетін нан, тігін өндірісінде шығарылатын тігін бұйымдары және т.с.с.). Затты (заттарды) пайдаланудан немесе өнім шығару әрекетінен алынатын ақшалай және өзге түсімдерді табыстар деп түсіну керек. Бірақ, табыстар, заттар түрінде ғана емес, сонымен қатар, міндеттемелер бойынша ақшалай және өзге де талаптар түрінде болуы мүмкiн.

Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер - бұлар адамның мақсатты іс-әрекетінің элементтері, олар өзінше материалдық игіліктер болып табылады.

Олардың арасындағы айырмашылықтар мынада: жұмыстар, жұмыс процесінің өзінен бөлінетін материалдық нәтиже береді (мысалы, мердігерлік шарт негізінде жұмыс жүргізу нәтижесінде құрылыс жүргізіледі). Бұл жағдайда құрылыс жұмыстарының өзі құқық объектісі болады, бірақ бұдан әрі зат ретінде құрылыстың өзі құқық объектісі болады. Құқықтың дербес объектісі - қызмет көрсетудің қызмет көрсету жөніндегі іс-қимылдан басқа пайдалы нәтижесі болмайды (бұған нотариустың қызмет көрсетуі мысал бола алады).

Шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелері азаматтық құқықтар объектілерінің дербес түрі, мүліктің ерекше түрі болып табылады, ол объективті өмір сүретін болса да, заттардан өзгеше, материалдық емес, асқақ сипатта болады. Азаматтың немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелеріне және оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына жеке немесе заңды тұлғаның өзі орындайтын жұмысының немесе қызметінің өнімдеріне (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі және т.б.) ерекше құқығы танылады (АК-ның 125-бабының 1-тармағы).

Қазіргі уақытта азаматтық айналымға кеңінен енгізіліп отырған ақпарат азаматтық құқық объектілерінің ерекше түрі болып табылады. Азаматтық заңдар қызметтік немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты қорғайды (АК-ның 126-бабының 1-тармағы). Бір мезгілде мынадай үш белгісі бар ақпарат қана қоралуға жатады: үшінші жаққа белгісіз болуына байланысты ақпараттың нақты немесе потенциалды коммерциялық құны бар; үшінші жақтың ақпаратпен заңды негіздерде танысу мүмкіндігі жоқ; ақпарат иесі оның құпиялылығын сақтау шараларын қолданады.

Мүліктік құқықтар құқық объектісі - мүліктің маңызды түрлерінің бірі болып табылады. Заттық құқықтар да (мысалы, жерді тұрақты пайдалану құқығы), сондай-ақ міндеттемелік құқықтар да (мысалы, құқықты беру кезінде несие берушінің борышқордан берешегiн алу құқығы) осыңдай объектілер болуы мүмкін. Интеллектуалдық меншік құқығы да мүліктік құқықтардың қатарына жатады.

Мүліктік кешендер. Көптеген жағдайларда мүлік жекелеген зат немесе құқық түрінде емес, мүліктік кешен ретінде көрінеді. Капитал осындай мүліктік кешендердің бір түрі болып табылады. Заңдық мағынада алғанда, кәсіпкерлік қызметке арналған мүліктік кешенді капитал деп түсінеді. Жеке кәсіпкердің кәсіпкерлік ісі заңда көзделген мүліктік кешеннің бір түрі болып табылады. Кәсіпкерлік іс, мүліктік құқықты қоса алған-да, жеке кәсіпкер соның негізінде және сол арқылы өз қызметін жүзеге асыратын мүлiктiң жиынтығы ретiнде анықталады. Қүқық объектісі - кәсіпорын - бұл кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын мүліктік кешен.

3. Мүлікті жіктеу өзінің міндеттерiне қарай алуан түрлі болып келеді:

1. Мүліктің айналым қабілеттілігі. Айналым қабілеттілігіне қарай мүлікті айналымнан алынып тасталған айналым қабілетті және айналым қабілеттілігі шектеулі мүлікке бөледі (АК-ның 116-бабы).

Иеліктен еркін шығарылатын немесе әмбебап құқық мирасқорлық тәртібімен бір адамнан екінші адамға ауыса алатын мүлік айналымға қабілетті мүлік деп танылады.

Айналымның белгілі бір мүшелеріне ғана тиесілі бола алатын және, екіншіден, сатып алуға және иеліктен шығаруға құзіретті мемлекеттік органдардың рұқсатымен (лицензиясымен) ғана жол берілетін заттар мен басқа да мүлік айналымы шектеулі мүлікке жатады.

2. Жылжымайтын және жылжымалы мүлік. Заттар жылжымайтын және жылжымалы мүлікке бөлінеді. Жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көп жылдық желектер секілді және оларды мақсатына сай келмейтiн шығын келтірместен, тұрған орнынан ауыстыру мүмкін болмайтын өзге де мүліктер жылжымайтын мүлікке жатады. Құқық объектісі – кәсіпорындар да жылжымайтын мүлікке жатады. Мемлекеттік тіркеуге жата-тын әуе және теңіз кемелері, ішкі суларда жүзетін кемелер, «өзен-теңіз» жүзу кемелері, ғарыштық объектілер жылжымайтын мүлікке теңестіріледі. Жылжымайтын заттарға жатпайтын мүлік, оның ішінде ақша мен бағалы қағаздар жылжымалы мүлік деп танылады (АК-ның 117-бабы).

3. Бөлінетін және бөлiнбейтін мүлік. Мүлік бөлінетін және бөлінбейтін мүлік болуы мүмкін (АК-ның 120-бабы). Бөлінетін мүлік дегеніміз - бұл бөлу нәтижесінде өзінің шаруашылық мақсатын (міндетін) жоғалтпайтын мүлік. Бөлінбейтін мүлік дегеніміз - бұл құқықтық көзқарас тұрғысынан алғанда, бөлу кезінде өзінің бұрынғы шаруашылық маңызынан айрылатын мүлік.

4. Күрделі зат ұғымы бөлінбейтін зат үғымына жуықтайды, күрделі зат заң жүзінде бөлінбейтін болғанымен, мақсаты жөнінен бірігетін бірнеше заттан тұрады.

5. Басты зат және керек-жарақ. Заттар жалпы шаруашылық мақсаты бойынша олардың біреуі (керек-жарақ) екіншісіне (басты затқа) қызмет ететіндей болып байланысуы мүмкін. Егер заңдарда немесе шарттарда өзгеше белгіленбесе, керек-жарақ басты затқа ілесіп жүреді (АК-ның 122-бабы).

4. Ақша азаматтық құқықтардың ерекше объектісі болып табылады. Құқық объектісі болып табылатын ақшаға қатысты жалпы ережелердің барлығын қамтитын АК-ның 127-бабы осы объектіге арналған. Бұл бап Қазақстан Республикасының ақша бірлігі теңге болып табылады, ол Қазақстанның бүкіл аумағында өз құны бойынша қабылдануға міндетті деп белгілейдi. Ақша негізгі екі нысанда шығарылады: ақша белгiлері (қолма-қол ақша) нысанында және клиенттерінің банктегі есеп-шоттарындағы жазбалар түріңде банктердің ақшалай мiндеттемелері нысанында. Қолма-қол және қолма-қол емес ақшалардың төлемдерді және аударымдарды жүзеге асыру кезінде байқалатын мәнді ерекшеліктері болады. Төлемдер азаматтық-құқықтық мәмілелердің, ҚР заңдары нормаларының негізінде және олардың шарттарына сәйкес жене соттың шешімімен жүргізіледі. Қолма-қол акша заттардың ерекше түрі болып табылады. Бұдан ақшаға заттық құқықтың пайда болу ерекшелігі туындайды. Қолма-қол емес ақша иесінің мүліктік құқығы - банкінің клиенттің есеп-шотындағы (өзге шоттағы) ақшасын төлеу жөніндегi оның алдындағы міңдеттемелерінен туындайтын талап ету құқығы бар.

Сонымен, азаматтық құқық объектісі - ақшаға мынадай анықтама беруге болады: ақша дегеніміз - кез келген басқа мүлікке айырбасталатын ерекше қасиеті бар заттық құқық ретіндегі (қолма-қол ақша), сондай-ақ міндеттемелік қүқық ретіндегі (қолма-қол ақша) азаматтық құқықтар объектісі.

Ақшалардың түрі секілді шетелдік валютаны да бөліп көрсету керек. Шетелдік валюта ерекше объект ретінде валюталық құңдылықтарға жатқызылады. Өз иесінің шетелдік мемлекет объектісіне құқығын куәландыратын жағдайда және халықаралық ақша рыногында қайтымды болатын жағдайда бағалы қағаз валюталық құндылық деп танылады.

Валюта - бұл мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірлігі немесе банкроттар, қазынашылық билеттер мен тиындар, оның ішінде бағалы металдардан жасалған (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда - жүрген ақшалармен айырбастауға жататынын қоса есептегенде) түріндегі, қолма-қол және аудару нысаңдарындағы құндардың ресми стандарттары, соңдай-ақ есеп-шоттардағы, оның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрлiктерiндегi қаражаттар. Сонымен, шетел валютасы дегенiмiз – бұл шетелдiк мемлекеттердiң эмитенттерiнiң, яғни осы мемлекеттердiң ресми органдарының немесе ұйымдарының активтерiмен қамтамасыз етiлген шетелдiк мемлекеттердiң ақшасы.

5. Бағалы қағаз үғымы. Азаматтық кодекстің 129-бабына (2003 ж. 16 мамырдағы редакциясында) сәйкес мүліктік құқықтарды куәландыратын белгілі бір жазбалардың және басқа белгілердің жиынтығы бағалы қағаз болып табылады. Бағалы қағаздар, ең алдымен, мүліктік құқықтарды куәландырады, бұл, атап айтқанда, олардың құндылығын айқындайды. Бағалы қағаздар рыногы, шын мәнінде, мүліктік құқықтар рыногы болып табылады.

Оның мазмұны заң актілерінде белгіленген талаптарға сай келуге тиіс болатындықтан, бағалы қағаз - қатаң белгіленген жазба болып табылады.

Бағалы қағаздардың түрлері:1) ұсынбалы; 2) атаулы және 3) ордерлік.

Ұсынбалы бағалы қағазда мұндай қағаз бойынша міндеттемені талап ету құқығы бар адам көрсетілмейді. Оның иесі ұсынбалы бағалы қағаз бойынша міндеттемені талап етуге уәкілетті, тиісінше ұсынбалы бағалы қағаз бойынша құқықтарды беру үшін қағаздың өзін ұсыну жеткілікті болады.

Атаулы бағалы қағазда бағалы қағаз куәлаңдырған міндеттемелердің орындалуын талап ету құқығы бар адам көрсетіледі. Атаулы бағалы қағаз куәландырған құқықтар талаптан қайту (цессия) үшін белгіленген тәртіп бойынша беріледi.

Куәландырылған ордерлік бағалы қағазда көрсетілген адам, ал оны заңда көрсетілген тәртіппен басқаға беруде - осы қағаз берілген адам бұл қағаз куәландыратын құқықтардың субъектісі болып табылады. Ордерлік бағалы қағаз бойынша құқықтарды беру осы қағазға берілген жазу - индоссамент арқылы көрсетіледі. Берілетін жазулар, әдетте, құжаттық бағалы қағаздың сыртқы бетіне түсіріліп, белгіленген нысанда не электронды жазба түрінде арнайы парақпен бағалы қағазға қоса ұсынылады.

Бұған қоса, эмиссиялық және эмиссиялық емес бағалы қағаздар болады. Бір эмиссия (шығарылым) шегіңде осы эмиссия үшін бірдей жағдайларда орналастырылатын және пайдаланылатын біртекті белгілері мен реквизиттері бар бағалы қағаздар эмиссиялық бағалы қағаздарға жатады.

Бағалы қағаздар мемлекеттік және жеке бағалы қағаздарға бөлінеді. Мемлекет эмитент, яғни мемлекеттік бағалы қағазды шығарушы және ол бойынша міндетті тұлға болып табылады. Жеке бағалы қағаздың эмитенті, тиісінше, жеке тұлға болады.

Егер бағалы қағазды шығару шарттары бойынша оны осы эмитенттің басқа түріндегі бағалы қағазға ауыстыру құқығы көзделген болса, ол айырбасталатын бағалы қағаз деп аталады.

Өз ұстаушысының (акционердің) акционерлік қоғамның таза табысының бір бөлігін дивидендтер түрінде алуына, акционерлік қоғамның істерін басқаруға қатысуға және ол таратылғаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігіне құқығын куәландыратын бағалы қағаз акция деп танылады (АК-ның 139-бабының 1-тармағы). Заңдарға сәйкес, акционерлік қоғам құжатталмаған нысанда атаулы акцияларды ғана шығара алады. Акциялар жай және артықшылықты акцияларға бөлінеді. Жай акция өзінің иесіне барлық жағдайларда қоғамдық басқаруға құқық береді. Артықшылықты акциялар дегеніміз Акционерлік қоғамдар туралы заңда тікелей белгiленген жағдайлардан басқа реттерде дауысы жоқ, дивидендтерінің мөлшері ең аз акциялар болып табылады.

6. Мүліктік емес өзіндік қүқықтар – азаматтық құқықтар объектісі болып табылады. Азаматтық заңдар мүліктік емес өзіндік қатынастардың екі тобын реттейді және қорғайды: мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар.

Мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастарды азаматтық құқық нормалары реттеп отырады, өйткені мүліктік емес өзіндік -қатынастардың өмір сүруінің өзі субъект үшін мүліктік қатынастар пайда болуының мүмкіндігі мен керектілігін көздейді.

Мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастарды азаматтық заңдар реттеп отырады, өйткені бұл заң актілерінде өзгеше көзделмеген не материалдық емес өзіндік қатынастардың мәнінен туындамайды.

Мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар дегеніміз - бұл рухани немесе материалдық емес игіліктерге қатысты қалыптасатын қоғамдық қатынастар.

АК-ның 115-бабына сәйкес, азаматтық құқықтар объектілеріне мүліктік игiліктермен және құқықтармен қатар, мүліктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтар жатқызылған: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпау құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.

Бұл арада мүліктік емес өзіндік құқықтардың есім алу құқығы, еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді тандау құқығы секілді түрлері АК-ның 15 және 16-баптарымен реттеледі.

Мүліктік емес өзіндік құқықтардың негізгі сипатты белгілері мыналар:

- біріншіден, олар абсолютті, яғни белгілі бір уәкілетті тұлғаға оның мүліктік емес өзіндік құқықтарын қандай да болсын құқық бұзушылықтан қалыс қалуға міндетті тұлғалардың белгісіз тобы қарсы тұрады;

- екіншіден, олар бөлінбейді, яғни заң бойынша қарастырылатын құқықтардың азаматтық құқыктық қатынастардың бір субъектілерінен екіншісіне ауысуына жол берілмейді. үшіншіден, олар мүліктік мазмүнынан айрылған, яғни өзіндік, мүліктік емес сипатта болады. Олардың экономикалық немесе құндық мазмұны жоқ;

- төртіншіден, олар азаматтың немесе заңды тұлғаның жеке басымен тығыз байланысты. Бұл игіліктердің кейбіреуі азамат туылған кезден бастап пайда болып, ол өлген соң тоқтатылады;

- бесіншіден, олар осы игіліктердің иелерінен ажырағысыз, яғни нақты жеке немесе заңды тұлғаға нақты мүліктік емес өзіндік құқықтар тиесілі (өз есіміне, өзінің ар-намысына және қадір-қасиетіне, өз атауына және т.с.с. құқық);

- алтыншыдан, бұл игіліктер қандай да болсын азаматтық-қүқықтық мәмілелердің нысанасы бола алмайды, өйткені өркениетті адамзат қоғамының өмір сүруі және дамуы жағдайларында жеке адамның өмірі, денсаулығы, есімі, ар-намысы, қадір-қасиеті тауар бола алмайды.

Сонымен, мүліктік емес өзіндік қүқықтар дегеніміз - бұл мүліктік емес сипаттағы игілікке қүқық. Мұнда экономикалық мазмұны жоқ және иесінің жеке басынан ажырағысыз, қолданыстағы заңдар таныған, реттейтін және қорғайтын игiліктер мен бостандықтарды мүліктік емес өзіндік құқықтар ретінде түсінеді.

Соңғы жылдары заң әдебиеттерінде моральдық зиян ұғымына және моральдық зиянның өтемі проблемаларына біршама көңіл бөлінуде. Кең мағынада алғанда, жеке адамға оның құқықтарын бұзатын іс-әрекеттер арқылы тән азабын немесе жан азабын келтіруді моральдық зиян деп түсінеді.

ҚР Жоғарғы Соты «Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңдарды қолдануы туралы» 2001 ж. 21 шілдедегі №3 Нормативтік қаулысында моральдық зиян ұғымына барынша толық әрі дұрыс анықтама және түсінік берген [2]. Моральдық зиянды өтеу материалдық емес игіліктер мен мүліктік емес өзіндік құқықтарды қорғау құралдарының бірі болып табылады. Моральдық зиян тек ақшалай түрде өтеледі, ал өтемнің мөлшерін сот анықтайды. Егер моральдық зиянды өтеу мөлшерін анықтауда сот азаматтың мүліктік емес өзіндік құқықтарының бұзылуына байланысты нақты мән-жайлардың барлығын ескерген болса, моральдық зиянды ақшалай өтеу мөлшерін әділ әрі жеткілікті деп есептеу керек. Моральдық зиян өтелуге тиісті мүліктік зияннан тәуелсіз өтеледі.

Мүліктік емес өзіндік және мүліктік құқықтар бір мезгілде бұзылған жағдайда мүліктік емес өзіндік құқықтардың бұзылғаны үшін жәбірленушіге тиесілі өтем ескеріле отырып, мүліктік зиянның орнын толтыру мөлшері ұлғаяды (АК-ның 142-бабы). Сонымен қатар, олардың қандай мән-жайларда немесе қандай әрекеттермен (әрекетсіздікпен) келтірілгенін; зиян келтіруші кінәсының дәрежесін, оның денсаулық жағдайын, отбасылық, тұрмыстық, материалдық және назар аударуға тұрарлық басқа да жағдайларды анықтау қажет.

Бақылау сұрақтары:

1.Азаматтық қүқықтар объектісі - мүлікті жіктеу.

2.Ақша - азаматтық құқықтар объектісі ретінде.

3.Бағалы қағаздар - азаматтық құқықтар объектісі ретінде.

Тақырып 5: Азаматтар азаматтық құқықтың субьектісі

Мақсаты: «Жеке тұлға» категориясымен таныстыру. Жеке тұлғалардың әрекет және құқық қабiлеттiлiгi туралы түсiнiктi қалыптастыру.

Сұрақтар:

1 Жеке түлғалардың азаматтық құқық субъектілігі.

2 Азаматтың есімі және түрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері.

3 Азаматарды хабар-ошарсыз кетті және өлді деп тану.

1. Жеке түлғалардың азаматтық құқық субъектілігі. ҚР заңдары бойынша, ерекше заңдық қасиетті - азаматтық құқық субъектілікті иеленетін, яғни азаматтық құқықтар мен міндеттерді иеленуге және оларды жүзеге асыруға қабілетті адамдар (индивидтер) және олардың кейбір ұйымдары (заңды тұлғалары, мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер) азаматтық құқық субъектілері немесе тұлғалар деп танылады. Мұндай қасиеттерді иелену индивидті немесе ұйымды азаматтық құқық субъектісіне айналдырады. Мұнда әрбір адамның, мейлі ол ҚР азаматы болсын, мейлі басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болсын, азаматтық құқық субъектілігі болады, демек ол азаматтық құқық субъектісі деп танылады. Ал ұйым - бұл басқаша жағдай. Ол азаматтық құқықтың субъектісі болуы да, болмауы да мүмкін немесе азаматтық құқық субъектілігі болмауы да мүмкін. Заңды тұлғалар деп танылған ұйымдардың, сондай-ақ мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністердің азаматтық құқық субъектілігі бар.

Азаматтық құқық субъектілерінің (немесе тұлғаларының) ішінен АК ҚР азаматтарын және басқа жеке тұлғаларды бөліп көрсетедi.

«Жеке тұлға» жалпы үғымы ҚР АК-ның 12-бабында тұжырымдалған. Бұл бап жеке тұлғалар туыстық ұғымымен Қазақстан Республикасының азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарын (шетелдіктерді), сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарды біріктіреді [3].

Өзiнiң заңдық табиғаты жөнiнен азаматтық құқық субъектiлiк ерекше субъективтiк құқық – мәмiлелер жасау және субъективтiк құқықтар мен мiндеттердi иелену құқығы болып табылады.

Азаматтың азаматтық құқықтар мен мiндеттерді атқару қабілеті оның құкық қабілеттілігі болады. Азаматтың өз іс-әрекеттерімен азаматтық құқықтарды иелену және жүзеге асыру, өзі үшін азаматтық міндеттер түзіп, оларды орындау қабілеті оның әрекет қабілеттілігi болады (АК-ның 13 және 17-баптары).

Құқық қабілеттілік. Құқық қабілеттілік, жеке тұлғаларды қоса алғанда, азаматтық құқықтың барлық субъектiлерінің азаматтық құқық субъектілiгінің негізі болып табылады. Құқық қабілеттілік болмауының орны толмайды. Құқыққа қабілетті адамның әрекет қабілетінің жоқтығын басқа адамдардың іс-әрекеттерімен толықтыруға болады. Азаматтық құқық қабілеттілігі жоқ субъект мүлде азаматтық құқық субъектісі бола алмайды. Азаматтық әрекет қабілеттiлігi жоқ болғанымен, азаматтық құқық қабілеттілігі бар адам - бұл азаматтық құқық субъектісі, яғни нақты субъективтік құқықтарды иеленіп, міндеттер атқара алатын адам. АК-да заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі туралы арнайы бап (25-бап) болғанымен, олардың әрекет қабілеттілігіне қатысты мұндай бап жоқ.

АК АЗ азаматтардың тең құқық қабілеттілігі принципін белгiлейді, бұл олардың шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, жасына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатынасына, сеніміне, тұрғылықты жеріне, біліміне, ақыл-ой қабілетіне және кез келген өзге де мән-жайларға тәуелсіз болады. Ерекше жағдайларда ғана заң актілерінде тікелей көзделген құқық қабілеттілікке кейбір шектеулер қойылуы мүмкін. Әрекет қабілеттілігі секілді, құқық қабілеттілігінен айыруға мүлде жол берілмейдi.

Құқық қабiлеттiлiк жүзеге асыру жағдайларын жалпы және ерекше жағдайларға бөлуге болады. Құқық қабiлеттiлiктi барлық жағдайларда жүзеге асыру үшiн жалпы жағдайлар болуы қажет. Құқық қабiлеттiлiктi белгiлi бiр, заңдарда көзделген жағдайларда жүзеге асыру үшiн ерекше жағдайлар қажет. Әрекет қабiлеттiлiгi құқық қабiлеттiлiгiн жүзеге асырудың жалпы жағдайы болып табылады.

Әрекет қабiлеттiлiк. Адамның психикалық күйiмен байланысы жоқ заңдық қасиет ретiндегi құқық қабiлеттiлiктен өзгеше, әрекет қабілеттілік онда айтарлықтай дамыған ақыл-ой мен еріктің болуына, өзінің іс-әрекеттерін саналы түрде сезініп, оларды игере білу қабілетіне байланысты. Сондықтан заң адамның әрекет қабілеттілігі толық көлемде кәмелетке толғанда, яғни ол 18 жасқа жеткенде басталады деп көрсетеді. Осылайша, кәмелетке толғандардың толық дәрежеде әрекетке қабілетті болуына мүмкіндік беретін психикалық толысу шүбәсыздығы белгіленеді. Кәмелетке толған адамдар өздерінің іс-әрекеттері арқылы толық көлемде азаматтық құқықтарды иеленіп, жүзеге асыра алады, өздері үшін азаматтық міндеттерді белгілеп, оларды орындай алады. Атап айтқанда, азаматтардың өздерінің мәмілелер (мәмілелер жасау қабілеті) және басқа занды іс-әрекеттер жасау қабілеттерін, соңдай-ақ азаматтық-құқық бұзушылық (деликт қабілеттілік) үшін жауапкершілік атқару қабілеттерін әрекет қабілеттілік үғымы қамтиды. Бұл арада әрекет қабілеттілік іс-әрекеттер жасаудың өзі емес, керісінше, нақ іс-әрекеттер жасау заңдық қабілеті, оларды басқару және олар үшін жауап беру қабілеті болып табылады.

ҚР АК психикалық даму деңгейіне қарай кәмелетке толмаған азаматтарды 14 жасқа жетпегендерге және 14-тен 18-ге дейінгілерге бөле отырып, олардың әрекет қабілетілігінің түрлі шешімін белгілейді. 14 жасқа дейінгі азаматтар әрекетке қабілетсіз болады. Соңдықтан, егер заң құжаттарыңда өзгеше көзделмесе, олардың атынан ата-аналары, асырап алушылары немесе қорғаншылары мәмілелер жасайды (АК-ның 23-бабының 1-тармағы). Әрекетке қабілетсіз кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін де осылар жауап береді.

Заң 14 жасқа жетпеген азаматтардың әрекетке қабілетсіздігі туралы жалпы ережеден кейбір ерекшеліктер жасайды. Бүл адамдар өздерінің жасына қарай жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға (АК-ның 23-бабының 2-тармағы), сондай-ақ банкілерге салымдар салуға және өздері салған салымдарға дербес билік етуге құқылы.

14 жасқа жетпеген кәмелетке толмағандардан өзгеше, олардың әрекет қабілеттілігі шектеулі болса да, 14 жастан 18 жасқа дейінгі азаматтар әрекетке қабілетті деп есептеледі. Заңның жалпы ережесі бойынша (АК-ның 22-бабының 1-тармағы), олар мәмілелерді ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды.

14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері жасаған мәмілелер бойынша дербес жауапты болады және өздерінің әрекеттерінен келтірілген зиян үшін жауап береді (АК-ның 22-бабының 4-тармағы). 14 жастан 18 жасқа дейінгілер мәмілелер жасау туралы жалпы ережелер бойынша, ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен өздерінің табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне дербес билік етуге құқылы, 14-18 жастағылар өздері жасаған интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне, мысалы әдеби шығармаларына, өнертабыстарына дербес билік етуге, соңдай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасауға құқылы.

АК-ның 26-(бабына сәйкес, жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азамат әрекетке қабілетсіз деп танылуы мүмкін. Жүйке ауруы да, әқыл-естің кемдігі де жүйке бұзылуының түрлері болып табылады, оның үстіне, ақыл-естің кемдігі аурушаң күйге байланысты болса да, азаматтың туған сәтінен басталады. Өз әрекеттерінің маңызын түсiну немесе оларды пайымдай білу қабілетінен айрылуға әкеп соқтыратн жүйкенің бұзылуы ғана азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану үшiн шешуші рөл атқарады.

Жүйкесiнің бұзылуына байланысты азаматты әрекетке қабілетсіз деп тануды Азаматтық iс жүргiзу кодексінде көзделген тәртіппен сот қана шеше алады және бұл азаматқа қамқоршылық белгілеу үшін негіз болады. Соттың шешiмiмен жүйкесінің бұзылуына байланысты әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат тұрмыстық ұсақ мәмілелерді қоса алғанда, дербес түрде мәмiлелер жасай алмайды және өзінің әрекеттері үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік атқармайды. Мәмілелерді әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтың атынан оның қамқоршысы жасайды.

Әрекетке қабілетсіз азамат айыққанда немесе денсаулығы айтарлықтай оңалғанда, ол соттың шешімімен әрекетке қабілетті деп танылады да, оған белгіленген қамқоршылық алынып тасталады. Спирт ішiмдiктерiне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот шектеуі мүмкін (АК-ның 27-бабы). Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салынған азаматтың әрекет қабiлеттiлiгiн шектеу үшiн мұңдай салынудың нәтижесінде отбасы мүшелерiнің санына қарамастан, оның отбасы материалдық ауыр жағдайға тап болатыны шешушi рөл атқарады. Егер азаматтың отбасы болмай, тек өзін ғана материалдық ауыр жағдайға қоятын болса, онда бұл оның әрекет қабілеттілігін шектеулі деп тануға негіз бола алмайды. Азаматтың материалдық тіршiлiк деңгейінің айтарлықтай төмендеуін, сондай-ақ көрсетілген теріс әрекеттердің саларынан бұл деңгейді көтерудің мүмкін еместігін спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салынатын азамат отбасының материалдық ауыр жағдайы деп түсіну керек.

Сот арқылы әрекетке қабілеттлігі шектеулі деп танылған азаматқа қорғаншылық белгіленеді. Мұңдай азамат қорғаншының келісімімен ғана тұрмыстық ұсақ мәмілелерден басқа мәмілелерді жасауға, сондай-ақ жалақы, стипендия, зейнетақы, өзге де кіріс түрлерін алуға және оларға билік етуге құқылы.

Азаматтың спирт iшiмдiктерiне немесе есірткі заттарға салынуы тоқтатылған соң соттың шешiмiмен азаматтың әрекет қабілеттілігін шектеу және оған қамқоршылық белгілеу алынып тасталады.

Азаматты әрекет қабілеттiлiгi шектеулі деп тану және мұндай шектеулерді алып тастау тәртiбі Азаматтық іс жүргізу кодексі арқылы анықталады.

Қамқоршылық және қорғаншылық. Мәмілелерді әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеттілігі шектеулі адамдардың атынан олардың қамқоршылары мен қорғаншылары жасайтынын жоғарыда айтып өткенбіз. Олар тек кәмелетке толған әрекетке қабілетті адамдар болуға тиіс. Әрекетке қабілетсіз азаматтардың мүдделерін қорғайтын қамқоршыларды, ал әрекет қабiлеттiлiгi шектеулі азаматтардың мүдделерін қорғайтын - қорғаншыларды арнайы мемлекеттік қамқоршылық және қорғаншылық жасау органдары тағайыңдайды.

Егер кәмелетке толмағаңдардың ата-аналары (асырап алушылары) жоқ болса немесе олар кәмелетке толмағандардың мүдделерін қорғау жөнiндегі өз мiндеттерін атқара алмаса, кәмелетке толмағандардың мүдделерiн қорғау үшін қамқоршылар мен қорғаншылар тағайындалады. Қамқоршылар мен қорғаншыларды тағайындау тәртібін, олардың атқаратын қызметін, құқықтары мен міндеттерін отбасылық заңдар белгiлейдi..

2. Азаматтың есімі және түрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері. Азаматтың есімі - оны дараландырудың аса маңызды құралы. Азамат өз есімімен құқықтарға ие болып, оларды жүзеге асырады (АК-ның 15-бабының 1-тармағы). Заң есім ретінде азаматтың фамилиясын, өз есімін, қаласа әкесінің атын қоса алғанда, оның толық есімін түсінеді. Белгiленген тәртiппен берілген және құжаттарда (туу туралы куәлікте, жеке куәлікте, төлқұжатта және т.с.с.) жазылған есімнің ғана заңдық маңызы болады.

Заңдарда азаматтық құқықтарды жасырын атпен иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын немесе бүркеншік (ойдан шығарылған) есімді пайдаланатын жағдайлар да көзделуі мүмкін. Мәселен, ауызша түрде жасалатын сатып алу-сату мәмілелерінің көпшілігі оларға қатысушылардың есімдерін анықтауды және жазуды қажет етпейді.

Азаматтың тұрғылықты жері. Азаматтың тұрғылықты жері оны дараландырып тұратын келесі белгісі болып табылады. Азаматтың тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекені оның тұрғылықты жері деп танылады (АК-ның 16-бабы). Тіркелімнің немесе тұрғылықты жерге мемлекеттік тіркелудің тек дәлелдемелік маңызы бар және олар өзімен-өзі заңдық тұрғылықты жерді көрсетпейді. Азамат тұратын үй немесе пәтер, осы мекеннің ауданы емес, нақ елді мекен ғана тұрғылықты жер деп танылады. Үйдің немесе пәтердің мекен-жайы азаматтың тұрғылықты жерін тек нақтылай түседі.

Азаматтық хал-ахуал актілері. Азаматтың өміріңдегі, оның қоғамдағы құқықтық жағдайын, ең алдымен, азаматтық-құқықтық және отбасылық-құқықтық жағдайын айқындайтын және өзінің құқықтық маңызына қарай мемлекеттік тіркеуге жататын аса маңызды оқиғаларды азаматтық хал-ахуал актілері деп түсінеді. Өзінің құқықтық жаратылысы жөнінен азаматтық хал-ахуал актілері заңдық фактілерге жатады.

3.Азаматарды хабар-ошарсыз кетті және өлді деп тану. Егер азаматтың тұрғылықты жеріңде ол туралы бір жыл бойы деректер болмаса, ол хабар-ошарсыз кетті деп танылы мүмкін (АК-ның 28-бабының 1-тармағы). Егер азаматтың түрғылықты жерінде ол туралы 3 жыл бойы деректер болмаса, ал егер өлім қатері төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болатын жағдайларда 6 ай бойы хабар-ошарсыз жоғалып кетсе, ол өлді деп жариялануы мүмкін (АК-ның 31-бабының 1-тармағы).

Соғыс қимылдарына байланысты хабар-ошарсыз жоғалып кеткен әскери қызметшілерді және өзге адамдарды өлді деп жариялау үшін ерекше тәртіп белгіленген. Бұл адамдар соғыс қимылдары аяқталған күннен бастап кемінде екі жыл өткеннен кейін өлді деп жариялануы мүмкін (АК-ның 31-бабы). Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану да, сондай-ақ оны өлді деп жариялау да мүдделі адамдардың өтініштері негізінде азаматтық іс жүргізу заңдарының ережелері бойынша сот арқылы жүзеге асырылады.

Адамды өлді деп жариялау оны алдын ала хабар-ошарсыз кетті деп тануды талап етпейді. Адамды хабар-ошарсыз кетті деп танудың және өлді деп жариялаудың шарттары мен салдары түрліше болады.

Егер азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы бір жыл бойы деректер болмаса, ол хабар-ошарсыз кетті деп танылуы мүмкін. Мұнда тұрғылықты жерінде азаматтың болмау фактісінің өзі емес, онда азамат туралы мәліметтердің болмауы маңызды.

Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану бірқатар құқықтық салдарды туғызады. Бұлардың адамды өлді деп жариялаудың салдарынан айтарлықтай айырмашылықтары бар, өйткені олар бұл адамның тірі табылуының анықтығына сүйенеді. Соттың хабар-ошарсыз кеткен адамның мүлкіне қамқоршылық тағайындауы - аса маңызды салдар. Бұл қамқоршылықтың әрекетке қабілетсіз адамдарға белгіленетін қамқоршылықтан айырмашылығы болғанымен, бұлар бір терминмен белгіленеді. Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында оларға қамқоршылық белгіленеді. Мүлікке деген қамқоршылық оны хабар-ошарсыз кеткен адамның мүдделері үшін қамқоршылыққа алудан тұрады. Сондықтан мүліктi пайдалану жөніңдегі қамқоршының мүмкіндіктері оның меншік иесінің мүмкіндіктерімен салыстырғанда шектеулі болады. Қамқоршы мүлікті күтіп үстау және сақтау жөніңде қамқорлық жасауы тиіс және мүлікті жұмсауда оның әрекеттері шектеулі болады. Атап айтқанда, ол хабар-ошарсыз кеткен адам асырауға міндетті жандарға осы мүлік есебінен қаражат бөлуді, сондай-ақ оның салықтар мен басқа да міндеттемелер бойынша берешектерін өтеуді қамтамасыз етуі тиіс. Іс жүзінде, хабар-ошарсыз кеткен адамның мүлкіне қамқоршылық жасау мекемесі мүлiктi қамқоршының сенімгерлікпен басқаруына беру болып табылады.

Азаматты өлді деп жариялау оның өлімі кезіндегідей салдар туғызады, атап айтқанда, оның мүлкіне мұрагерлік ашылады. Адамды өлді деп жариялау туралы соттың шешімі заңды күшіне енген соң азаматтық хал-ахуал актілерін жазу кітабына оның өлімі туралы жазылады да, тиісті куәлік беріледі.

Хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе өлді деп жарияланған азамат өзінің тұрғылықты жерінде пайда болуы мүмкін немесе оның тұратын жері анықталуы мүмкін. Мұндай жағдайларда сот азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе өлді деп жариялау туралы өз шешімінің күшін жояды (АК-ның 30-бабы және 32-бабының 1-тармағы). Мұнда хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы қабылданған шешім бұзылған адамның мүлкіне қамқоршылық жасау тоқтатылады. Бірақ, қамқоршылардың соттың осындай шешімі шыққанға дейін жасаған мәмілелері өз күшін сақтайды.

Бақылау сұрақтары:

1.Азаматтың есімі және түрғылықты жері.

2. Азаматтық хал-ахуал актілері.

3. Азаматарды хабар-ошарсыз кетті және өлді деп тану.

Тақырып 6: Заңды тұлғалар

Мақсаты: «Заңды тұлға» категориясының мәнiн ашу, ҚР заңды тұлғалардың ұйымдастырушылық-құқық нысандарының құқықтық дәрежесiн қарастыру.

Сұрақтар:

1 Заңды түлға ұғымы.

2 Занды тұлғаның құқық қабілеттілігі.

3 Заңды тұлғаның пайда болуы және тоқтатылуы.

4 Заңды тұлғалардың түрлері.

1. Заңды түлға ұғымы. Жеке тұлғалармен қатар, заңды тұлғалар да азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады (ҚР АК-ның 1-бабы).

Заңды тұлға дегеніміз - бұл мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, құрған және құқықтар мен міндеттер берген субъект. Заңды тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың субъектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық-құкықтық қатынастар үшін заңды тұлға институтының практикалық маңыздылығы мынада: «заңды тұлға құрылтайшыларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар».

Құқықтық санат ретінде заңды тұлғаның әдебиеттерде бір мағыналы анықтамасы жоқ. Кеңес мемлекеті өмір сүріп тұрған кезенде азаматтық құқық теориясында заңды тұлғалардың мәні туралы алуан түрлі пікірлер кең таралғанды. Негізінен алғанда, заңды тұлғалар - мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер зерттеу объектісі болды, мұны экономикада мемлекеттік меншіктің үстемдік етуімен түсіндіруге болатын еді.

Заңды тұлғаның жария анықтамасы ҚР АК-ның 33-бабының 1-тармағында баянды етілген: «Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс».

Заңды тұлғаның белгілері. Заңды тұлғаның анықтамасынан кез келген ұйымның заңды тұлға ретінде таныла бермейтінін көреміз. Ұйым заңды тұлға мәртебесін алу үшін мынадай белгілердің жиынтығы болуы қажет: ұйымдық бірлік; мүліктік оқшауланушылық; дербес мүліктік жауапкершілік; азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету.

Ұйымдық бірлік. Азаматтық кодекс заңды тұлғаны ұйым ретінде анықтайды. Индивидтердің жай ғана белгілі бір мөлшерін емес, өзара әрекеттесу мен қызмет етудің белгілі бір ережелеріне бағынған азаматтар ұжымын ұйым деп түсінеді. Заңды тұлғаның азаматтық-құқықтық қатынастарда біртұтас тұлға ретіндегі сыртқы еркін білдіретін әрекетін көптеген тұлғалардан тұратын ұжымдық құрылым - заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп түсіну керек.

Заңды тұлғалардың оқшаулану дәрежесі түрліше және ол осы мүліке меншіктің түріне (мемлекеттік, жеке) байланысты. Егер бұл мемлекеттік кәсіпорын болса, онда мүлік оған шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен бекітіліп беріледі және ол осы арқылы басқа кәсіпорындардың мүлкінен оқшауланады.

Өзін-өзі өтеу және дербес бухгалтерлік баланстың болуы - заңды тұлғалардың мүліктік оқшаулануының көрінісі. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс (АК-ның 33-бабының 1-тармағы).

Дербес мүліктік жауапкершілік заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығына сүйенеді. Бұл белгі АК-ның 44-бабында былайша көрініс тапқан: әрбір заңды тұлға өз міндеттемелері бойынша дербес азаматтық-құқықтық жауапкершілік атқарады, тұлғаның борыштары бойынша оның құрылтайшысы (немесе құрылтайшылары) да, мемлекет те жауап бермейді. Сонымен бірге, кейбір жағдайларда несие берушілердің мүдделерін қамтамасыз ету үшін бұл жалпы ережеден кейбір ерекшеліктер көзделген. Мәселен, қазыналық кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және несие берушілердің борыштары бойынша өзінің барлық мүлкімен емес, олардың қолында бар ақшасымен ғана жауап беретін мекемелер үшін ерекшеліктер белгіленген

Азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету, атап айтқанда, заңды тұлғаның өз атынан мүліктік және мүліктік емес өзіңдік құқықтарды иелену, міндеттер атқару, сотта талапкер және жауапкер болу мүмкіндігінен де көрінеді. Заңды тұлғаның атауы белгілі бір ұйымды құқықтық қатынастардың субъектісі деп тану үшін оны дараландыру және нақтыландыру құралы болып табылады. Азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету - заңды тұлғаның басқа белгілерінен шыққан туынды болып табылады

Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның міндетті түрде фирмалық атауы болуға тиіс. Мұнда заңды тұлғаның бөгде фирмалық атауды пайдаланғаны үшін кінәлы субъектілерді материалдық жауаптылыққа тартуға дейінгі фирмалық атауды пайдалану ерекше құқығы бар. Басқа тұлғалар белгілі бір ақы үшін заңды тұлғаның фирмалық атауын пайдалана алады.

Заңды тұлға фирмалық атаумен қатар, тауарлық белгі, қызмет көрсету белгісі (сауда маркасы) секілді дараландыру құралдарын да пайдалануы мүмкін.

Заңды тұлғаның органдары. Заңдар немесе құрылтай құжаттары арқылы құқықтың басқа субъектілері алдында арнайы уәкілеттіксіз (сенімхатсыз) өз атынан әрекет етуге уәкілетті заңды тұлғаның адамдары мен ұжымдық құрылымдары заңды тұлғаның органдарына жатады. Заңды тұлғаның органдары дара (директор, президент, басқарушы) не ұжымдық (алқалық) болуы мүмкін. Мысалы, жалпы жиналыс, басқарма, директорлар кеңесі және т.с.с. ұжымдық органдарға жатады. Заңды тұлғалардың органдарын тағайындау, сайлау түрлері мен тәртібін, олардың өкілеттіктерін заңды тұлғалардың жекелеген түрлері туралы заң актілері мен құрылтай құжаттары анықтайды.

Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері. Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан мүліктік және аумақтық оқшау бөлімшелері болып табылады. Филиалдар мен өкілдіктердің заңды тұлға мәртебесі болмайды. Заңды тұлғаның тұрған жері - тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері деп танылады.

2. Занды тұлғаның құқық қабілеттілігі. Құқық қабілеттілік дегеніміз - бұл заң шығарушылардың нақты субъективтік азаматтық құқықтарды иелену және нақты субъективтік міндеттерді атқару жөніндегі жалпы қабілетін таныған ерекше заңдық қасиет.

Заңды тұлға азаматтармен (жеке тұлғалармен) қатар, мүліктік қатынастардың субъектісі болып табылатындықтан (АК-ның 1-бабы), ол құқық қабілеттілігіне ие болуға тиіс. Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі олар мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап бір мезгілде пайда болатындықтан (АК-ның 42-бабының 3-тармағы), заңды тұлғалар үшін бұл санаттарды ажыратудың маңызы жоқ.

Жалпы құқық қабілеттілігі бар азаматтардан өзгеше, заңды тұлғалардың арнайы құқық қабілеттілігі болады. Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары және өз қызметіне байланысты қолданыстағы заңдарға сәйкес (АК-ның 35-бабы) және жарғылық міндеттерді жүзеге асыру үшін құрылтай құжаттарына сәйкес міндеттері болуы мүмкін.

Азаматтық құқықтар мен міндеттер заңдық фактілердің негізінде пайда болады. Заңды тұлғалар үшін мұндай фактілер ең алдымен мәмілелер болып саналады. Сондықтан заңды тұлғалардың құқық қабілетілігінің мазмұнын анықтауда ең алдымен заңды тұлға жасауға құқылы мәмілелердің ауқымы назарда болады. Бұрынғы заңдар барлық заңды тұлғаларға заңдарда немесе құрылтай құжаттарында көзделмеген мәмілелерді, яғни жарғылық мақсаттарға сай келмейтін мәмілелерді жасауға тыйым салатын. Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі «рұқсат етілгеннен басқаның беріне тыйым салынған» деген принципте бейнеленді.

3. Заңды тұлғаның пайда болуы және тоқтатылуы. Заңды тұлғаның құрылтайшысы - меншік иесінің саналы-ерікті қызметі заңды тұлғалар құрылуының қажетті алғышарты болып табылады.

Меншік иесінің белгілі бір нысандағы еркінсіз заңды тұлғалардың құрылуы мүмкін емес. Осыған сәйкес заңды тұлғалар құрылуының өкімдік, рұқсат ету және нормативтік әдістерін бөліп көрсетуге болады.

Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап пайда болады. Қандай түрге жататынына қарамастан, заңды тұлға міндетті түрде тіркелуге тиіс. Оларды тіркеу тәртібі Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы жарлықта және осы жарлықтың негізінде қабылданған Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы ережеде белгіленген. Аталған заң актілерінде заңды тұлғаларды тіркеуге қажетті құжаттардың толық тізбесі және заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын қарау мерзімдері көрсетілген. Тіркеу кезінде заңды тұлғаларды құрудың тиімділігі мәселелеріне назар аударылмайды, олардың өндірістік-шаруашылық қаржы қызметіне бақылау жасау және араласу мақсаты көзделмейді.

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің қажеттігі мынада, ол:

- заңды тұлғаның пайда болу фактісін растайды;

- заңды тұлғаларды бірыңғай мемлекеттік тізілімге тіркегеннен кейін барлық заңды тұлғалардың мемлекеттік есебін жүргізуге мүмкіндік береді;

- жариялылық жағдайларын туғызады, өйткені кез келген мүдделі адам құпия немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерден басқа заңды тұлғаны сипаттайтын барлық материалдармен тіркеуші органдар арқылы танысуға құқылы.

Шетелдіктер және шетелдік заңды тұлғалар мен олардың өкілдіктері қатысатын кәсіпорындарды тіркеудің ерекше тәртібі бар. Мұндай ұйымдар тікелей ҚР Әділет министрлігінде тіркеледі.

Қайта тіркеу заңды тұлғаның құрылуын емес, қызмет етіп тұрған тіркелген заңды тұлғаны қолданыстағы заңдардың талаптарына сәйкестендіруді білдіреді. АК-ның 42-бабының 6-тармағына сәйкес заңды тұлға мынадай жағдайларда қайта тіркелуге тиіс: 1) акционерлік қоғамның жарғылық капиталының және жарияланған жарғылық капиталының мөлшері азайғанда; 2) заңды тұлғаның атауы өзгергенде; 3) шаруашылық серіктестіктеріндегі және жабық акционерлік қоғамдардағы қатысушылардың құрамы өзгергенде және басқа негіздер бойынша.

Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуы. Заңды тұлғаның қайта құрылуы (АК-ның 45-бабы) және таратылуы (АК-ның 49-бабы) нәтижесінде заңды тұлғаның қызметі тоқтатылады.

Заңды тұлғаны қайта құру оның мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімі бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттары уәкілеттік берген органның шешімімен, немесе заң құжаттарында көзделген жағдайларда сот органдарының шешімі бойынша жүргізіледі. АК-ның 45-бабының 1-тармағы бойынша қайта құрудың басқа да нысандары көзделгеніне қарамастан, заң шығарушылар заңды тұлғаларды қайта құрудың бес нысанын - қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту - атап көрсетеді.

Заңды тұлғаны қайта құру ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін. (АК-ның 45-бабының 2-тармағы). Заңды тұлғаны ықтиярсыз қайта құру сот органдарының шешімімен және заң құжаттарында көзделген жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін. Ықтиярсыз қайта құру тек бөлу, бөліп шығару немесе өзгерту нысанында ғана жүзеге асырылады. Ол монополияға қарсы заңдар бұзылған кезде; банкроттық жағдайында; заңды тұлғалардың кейбір түрлеріне қойылатын заңның талаптары бұзылғанда және басқа да кейбір жағдайларда жүргізілуі мүмкін.

Ерікті түрде қайта құру шаруашылық серіктестіктің, акционерлік қоғамның, өндірістік кооператив қатысушыларының (құрылтайшыларының) шешімі бойынша қолданыстағы заңдарға сәйкес және осы заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары бойынша жүргізілуі мүмкін.

Заңды тұлғаларды ықтиярсыз тарату соттың шешімімен жүргізіледі. АК-ның 49-бабының 2-тармағына сәйкес, соттың шешімі бойынша заңды тұлға:

1) банкрот болған;

2) заңды тұлғаны құру кезінде заңдардың түзетуге келмейтін сипатта бұзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылған;

3) заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет үнемі жүзеге асырылған;

4) тиісті рұқсат алынбаған (лицензиясыз) қызметті не заң құжаттарында тыйым салынған қызметті жүзеге асырған не қызметін заңдарды бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүргізген жағдайларда;

5) заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін.

Сонымен, заңды тұлғаларды ықтиярсыз тарату негіздерінің тізбесі толық емес. Уәкілетті орган, мысалы, монополияға қарсы комитет заңды тұлғаны ықтиярсыз тарату жөніндегі талаппен сотқа қайырыла алады, оған мұндай талап қою құқығын заң актілері берген, ал банкроттық жағдайында несие иелері берген (АК-ның 49-бабының 3-тармағы).

Заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдаған орган бұл туралы заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыратын әділет органына дереу жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Олар тарату комиссиясының мүшелерін бекітеді АК-ға сәйкес тарату тәртібі мен мерзімін белгілейді (АК-ның 50-бабының 1, 2-тармақтары).

Заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе оны тарату туралы шешім қабылдаған орган тағайындайтын тарату комиссиясы заңды тұлғаның мүлкі мен істерін басқару жөнінде өкілеттік қабылдайды, сотта таратылатын заңды тұлғаның атынан әрекет етеді.

ҚР Әділет министрлігінің ресми басылымдарыңда заңды тұлғаны тарату, оның несие берушілерінің талаптарын білдіру тәртібі мен мерзімі, несие берушілерді, сондай-ақ заңды тұлғаның борышқорларын анықтау және олардан берешекті алу шараларын қабылдау туралы материалдар жариялау тарату комиссиясының міндеттеріне жатады. Тарату комиссиясы осындай мақсатпен таратылатын кәсіпорынның борышқорларына талаптар қояды, ол орындалмайтын жағдайда - сотқа талап қояды. Несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру үшін ақша жетіспейтін жағдайда тарату комиссиясы таратылатын заңды тұлғаның мүлкін сатумен айналысады. Бұл ереже мекемелерге таралмайды. Мекемелер, мемлекеттік мекемелер өздерінің қолында бар ақшамен ғана жауап береді, ал олар жетіспейтін реттерде - міндеттемелер бойынша жауапкершілік Үкіметке немесе жергілікті атқару органына жүктеледі. Мемлекеттік мекемелер шарттық міндеттемелер бойынша заңдарға сәйкес мемлекеттік мекемені ұстауға арналып бекітілген сметаның шегінде жауап береді (АК-ның 44-бабының 1-тармағы).

Талап қою өтініштерін беру мерзімі заңды тұлғаны тарату туралы мәлімет жарияланған сәттен бастап екі айдан кем болмауы тиіс. Бұл мерзім өткен соң тарату комиссиясы аралық тарату балансың жасайды, онда таратылатын заңды тұлға мүлкінің құрамы туралы мәліметтер, несие берушілер қойған талаптардың тізбесі және оларды қараудың нәтижелері көрсетіледі. Аралық тарату балансын мүліктің меншік иесі немесе оны тарату жөнінде шешім қабылдаған орган бекітеді.

Заңды тұлға банкрот болатын жағдайда оны таратудың біраз өзгеше тәртібі қолданылады. Банкроттық - борышкердің соттың шешімімен танылған, оны таратуға негіз болып табылатын дәрменсіздігі (АК-ның 52-бабы). Заңды тұлғалардың банкроттығын жүзеге асыру процесі 1997 ж. 27 қаңтардағы Банкроттық туралы заңда толық баяндалған [4]. Алайда заңды тұлғалардың барлық түрлері бірдей банкрот процесіне ұшыратуға жатпайды. Атап айтқанда, қазыналық кәсіпорындарға, мекемелерге, мемлекеттік мекемелерге банкроттық институты қолданылмайды, өйткені бұл заңды тұлғаларда несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру үшін ақшасы жетіспейтін жағдайларда мүліктің меншік иесі ортақ жауапты болады.

Заңды тұлға таратылған кезде оның несие берушілерінің талаптары, АК-ның 51-бабында көзделгеніндей, бекітілген кезек бойынша қанағаттандырылады.

4. Заңды тұлғалардың түрлері. АК нормаларына сәйкес заңды тұлғалардың түрлері мынадай негіздер бойынша жіктеледі:

- заңды тұлғаларға немесе олардың мүлкіне қатысты құрылтайшылардың (қатысушылардың) құқықтары;

- заңды тұлғалар қызметінің мақсаттары;

- заңды тұлғаның мүлкі негізделетін меншік нысаны.

Заңды тұлғаның оқшау мүлкіне қатысты оның құрылтайшылары міңдеттемелік немесе заттық құқықтарын сақтауы мүмкін.

ҚР АК-ның 36-бабына сәйкес, қатысушылар оларға қатысты міндеттемелік құқықтарын сақтайтын заңды тұлғаларға акционерлік қоғамдар, шаруашылық серіктестіктер және кооперативтер жатады.

Өздерінің құрылтайшылары олардың мүлкіне меншік құқығын немесе өзге де заттық құқығын сақтайтын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар және оралымды басқару құқығыңдағы мүлкі бар қазыналық кәсіпорындар, оның ішінде еншілес кәсіпорындар, сондай-ақ құрылтайшы қаржыландыратын мекемелер және мемлекеттік мекемелер жатады.

Қоғамдық ұйымдар, діни ұйымдар, қайырымдылық және өзге де қорлар олардың құрылтайшы-қатысушыларының ешқандай мүліктік құқықтары болмайтын заңды тұлғаларға жатады.

Қызмет ету мақсаттарына қарай заңды тұлғаларды жіктеу АК-ның 34-бабының негізінде коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар бойынша жүргізіледі.

Өз қызметінің негізгі мақсаты табыс келтіруді көздейтін заңды тұлға коммерциялык ұйымға жатады. Мұндай мақсатты көздемейтін және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін ұйым коммерциялық емес ұйым деп есептеледі.

Коммерциялық ұйымдар акционерлік қоғам, шаруашылық серіктестік, өңдірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылуы мүмкін.

Мекемелер, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық қорлар, қоғамдық бірлестіктер, діни бірлестіктер, тұтынушылар кооперативтері, қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестіктері заңды тұлғалардың коммерциялық емес түрлеріне жатады.

Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады (АК-ның 63-бабының 1-тармағы).

Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік сенім серіктестігі деп танылады (АК-ның 72-бабының 1-тармағы).

Жауапкершiлiгі шектеулі серіктестік шаруашылық серіктестіктердің ең көп таралған нысаны болып табылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік бірлескен кәсіпорындардың бірі болып саналады. Корпорация дегеніміз - бұл оның құрушылары осымен бір мезгілде бірлесе және заңдық тең негізде әрекет ететін қатысушылар болып табылатын өзін-өзі ұйымдастырған заңды тұлға. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметін АК және ЖШС туралы Заң реттейді [5].

Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұдан былай - ЖШС) деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.

Қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда, өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады (АК-ның 84-бабының 1-тармағы) [5].

Қазақстан Республикасының акционерлік заңдары АК-ның ережелерінен және 2003 ж. 16 мамырда қолданысқа енгізілген «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңынан тұрады [6]. Акционерлік қоғамдар туралы заңды қабылдау кезек күттірмейтін қажеттілік болды. АК-ның 85-бабының 1,2-тармақшаларына сәйкес, «өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам болып танылады».

Өндірістік кооператив дегеніміз - бұл бұрынғы кезде де, қазіргі уақытта да кеңінен қолданылатын, адамдардың ұжымдық еңбегін ұйымдастырудың ескі түрлерінің бірі. Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады (АК-ның 96-бабының 1-тармағы) [7].

Заңдарда «кәсіпорын» термині екі мағынада қолданынады. Алғашқысында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүліктік кешенді (зауыт, фабрика, шахта және т.с.с.) кәсіпорын деп түсінеді. Бұл мағынада алғанда, мысалы, кооперативтік, жеке, отбасылық кәсіпорын және т.с.с. туралы айтуға болады. Демек, мүліктік кешен ретінде қарастырылатын кәсіпорын жеке меншікке де, мемлекеттік меншікке де жатуы мүмкін. Екінші мағынада «кәсіпорын» термині заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысандарының бірін білдiреді және бұл мағынада тек мемлекеттік кәсіпорын болуы мүмкін (АК-ның 34-бабы).

Заңды тұлға ретінде мемлекеттік кәсіпорын өзіне тиесілі мүліктің меншік иесі болып есептелмейді - оның меншік иесі мемлекеттің өзі - және осы кәсіпорындар иеленіп отырған мүлікке заттық құқыққа қарай өз қызметін жүзеге асырады, олар АК-ның 102-бабының 1-тармағына сәйкес: 1) шаруашылық жүргізу құқығына негізделген; 2) оралымды басқару құқығына негізделген мемлекеттік кәсiпорындарға бөлінеді. Мұның кейінгісі «қазыналық кәсіпорын» (яғни қазынаға, фискіге (мемлекетке) тиесілі кәсіпорындар) деген арнайы терминмен аталады.

Мемлекеттік меншіктің түріне қарай кәсіпорындар:

а) республика меншігіндегі кәсіпорындар - республикалық мемлекеттік кәсіпорындар; б) коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар - коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар болып бөлінеді [8].

Басқа мемлекеттік кәсіпорын құрған кәсіпорын еншілес мемлекеттік кәсіпорын ретінде қарастырылады.

Мүліктiк кешен ретінде мемлекеттік кәсіпорын жылжымайтын мүлік деп танылады.

Өз қызметінің негізгі мақсаты кіріс түсіруді көздемейтін және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін ұйым коммерциялық емес ұйым болып табылады. Коммерциялық емес ұйымдардың қызметін АК, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР Заңы [9], коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлері туралы заңдар және заңға тәуелді нормативтік актілер реттеп отырады.

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында құрылуы мүмкін (АК-ның 34-бабының 3-тармағы). Коммерциялық ұйымдардың тізбесіне қарағанда, бұл тізбені толық деуге болмайды. Заң актілерінде коммерциялық емес ұйымдардың өзгеше нысаны белгіленуі мүмкін. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңның 17-бабының 2-тармағына сәйкес нотариалдық; палаталар, адвокаттар алқалары, сауда-өнеркәсіп палаталары, аудиторлар палаталары, меншік пәтер иелері кооперативтері және басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрыла алады.

Коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау; даулар мен жанжалдарды шешу; азаматтардың рухани және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, денешынықтыру мен спортты дамыту; заң көмегін көрсету үшін, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді және өз мүшелерінің (қатысушылардың) игіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкін [6].

Бақылау сұрақтары:

1.Заңды түлға ұғымы..

2. Заңды түлға атауы.

3.Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары.

Тақырып 7: Мәмілелер

Мақсаты: Мәмiленiң негiзгi элементтерi мен белгiлерiн оқу, процедура мәнiң, мәмiленi жарамсыз деп танудың нәтижелерi мен негiздемесiн ашу.

Сұрақтар:

1 Мәміле үғымы және мәміленің түрлері.

2 Мәміленің нысаны және оның маңызы.

3 Жарамсыз мәмілелер.

4 Мәмілелердің жарамсыздығының салдары.

1. Мәміле үғымы және мәміленің түрлері. Мәміле заң фактілерінің бірі болып табылады. Оның үстіне, азаматтық айналым саласында құқық қатынастарын үздіксіз тудырып, дамыта келе, мәмілелер осындай айналымның серпінді дамуын қамтамасыз етіп отырады. АК-ның 147-бабына сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық қүқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады. Демек, субъектiлердің мақсаты әрекеттері мәмілелер деп танылады. Олардың тікелей мақсаты азаматтық құқықтарды немесе міндеттерді белгілеу (мысалы, мүлікті сыйға тарту тікелей затқа меншік құқығының сыйға тартушыдан сый алушыға өтуіне бағытталған), мұндай құқықтар мен міндеттерді өзгерту (мысалы, тараптар жалға берілген мүлікті қайтару мерзімін ұзарту жөнінде уағдаласты), не, ең ақырында, оларды тоқтату (несие беруші борышқорды берешегін өтеуден босатты) болып табылады.

Басқаша, заңға қайшы нәтижелерге жетуге бағытталған, бірақ заңның ұйғарымына байланысты ол да азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әкеп соқтыратын іс-қимылдар мінез-құлықтың өзге актілеріне қарағанда мәміленің заңдық салдарына мақсатты әсер етуімен көзге түседі. Мысалы, азамат өзінің тұрғылықты жерінен науқас анасын көру үшін басқа қалаға сапар шекті. Мұнда ол біраз болған соң бұрынғы тұрғылықты жеріне оралмауға бекінді. Анасына сапар шеккенде азамат өзінің бұрынғы тұрып келген мемлекеттік пәтеріне құқығынан бас тарту ниетінде болған жоқ. Бірақ осындай жағдайды көздейтін заңның талабына қарай ол пәтерге құқығынан айрылады.

Мәміле дегеніміз - бұл заңды, рұқсат етілетін, көп реттерде заң қолдап отыратын іс-әрекет. Күнделікті өмірде кейде қоғам теріс бағалайтын әрекеттерді «мәміле» деп атайды. Сөзді бұлайша қолдану оның заңды мағынасымен үйлеспейді. Заңдылық белгілері жөнінен мәміле мақсатты заңсыз әрекеттерден, яғни басқа адамдарға нұқсан келтіретін әрекеттерден ерекшеленеді.

Мұңдай әрекеттер де келтірілген залалдың орнын толтыру қажеттігіне байланысты азаматтық құқықтар мен міндеттерді тудырады, бірақ олар мәміледен емес, залал келтіру фактісінен, яғни деликтіден туындайды.

Мәмілелер - бұл саналы түрде жасалатын әрекеттер, оларда әрекет ететін тұлғалардың еркі байқалады. Мәміле жасайтын тұлға еркінің ішкі мазмұнын (оның шын ниетін) және еріктің сыртқы көрінісін (айтылған не қағазда баяндалған сөзді, ымды, әдеуір күрделі әрекеттерді) айыра білу керек.

Адамның сөзі мен іс-әрекеті бойынша оның еркінің шын бағыты туралы пікір түюге болатындықтан, еріктің сыртқы көрінісі оның ішкі мазмұнына сай келеді деп жорамалданады.

Мәміле дегеніміз - бұл қашан да ерікті білдіру болатындықтан, оны заң еркіне заңдық маңыз беретін тұлғалар ғана жасай алады. Мәмілелер өзге де түрлерге бөлінеді. Каузальдық және абстрактілік мәмілелердің арасындағы айырмашылықтың өте зор практикалық маңызы бар.

Каузальдық (cabsa - себеп, негіз) немесе себепті мәміленің тағдыры тұтасымен оның өзі жасалған негізге тәуелді болады. Негізінің бұзылуы жасалған бір жақты мәміленің заңдық күшін жояды. Мысалы, сатып алушы сатып алған тауарының бағасын алдын ала төлеп қойған, бірақ сатушы тауарды жеткізіп бермеген. Сатушының сатып алушыдан алынған ақшаға құқығы жойылады.

Егер мәміленің өзі оны жасаған тұлғаның шынайы еркін білдірген болса, абстрактілік мәміленің заңдық күші оның негізіне тәуелсіз болады. Мысалы, сатып алушы сатушыға тауардың құнына сай сомаға вексель беріп, алынған тауар үшін есеп айырысты. Егер кейін тауардың сапасыз екені анықталса, вексель қайтарып алынбайды, керісінше, вексель бойынша құқық вексель ұстаушы үшін де, одан кейінгі вексель ұстаушылар үшін де, оны төлейтіндер үшін де күшін сақтайды.

Негізгі және қосымша (акцессорлық) мәмілелер (шарттар) арасындағы айырмашылықтың практикалық маңызы бар. Акцессорлық мәміле негізгі мәмілені толықтырады, қамтамасыз етеді және нақтылайды. Егер заңнан, мәміленің мәнінен не тараптардың келісуінен өзгеше жағдай туындамаса, акцессорлық мәміленің тағдыры негізгі мәміленің тағдырына тәуелді болады.

Кепіл туралы (АК-ның 322-бабының 1-тармағының 1-тармақшасы), кепілдік және кепіл болушылық туралы (АК-ның 336-бабының 1-тармағы), кепілпұл туралы (АК-ның 338-бабының 1-тармағы) және басқа мәмілелерді қосымша мәмілелер деп атауға болады.

Сонымен, мәміле - бұл тектік ұғым, ал шарт - түрлік ұғым. Кез келген шарт - бұл мәміле, ал кез келген мәміле - шарт емес. Күнделікті тұрмыстағы және тіпті ресми тәжірибеде шарт басқа терминдермен де белгіленеді: келісім-шарт, тараптардың келісімі. Бірақ мұның бәрі - шарттар. Шарттар мәмілелердің басым бөлігін құрайды.

АК-ның 156-бабында көзделген биржалық мәмілелер мәмілелердің ерекше түріне жатады. Биржада жасалатын мәмілелерді биржалық мәмілелер деп түсінеді. Олар қатысушылар арасында негізінен жалпы тәртіппен жасалған тиісті мәміле туғызатындай құқықтар мен міндеттерді өмірге келтіреді және мәмілелердің жарамдылығы және жарамсыздығы жөніндегі жалпы заң ережелеріне бағынады. Сонымен қатар, олардың бірқатар айтарлықтай ерекшеліктері бар, бұл ерекшеліктер биржалық мәмілелерге қатысушылардың құқықтық жағдайына, мәміленің нысанасына, оларды жасасу және рәсімдеу тәртібіне, олардың орындалуын және биржалық даулардың шешілуін қамтамасыз етуге қатысты болады.

Әдетте, биржалық мәміле делдал (брокер, дилер) арқылы жасалады. Бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға, әдетте, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары (кастодиан, орталық депозитарий, тіркеуші, атаулы бағалы қағаз ұстаушы және басқалары) қатысады. Биржалық мәмілелер тіркелуге жатады.

2. Мәміленің нысаны және оның маңызы. Мәміле заңмен белгіленген нысанға ие болғаннан кейін ғана заңдық маңыз алады, ал ол арқылы мәмілеге қатысушы өзінің еркін білдіреді.

АК-ның 151-бабы мәміленің ауызша және жазбаша түрлерін ажыратады. Ал жазбаша түрі, өз кезегінде, жай және нотариалдық болуы мүмкін.

Сөз жүзінде жасалатын мәмілелер ауызша түрде жасалған мәмілелер деп есептеледі. Қатысушының еркі тікелей, шарт жасасуға бағытталған конклюденттік әрекеттер арқылы білінетін мәмілелер (мысалы, тандап алған тауар үшін сатушыға ақша беру) де, сондай-ақ қатысушының еркі үндемеу арқылы білінетін мәмілелер де ауызша түрде жасалатын мәмілелерге жатады. Бірақ заңдарда тікелей белгіленетін жағдайларда немесе тараптардың келісімімен ғана үндемей қалуға осындай маңыз беріледі. Мысалы, тауар сатып алушы оны жеткізіп берушіге жазбаша тапсырыс береді, онда жеткізіп берудің керекті шарттары көрсетіледі, егер жеткізіп беруші бес тәулік ішінде көрсетілген шарттарға қарсылық білдірмесе, шарт жасалды деп есептеледі.

Заң мәміленің қандай жағдайларда жазбаша түрде жасалатынын айқындайды. Бірақ мәміле жасасудың ауызша нысанын қолдану мүмкіндіктері үшiн айқын заңи нұсқаулар жоқ. Сондықтан бұл жерде баршаға тән мынадай ереже қолданылады: заңдардың белгілі бір нормаларына немесе тараптардың келісіміне қайшы келетін жағдайлардан басқа реттерде мәмілені қашан да ауызша түрде жасасуға рұқсат етіледі.

АК-ның 151-бабына сәйкес, мәміленің ауызша түрі ол жасалған кезде атқарылатын жағдайда қолданылады. Бұл арада ауызша мәміленің ең жоғарғы шегі қызметін атқаратын мәміленің сомасы белгіленбейді (АК-ның 152-бабының 1-тармағын қараңыз). Жазбаша мәміле жасамай-ақ құны миллион теңгелік затты сатып алуға болады. Бірақ мұнда тараптар уағдаласқан соң біріне-бірі затты да, ақшаны да қолма-қол береді. Алайда, егер, нақ сол зат несиеге немесе ақысын алдын ала төлеу арқылы сатылса, сатып алу-сату мәмілесі жазбаша түрде жасалуы тиіс.

Мәміленің шын мәнінде жасалғаны және оның шарттарының қандай болғаны жөнінде дау туатын жағдайда ауызша жасалған мәміле оған қатысушылардың жағдайын жеңілдетеді. Мұндай мән-жайлар кез келген заңды құралдармен, оның ішінде куәлардың айғақтарымен дәлелденуі мүмкін. АК-ның 151-бабының 3-тармағы жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы расталған мәмілелерді ауызша түрде жасалған белгілерге жатқызады. Мұндай мәмілелердің жасалуы мен мазмұны куәлардың айғақтарымен дәлелденуі мүмкін. Аталған растайтын белгілер мәмілелерге қатысушылардың есімдерін атауы немесе атамауы мүмкін. Егер, алайда, мұндай белгілер қатысушыларды атап қоймастан, олардың қойған қолдарын да көрсететін болса, онда мәмілені жазбаша түрде жасалған деп есептеу керек.

Мәмілелерді өзгерту, орындау немесе тоқтату, әдетте, мәмілелердің жасалуы ресімделетін тәртiппен жүргізіледі. Алайда, кейбір жағдайларда, нормативтік актілердің заңдарға қайшы келмейтін тікелей нұсқауына немесе тараптардың қалауына қарай жазбаша түрде жасалған тиісті шарт әрекеттер жасау жолымен, яғни әрбір әрекетті ресімдейтін жазбаша құжат толтырмастан мәміле жасау арқылы орындалады (АК-ның 151-бабының 5-тармағы). Мәселен, сатып алушыға тауарларды сағаттық график бойынша жеткізуді көздейтін жазбаша шарттың орындалуы оны растайтын белгі беру арқылы және басқа осындай әдіспен, графикке белгі соғу жолымен ресімделуі мүмкін.

Қарыз беру шарты бойынша берілетін ақша, әдетте, борышқордың несие иесіне қолхат беруі жолымен жазбаша түрде ресімделеді, ал шарттың орындалуы - ешқандай жазбасыз, қолхатты қайтару арқылы жүргізіледі. Ауызша мәміле жасауға кең мүмкіндіктер беретін АК-ның 151-бабынан өзгеше, оның 152-бабы жазбаша мәміле қажеттігінің едәуір қатаң шекарасын белгілейді.

Аталған бапқа сәйкес мынадай мәмілелер жазбаша түрде жасалуы тиіс:

- егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше жағдай арнайы көзделмесе немесе іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын;

- мәмілелердің жасалу кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, 100 айлық есептік көрсеткіштен астам сомаға;

- заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге дереттерде.

Аталған жағдайлар үшін мәміленің жазбаша түрінің тиімділігі - ол мәміленің болуын да, оның мазмұнын да неғұрлым дұрыс көрсетеді. Бұл мәмілеге қатысушылардың мүдделерін барынша сенімді қорғауды және бухгалтерлік есеп жүргізудің барынша дәл жүйесін жасауды қамтамасыз етеді.

Мұндай қызметті мәміленің екі қатысушысы да немесе оның біреуі ғана жүзеге асыратынына қарамастан, кәсіпкерлік қызмет барысында жасалатын мәмілелер оларды жазбаша түрде жасауды талап етеді.

Азаматтық заңдар АК-ның 152-бабын толықтыра отырып, олар да жазбаша түрде жасалуға тиісті мәміленің бірқатар нақты түрлерін көздейді (мысалы, АК-ның 294, 331, 337, 544, 709, 772 және 825-баптарын қараңыз).

Егер іскерлік айналым салттарынан өзгеше жағдай туындамаса, жазбаша мәміле, әдетте, тараптар немесе олардың өкілдері қол қоятын бір құжат толтыру жолымен жасалады. Хат, жеделхат, телефонжазба, оферта және акцепт алмасу жолымен жазбаша түрде мәміле (шарт) жасасу жиі қолданылады (АК-ның 393-397-баптарын қараңыз). Бұл жағдайда шартты жазбаша жасауды растау үшін тараптың әрқайсысында олар шарт жасасқан кезде өзара алмасқан құжаттардың бәрі болуға тиіс: барлық алынған құжаттардың түпнұсқалары және барлық жөнелтілген құжаттардың көшірмелері қажет.

Соңғы жылдардың тәжірибесінде, әсіресе бір жолғы, қысқа мерзімдік және т.с.с. шарттарды жасасуда факсимилелік жолмен көшірілген хатгар алмасу барынша кең таралуда. АК-ның 152-бабы жалпы ереже ретінде факсимилелік көшіру құралдарын пайдалануға рұқсат етеді.

Мәмілелердің кейбір түрлерін жасау үшін олардың стандартты немесе үлгіге келтірілген нысандары (тасымалдау, сақтандыру, тауарларды несиеге сату және т.с.с.) қолданылады. Бұл, мысалы, жария шарттарды, әсіресе қосылу шарттарын жасаудың әдеттегі тәжірибесі (АК-ның 387-389-баптары).

Заңдар кейбір мәмілелер үшін тараптар қол қоятын құжатты құрастыруды ғана талап етпестен, сондай-ақ мәміленің мазмұның белгілі бланкіде баяндауды, қойылған қолдарды мөрмен куәландыруды және т.с.с. талап ете отырып, мәміленің жай жазбаша түрін күрделендіре түседі. Егер олар заңда не тараптардың келісімінде көзделсе, мәміленің жазбаша түріне мұндай талаптар қою міндетті болады. Қалған жағдайларда, егер тіпті мәмілені заңды тұлғалар жасайтын болса немесе олардың қатысуымен жасалатын болса да, аталған талаптардың сақталуы міндетті емес. Мұнда мәмілені жазбаша түрде жасаудың жалпы ережелерінің бұзылмауы жеткілікті болады.

Егер азамат дене кемістігіне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты құжатқа өзі қол қоя алмайтын болса, онда оның өтініші бойынша мәмілеге басқа азамат қол қоя алады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, басқа адамның қойған қолын нотариус немесе осындай нотариалдық әрекеттер жасауға құқылы басқа лауазымды адам мәміле жасаушының оған тікелей өзі қол қоя алмауының себептерін көрсете отырып, куәландыруы тиіс.

Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап келесі тараптан да орындағанын растайтын құжатты талап етуге құқылы. Жасалуы кезінде орындалатын мәмілелерден басқа, ауызша жасалған кәсіпкерлік мәмілені орындаған тарап та осындай талап қоюға құқылы. Қолхат, квитанция, жүк қағаздары, әдетте, осындай құқық бола алады.

Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімімен белгіленген реттерде жазбаша мәмілелер оларды нотариат куәландырғаннан кейін жасалды деп саналады (АК-ның 154-бабы).

Мәмілелерді нотариалдық куәландыру қажеттігі туралы талаптарды заң мәмілелердің нақты түрлеріне ғана қояды. Мысалы, АК-ның 58-бабының 5-тармағы шаруашылық серіктестік құру жөніндегі құрылтай шартын нотариалдық куәландыруды талап етеді.

Заң талап етілетін нысанды оны қарапайымдату жолымен бұзуға тыйым салады. Мәмілені нотариалдық куәландыруды талап ету кезінде оны жай жазбаша түрде жасаумен не жазбаша түрде жасаудың орнына ауызша түрді қолданумен шектелуге болмайды. Керісінше, мәмілеге қатысушылардың өзара келісе отырып, белгіленген нысаннан оны күрделендіруге қарай шегінуі әбден мүмкін және ол тараптар үшін ешқандай теріс зардаптар туғызбайды. Мысалы, заң ауызша мәміле жасауға жол беретін реттерде де, тараптар мәмілені жазбаша түрде жасауға құқылы; заң мұны талап етпесе де, тараптар жазбаша мәмілені нотариалдық куәландыруға құқылы.

Заң бірқатар жағдайларда жасалған мәмілелерді тіркеуді талап етеді (мысалы, АК-ның 118, 238-баптарын қараңыз). 155-бапта белгіленген, мәмілелерді және тиісті құқықтарды тіркеу туралы ереже мынаған келіп саяды: заң бойынша тіркеуді керек ететін мәміле осындай тіркеуді тиісті тіркеу органында жасағаннан кейін ғана заңдық күшіне енеді.

Мәмілелерді тіркеу мынадай бірқатар проблемаларды шешеді:

  • біріншіден, жоғарыда атап өткеніміздей, мәміле толық заңды күшіне енеді;

  • екіншіден, тіркеу туралы құжат субъектінің мәміле бойынша иеленген құқықтарын құжатпен растайды;

  • үшіншіден, бірыңғай тіркеу жүйесі оларды жасау жеке емес, жария мүддені білдіретін мәміленің толық есебін жолға қоюға мүмкіндік береді;

  • төртіншіден, ең ақырында, мәмілені тіркеу, егер мұндай әрекетке заңда тыйым салынбаған болса, мүдделі тұлғаларға белгілі бір мәмілемен және олардан туындайтын құқықтармен танысуға мүмкіндік береді.

3. Жарамсыз мәмілелер. АК-ның 157-бабы мәміленің нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі адамдардың, тиісті мемлекеттік органның не прокурордың талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін деп көрсетеді. Аталған талаптардың біреуі бұзылатын болса, мәміле жасалған заңдық факті ретінде таныла алмайды және заң күшіне ие болмайды. Заң шығарушылар мәмілені жарамсыз деп танудың нақты негіздерін белгілеуде нақ осы мән-жайды басшылыққа алады. Ең маңызды және кең таралған негіздер АК-ның 4-тарауының баптарында шоғарыландырылған.

Мәміленің жасалу түрлерінің бұзылуы себептері бойынша мәмілені жарамсыз деп тану негіздерін жоғарыда қарап өткенбіз. Ендігі жерде АК-ның 4-тарауында көзделген мәмілені жарамсыз деп танудың басқа да нақты негіздері және жарамсыздықтың салдары баяндалатын болады.

Егер құқық бұзушылық жеке адамдардың мүдделеріне нұқсан келтіретін болса, онда мәмілені жарамсыз деп тануды тек мүдделі жеке түлғаның талап етуімен сот шеше алады. АК-ның 2-бабына сәйкес мемлекеттік органдардың мұндай дауға араласу құқығы жоқ. Керісінше, жария мүдделер бұзылғанда мәмілені жарамсыз деп тану туралы сотқа қойылатын талапты, мәміленің екі қатысушысы оның шарттарымен келіскен болса да, оны қоюға жария орган құқылы болады.

Мұндай ара жігін ажыратудан бұдан былайғы баяндаулар келіп шығады. Сонымен, егер мәміле мынадай талаптарды бұзатын болса, мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін: а) оның шарттарының заңдылығы туралы, яғни оның мазмұнының заңдылығы туралы; б) мәмілеге қатысушылардың мәміле жасасу қабілеттілігі туралы; в) олардың ерік білдіруінің бостандығы және барабарлығы туралы.

АК-ның 158-бабы бұл жөнінде мәміленің аса маңызды талабы - оның заңға толық сәйкестігі деп айқындайды. Лицензиялау шарттарын бұзатын мәміле жарамсыз болып табылады. Азаматтық кодексте белгіленген кейбір ерекшеліктерді ескермегенде, әрекетке қабілетті барлық азаматтардың әрекет қабілеттілігі болады. Мұндай ерекшеліктер АК-ның 159-бабының 3-7-тармақтарында ескерілген. Кәмелетке толмағандар өз бетінше жасауға құқылы болатын ұсақ мәмілелерден басқа, 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер жасаған мәміле орындалмауға тиіс (АК-ның 23-бабы). Мәмілені осындай жасөспірімнің атынан оның ата-аналары (асырап алушылары, қорғаушылары) жасайды.

АК-ның 159-бабының 8-10-тармақтарында көзделген мән-жайлар адамның еркін білдіру бостандығын бұзу және еркін білдірудің еріктің ішкі мазмұнына сай келуі секілді себептері бойынша мәмілені жарамсыз деп тануға негіз болады. Адамның өзі жасайтын мәміленің сипаты мен элементтері туралы теріс, қате түсінігінің болуын жаңылысу деп түсінеді. Мысалы, азамат затты сатып алуда оны сирек кездесетін данаға жатады деп жаңсақ ойлайды. Сатушы да осылай ойлайды. Алайда, мамандар олардың қателігiн анықтайды.

Алдау дегеніміз мәміле жасауға мәжбүрлеу құралы ретінде оның қатысушысында мәміленің сипаты, субъектілері, нысанасы немесе өзге де жағдайлары туралы саналы түрде теріс түсінік қалыптастыру болып табылады. Мысалы, мәмілеге қатысушылардың біреуі өзінің көшірмені ұсынатынын жақсы біле тұра, екінші қатысушыны оған түпнұсқа картинаны сататынына иландырады.

Зорлық-зомбылық жасау адамды оның өзі үшін тиімсіз мәміле жасауға мәжбүрлеу құралы ретінде оған күш көрсетуден (ұрып-соғу, жақын адамдарымен қатынас мүмкіндігінен айыру, бостандығын шектеу және т.с.с.) тұрады. Зорлық-зомбылық көрсету мәміле жасасатын адамға ғана емес, сондай-ақ оның жақын адамдарына да қолданылуы мүмкін. Зорлық-зомбылық көрсетуден өзгеше, қорқыту дегеніміз қорқытушы адам мүдделі болып отырған мәмілені жасау үшін психикалық ықпал ету шарасы. Қорқыту, әдетте, адам қорқытушының талаптарына бағынбайтын жағдайда күш қолдануды білдіреді. Қорқыту зорлық-зомбылық көрсетумен ұштаса жүргізілуі де мүмкін.

Мүлікті бүлдіруге, мәміле жасасатын азаматты, оның жақындарын қаралайтын мәліметтерді жария етуге және т.с.с. бағытталған қорқыту жағдайлары (бопсалау) да ұшырасады. Мәселен, Т. өзінің сіңлісінен Т.-ның пайдасына мұрадан бас тартуды талап етеді, бұл талапқа келіспесе, сіңлісінің күйеуіне әйелінің жеке өмірінің кейбір құпия мән-жайларын хабарлайтынын айтып қорқытады. Сот бұлайша қорқытуды мұрадан бас тартуды жарамсыз деп тануға жеткілікті негіз болады деп есептеді.

Заңды қорқыту, яғни заңда тыйым салынбаған әрекеттер жасау арқылы қорқыту да мәміленің жарамсыздығына негіз болуы мүмкін. Мысалы, мәмілеге қатысушы оны жасаудан бас тартатын жағдайда оның жасыруға тырысатын соттылығы туралы жұмыс орнына хабарлау. Қорқытушының қорқытатын адам жөнінде білетін құқықтарды жүзеге асыру мақсатындағы қорқытуы ғана назарға алынбайды (мысалы, алимент төлеуді, мүлікті бөлуді және т.с.с. талап ету).

Негізсіз немесе жалған қорқыту кезінде заңның бабы қолданылмауға тиіс. Мысалы негізсіз қорқытуды (хат алысудың тоқтап қалуы) немесе жалған қорқытуды (әзәзіл күшке қайырылу) мәміленің жарамсыздығына негіз ретінде тануға болмайды.

Қорқытуды пайдакүнемдік мақсатта қолдану қылмыстық әрекетке - қорқытып алушылыққа ұласуы мүмкін.

АК-ның 159-бабының 9-тармағында сондай-ақ басқа тарап пайдаланған жағдайларға қарағанда адам өзі үшін мүлде тиімсіз ауыр мән-жайлардың салдарынан жасауға мәжбүр болған мәмілені (кіріптарлық мәміле) сот жәбірленушінің талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін деп көрсетілген.

Бір мезгілде бірнеше мән-жай қатар кездесетін реттерде кіріптарлық мәмілені жарамсыз деп тануға негіз болуы мүмкін: а) мәміленің шарттары тараптардың біреуі үшін өте тиімсіз болғанда (жақсы үй бірнеше мың теңгеге, бағалы кітапхана - 1200 теңгеге сатылған және т.с.с. жағдайлар болған); б) тарап ауыр мән-жайлардың қысымымен ғана мәміле жасағанда (мысалы, аштық, тез арада қымбат тұратын ем қабылдау қажеттігінде); в) осындай мән-жайларды біле тұра, басқа тарап оны пайдаланатын жағдайда.

Кіріптарлық мәміле тек азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталған деп есептеу қабылданған. Бірақ АК-ның 159-бабының мәтінінде мұндай пікір жоқ.

АК-ның 159-бабының 10-тармағына сәйкес, бір тарап өкілінің екінші тараппен зұлымдық ниетте келісуі нәтижесінде жасалған мәмілені сот жәбірленуші тараптын талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін. Жәбірленуші тарап шеккен залалды жәрдем беру тәртібімен өтеу теріс пиғылды өкілге жүктелуі мүмкін.

Бір тараптың өкілі өзіне мәміле жасауды тапсырған тараптың мүдделерін елеместен, басқа тараппен өзі өкілдік ететін тараптың есебінен пайда табу жөнінде уағдаласатын жағдайларда зұлым ниетті келісім пайда болады. Мысалы, басқа қалаға кетіп бара жатқан азамат танысына өзінің үйін сатуды тапсырады, яғни оған өкілдік береді (АК-ның 163-бабы). Өкіл үй үшін 190 мың теңге төлеуге даяр сатып алушыны табады да, одан 170 мың теңге алатын болып, ал шарттың мәтінінде 150 мың теңгені көрсетуге уағдаласады. Сөйтіп, сатып алушы да, өкіл де сатушының есебінен 20 мың теңгеден пайда табады.

4. Мәмілелердің жарамсыздығының салдары. Мәмілелердің жарамсыздығының салдарын айқындайтын негізгі ережелер АК-ның 157-бабында белгіленген.

АК-ның 157-бабының 3-тармағына сәйкес, екі жакты реституция, яғни мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның бәрін қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмаған жағдайда құнын ақшалай өтеуге міндетті.

Егер мәміле ол орындала бастаудан бұрын жарамсыз деп танылса, онда ол орындалмауға тиіс. Егер мәміле орындала бастаса не толығымен орындалған болса, онда әрбір тарап өзінің мәміле кезінде алғандарын келесі жаққа қайтарып береді. Қайтарып беру мүмкін болмаса, оның өтеуі ақшамен толықтырылады.

АК-ның 160-бабы жалған және қулықпен жасалған мәміле ұғымын анықтап, олардың салдарын көрсетеді.

Зандық салдар туғызу ниетін көздемей, тек көз алдау үшін жасалған мәміле жалған мәміле деп аталады. Айналадағылар жаңылыстырылуы мүмкін. Ал тараптардың өздері ешқандай мәміленің болмағанын және оның бұларға ешқандай міндеттер жүктей алмайтынын ұғынады. Мысалы, өзінің үстінен қылмыстық іс қозғалған адам мүлкінің тәркіленуінен қауіптеніп, үйіндегі бағалы заттарын туысына «сатады» да, одан ақша алмай, заттарымды алғашқы тілегім бойынша қайтарасың деп уағдаласады. Жалған мәміле кейде өтірік мәміле деп те аталады.

Жалған мәміле, сондай-ақ одан пайда табуды көздеген тараптың талап етуі бойынша орындалмауға тиіс. Мысалы, сый алушы өтірік сыйға тарту шарты бойынша өзіне мүлікті беруді талап ете алмайды.

Жалған мәміледен өзгеше, қулықпен жасалатын мәміледе тараптардың еркі айналадағылар үшін сырттай көрінетін емес, өзге тараптардың ойындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді анықтауға бағытталады. Кулықпен жасалатын мәміледе: а) басқа мәмілені бүркеп тұратын сыртқы, қулықпен жасалатын мәмілені; б) мәмілені бүркеп тұратын, ішкі, қулықпен жасалатын мәмілені ажырату керек.

Бақылау сұрақтары:

1.Мәміле үғымы.

2.Мәміленің түрлері.

3. Мәміленің жазбаша түрі.

Тақырып 8: Өкілдік

Мақсаты: сенiмхатпен өкiлдiктiң түрлерi мен мәнiн қарастыру.

Сұрақтар:

1 Өкілдік ұғымы және түрлері.

2 Сенімхат.

1.Өкілдік ұғымы. Жалпы ереже бойынша, азаматтық құқық субъектілерінің басқа тұлғалардың - өкілдіктің жәрдеміне жүгінбей-ақ мүліктік айналымға өз бетінше қатысу мүмкіндігі болады. Солай болса да, азаматтық айналымда өкілдік институты кеңінен қолданылады. Азаматтық құқықта бір адамның екінші адамның атынан жасаған мәмілелері немесе басқа да заңдық маңызы бар әрекеттері (мысалы, сотқа талап-арыз беру немесе сот отырысына қатысу) тікелей екінші адам үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын құқықтық қатынастар өкілдік деп аталады. Басқа адамның мүдделері үшін мәміле жасайтын адам өкіл деп, оның мүддесіне мәмiле жасалатын адам - сенім білдіруші немесе өкілдік беруші деп, ал сенім білдірушінің (өкілдік берушінің) мүдделері үшін өкіл мәміле жасайтын адамдар - үшінші жак деп аталады.

Бірқатар мәмілелер немесе заңдық маңызы бар әрекеттер, мысалы, некелесу, еңбек шартын жасасу, өмір бойы күтіп-бағатын келісіммен үйді иеліктен шығару шартын жасасу заң актілерінде тікелей тыйым салынбағанның өзінде өзінің сипаты бойынша өкілдің өзі қатысуын талап етеді, сондықтан оларды өкіл арқылы жасау мүмкін емес.

Өкілдің өкілдік беруші адамның мүддесіне заңцық мәмілелер жасауы өкілдіктің елеулі қызметі болып табылады. Бұл АК-ның өкілдікке анықтама беретін 163-бабында тікелей баянды етілген.

Өкілдік өкілдiң сенім білдіруші адамның атынан мәміле жасалуын көздейді.

Өкілдік қатынастардың субъектілері. Өкілдікте өкіл, өкілдік беруші (сенім білдіруші) және үшінші тұлға арасында қатынастар туындайды. Өкілдікте және өкілдіктің көмегімен жасалған мәміле бойынша қатынастардың тууы үшін үш тұлғаның бірлескен және үйлесімді еркі болуы қажет: өкілдік беруші адам арқылы құқықтар мен міндеттерді белгілеу үшін - өкілдің; өкілдік беруші адаммен қатынас орнату үшін - үшінші адамның; өкіл арқылы мәміле жасауға өз келісімін ертерек немесе кешірек беру үшін - өкілдік берушінің еркі болуы керек.

Өкіл мен өкілдік беруші адам арасындағы құқықтық қатынас өкілдіктiң өзі болады, оны ішкі қатынас деп атайды. Өкіл мен үшінші адам арасындағы қатынас сыртқы қатынас болады, ол өкiлдік бойынша өкілеттікті жүзеге асыру болып табылады, оның дербес сипаты жоқ, өйткені өкілдіктiң мәні - өкіл жасаған мәміле бойынша тікелей өкілдік берушіде құқықтар мен міндеттер пайда болады. Бір тарабы өкіл болатын мәміледе өкілдік беруші адам құқықтар мен міндеттер субъектісіне айналады, ал үшінші жақ үшін өкіл фигурасының айтарлықтай мәні болмайды, өйткені үшінші жақ өкіл арқылы тікелей өкілдік берушімен құқықтық қатынас орнатады.

Өкілдің мәмілесі - бұл заңдық факт, ол өкілдік беруші мен үшінші адам активті және пассивті субъектілері болып табылатын қатынастарды туғызады.

Өкілдік өкілеттіктер. Өкілдің жасауына рұқсат етілген мәмілелер ауқымын өкілеттік деп атайды. Өкілеттік өкіл үшін ғана емес, сондай-ақ оның өкілдік берушінің атынан құқықтық қатынас орнататын адамдары үшін де міндетті, өйткені кейін оларды өкілдік беруші мақұлдайтын жағдайлардан басқа реттерде өкілеттігі жоқ немесе өкілеттігі көп өкілдік заңдық салдар туғыза алмайды. Сондықтан, жалпы ереже бойынша, өкілдің өкілеттігі оларды үшінші жақтың танысуына және тексеруіне болатын әдістермен бекітіледі. Өкілдің өкілеттігі, әдетте, өкілдікке негіз болған заңдық фактінiң мазмұнынан туындайды.

Заң немесе шарт өкiлдіктің пайда болуының негізі болып табылады. Заң арқылы пайда болатын өкілдік заңды немесе қажетті өкілдік деп аталады. Шарттың негізінде пайда болатын өкілдік шарттық немесе ерікті өкілдік деп аталады.

Белгілі бір адам кемістіктерінің немесе әрекетке қабілетсіздігінің орнын толтыру қажет болатын жағдайларда заңды өкілдік пайда болады. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған кәмелетке толмағандарға (есі ауысқан, нашақор, маскүнем және т.с.с. науқастарға) қамқоршылық белгілеу заңды өкілдікке мысал болады. Заңды өкілдіктің пайда болу жағдайлары зандарда баянды етілген. Заңда заңды өкілдіктің пайда болуына қажетті заңдық фактілердің белгілі құрамы көрсетілген.

Заңды өкілдік тікелей мынадай заңдық фактілердің негізінде пайда болады:

  • өкілдік қатынастардың басталуына себепші болатын оқиғалар, мысалы, заң баланың туылуына байланысты ата-аналарға өкілдік қызметін атқару уәкілеттігін береді;

  • өкілдік қатынастарды белгілейтін сот шешімі, мысалы, соттың шешімімен азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану және оған қамқоршылық белгілеу әрекетке қабілетсіз азамат пен оның қамқоршысы арасында өкілдік қатынастар орнатады;

  • заңға сәйкес өкілдік қатынастар туғызатын әкімшілік акт, мысалы,бала асырап алушылықты ресімдеу.

Коммерциялық өкілдік. Құқықтық реттелуінде елеулі ерекшеліктер бар коммерциялық өкілдік ерікті өкілдіктің ерекше түрі болып табылады, оның құқықтық реттелу ерекшеліктері АК-ның 166-бабында баянды етілген. Коммерциялық өкілдіктің айырым ерекшелігі - өкілдікке ерекше субъект - коммерциялық өкілдің қатысуында. Кәсіпкерлер өкілдік беруші адаммен еңбек қатынастары жоқ, өкілдік беруші адаммен жазбаша түрде жасасқан шарттың негізінде жұмыс жүргізетін, өзінің қызметі үшін сыйақы алатын және өзіне берілген тапсырманы орындауда әдеттегі кәсіпкердің қамқорлығындай әрекет етуге міндетті кәсіпкерлік қызмет саласында шарт жасасуда кәсіпкерлердің атынан ұдайы және өз бетінше әрекет ететін адам коммерциялық өкіл деп танылады. Коммерциялық өкілдік кәсіпкерлік қызметтің дербес түрі болып табылады.

3. Сенімхат дегеніміз бұл - бір адамның (сенім білдірушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші (сенім білдірілген) адамға берген жазбаша уәкілдігі (АК-ның 167-бабының 1-тармағы). Бұған дейін айтып өткеніміздей, өкілеттіктер жеке құжат - сенімхатта, сондай-ақ өкілдікті белгілеу туралы шарт - тапсырма беру шартында, коммерциялық өкіл шартында және т.с.с. баянды етілуі мүмкін. Өкілеттік шарттың талаптарына қосылатын реттерде шарттың өзі сенімхат болады. Мұндай шарт заңның шартқа қоятын барлық талаптарына сәйкес болуға тиіс.

Жеке жазбаша құжат - сенімхат біржақты мәміле болып табылады. Сондықтан сенімхатқа мәміле жөнiндегі заңдардың барлық ережелері қолданылады. Сенімхат берудің сипаты бір адамның - сенім білдірушiнiң (өкілдік берушінің) ерік білдіруінің және екінші адамның - сенім білдірілген адамның (өкілдің) ерік-жігер әрекеттерінің бар екенін көрсетеді. Сондықтан сенім білдіруші мен сенім білдірілген адам толық әрекетке қабілетті болуы тиіс. Сенім білдірушіде немесе сенім білдірілген адамда әрекет қабілеттілігінің болмауы немесе шектеулі болуы сенімхаттың жарамсыздығы немесе тоқтатылуы үшін негіз болады. ҚР АК-нің нормаларына сәйкес сенімхаттың үш түрі болады.

Бақылау сұрақтары:

1.Коммерциялық өкілдік

2.Сенімхат мерзімі.

Тақырып 9: Мерзімдер. Талап мерзімі

Мақсаты: Азаматтық құқықтағы мерзiмдердiң түсiнiгiн, түрлерiн және мәнiн ашу. Талап қою мерзiмiнiң түсiнiгiмен және оны есептеудiң ережелерiмен таныстыру.

Сұрақтар:

1 Азаматтық қүқықтағы мерзім үғымы және оның түрлері.

2 Мерзімнің түрлері.

3 Талап қою мерзімі.

1. Азаматтық қүқықтағы мерзім үғымы және оның түрлері. Азаматтық айналымда және әлеуметтік проблемаларды шешуде уақыт факторы маңызды рөл атқарады. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуы заңда, мәміледе немесе сотта көзделген әрекеттерді немесе әрекетсіздікті жасау қажет болатын уақыт кезеңіне (аралығымен) немесе уақыт мезетіне байланысты болады.

Басталуы немесе өтуі белгілі бір құқықтық салдар туғызатын уақыт кезеңі немесе уақыт мезеті азаматтық құқықта мерзім деп аталады.

Мерзімнің маңызы - оның басталуына немесе өтуіне белгілі бір заңдық салдар байланысты болады. Мерзім азаматтық айналымды реттейді, оның қатысушыларын тәртіпке келтіреді; азаматтық құқықтың әр түрлі субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін дер кезінде қорғауды қамтамасыз етеді. Өзінің заңдық табиғаты бойынша мерзім - бұл заңдық факт, заң онымен белгілі бір заңдық салдардың тууын байланыстырады. Құқық теориясы курсынан білетінiміздей, заңдық фактiлер, өз кезегінде оқиғаларға және әрекеттерге бөлінеді. Мерзімді, әдетте, оқиғалар санатына жатқызады, өйткені мерзімнің басталуы немесе өтуі объективтік сипатта, яғни азаматтық құқықтар субъектілерінің еркіне тәуелсіз сипатта болады. Бірақ заң әдебиеттеріндегі келесі көзқарас бойынша, мерзім оларды оқиғаларға да, әрекеттерге де жатқызуға болмайтын ерекше, дербес заңдық фактілер санаты болып табылады.

Бұл көзқарас мынадай жағдайға негізделген: заңдық мерзімдер уақыттың өтуінің объективтік заңына бағына отырып, шығу тегі жөнінен қалай дегенде де еріктік мерзімдер болып табылады, өйткені оларды заң шығарушылардың не шарттағы тараптардың еркі айқындайды, сондықтан да екіжақты табиғаты болады. Бұл пікірмен келісу қиын, өйткені әлде біреудің еркімен белгіленген мерзім уақыт кезеңі немесе уақыт мезеті ретінде қалай дегенде де бір кезде басталады, яғни оны жақындатуға да, алыстатуға да, өзгертуге де, жоюға да болмайды.

ҚР Азаматтық кодексінің 6-тарауында мерзімдерді есептеу тәртібін егжей-тегжейлі реттейтін нормалар бар. АК-ның 172-бабындағы 1-тармаққа сәйкес, заңдармен, мәмілемен белгіленетін не сот тағайындайтын мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиға көрсетіліп белгіленеді.

Күнтізбелік күн дегеніміз - бұл белгілі бір айдың және жылдың нақты саны.

Оқиғалар дегеніміз - бұл адамдардың еркінен тәуелсіз пайда болатын заңдық маңызы бар фактілер (адамның табиғи өлімі, мерзімнің өтуі және т.с.с.). Мұндағы фактінің болмай қоймайтындығы мынадан көрінеді, заң актісінде не мәміледе немесе соттың шешімінде көрсетілген оқиға міндетті түрде болуға тиіс. Сөзсіз болуға тиісті оқиғаны көрсете отырып, оның мерзімін анықтау ерекшелігі мынада, азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар оның нақты басталатын уақытын алдын ала білмейді. Мәселен, АК-ның 1042-бабындағы 2-тармаққа сәйкес, мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.

Уақыт кезеңі болып табылатын мерзім оның ұзақтығын көрсетумен анықталады және жылдармен, айлармен, апталармен, күндермен немесе сағаттармен есептеледі (АК-ның 172-бабының 2-тармағы). Мерзімді дұрыс есептеу үшін оның басталуы мен аяқталуын дәл анықтаудың зор маңызы бар. АК-ның 173-бабына сәйкес, уақыт кезеңімен белгіленетін мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен немесе мерзімінің басталуы белгіленген оқиға болғаннан кейінгі келесі күннен басталады. Мәселен, тұрғын үйді жалдау шарты 2003 ж. 15 ақпанда жасалған болса, оның қолданылу мерзімі 2003 ж. 16 ақпаннан басталады. Күнтізбелік күн немесе оқиғаның басталуы есепке алынбайды. Ал мерзімнің аяқталуы ережесіне келетін болсақ, ол пайдаланылатын уақыт бірлігіне қарай өзгеріп отырады.

Жылдармен есептелетін мерзім - мерзімнің соңғы жылының тиісті айы мен күнінде бітеді (АК-ның 174-бабының 1-тармағы). Мәселен, үш жылдық талап қою мерзімі 2003 ж. 1 сәуірден басталса, 2006 ж. 1 сәуірде аяқталады.

Айлармен есептелетін мерзім соңғы айдың тиісті күнінде аяқталады. Мұнда, егер айлармен есептелетін мерзімнің аяқталуы оңдай күн жоқ айға келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді. Мәселен, мүлікті айлық жалдау мерзімі 2003 ж. 31 қаңтардан басталса, ол 2003 ж. 31 ақпанда аяқталуға тиіс, ал күнтізбеде мұндай күн жоқ болғандықтан, ол 2003 ж. 28 (немесе 29) ақпанында аяқталады.

Жарты жылда және тоқсанда есептелетін мерзімнің соңғы күні туралы мәселе де осылайша шешіледі. Мұнда жарты жылдық мерзім алты айға, ал тоқсан - үш айға тең деп есептеледі, тоқсанды есептеу жылдың басынан бастап жүргізіледі.

Жарты ай деп анықталатын мерзім күндермен есептелетін мерзім ретінде қарастырылады және 15 күнге тең деп есептеледі. Мерзімді апталармен есептеуде ол соңғы аптадағы мерзім басталған күнмен аяқталады. Мәселен, апталық мерзімнің өтуі жұмада басталса, онда ол өзі басталғаннан кейінгі келесі жұмада аяқталады. Мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге келетін жағдайларда одан кейінгі ең жақын жұмыс күні мерзімнің аяқталу күні болып есептеледі. Бұл арада, мереке, жалпыға бірдей белгіленген демалыс күні, сондай-ақ осы ұйымның режимінде көзделген күн жұмыс істемейтін күн болып есептеледі.

Сағаттармен анықталатын мерзімді есептеуде мерзімнің басталуын анықтау қажеттігі тумайды, өйткені мерзімді бұлайша анықтау әдісінде оның басталуы немесе аяқталуы әуел бастан-ақ өте дәлдікпен белгіленеді. Егер мерзім қандай да бір әрекетті жасау үшін белгіленген болса, ол жалпы ереже бойынша, мерзімнің соңғы күнінің 24-сағатына дейін орындалуға тиіс.

2.Мерзімнің түрлері. Мерзімді әр түрлі негіздерге сүйеніп жіктеуге болады. Мерзімді кімнің белгілейтініне қарай заңды, шарттық және сот мерзімдерін ажыратады. Туғызатын құқықтық салдарына қарай мерзім құқық түзететін, қүқықты өзгертетін және қүқықты тоқтататын мерзімге бөлінеді.

Өзінің табиғатына қарай мерзім мынадай түрлерге бөлінеді:

1) азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі - бұл осы кезенде уәкілетті адам өзінің субъективтік құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған қандай да бір әрекеттерді жасау мүмкіндігі болатын уақыттың бір бөлігі. Оны, әдетте, заң актісі белгілейді, бірақ тараптардың келісімімен де анықталуы мүмкін (меншік құқығы, авторлық құқық және т.б.);

2) субъективтік құқықтардың қолданылу мерзімі - бұл осы уақыт аралығында қолданылу шегі уақытпен шектеулі туындаған субъективтік құқықтар сақталатын уақыт кезеңі. Мысалы, сенімхат үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі;

3) тыйым салатын мерзім - бұл белгілі бір құқықтарды жою мақсатында белгіленетін мерзім. Мәселен, «Нотариат туралы» 1997 ж.14 шілдедегі ҚР Заңының 8-бабындағы 6-тармаққа сәйкес, нотариус лицензиясын алған, бірақ нотариаттық іс-әрекеттер жасауға үш жыл бойы кіріспеген адамның нотариаттық қызметпен айналысуына біліктілік емтиханын қайталап тапсырғаннан кейін ғана рұқсат етіледі деп үзілді-кесілді түрде атап көрсетілген;

  1. кепілдік мерзім - сатушының ұзақ мерзім пайдалануға немесе сақтауға арналған өнімнің әдеттегі қабылдап алу кезінде байқала қоймайтын кемшіліктерін анықтауына арналған мерзім. Кепілдік мерзімді мемлекеттік стандарттар немесе шарт белгілейді. Оның үстіне,шарт, егер тіпті олар мемлекеттік стандарттарда немесе техникалық талаптарда көзделмеген болса да кепілдік мерзім белгілеуі мүмкін,сондай-ақ стандарттарда көзделген мерзімнен едәуір ұзақ кепілдік мерзім белгілей алады. Кепілдік мерзімді белгілеу тұтынушылардың мүдделерін қанағаттандырады және өндірілетін өнімнің немесе орындалатын жұмыстың сапасын арттыруға ынталандырады;

  1. шағымдану мерзімі - заң бұл мерзімді міндеттерін ерікті түрде орындауды талап ету құқығын бұзуына байланысты субъективтік құқықты бұзған адамға белгілейді. Заң шағымдану мерзімін ғана емес, сондай-ақ оған жауап беру мерзімін де белгілейді. Мысалы, тасымалдаушыға жүкті тасымалдаудан туындайтын талап қоюға дейін оған көлік туралы заң актілерінде көзделген тәртіпте талаптар қойылуы міндетті (АК-ның 706-бабының 1-тармағы);

6)азаматтық-қүқықтық міндеттерді орындау мерзімі шартта белгіленеді. Мәселен, қарыз беру шарты бойынша борышты қайтару сәті міндетті орындау мерзімі ретінде қарастырылуы мүмкін;

7)азаматтық қүқықтарды қорғау мерзімі, немесе азаматтық құқықта аталып жүргеніндей, талап қою мерзімі.

3.Талап қою мерзімі. Бұл бұзылған құқықты сот арқылы қорғау үшін заңмен белгіленген мерзім. Осы уақыт ішінде құқығы бұзылған адам өз құқығын мәжбүрлі түрде жүзеге асыруды немесе қорғауды талап ете алатын мерзімді азаматтық қүқықтарды қорғау мерзімі деп түсінеді. Қойылған талапты қанағаттандыру бұзылған азаматтық құқықты қорғаудың негізгі құралы болғандықтан, аталған мерзім талап қою мерзімі деп аталған.

Талап қою мерзімі институты негізгі үш міндетті атқарады:

  • азаматтық айналымның тұрақтануына, оның қатысушылары арасындағы екіұштылықты жоюға, азаматтық құқықтарға қатысты олардың арасында туатын дауларды тездетіп шешуге жәрдемдеседі (азаматтық құқықтық қатынастарға айқындық және жүйелілік енгізеді);

  • соттардың іс бойынша объективтік шындықты анықтауын жеңілдетеді, сөйтіп осы арқылы дұрыс шешімдер шығаруға жәрдемдеседі;

  • шарттық тәртіптің нығаюына қызмет етеді, шарттағы тараптардың белсенділігін ынталандырады және міндеттемелердің орындалуына өзара бақылауды күшейтеді.

Талап қоюға құқығы бұзылған мүдделі адам ғана емес, сондай-ақ азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес басқа адамдар да құқылы болады. Сондықтан «талап қою мерзімі» ұғымының анықтамасында талап қою субъектісіне нұсқау болмайды. АК-ның 179-бабына сәйкес, сот талап қою мерзімін соттың шешімі шыққанға дейін жасалған талапкердің өтiніші бойынша ғана қолданады.

Талап қою мерзімі және оны есептеу тәртібі занда көзделеді және оны тараптардың келісуімен өзгертуге болмайды (АК-ның 177-бабының 2-тармағы). Осыдан келіп, тараптардың келісуімен талап қою мерзімін ұзартуға немесе қысқартуға жол берілмейтіндігі туындайды. Талап қою мерзімі - бұл осы уақыт шегінде қойылған талапты сот қанағаттандыра алатын уақыт кезеңі.

ҚР азаматтық құқығында талап қою мерзімінің екі түрін ажыратады: 1) жалпы мерзім; 2) арнаулы мерзім.

АК-ның 178-бабының негізінде «талап қоюдың жалпы мерзімі үш жыл болып белгіленеді. Талаптардың жекелеген түрлері үшін заң құжаттарымен талап қоюдың жалпы мерзіммен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ арнаулы мерзімдері белгіленуі мүмкін». Азаматтық құқықта мұндай мерзімдерді арнаулы мерзімдер деп атайды. Олар заң актілерінде тікелей көзделген жағдайларда ғана қолданылады. Мәселен, Жекешелендіру туралы жарлықпен сатып алу-сату шартының жарамсыздығына байланысты даулар бойынша 6 айлық талап қою мерзімі белгіленген. Бұл мысалдардан жалпы мерзіммен салыстырғанда арнаулы мерзімдердің ұзартылған немесе қысқартылған болуы мүмкін екені көрінеді.

Арнаулы мерзімдердің барлығы жалпы ережеден өзгеше болатындықтан, олар заң актілерінде көрсетілген қатынастарға ғана қолданылуы тиіс. Бұл мерзімдер туралы нормаларды кеңейте түсіндіруге болмайды. Заң актілері жеке, заңда ерекше бөлініп көрсетілген талаптар үшін арнайы мерзім белгілейді. Сот бұзылған құқықты қорғау туралы талапты талап қою мерзімінің өтуіне қарамастан қабылдайды. Басты талап бойынша талап қою мерзімі өткенде қосымша талап бойынша (тұрақсыздық айыбын өндіру туралы, кепіл болушының жауапкершілігі туралы және т.с.с.) талап қою мерзімі де аяқталады. АК-ның 180-бабы талап қою мерзімінің өтуі адам құқық бұзушылық туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен басталады деп белгілейді. Егер уәкілетті адам өз құқығының бұзылғаны туралы білмейтін болса, онда ол, әрине, қорғану құқығын пайдалана алмайды, сондықтан мұндай құқық адам өз құқықтарының бұзылғаны туралы білген кезден бастап пайда болады. Егер талапкердің салақтығынан өз құқығының бұзылғаны туралы білмегендігі шынында анықталатын болса, талап қою мерзімі талапкер істің мән-жайы бойынша құқық бұзушылық туралы білуге тиіс болған кезден басталады. Кері талап қою міндеттемелері бойынша талап қою мерзімі негізгі міндеттеме орындалатын сәттен басталады. Бұл ережеден өзгешелікті АК немесе өзге заң актілері белгілейді.

Кейбір мысалдар келтірейік:

1) кепіл болушылық немесе кепілдік шартын жасаған күннен бастап кепіл болушыға немесе кепілге талап бойынша екі жылдық талап қою мерзімі белгіленген (АК-ның 336-бабы);

  1. АК-ның 159-бабының 9 және 10-тармақтарында көзделген негіздер бойынша мәміленің жарамсыздығына байланысты даулар бойынша талап қою мерзімі зорлық немесе қорқыту ықпалымен мәміле жасалып, сол зорлық немесе қорқыту тоқтатылған күннен бастап не талап қоюшы мәмілені жарамсыз деп тануға негіз болып табылатын өзге де мән-жайларды білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл болады (АК-ның 162-бабының 2-тармағы);

  1. жекешелендіру процесі барысында жасалған сатып алу-сату шартының жарамсыздығына байланысты даулар бойынша алты айлық талап қою мерзімі шартқа қол қойылған күннен басталады.

Міндеттемедегі адамдардың өзгеруі (талапты беру және борышты аудару) талап қою мерзімі мен оны есептеу тәртібін өзгертуге әкеп соқтырмайды (ҚР АК-ның 181-бабы).

Талап қою мерзімі көптеген жағдайларда басталысымен үздіксіз өтеді. Алайда өмірде уәкілетті адамның белгіленген мерзім шегінде талап қоюына кедергі жасайтын мән-жайлар тууы да мүмкін. Мұндай мән-жайлар түрлі сипатта болады және талап қою мерзімін тоқтата тұру, үзу немесе қалпына келтіру үшін негіз болады.

Талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұрудың мәні бұзылған құқықты қорғауға кедергі жасайтын мән-жай күшінде болатын уақыт заңда белгіленген талап қою мерзіміне есептелмейді. АК-ның 182-бабына сәйкес талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұратын негіздердің қатарына мыналар жатады:

- бой бермейтін (тежеусіз) күш - бұл осы жағдайларда ойда болмаған және болмай қоймайтын, төтенше мән-жайлар. Бой бермейтін(тежеусіз) күш немесе кездейсоқ мән-жайлар (су басу, жер сілкіну ғана емес, сондай-ақ тәртіпсіздіктер, азамат соғыстары, ереуілдер) - бұлар көліктің, байланыстың және т.с.с. қалыпты жұмысын бұзатын мән-жайлар;

- ҚР Президенті жариялаған міндеттемелердің осы түрін орындауды кейінге қалдыру (мораторий). Мораторийдің бой бермейтін (тежеусіз) күштен айырмашылығы - ол талап қоюға заңдық (нақты емес) кедергілер жасайды. Бұл жағдайда Президент өзінің шешімімен міндеттемелердің орындалу мерзімін кейінге жылжытады, осы арқылы қолданыстағы талап ету құқығын борышқорға мәжбүрлеп орындатуды белгілі бір кезеңге доғара тұрады;

Жалпы мораторийдің барлық іс-әрекеттерге қатысы бар.

Жеке мораторий жекелеген іс-әрекеттерге ғана қатысты жарияланады;

  1. талапкердің немесе жауапкердің соғыс жағдайына көшірілген Қарулы Күштер құрамында болуы. Талапкерді немесе жауапкерді қамтитын соғыс жағдайлары талап қоюды қиындата түседі. Алайда Қарулы Күштерге әскер қатарына немесе әскери жиындарға жай шақырумен талап қою мерзімі тоқтатылмайды;

  1. әрекетке қабілетсіз адамның заңды өкілінің болмауы. 14 жасқа дейінгі әрекетке қабілетсіз адамның заңды өкілі - ата-аналары, ал қалған жағдайларда - қамқоршылары болады;

  1. тиісті катынастарды реттетін заңдардың немесе өзге де құқықтық актілердің қолданылуын тоқтату. Заңның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімді құзіретті мемлекет органы қабылдауы мүмкін, ол іс жүзінде нормативтік актінің күшін жоймастан, белгілі бір төтенше жағдайлар орын алған кезенде оның қолданылуын тежейді.

Азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша талап қою мерзімінің өтуі азаматтың зейнетақы төлемдерін тағайындау және/немесе жүзеге асыру туралы немесе жәрдемақы тағайындау туралы тиісті ұйымдарға жолдануына байланысты, зейнетақы төлемдері тағайындалғанға және/ немесе жүзеге асырылғанға немесе жәрдемақы тағайындалғанға не зейнетақы төлемдерін тағайындаудан және/немесе жүзеге асырудан немесе жәрдемақы тағайындаудан бас тартылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Талап қою мерзімінің өтуі, егер көрсетілген мән-жайлар талап мерзімінің соңғы алты айы ішінде пайда болса немесе бұрынғысынша қала берсе тоқтатыла тұрады, ал егер бұл мерзім алты айдан аспаса - талап мерзімінің өтуі кезінде тоқтатыла тұрады. Бұл орайда мерзімнің қалған бөлігі алты айға дейін, ал егер талап қою мерзімі алты айдан аспаса - талап мерзіміне дейін ұзартылады (АК-ның 182-бабы).

Талап қою мерзімінің өтуіндегі үзіліс оның үзілуіне негіз болған мән-жайлар басталғанға дейінгі уақыттың талап қою мерзіміне есептелмейтінін және оның жаңадан басталатынын білдіреді.

Заң талап қою мерзімінің өтуіндегі үзілісті талапкердің немесе жауапкердің ерікті іс-әрекеттерімен байланыстырады. АК-ның 183-бабына сәйкес, талап қою мерзімінің өтуі мынадай екі негіз бойынша үзіледі:

  • белгіленген тәртіппен талап қою;

  • міндеткер адамның борышты немесе өзге мiндеттерді мойындағандығын дәлелдейтін әрекеттер жасауы.

Бұл мән-жайлардың біріншісі заңның талаптарына толық сәйкестікте сотқа шағымдануды, яғни ведомствоға қарастылықты, сотқа дейінгі реттеуді, әрекетке қабілетті адамның талап қоюын және т.с.с. сақтай отырып шағымдануды ғана қамтиды. Бұл тәртіптің бұзылуы талап қою мерзімінің өтуіндегі үзілісті жоққа шығарады.

Талап қою, әдетте, дауды мәніне қарай шешуге және соттың шешімін шығаруға мәжбүр етеді. Мұндай жағдайларда талап қою мерзімі өзінен-өзі қажет болмай қалады.

Ал егер дау шешілмей, өндірістегі іс тоқтатылмаса, талап қою мерзімі бұдан былай да өзінің маңызын сақтап қала береді. Сонымен қатар, сотқа талап қою мерзімінің ең соңғы кезеңінде талап қойылатын жағдайлар да болуы мүмкін, және егер үзіліс қолданылмаса, онда талап қою мерзімі істі тындауға дайындау барысында-ақ өтіп кеткен болар еді.

Талап қою мерзімінің өтуiндегі үзілістің екінші негiзі - бұл адамның борышты мойындауын білдіретін іс-әрекеттерді жасауы, ол қысқаша түрде борышты мойындау деп аталады. Ол ауызша немесе жазбаша түрде жасалған борышты мойындау жолымен және әдетте борышты ішінара төлеуден тұратын борышқордың іс-әрекеттерімен жасалуы мүмкін. Борышты мойындаудың, алайда, өтіп жатқан талап қою мерзімі шегінде ғана мерзімді үзетін маңызы болады. Талап қою мерзімі өткен соң борышты ішінара төлеу талап қою мерзімінің өтуінде үзіліс туғыза алмайды.

Азаматтық кодексте талап қою мерзімін қалпына келтіру мәселесі ерекше реттелген. Егер талап қою мерзімінің тоқтатылу және үзілу негіздері заңда дәлме-дәл көрсетілген болса, онда өткізіп алған талап қою мерзімін қалпына келтіру үшін мерзімді өткізіп алудың дәлелді себептерінің болуын анықтау қажет.

АК-ның 187-бабының негізінде талап қою мерзімі мыналарға қолданылмайды:

  • заң құжаттарында көзделгеннен басқа реттерде материалдық емес игіліктер мен мүліктік емес өзіндік құқықтарды қорғау туралы талаптарға. Бұл құқықтарды қорғаудан бас тарту жеке адамның қоғамдағы маңызын кемітуге әкеп соққан болар еді;

  • салымшылардың банкіге банктік салымдарды беру туралы талаптарына. Банктер салымшылардың ұйғарымын орындаудан бас тартатын жағдайда салымдарды беруге мәжбүрлеу туралы талаптар тууы мүмкін. Мұның кез келген салымшыларға және банктердің кез келген түрлеріне қатысы бар;

  • азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптарға. Алайда талап қою мерзім: өткеннен кейін қойылған талаптар талап қоярдың алдындағы үш жылдан аспайтын мерзім үшін қанағаттандырылады. Зиянның орнын толтыру міндеті жәбірленушінің бүкіл өмірі бойында сақталады;

  • егер меншік иесінің немесе өзге заңды иенің өз құқығының кез келген бүзылуы иеліктен айыруға байланысты болмаса (теріске шығаратын талап жағдайында), кез келген құқық бұзушылықты жою туралы талабына;

  • заң құжаттарында белгіленген реттерде басқа да тараптарға қолданылмайды.

Бақылау сұрақтары:

1.Мерзімнің түрлері.

2.Талап қою мерзімі.

Тақырып 10: Меншік құқығының ұғымы.

Мақсаты: Құқық категориясы ретiнде меншiк құқығын сипаттау.

Сұрақтар:

1 Меншік құқығы ұғымы.

2 Меншік қүқығының мазмүны.

3 Меншік қүқығының формалары мен түрлері.

1. Меншік қүқығы ұғымы. Меншік дегеніміз тарихи қалыптасқан, белгілі бір қоғамдық қатынас, ол адамдар арасында затқа байланысты туындайды. Меншік ұғымы әрқашанда ұйымдасқан адамдар қоғамына тән.

Меншік қүкығы дегеніміз субъектінің зан қүжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету қүкығы.

Қүқықтық институт ретінде меншік қүқығы қүқық нормаларының жиынтығы болып табылады, ол материалдық игіліктің белгілі бір адамға берілгендік (тиесілік) жағдайын бекітеді, реттейді және қорғайды. Бұл жерде әңгіме объективтік мәндегі меншік құқығы туралы болып отыр. Заңдық биліктің белгілі бір мөлшерін меншік иесіне бекітіп беру субъективтік мәндегі меншік қүқығы туралы айтуға мүмкіңдік береді. Меншік құқығы мүліктік, абсолюттік, заттық құқық болып заңға сәйкес белгіленеді, ол затқа тікелей ықпал ету мүмкіндігімен және иемдену, пайдалану және билік ету құқығының болуымен сипатталады. Қолдану және артықшылық құқығы меншік құқығына ілесе жүреді. Меншік құқығы - негізгі заттық қүқық. Заттық құқық құқықтың басқа да типтерімен тұрақты байланысты болады.

2. Меншік қүқығының мазмүны. Меншік иесіне өз мүлкін иемдену, пайдалану және оған билік ету құқығы берілген (АК-ның 188-бабы 2-тармағының 1-бөлігі). Бұл құқықтар меншік құқығының мазмұның анықтайды. Алғаш рет аталып отырған триада рим жеке құқығының орта ғасырлық коментаторларының еңбектерінде пайдаланылған, ал рим жеке құқығының өзі меншік иесі өкілеттіктерінің толық тізбесін білмеген. Ресей заңнамасында ол алғаш 1832 жылы пайда болды.

Иемдену құқығы мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заңмен қамтамасыз ету мүмкіндігін білдіреді. Иемдену құқығы дегенiміз мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда түсірудің заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Пайда табыс, өнім, төл өндіру түрінде және басқа формада болуы мүмкін (АК-ның 188-бабы 2-тармағының 3-бөлігі).

Билік ету кұқығы дегеніміз мүліктің заң жүзінде тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. (АК-ның 188-бабы 2-тармағының 4-бөлігі). Мүліктің заңдық тағдыры көбіне мәмілемен белгіленеді. Сонымен қатар мүлікке басқадай заңдық факторлар арқылы билік ету дағдылы жағдайға айналған. АК-ның 188-бабының 3-тармағына сәйкес меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз құқығын тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы. Меншік иесі өз мүлкіне толықтай билік етуге құқылы. Басқа құқықтар меншік құқығынан туындайды, оған тәуелді және көлемі жағынан бастапқы құқықтан кең болуы мүмкін емес. Егер заңнама талаптары, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделері бұзылмайтын болса, меншік иесі өз мүлкін тіптен жойып жіберуге құқылы.

3. Меншік қүқығының формалары мен түрлері. ҚР Конституциясының 6-бабының 1-тармағына сәйкес «Қазақстан» Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады». Бұл меншіктің формалары. Әртүрлі әлеуметтік мақсат пен құқықтық режим оларды бөліл алуға негіздеме болады. Меншікті екі формаға бөлу Конституцияда олардың меншік құқығының субъектісі ретінде мемлекетке қатынасының нышандары бойынша жүргізіледі. Жеке меншікке жататындықты заң өте оңай анықтайды - мемлекетке тиесілі еместің барлығы солар. Яғни барлық мемлекеттік емес меншіктер жеке меншік болып табылады. Ресей Федерациясында меншік формаларының тізбесі жабылған жоқ. Жеке және мемлекеттіктен басқа оларда муниципалдық және басқа формалар бар. Меншік формаларына меншік құқығы формалары сәйкес келеді. Өз кезегінде формалар да түрлерге бөлінеді. Форма меншіктің арналған мақсаты мен әлеуметтік бағытталығына қарай оның сапалық ерекшелігiн бейнелейді, ал түр - меншік формалары ішіндегі субъективтік айырмашылық. Кез келген азамат немесе заңды тұлға, сондай-ақ мемлекет меншік құқығының субъектісі бола алады. Азаматтың әрекет қабілеті шектеулі болған немесе, тіптен, ол болмаған жағдайда оның мүддесін заң немесе шарт бойынша өкіл қорғайды. Мемлекеттің меншік құқығының субъектісі ретіндегі ерекшелігі сол - оның құқығы уәкілетті мемлекеттік органдар немесе мемлекеттік заңды тұлғалар арқылы, ал, заң құжаттарында көзделген жағдайларда - мемлекеттік емес заңды тұлғалар және азаматтар арқылы жүзеге асырылады.

Конституцияға бағдар алып Азаматтық кодекс меншік формасы ретінде жеке (191-бап) және мемлекеттік (192-бап) меншікті бөліп қарастырады. Сонымен қатар қазақстандық заң шығарушы, ресейлікке қарағанда, топтастыру кезінде «форма» терминін пайдаланбады. Оған саналы түрде барды, себебі «форма» және «түр» ұғымдары өз мәндері жағынан көп мағыналы және меншік құқығына қатысты қолдануға онша келмейді. Бұл ұстаным дұрыс та шығар. Дегенмен, бұл мәселеге қатысты екі көзқарасты атап өткен жөн. Біріншісі бойынша меншік құқығы бір тұтас және біртекті. Ол нарықтық экономиканың жалпы ережесіне бағындырылған. Бірақ мемлекеттік меншік құқығын бұған жатқызуға болмайды, ол мемлекет функциясын қолдау және жеке меншік құқығының қалыпты жұмысын қамтамасыз етуде шектеулі ауқымда болады. Яғни, жеке меншік түрлік емес, меншік ұғымына келетін тектік ұғым.

Екінші көзқараста меншік құқығы тектік ұғым, ал жеке және мемлекеттік меншік құқығы - түрлік ұғым. Мүліктің жеке және мемлекеттік меншік үшін заңнамада белгіленген әртүрлі құқықтық режимі оған негіздеме болады. Бұл мемлекет функциясының айрықша сипатынан туындайды және субъектінің ерекшелігіне байланысты.

Заңды тұлғалар қатысатын қатынастардағы сияқты мемлекет өкілдері қатысатын қатынастарда абстрактылы субъектілердің - Қазақстан Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бөліністердің бар екендігі ескеріледі. Олардың атынан азаматтық айналымда құқық берілген тұлғалар - заңды немесе жеке тұлғалар қатысады. Әдетте заңды тұлғалар мекеме мәртебесі берілген мемлекеттік органдар болады. Бұл жағдайларда да мұндай мемлекеттік мекеменің қашан өз атынан, қашан мемлекет немесе әкімшілік - аумақтық бөлініс атынан мүдде қорғайтынын білген дұрыс. Қай жағдайда болса да мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністің мемлекеттік заңды тұлға балансында бекітілмеген мемлекеттік мүлікке тікелей билік жасайтынын ескеру керек. Басқа жағынан алғанда, мемлекеттік меншікке құқығын мемлекеттік заңды тұлғалар (кәсіпорындар мен мекемелер) өздерінің шаруашылық жүргізуіндегі немесе оралымды басқаруындағы мүлікке қатысты жүзеге асырады.

АК-ның 191-бабында жеке меншіктің екі түрі белгіленген, олар - азаматтар меншігі және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі. Өз кезегінде АК-ның 192-бабы мемлекеттік меншіктің екі түрін белгілейді, олар - республикалық және коммуналдық меншіктер. Қазақстан Республикасына қарағанда Ресей Федерациясында муниципалдық (коммуналдық) меншік мемлекеттік болып табылмайды, сондықтан ол оның құрамына кірмейді.

Жеке және мемлекеттік меншіктің сандық ара қатынасы бастапқы кезде мемлекеттік меншікті жекешелендіру қарқынымен анықталды. Бұл процесс ТМД-ның басқа елдеріне қарағанда Қазақстанда белсенді жүргізілді, ондағы мақсат мемлекеттік меншікті ең төменгі қажетті деңгейге жеткізу еді. Қазір бұл ара қатынас мемлекеттік мүдделер бойынша анықталуда.

Затқа үстемдік ету және оны өзінікіндей санау мұндай жағдайларда жаңа меншік иесінің пайда болуына әкеледі. Бұл контексте заң шығарушының иесіз мүліктің, қараусыз жануарлар мен олжаның меншік иесін анықтаудағы көзқарасы жүзеге асырылған (АК-ның 242, 245-247 баптары). Бұл жерде принцип біреу - зат кімде болса сол меншік иесі, әрине, егер барлық заң талаптары сақталған болса.

Сонымен, меншік құқығы туралы нормалар өзінің заттылығын күшейтті және өзінің мәні бойынша және стратегиялық бағыттылығы бойынша дамыған елдердің тиісті заңнамасына жақындады деп айта аламыз. Кеңестік кезенде иемденген теориялық цивилистикалық багаж жоғалған жоқ, қайта қазіргі заңнамада дамыды, ол Қазақстанның меншік құқығын әлемдік құқықтық жүйедегі ең жетілген институттардың бірі деп айтуға мүмкіндік береді.

Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекеттік меншік құқығы.

2. Жеке меншік ұғымы және оның түрлері

Тақырып 11: Меншік қүқығының пайда болуы және тоқтатылуы

Мақсаты: Жеке меншiк құқығының тоқтатылуы және пайда болу негiздерiмен таныстыру.

Сұрақтар:

1 Меншік қүқығы пайда болатын кез.

2 Меншік қүқығының және өзге заттық қүқықтардың туындауының жекелеген негіздері.

3 Мешіктік қүқығының және өзге де заттық қүқықтардың тоқтауы.

1. Меншік қүқығы пайда болатын кез. Меншік құқығының пайда болатын кезін анықтаудың практикалық маңызы зор. Иеліктен айыратын заттардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупі, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше белгіленбесе, сатып алушыда меншік құқығы пайда болуымен бір мезгілде соған көшеді (АК-ның 190-бабының 1-тармағы).

Меншік иесі, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзіне тиесілі мүлікті күтіп ұстау ауыртпалығын көтереді және біржақты тәртіппен мұндай ауыртпалықты үшінші жаққа ауыстыра алады (АК-ның 189-бабының 1-тармағы). Мүліктің үшінші жаққа келтірген залалын да меншік иесі өтейді.

Шарт бойынша мүлік алушының меншік құқығы, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, зат берілген кезден бастап пайда болады (АК-ның 238-бабының 1-тармағы). Заттардың алушыға тапсырылуы, сол сияқты, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, алушыға жөнелту үшін көлік ұйымына өткізу және иеліктен айырған заттарды жеткізіп беру мiндеттемесінсіз алушыға салып жіберу үшін почтаға өткізу - берілу деп танылады. Затқа коносамент немесе өзге де өкімші құжат беру заттарды беруге теңестіріледі. (АК-ның 239-бабы). Мысалы, шартта меншік құқығының иеленушіге затты беруден бұрын немесе кейін өтуі туралы ереже көзделуі мүмкін. Халықаралық практикада Коммерциялық терминдерге түсініктеме берудің халықаралық ережесі (ИНКОТЕРМС) жасалған, оны пайдалану меншік құқығының және кездейсоқ жойылу қаупінің алушыға өту кезін анықтауға мүмкіндік береді.

АК-ның 238-бабының 2-тармағына сәйкес, егер мүлікті иеліктен айыру туралы шарт мемлекеттік тіркеуге немесе нотариалдық куәландыруға жататын болса, алушының меншік құқығы тіркелген немесе нотариат куәландырған кезден бастап, ал шартта нотариаттың куәландыруы да, мемлекеттік тіркеу де қажет болған жағдайда - ол тіркелген кезден бастап пайда болады. Мысалы, АК-ның 118-бабының 1-тармағына сәйкес, меншік құқығы және жылжымайтын мүлікке басқа құқық, олардың туындауы, өтуі және тоқтауы мемлекеттік тіркеуге жатады. Жылжымайтын мүлікке заттық құқықтардың ішінен, меншік құқығынан басқа, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы, бір жылдан артық мерзімге жер пайдалану құқығы, бір жылдан артық мерзімге пайдалану қүқығы, кепіл, рента, сенімгерлік басқару мемлекеттік тіркеуге жатады. Пайдалану құқығы деп, бұл жерде, жалдау, төлеусіз пайдалану құқығын, бөтеннің жылжымайтын мүлкін шектеулі пайдалану құқын беретін сервитуттарды айтамыз.

Сонымен, аталған заттық құқықтар үшін белгіленген жалпы ереже бойынша ол құқықтардың пайда болу кезі мүлікті берген кезбен емес, оларды құқықтық кадастрда тіркеген көзбен анықталады. Бірақ, заң актілерінде көзделген кейбір жағдайларда, мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікке құқық тіркеген кезден емес, басқа кезден бастап туындайды. Мысалы, мұрагерлік құқық нормаларына сәйкес мұраланатын мүлікке мұрагерлер құқығы мұра ашылған кезден бастап туындайды. Бұл, мұралау тәртібінде өткен жылжымайтын мүлікке, құқық тіркелген күнге қарамастан, мұрагерде мұра ашылған кезден бастап туындайды. Бірақ, тіркелмейінше мұндай мұрагердің құқығы туындады деп саналмайды. Тұтыну (тұрғын үй, тұрғын үй-құрылыс, саяжай, гараж, т.б.) кооперативтерінің үй-жайына меншік құқығының пайда болу кезін анықтағанда бұл баяндалған ережеден өзгеше жағдай қаралады. АК-ның 235-бабының 4-тармағына сәйкес, пай жарнасын толық төлегенде ғана, пай жинақтаушы мұндай үй-жайға меншік құқығын алады.

Жылжымайтын мүлікке меншік құқығының немесе өзге заттық құқықтың туындау кезін анықтағанда жылжымайтын мүлікке құқықтарды міндетті мемлекеттік тіркеу жүйесі енгізілгенше, заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жылжымайтын мүлікке құқық мемлекеттік тіркеусіз-ақ заңды деп танылғанын ескеру керек. Бұдан шығатын корытынды - АК-ның 118-бабында көрсетілген, тіркеу жүйесі енгізілгенге дейін туындаған құқықтар, жылжымайтын мүлікпен жасалған кейбір мәмілелердің тіркеуін сол кездегі заңнама талап еткен жағдайлардан басқа реттерде, тіркеусіз-ақ заңды деп саналады.

Меншік құқығының пайда болу кезін заңнама бойынша анықтайтын ереже, мұндай құқықтардың туындау ерекшеліктері ескеріліп, басқа заттық құқықтарға да қолданылады. Заңнамада бұл ереже оралымды баскару немесе шаруашылық жүргізу құқықтарының туындау негіздеріне де таралады. Сонымен қатар ескерілетін бір жағдай - құқық шарт негізінде туындамаса, оның пайда болу кезі нақты жағдай ескеріліп анықталуы тиіс. Мысалы, затты жасағанда жасаушының құқығы зат жасалған кезден бастап туындайды.

Мұндай мүлікке құқық сот шешімінің негізінде туындағанда құқықтың туындау кезі сот шешімінің күшіне кірген кезі болып табылады, егер шешімде құқық зат жасалған кезден бастап туындайды деп көрсетілмеген болса.

2. Меншік қүқығының және өзге заттық қүқықтардың туындауының жекелеген негіздері. Заңнамада көзделген белгілі бір заңдық фактылар заттық құқықтың туындауына негіз бола алады. Әдебиетте заңдық әрекеттер деп саналатын заттық құқықтардың туындау негіздері иелену тәсілдері деп аталады. Меншік құқығының туындау негіздері меншік титулдары деп те аталады. Осылардың негізгілерін қарастырайық.

1. Жаңадан жасалып жаткан қозғалмайтын мүлікке меншік қүкығының пайда болуы. Жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлікке құқық АК-ның 236-бабында белгіленген ережелерге сәйкес пайда болады. Мысалы, егер заң актілерінде немесе шартта біткен құрылыс объектілерін қабылдап алу көзделген болса, оңда тиісті мүлікті жасау сондай қабылдау болған кезден бастап біткен деп саналады. Мұндай объектілерге меншік құқығы құқық тіркеуші органдарда тіркелген кезден бастап пайда болады. Жаңадан жасалып жатқан жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу құрылыс объектісіне құқық белгілейтін құжаттарды құқық иеленуші (уәкілетті өкіл) ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады. Тіркеуші органға, құқық белгілеуші құжат ретінде, уәкілетті орган қол қойған, құрылысы біткен объектіні пайдалануға қабылдау актісі ұсынылады.

2. Меншік қүқығын және өзге заттық құқықтарды өндеу жолымен алу. АК қабылданғанша қолданыста болған республика заңнамасында өңделген затқа құқықтың туындауын реттейтін нормалар болмады. Практикада мұндай қатынастар басқа ұқсас қатынастарға қарап шешiмін тапты. АК алғаш рет өңделген заттардың тағдырын шешетін нормалар енгізді. АК-ның 237-бабының 1-тармағына сәйкес, егер шартта өзгеше көзделмеген болса, адам өзіне тиесілі емес материалдарды өндеу арқылы дайындаған жаңа қозғалатын затқа меншік құқығын материалдың меншік иесі алады. Өңделген затқа меншік құқығы мына жағдайларда өндеген адамға өтуі мүмкін:

  1. өндеген адам адал жұмыс істеп, өңдеуді өзі үшін жүзеге асырса;

  1. өндеу құны материал құнынан едәуір асып кетсе.Сонымен, заңнамада өнделген затқа меншік құқығының материалдық меншік иесінде де, өндеген адамда да туындауы мүмкін екендігі көзделген.

3. Иелену көнелігіне байланысты меншік құқығын иелену. Иелену көнелігіне байланысты меншік құқығын (басқа заттық құқық) алу үшін мыналар болуы шарт: ескіру мерзімінің өтуі (жылжитын мүлік үшін бес жыл, жылжымайтын мүлік үшін он бес жыл), адалдық, ашықтық және басқаның атынан емес, өзі үшін иеленудің үзіліссіздігі.

4. Иесіз заттарға қүқық алу. АК-ның 242-бабының 1-тармағына сәйкес, меншік иесі жоқ, немесе меншік иесі белгісіз зат не меншік иесі оған меншік құқығынан бас тартқан зат иесіз болып табылады.

5.Меншік иесі бас тартқан жылжитын заттар. АК-ның 243-бабында меншік иесі бас тартқан жылжитын заттарға меншік құқығын алудың ерекше тәртібі белгіленген. Меншік иесі тастаған немесе оларға меншік құқығынан бас тарту мақсатында басқадай жолмен тасталған қозғалатын заттар, жалпы ереже бойынша, иесіз заттар деп танылады, ал оларға құқық иелену көнелігіне байланысты алынады (АК-ның 240-бабы, 242-бабының 2-тармағы, 243-бабының 2-тармағы). Бірақ, тасталған заттардың кейбір санаттары иелену көнелігіне байланысты емес, 243-баптың 2-тармағында белгіленген тәртіпте иелікке алынады. Құны тиісті жиырма айлық есептік көрсеткіштен анық төмен тасталған зат, не тасталған металл сынықтары, жарамыз өнім өзінің меншігіндегі,иеленуіндегі не пайдалануындағы жер учаскесінде жатқан адам бұл заттарды пайдалануға басқа әрекеттер жасап осы заттарды өз меншігіне айналдыруға құқылы екендігі жоғарыда аталған бапта көзделген. Көрсетілген нормада аталмаған тасталған мүлік иелену көнелігі үшін белгіленген тәртіпте иелікке алынады.

6.Өз бетімен салынған құрылысқа, АК-ның 244-бабының 1-тармағына сәйкес, бұл мақсат үшін заңда белгіленген тәртіпте бөлінбеген жер учаскесінде салынған, сондай-ақ оған қажетті рұқсат алынбай салынған жылжымайтын мүлік (тұрғын үй, ғимарат немесе өзгедей құрылыс) жатады. Мысалы, жылжымайтын мүліктің құрылысы жеке меншіктегі, тұрақты немесе уақытша жер пайдаланудағы жер учаскелерінде іске асырылуы мүмкін. Өз жер учаскесінде болса да, бірақ тиісті рұқсат алынбаған құрылыстар да өз бетімен соғылған деп саналады. Тұрғызған кезде сақталуы міндетті құрылыс және қала тұрғызу нормалары мен ережелері елеулі бұзылып тұрғызылған құрылыстар да әдебиетте қажетті рұқсаттар болмаған деп түсініледі.

7. Олжа. Меншік иесі немесе өзге құқық иесі жоғалтқан немесе ұмытып тастап кеткен жылжитын заттар ғана олжа деп танылады. Затты тапқан оған меншік құқығын иеленбейді. Оған затты жоғалтқан адамды, оның меншік иесін немесе оны алуға құқығы бар басқа адамдарды ол жайында хабардар ету және тапқан затты қайтару міндеті жүктеледі. Затты үй-жайда немесе көлікте тапқан жағдайда оны осы үй-жайдың немесе көліктің иесін білдіретін адамға тапсыру керек. Бұл ретте тапқан адамның құқықтары мен міндетін кейінгі адам алады. Егер табылған затты алуға құқығы бар адам болмаса немесе оның қайда екені белгісіз болса, онда затты тапқан адам ол жайында милицияға немесе жергілікті атқару органына хабарлауы тиіс. Заңды иесі табылып, зат оған берілгенше олжа оны тапқан адамда сақталады немесе милицияға, жергілікті атқару органына немесе олар көрсеткен адамға сақтауға беріледі. Тез бұзылатын затты немесе сақтау шығыны өз құнынан асып түсетін затты, оны тауып алушы, түскен соманы растайтын жазбаша дәлелдеме алып, сатып жіберуі мүмкін. Түскен сома затты алуға құқығы бар адамға немесе заттың өзін беру үшін белгіленген тәртіпте және жағдайда басқа адамның меншігіне беріледі.

Олжа туралы хабарлаған кезден бастап алты ай өткенше оны алуға құқығы бар адам анықталмаса және ол өзінің затқа құқығын тауып алған адамға, милицияға немесе жергiлікті атқару органына хабарламаса, олжаға меншік құқығы тауып алған адамға өтеді. Тауып алған адам затты меншігіне алудан бас тартса ол коммуналдық меншікке өтеді.

Затты тауып алушы және оны алуға заңды құқығы бар адамға қайтарып беруші сол адамнан, зат коммуналдық меншікке өткен ретте - тиісті жергілікті атқару органынан, затты сақтауға, өткізуге, сатуға байланысты қажетті шығындарды және затты алуға заңды құқығы бар адамды табуға кеткен шығындарды өтетіп алуға құқылы. АК-ның 245-бабының 6-тармағында көзделген жағдайлар болса, тауып алушы адам сыйақы алуға құқылы.

3. Мешіктік қүқығының және өзге де заттық қүқықтардың тоқтауы. Меншік құқығының тоқтауы, оның пайда болуы сияқты, заңда көзделген зандық фактылардың болуын керек етеді. Мысалы, АК-да «Меншік құқығының және өзге заттық құқықтардың тоқтауы» арнайы 14-тарауда көзделген. 249-баптың 1-тармағында меншік құқығы меншік иесі өз мүлкін басқа адамдарға берген, меншік иесі меншік құқығынан бас тартқан, мүлік қираған немесе жойылған және заң құжаттарында көзделген өзге де реттерде мүлікке меншік құқығынан айырылған жағдайда тоқтатылады делінген.

Жекешелендірген жағдайда (249-баптың 3-тармағы) мемлекеттік меншік құқығы мүлікті жеке тұлғалардың немесе мемлекеттік емес тұлғалардың меншігіне ақылы немесе ақысыз беру туралы шарттың негізінде тоқтайды. Жекешелендіру мемлекеттік меншік құқығын тоқтатудың айрықша негізі болып табылады, себебі ол арнайы заңмен белгіленген ереже бойынша жүзеге асырылады. Сонымен қатар ескеретін бір жағдай - тараптар арасындағы қатынастарға, керекті жағдайларда, тиісті шарттарды реттейтін нормалар қолданылуы мүмкін. Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды мәжбүрлеп тоқтатудың негіздері осы баптың 2-тармағында көзделген. Оларға мыналар жатады: меншік иесінің міндеттемелері бойынша өндіртіп алуды мүлікке аудару; заң актілеріне сәйкес сол адамға тиесілі бола алмайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен алу; реквизиция; тәркілеу; жер учаскесін алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікті иеліктен алу; күтімсіз ұсталған мәдени және тарихи қазыналарды сатып алу; Азаматтық кодексте көзделген өзге де жағдайлар.

АК-ның 249-бабының 4-тармағында меншік құқығын мәжбүрлеп тоқтатудың тағы бір негізі - ұлт меншігіне айналдыру көзделген. Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды тоқтатудың АК-ның 14-тарауында көзделген негіздерін толықтай берілген деп айтуға болмайды. Меншік құқығын иеленудің туынды тесілдерінде біреуде құқықтың пайда болуы екіншіде құқықтың тоқтауын білдіреді.

Бақылау сұрақтары:

1.Меншік құқығынан бас тарту.

2.Реквезициялау.

3.Тәркілеу.

Тақырып 12: Ортақ меншік

Мақсаты: Жеке меншiк құқығының тоқтатылуы және пайда болу негiздерiмен таныстыру.

Сұрақтар:

1 Ортақ меншік үғымы.

2 Ортақ үлесті меншік қүқығы.

3 Ортақ бірлескен меншік.

1. Мүлік меншік құқығында бір немесе бірнеше адамда бола алады. Белгілі бір мүліктің меншік құқығында тиесілі бола алатын субъектілерінің (тұлғаларының) санына қарай бұл құқық бірсубъектілік және көпсубъектілік болып бөлінеді. Екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады, - делінген АК-ның 209-бабының 1-тармағында. Сонымен, заңдық мағынада ортақ меншік екі немесе одан көп тұлғаларға меншік қүқығында тиесілі мүлікті білдіреді. Бұл тұлғалар АК-да ортақ меншікке қатысушылар, ал құқық ғылымында және оқулық әдебиеттерде ортақтас меншік иелері деп аталады.

Көпсубъектілік ортақ меншіктің субъективтік құқығының ерекшелігін көрсетеді. Бұл ерекшелік АК-да өзінше ортақ меншік құқығы институтын бөліп алуға әкелді (АК-ның 11-тарауы).

АК-ның ортақ нормалар ретінде көрініс табатын бірсубъектілік құқық нормалары ортақ меншік құқығын да реттейді. Әрине, ол ортақ меншік туралы арнайы құқықтардан алшақ кетпейтін шамада реттейді.

Ортақ меншікті АК екі түрге: үлесті меншікке және бірлескен меншікке бөледі (209-баптың 2-тармағы). Үлесті меншікте мүлік меншік иелерінің әрқайсының меншік құқығындағы белгілі бір үлесімен ортақ меншікте болады, ал бірлескен меншікте ондай үлестер анықталмайды. Егер заң актілерінде өзгедей белгіленбеген болса, мүлікке ортақ меншік үлесті болып табылады.

Ортақ меншік ұғымы - кең ауқымды ортақ мүлік үғымының негізгі түрі. Соңғы ұғым тек ортақ меншікті ғана емес, сонымен қатар ортақ заттық және міндеттемелік мүліктік құқықтарды да қамтиды. Сондықтан, ортақ меншік құқығын, ортақ мүлікке құқықтың түрі ретінде, басқа ортақ заттық және міндеттемелік құқықтардан айыру қажет. Ортақ заттық құқықтың неғұрлым көп таралған және неғұрлым заң жүзінде реттелген түрі - ортақ жер пайдалану құқығы. Бұл құқық, егер заңды түрде азаматтық айналымда жүрген болса, өзінің сипаты жағынан меншік құқығына жақын. Ортақ жер пайдалану құқығы, ортақ меншік құқығы сияқты үлестік және бірлескен болуы мүмкін (Жер кодексінің 53-бабы) [10]. Басқа ортақ заттық құқықтар, мысалы, ортақ шаруашылық жүргізу құқығы немесе ортақ оралымды басқару құқығы, заң тұрғысынан онша реттелмеген, бірақ ондай құқықтардың болуын заң жоққа шығармайды.

Ортақтас меншік иелері құқығының үшінші жақпен қатынастарда да, өзара қатынастарда да өз ерекшеліктері бар, олар жайында алда толығырақ айтылады.

2. Ортақ үлесті меншік құқығында оның әрбір қатысушысының белгілі бір үлесі болады. Бұл ортақ мүліктегі немесе оның құқығындағы үлес емес, ортақ меншік күқығындағы үлес. Бұл үлес ортақ үлесті меншіктің барлық басқа қатысушыларының үлестеріне қатысты бөлшекпен өлшенеді, мысалы, үлесті меншіктің барлық ортақ құқығына қатысты 1/4, 1/2, 3/5, т.с.с. Сонымен, ортақ мүлік үлесті меншіктің қатысушылары арасында бөлінбейді, ортақ мүліктің құнындағы үлес бөлініп алынбайды.

Қатысушылардың ортақ меншік құқығындағы үлестері тең де, тең емес те болуы мүмкін. АК үлестердің теңдік презумпциясына сүйенеді. Егер заң құжаттарында немесе үлесті меншіктің барлық қатысушыларының келісімдерінде өзгеше көзделмеген болса, олар тең (АК-ның 210-бабының 1-тармағы).

Меншік құқығындағы үлес дегеніміз - заңдық конструкция, оның көмегімен үлесті меншіктің қатысушыларының әрқайсысының ортақ мүлікті иемдену, пайдалану және билік ету өкілеттіктерін жүзеге асыру мүмкіндіктері анықталады, осы мүліктен табыстағы және оны ұстау шығынындағы үлес, сондай-ақ ортақ мүлікті бөлу және одан үлесті бөліп алу тәртібі анықталады. Шындығына келгенде, үлесті меншіктің қатысушыларына меншік құқығындағы абстрактылы үлес емес, сол үлестер әкелетін нақты мүліктік игілік керек.

Ортақ үлесті меншік құқығы өзіне АК-да меншік құқығы үшін көзделген барлық құқық өкілеттіктерін, яғни иемдену, пайдалану және билік ету құқықтарын қамтиды. Бірақ, үлесті меншік құқығындағы бұл құқық өкілеттіктерін жүзеге асырудың өз ерекшеліктері бар. Осы ерекшеліктерді АК-да қалай берілсе, сол ретімен қарастырайық, ал ол мүлікке билік етуден басталады. Бұл жерде АК ортақ үлесті меншіктегі мүлікке билік етуді үлесті меншік құқығындағы үлеске билік етуден бөліп қарайды.

Үлесті меншіктегі мүлікке билік ету оның барлық қатысушыларының келісуімен жүзеге асырылады (АК-ның 212-бабының 1-тармағы).

Ортақ үлесті меншікке билік ету оның қатысушыларының бірауыздылық принципіне негізделген. Үлесті меншіктегі мүлікті оның қатысушылары сатуы, сыйға тартуы немесе оған басқадай билік жасауы үшін, меншік құқығындағы әрбір адамның үлесінің мөлшеріне қарамай, олардың барлығының келісімін алуы тиіс.

Кондоминиум. Ортақ үлесті меншіктің кондоминиумдағы құқықтық режимі тіптен бөлекше, онда заттың жекелеген бөліктеріне бөлектелген (дара) меншіктік құқық бөлек меншіктегі сол заттың сол бөлігіне ортақ үлесті меншік құқығымен әрқашанда үйлеседі. Бұл жерде кондоминиумдағы үлесті меншік құқығы бөлек меншік құқығының туындысы, оны толықтырады, ол құқықтан бөлінбейді, соған ілесіп отырады.

Кондоминиум институты - Қазақстанның азаматтық заңнамасы үшін жаңалық. АК-да кондоминиум ұғымы ғана берілген, ал ол туралы нормалар «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңда [11] және Жер кодексінде [10] берілген. Кондоминиум туралы нормалар 26-тарауда толығырақ талданған. Айта кететін бір жағдай, кондоминиумдағы ортақ меншік туралы нормалардың өзіндік ерекшеліктері соншалық, АК-ның үлесті меншік туралы жалпы нормаларын, мысалы, үлесті меншіктегі мүлікке билік ету туралы, бұл мүлікті иемдену және пайдалану туралы, үлесті меншіктегі мүлікті сату, бөлу және еншілеудегі артықшылық құқық туралы нормаларды кондоминиумда қолдану мүмкін емес.

3. Ортақ бірлескен меншік. Ортақ үлесті меншікке қарағанда ортақ бірлескен меншік құқығындағы үлестер бөлінбейді. Үлесті еншілеу бірлескен меншікті бөлгенде немесе еншілегенде оның тоқтаған немесе өзгерген сатысы ретінде бола алады.

Ортақ бірлескен меншік, үш түрде болады: ерлі-зайыптылардың меншігі, шаруа (фермер) қожалығының меншігі, жекешелендірілген тұрғын үйге меншік (АК-ның 219-бабының 1-тармағы). Заң құжаттарында бірлескен меншіктің басқа да түрлері көзделуі мүмкін. Бірақ қазіргі кезде бірлескен меншіктің жоғарыда көрсетілгендерден басқа түрлері қарастырылмаған.

Ортақ бірлескен меншік, ол заң құжаттарында көзделген кезде және бірлескен меншіктің қатысушыларының келісімімен өзгедей көзделмеген кезде және ол кез келген уақытта үлесті меншікке айнала алатын болса, белгіленеді.

Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі. Мүлік ерлі-зайыптыларға бөлектелген, ортақ бірлескен немесе ортақ үлесті меншік құқығында тиесілі болуы мүмкін. Заңның жалпы ережесі бойынша ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі олардың бірлескен меншігі болып табылады. Ерлі-зайыптыларға некеге тұрғанға дейін тиесілі болған, сондай-ақ олардың некеде тұрған кезінде сыйға тартылған немесе мұрагерлік тәртіппен алған мүлкі олардың әрқайсысының меншігі болып табылады (АК-ның 223-бабының 1 және 2-тармақтары).

Шаруа (фермер) қожалығының бірлескен меншігі. АК шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің ортақ меншігінің құқықтық режимін анықтағанда шаруа және фермер шаруашылығының арасын сараламайды. Ол шаруа (фермер) қожалығының мүлкі, олардың арасындағы шартта өзгеше белгіленбегендіктен, бірлескен меншік құқығында оның мүшелеріне тиесілі болады деп белгілейді (АК-ның 224-бабының 1-тармағы).

Кейінгі арнаулы заңнама біртұтас шаруа (фермер) қожалығы ұғымында оның үш негізгі формаларын бөліп алды [12].

Жекешелендірілген түрғын үйге бірлескен меншік. АК-ның бір бабы (227-бап) жекешелендірілген тұрғын үйге бірлескен меншікке арналған. Бұл тұрғын үйге ортақ меншіктің түрлерінің бірі - бірлескен меншікті реттемелейді. Тұрғын үйге құқық, оның ішінде жекешелендірілген тұрғын үйге бірлескен меншік құқығы Тұрғын үй қатынастары туралы заңда толығырақ реттемеленген.

Бақылау сұрақтары:

1.Үлесті меншіктегі мүлікке билік ету.

2.Ортақ бірлескен меншік.

3.Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі.

Тақырып 13: Өзге де заттық құқықтар

Мақсаты: «Заттық құқық» категориясымен таныстыру, шектелген заттық құықтардың негiзгi түрлерiн сипаттау.

Сұрақтар:

1 Заттық қүқықтар үгымы.

2 Заттық қүқықтардың түрлері.

3 Меншік иесі емес адамдардың заттық қүқықтары.

1. Заттық қүқықтар үгымы. Осы заманғы заң әдебиеттерінде «заттық қүқықтар» ұғымы жиі қолданылатын, бірақ жеткілікті талданбаған ұғым болып табылады. Заттық құқықтар кезінде рим құқығында да егжей-тегжейлі қарастырылғанына қарамастан, осы уақытқа дейін орнығып қалыптаспаған және барлық құқықтық жүйелер тани қоймаған ұғым. Заттық құқықтың көптеген қырлары постулат ретінде ұсынылып, теориялық тұрғыдан тиісінше дәлелденбеген.

Заттық құқық дегеніміз - заңда баянды етілген абсолюттік мүліктік құқық: 1) объектісі - дара анықталған зат; 2) ерекше заттық-құқықтық талаптардың көмегімен баршадан және әркімнен қорғайтын арнайы құралдары бар; 3) құқық иесінде барлығын немесе жеке, толық көлемде немесе ішінара иелену, пайдалану немесе билік жүргізу өкілеттігі бар; 4) қүқық иесіне затқа тікелей ықпал ету (затқа тікелей билік жүргізу) мүмкiндігін береді, оның ішінде меншік иесінің немесе басқа заттық қүқық субъектісінің өкілеттігін жүзеге асыруын шектеу жолымен мүмкіндік береді; 5) ілесе жүру және артықшылық өкілеттігі бар.

2. Заттық қүқықтардың түрлері. Осы елде қолданылатын заңдарда тікелей көзделген құқықтар ғана заттық құқықтарға жатады, яғни жеке тұлға өз еркімен заттық құқықтардың қандай да бір өзге түрлерін жасай алмайды.

Әр түрлі заң актілерінде заттық қүқықтардың осынау түйық шеңбері бірдей емес. Белгілі бір елдің құқық жүйесінде орталық институт болып табылатын меншік құқығы барлық елдердің азаматтық құқығыңдағы заттық құқықтар жүйесінде жетекші орын алады.

Сонымен қатар, кепіл, сервитут, узуфрукт құқығы секілді заттық құқықтар осы жүйеге жатады. Бұлардың бәріне ортақ нәрсе - бұл мүлік иелеріне меншік иесінің кейбір өкілеттіктеріне (әдетте иелену, пайдалану) жататын кейбір өкілеттіктерді бекітіп беретін бөтеннің мүлкіне құқық. Басқаша айтқанда, бұл меншік құқығынан туындайтын заттық құқықтар.

Заттық құқықтарды меншік қүқығына және меншік иелері болып табылмайтын адамдардың заттық қүқығына бөлу олардың негізгі жіктелуі болып табылады (АК-ның 195-бабы).

АК-ның 194 және 195-баптарында заттық құқықтардың кейбір түрлері аталған:

- шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы, жерді пайдалану құқығы, тұрғын үйге заттық құқықтар

Заттық құқықтарды екі үлкен топқа бөлуге болады: 1) меншік құқығы; 2) меншік иелері болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтары (бөтеннің мүлкіне құқық, шектеулі заттық құқықтар).

Бөтеннің мүлкіне құқықты былайша жіктеуге болады:

1) иелік (ол меншік құқығымен және пайдалану құқығымен байланыссыз, дербес сипатта болатын жағдайларда);

  1. сервитуттар;

  1. меншік иесінің мүлкімен шаруашылық жүргізу құқықтары: шаруашылық жүргізу құқығы; оралымды басқару құқығы; өз мүлкіне дербес билік ету құқығы;

  1. міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін құқықтар: кепіл құқығы; ұстап қалу құқығы;

  2. табиғатты пайдалану құқығы: жерді пайдалану құқығы; жер қойнауын пайдалану құқығы; суды пайдалану құқығы; өзге де табиғатты пайдалану құқықтары;

  1. тұрғын үй алу құқығы: тұрғын үй жалдаушының құқығы;тұрғын үйдің меншік иесі отбасы мүшелерінің осы тұрғын үйді пайдалану құқықтары; шарт бойынша немесе өсиет қалдырудан бас тартуға байланысты басқа адамға тиесілі тұрғын үйде өмір бойы тұру құқығы; кооператив мүшесінің оған кооперативтік тұрған үйді сатып алғанға дейінгі құқығы; басқа да тұрғын үй алу құқықтары;

  1. шарттардың (алдыңғы тармақтарда көрсетілгендерден өзге негізінде берілген затқа құқық: жалға алынған затқа құқық; сенімгерлік басқаруға алған затқа құқық; сақтауға алған затқа құқық; рента негізінде берілген затқа құқық; басқа шарттардың (мердігерлік және т.с.с.) негізінде берілген затқа құқық.

3. Меншік иесі емес адамдардың заттық қүқықтары. Иелену қүқығы - заттық қүкық, ол - затты иемденуді жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігін көрсетеді.

Иелену ұғымын бірнеше мағнада қолдануға болады деп ойлаймыз:

1) меншік қүқығы өкілеттіктерінің бірі ретінде.

Меншік иесінде өзінің меншік құқығын жүзеге асыру үшін оның затқа іс жүзінде үстемдігі болуы керек. «Иелену құқығы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету (АК-ның 188-бабының 2-тармағы);

2) басқа заттық құкықтардын элементі ретінде, бұл жағдайда заттын иесі оған өзімдікі деп қарамайды, меншік иесінің билігін мойындайды. Мұны рим құқығында derentiо, герман құқығында - тікелей иелену, француздар құқығында - ұстау деп атайды.

3) меншікті иеленудің кейбір тәсілдерін жүзеге асырғанда туындайтын өзінше санат ретінде, бұл жағдайда иегер затқа меншік иесі сияқты өз мүлкім деп қарайды.

Мүлікті меншік иесі болып табылмайтын, бірақ өзінің жеке қозғалмайтын мүлкіндей он бес жыл бойы, не өзге мүлікті кем дегенде бес жыл адал, ашық және ұдайы иеленген азамат немесе заңды тұлға ол мүлікке меншік құқығын (иелену мерзімін) алады, - делінген АК- 240-бабының 1-тармағында.

Яғни, меншік құқығы қозғалмайтын мүлікті 15 жыл иеленгеннен кейін пайда болады. Ал, осы 15 жыл бойы адамда қандай құқық болды? Әдетте (көп жағдайларда) мұны құқық емес, факт деп дәлелдейді. Қалай десек те, бұл үшінші жаққа қарсы заңдық қорғануды падаланатын нағыз құқық.

Иелену құқығы адамдарда қандай да бір дәрежеде туындайды және ол затты меншік иесіне бергенше немесе коммуналдық меншікке бергенше, немесе өз меншігіне айналдырғанша мына жағдайларда болады:

  • олжа болса (245-бап);

  • қараусыз жануарлар болса (246-бап);

  • көмбе болса (247-бап);

  • иесіз заттар болса (242-бап);

  • өз бетімен салынған құрылыс болса (244-бап).

4) үшінші жақтан заттық-қүқықтық қорғауды іске асырғанда туындайтын өзінше санат ретінде.

АК-да адал және адал емес иегер, заңды және заңсыз иегер жайында айтылады (15-тарау). Сонымен қатар, меншік иесі емес адамдардың заттық құқығын қорғау туралы айтылады.

Заңды тұлғалардың шаруашылық жүргізу қүқығы. Меншік құқығымен қатар ҚР азаматтық заңнамасы (АК-ның 33-бабы) заңды тұлғалардың өзінше бөлек мүліктік құқығы ретінде мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелер мен мекемелердің оралымды басқару құқығын (202-бап) қарастырады.

Шаруашылық жүргізу құқығы мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алған және бұл мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын АК-да және өзге де заң құжаттарымен белгіленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы болып табылады (АК-ның 196-бабы).

Иелену, пайдалану және билік ету құқықтарын жүзеге асырудың шектерін АК, Мемлекеттік кәсіпорын туралы Жарлық және өзге заң құжаттары белгілейді. Заңға бағынышты құжаттармен, оның ішінде ҚР Президентінің Жарлықтарымен және Үкімет Қаулыларымен бұл құқықтардың жүзеге асырылуына шектеулер белгілеуге болмайды.

Меншік иесі болып табылатын мемлекет атынан әрекет ететін мемлекеттік орган да АК-ға және басқа заң құжаттарына сәйкес жүргізе алатындардан басқа ондай шектеулерді белгілеуге құқылы емес.

Оралымды басқару құқығы - меншік иесінің қаражатынан қаржыландырылатын мекеменің және меншік иесінен мүлік алған казыналық кәсіпорынның заң құжаттары белгілеген шектерде, өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмасына және мүліктің арналымына сәйкес сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асырудағы заттық құқығы болып табылады.

Қазыналық кәсіпорындар, оларды кімнің құрғанына қарай, республикалық немесе коммуналдық қазыналық кәсіпорындар болып бөлінеді. Тиісінше, меншік иесінің оларға қатысты құқығын мемлекет атынан әртүрлі мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Оралымдық басқару құқығы шаруашылық жүргізу қүқығынан мына ерекшеліктер негізінде бөлектенеді:

  • қазыналық кәсіпорын мен мекемені ұдайы меншік иесі қаржыландырады. Шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын шаруашылық қызметінен алынған табыс есебінен өмір сұреді;

  • қазыналық кәсіпорын мен мекеме өздеріне бекітілiп берілген мүлікті және смета бойынша бөлінген қаражатқа алған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілмен оған билік етуге құқылы емес. Шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын өз табысының жұмсалу бағытын өзі анықтайды;

  • қазыналық кәсіпорын мен мекеме меншік иесінің тапсырмаларын басшылыққа алады. Шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынның меншік иесінің тапсырмалары, жалпы ереже бойынша, ол үшін міндетті болып табылмайды, егер заңнамада немесе жарғылық құқық-қабілеттілікте өзгедей көзделмесе.

Мекемеге қарағанда қазыналық кәсіпорын коммерциялық ұйым болып табылады. Яғни, қазыналық кәсіпорынның өз қызметінде көксеген мақсаты табыс табу, ал мекемеде ондай мақсат жоқ. Мекемені, әдетте, меншік иесі қаржыландырады.

Қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме және мекеме арнаулы құқық кабілеттілікке ие. Құқық қабілеттілік шегі АК-ға, өзге заң құжаттарына сәйкес анықталған, меншік иесінің ырқымен шектелген және қазыналық кәсіпорынның, мемлекеттік мекеменің, мекеменің жарғысында көрініс тапқан. Иелену, пайдалану және билік ету өкілеттігін қазыналық кәсіпорын (мекеме) өз қалауы бойынша, тек жарғылық құқық қабілеттілік шегінде жүзеге асыра алады. Бұдан мынадай тұжырым жасауға болады - егер заң құжаттарында және құрылтай құжаттарында өзгедей көзделмеген болса, меншік иесі қазыналық кәсіпорынның (мекеменің) жарғылық қызметіне араласа алады.

Меншік иесі қазыналық кәсіпорын мен мекеме үшін мүлікті пайдаланудың құқықтық режимін анықтай алады және орындалуы міндетті тапсырмалар бере алады.

Оралымды басқаруды жүзеге асырудың шектері, сондай-ақ қазыналық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің құқықтық мәртебесі АК-да және Мемлекеттік кәсіпорын туралы Жарлықта анықталған. Қазыналық кәсіпорын мен мекеменің оралымды басқару құқығыңда өзінің жарғылық қызметін жүзеге асыруы үшін ғана қажетті мүлік болады.

Қазыналық кәсіпорын мен мекеме өз меншік иесі: мемлекеттің, әкімшілік-аумақтық бөліністің, заңды тұлғалар мен азаматтардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Мемлекеттік мекеме, мекеме және қазыналық кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өз билiгіндегі ақша қаражатымен жауап береді. Қазыналық кәсіпорынның, мемлекеттік мекеменің, мекеменің меншік иесі өзі құрған қазыналық кәсіпорынның, мемлекеттік мекеменің, мекеменің өз ақша қаражатымен өтей алмаған борышына қатысты міндеттемелері бойынша жәрдемдік (қосымша) жауап береді.

Қазыналық кәсіпорынның акшалай қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша сол мекеменің немесе қазыналық кәсіпорынның меншік иесі жауап береді (АК-ның 207-бабы). Яғни, меншік иесі мекеменің немесе қазыналық кәсіпорынның борыштары бойынша субсидиялық (қосымша) жауап береді (44-баптың 1-тармағы).

Бақылау сұрақтары:

1.Заттық қүқықтардың түрлері.

2.Заттық қүқықтар үгымы.

Тақырып 14: Меншiк құқығын қорғау

Мақсаты: Заттық құқықтардың әдiсi мен нысандары туралы түсiнiктi қалыптастыру, меншiк құқығын қорғау тәсiлiнiң заттық-құқықтық мәнiн ашу.

Сұрақтар:

1 Меншiк құқығын және өзге заттық құқықтарды қорғаудың азаматтық-құқықтық

тәсiлдерi ұғымы және жүйесi.

2 Меншiк құқығын қорғаудың заттық – құқықтық тәсiлдерi.

3 Меншiк құқығын және өзге заттық құқықтарды қорғаудың мiндеттемелiк –құқықтық

тәсiлдерi.

1. Меншiк құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғау тәсiлдерi, өздерiнiң құқыты қорғау сипатына қарай, заттық-құқықтық және мiндеттмелiк болып топтасады.

Қорғаудың заттық – құқықтық тәсiлдерiнiң ерекшелiгi мынада: бұл тәсiлдер меншiк құқығы мен өзге де заттық құқықтарды абсалюттiк құқық ретiнде қорғауға бағытталған, яғни олар нақты шарттық немесе шарттан тыс мiндеттмелермен байланысты емес және бұзылған құқықтарды мына жолдармен қалпына келтiру мақсат тұтады: 1) заңсыз тартып алған заттарды қайтару; 2) бүлiнген заттарды жөндеу; 3) затты пайдалануға кедергiнi жою. Бұларыдың барлығына меншiк иесiнiң немесе өзгедей заттық құқық иесiнiң белгiлi бiр затқа иелену, пайдалану және билiк ету құқығын қалпына келтiргенде, яғни абсалюттiк құқықты қалпына келтiргенде қол жеткiзуге болады.

Меншiк құқығын немесе өзге де заттық құқықтарды қорғаудың мiндеттемелiк әдiстерiнiң ерекшелiгi сонда, мүлкi заңсыз алынған немесе бүлiнген меншiк иесiне немесе өзгедей заттық құқық иесiне мүлiктiң құны төленедi немесе бүлiнгенi өтеледi, яғни кез келген зиян – шарттан тыс мiндеттмелерден туындаған шығын төленедi.

Сонымен, қорғаудың заттық құқықтық тәсiлдерiнде мүлiк зат түрiнде қалпына келтiрiледi, ал мiндеттемелiкте – ақшалай өтеледi. Заттық құқықтық тәсiлдердi қолданудың ерекшелiгi сонда – мүлiк зат түрiнде болады, ал бүлiнген мүлi қалпына келтiрiледi, олай болмаған жағдайда меншiк құқығын немесе өзге де заттық құқықтарды қорғаудың мiндеттемелiк – құқықтық тәсiлдерi қолданады.

Меншiк құқығын және өзге де затты құқықтарды қорғаудың заттық-құқықтық тәсiлдерiне мыналар жатады: меншiк құқығын немесе өзгедей заттық құқықты тану; мүлiктi өзгенiң заңсыз иеленуiнен талап (виндикациялық талап); бұл бұзушылықтар иелiктен айырумен байланысты болмаса да меншiк құқығын немесе өзгедей заттық құқықтарды бұзуды жою (негаторлық талап).

Меншiк құқығын немесе өзгедей заттық құқықтарды қорғаудың мiндеттемелiк – құқықтық тәсiлдерiне мыналар жатады: 1) басқару органының, жергiлiктi өкiлдiк органның меншiк иесiнiң немесе өзгедей заттық құқық иесiнiң құқықтарын бұзатын, заңнамаға сәйкес емес нормативтiк-құқықтық немесе жеке актiсiнiң нәтижесiнде меншiк иесiне немесе өзгедей заттық құқық иесiне келген шығындардың орнын толтыру; 2) мемлекеттiк басқару органының, жергiлiктi басқару немесе өкiлдiк органның, не лауазымды адамның актiсiн заңсыз деп тану, сондай-ақ заңнамаға қайшы құқықтық актiнi қолданбау туралы талап қою; 3) заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша меншiк құқығы тоқтағанда оны қорғау.

2.Меншiк құқығын қорғаудың заттық – құқықтық тәсiлдерi. Мүлiктi бөтеннiң заңсыз иеленуiнен талап ету. Меншiк құқығын қорғаудың негiзгi заттық-құқықтық тәсiлдерiнiң бiрi – меншiк иесiнiң мүлiктi өзгенiң заңсыз иеленуiнен талап еиуi болып табылады. Меншiк құқығын қорғаудың бұл тәсiлi заң әдебиетiнде виндикациялық талап деген атпен кең таралған (лат. – vei vindicatio).

Виндикациялық талап дегенiмiз иеленбеушi меншiк иесiнiң жеке – белгiлi бiр мүлiктi (заты) заңсыз иелiктен осы мүлiктi iс-жүзiнде иеленушi адамға қайтару жөнiндегi шарттан тыс талабы. Виндикациялық талаптың негiзiнде алынатын жағдай сол, мүлiктiң меншiк иесiнiң иелiгiнен заңсыз алынуы, жалпы ереже бойынша меншiк құқығын тоқтатпайды, сондықтан меншiк иесi ол мүлiктi өзiнiң иелiгiне қайтаруды талап етуге құқылы. Меншiк құқығының сақталуы туралы ережеге жатпайтын бiр жағдай, ол – бұл мүлiктi адал иемденушiнiң иеленуi, одан мүлiк белгiлi бiр мән-жайларда ғана талап етiледi.

Сонымен, мүлiктi талап етуге мүлiктi меншiк иесiнiң ғана құқы бар, ол виндикациялық талап қойғанда сол мүлiктiң өзiне меншiк құқығында тиесiлi екендiгiн дәлелделуi тиiс, сонымен қатар меншiк иесi даулы мүлiктi иеленушiнiң iс-жүзiндегi иелiгiнiң заңсыз екендiгiн дәлелдеуге мiндеттi.

Виндикациялық талап қоюдың қажеттi шарттарының бiрi, ол – меншiк иесiнiң сол талап қойылған мүлiктi iс-жүзiнде иеленуден айырылуы. Егер, меншiк иесiнiң қарамағындағы мүлiкке меншiк құқығын иеленуге үшiншi бiр адам таласса, не үшiншi адам меншiк иесiнiң өз мүлкiн пайдалануына не соған билiк етуiне кедергi келтiрсе, ал мүлiк бәрi бiр меншiк иесiнiң иелiгiнде болса, онда меншiк құқығын қорғау үшiн басқа тәсiлдер қолданылады, мысалы, құқықты тану туралы талап, меншiк иесiнiң құқығын иелiктен айырумен байланысты емес бұзулардан қорғау туралы талап.

Бөтен мүлiктi заңсыз және iс жүзiнде еленушi адам виндикациялық талап бойынша жауапкер болып табылады. Заңсыз иелену дегенiмiз мүлiктi қандай да бiр құқықтық негiздерсiз iс жүзiнде иемдену. Мысалы, егер қандай да бiр адам мүлiктi өз бетiмен иеленсе – ұрлап алса, олжаны сiңiрiп кетсе, т.б. Мүлiкке билiк етуге құқығы жоқ адамнан алынған мүлiк те, ол жайында иеленушiнiң бiлген-бiлмегенiне қарамастан, заңсыз иеленгендiк деп танылады. Яғни, заңсыз иелену заңсыз иеленгеннiң әрекеттерiнiң айыптылығымен байланысты емес, онда заңсыз иеленудiң объективтiк сипаты сипаты болса жеткiлiктi.

Бөтеннiң заңсыз иелiгiнен тек жеке-белгiлi бiр мүлiктi ғана талап етуге болады, ол заттық құқықтық мәнiнен туындайды – себебi, заттық құқық тек жеке белгiлi бiр заттарға ғана қатысты болады. Сонымен қатар, тектiк белгiлерiмен анықталатын заттарды да талап етуге болады, егер олар сол тектiң өздерiн жеке дараландыра алатын заттарынан қажеттi шекте бөлiнiп алынған болса, мысалы, олар контейнерде немесе басқа ыдыста болса, өзiнше бөлек бумада дараланса және сол тектiң заттарымен араласпаса. Егер бұл заттар сол тектiң заттарымен араласып кетiп, меншiк иесiнiң нақты затын бiртектi заттардан бөлiп алу мүмкiн болмаса, онда оларды виндикациялау да мүмкiн емес, себебi, бұл ретте меншiк құқығы не жоғалады, не барлық бiртектi мүлiкке ортақ меншiк болып өзгередi. Соңғы жағдайларында мешiк иесi өз мүлкiн талап етуге құқылы емес, бiрақ қорғанудың шығынды өтеу, алынған табысты қайтару, т.б. түрiндегi мiндеттемелiк – құқықтық тәсiлдерiн қолдануға құқылы.

Виндикациялық талапты қолдану үшiн талап етiлген мүлiктiң заттай сақталуы және iс-жүзiнде басқа адамның иелiгiнде болуы қажет. Егер мүлiк жойыоған, өңделген болса, өзiнiң алғашқы арналымын өзгертсе немесе толықтай жұмсалса, ондай мүлiкке меншiк құқығы тоқтайды және оны талап ету мүмкiн емес. Бұл жағдайда жойылған, өңделген немесе жұмсалған мүлiктiң меншiк иесi шығындарды төлету, түпкiлiктi байымай қалғанын төлету және т.б. үшiн қорғанудың мiндеттемелiк тәсiлiн қолдануға құқылы, бiрақ ол бұл мүлiктi талап ете алмайды, виндикациялық талапты қолданыла алмайды. Мүлiк өңделген, бiрақ өзiнiң бастапқы арналымын жоғалпаған кейбiр жағдайда, меншiк иесi, жалпы ереже бойынша, мүлiктi жақсартуға кеткен шығынды иеленушiге төлеп, сонан соң оны талап етуге құқылы. Мүлiк жарым жартылай жұмсалған жағдайда да иесi, жалпы ереже бойынша, қалғанын талап етуге құқылы, ал жұмсалған бөлiгiне қатысты шығынды өндiрiп алу жөнiнде қорғанудың мiндеттемелiк тәсiлдерiн қолданыла алады, бiрақ оны заттай талап ете алмайды.

Мүлiктi бөтеннiң заңсыз иелiгiнен қайтару туралы талапта шарттан тыс сипат бар, ол үшiншi жақтарға меншiк құқығын бұзбау жөнiнде пәс мiндет артатын абсалюттiк құқықтық мәнiне негiзделген. Егер меншiк иесi мен iс жүзiнде иелнушi даулы зат жөнiнде бiрiмен бiрi шарттық немесе салыстырмалы – белгiлi мiндеттемелiк құқық қатынастарымен байланысты болса (мысалы, бiр мұрагердiң нақты бiр затты бiреуi туралы екiншi мұрагерге талабы, сатушының саудаласу заты және оны сатып алушыға беру жөнiндегi сатып алушыға талабы, жалға берушiнiң жалдау затын қайтару жөнiндегi жалдаушыға талабы, т.б.), онда дау шарт немесе өзге мiндеттемелiк құқыққа қатынастары туралы тиiстi нормаларымен шешiлуi тиiс және қорғаудың заттық-құқықтық емес, мiндеттмелiк әдiстерi қолдануы тиiс.

Мүлiктi бөтеннiң заңсыз иелiгiнен қайтару туралы талапқа, бұл талаптың жеке немесе мемлекеттiк меншiкке қатысты мәлiмделiгiне қарамастан, талап көнелiгiнiң жалпы үш жылдық мерзiмi таралады.

Меншiк иесiнiң өз мүлкiн талап ету құқығы бұл мүлiктi заңсыз иеленушiде иелiктiң туындауының ақылы немесе ақылсыз сияқты негiздерiне көп байланысты. Мүлiк заңсыз иеленушiнiң иелiгiне ақылсыз келiп түссе (ұрланған, табылған, меншiк иесi емес және оған құқығы жоқ адам сыйлаған, т.б.) ондай жағдайлардың бәрiнде меншiк иесi талап етуге құқылы. Мүлiк заңсыз иеленушiнiң иелiгiне ақылы келiп түссе талап ету мүмкiндiгi белгiлi бiр шарттар мен шектеледi.

Иелiктен айырумен байланысты емес бұзушылықтардан мешiк құқығын қорғау. Қорғаудың құқықты тану және мүлiктi бөтеннiң заңсыз иелiгiнен талап ету сияқты тәсiлдерiмен қатар, заттық құқықтық тәсiлдерге мүлiктiң меншiк иесiнiң өз құқығын қандай да бiр бұзушылықтан, ол иелiктен айырумен байланысты болмаса да, қорғауды талап етуiн жатқызуға болады. Меншiк құқығын қорғаудың бұл тәсiлi заң әдебиетiнде негаторлық талап деген атпен кең таралған. Меншiк құқығын меншiк иелiгiнен айырумен байланысты емес бұзушылықтардан қорғау талабы сияқты заттық – құқықтық тәсiлдiң мәнi меншiктенудегi негiзгi мақсаттардың бiреуiн қорғауға бағытталған, ол –меншiктi меншiк иесiнiң мұқтаждығын тiкелей қанағаттандыру үшiн пайдалану және /немесе оған меншiк иесiнiң қалауы бойынша билiк ету.

Меншiк иесiнiң иелiктен айырумен байланысты емес бұзушылықтарды жою туралы талабы шарттан тыс талаптарға жатады және абсолюттiк құқықты жүзеге асыруға кедергi келтiрмеу жөнiнде үшiншi жаққа пәс мiндет жүктейтiн абсалюттiк құқықтық мәнiнен туындайды.

Қорғаудың заттық құқықтық тәсiлi ретiнде қаралып отырған бұлталап меншiк иесi мен құқық бұзушы шарттық немесе өзгедей салыстырмалы белгiлi бiр (мiндеттемелiк) қатынастармен байланысты емес және жасалған құқық бұзушылық субъективтiк меншiк құқығының тоқтатуына әкеп соқпаған жағдайларда ғана қойылуы мүмкiн. Олай болмаған жағдайда қорғанудың өзге мiндеттемелiк құқықтық тәсiлдерi қолданылады, олар не меншiк құқығын қорғаудың мiндеттемелiк құқықтық тәсiлдерiне, не мiндеттеменi бұзушылықтан қорғау тәсiлдерiне, не зиян келгенде қорғау тәсiлдерiне, түпкiлiктi байымай қалғанын өндiрiп алуда құқықты қорғау тәсiлдерiне, не азаматтық субъективтiк құқықтарды қорғаудың басқа түрлерiне жатады.

Иелiктен айыруымен байланысты емес құқық бұзушылықты жою туралы талапты қою үшiн мүлiктiң меншiк иесiнiң иелiгiнде болуы шарт. Негаторлық талап қойғанда меншiк иесi иелiктi қалпына келтiрудi мақсат тұтпайды, себебi мүлiк өзiнiң иелiгiнде болады, ал оның мақсаты өзiнiң сол мүлiктi пайдалану немесе өған билiк ету құқығын қалпына келтiру. Мүлiк меншiк иесiнiң иелiгiнен кетiп қалған немесе меншiк иесi иелену құқығын қалпына келтiрудi мақсат тұтқан жағдайларында негаторлық емес, виндикациялық немесе өзгедей талап қойылады.

Меншiк құқығын иелiктен айырумен байланысты емес бұзушылықты жою туралы талап қюдың қажетi шарттарының бiрi – құқық бұзушылықтың созылмақ сипаты. Меншiк құқығының иелiктен айырумен байланысты емес бұзушылықты жою туралы талап меншiк иесiнiң өз мүлкiне билiк ету және оның пайдалану өкiлеттiгiн жүзеге асыруына үшiншi жақ тарапынан кедергi келтiрiлген құқық бұзушылық тоқтаған жағдайда меншiк иесiнiң құқығы басқа тәсiлдермен қорғалады, атап айтқанда, меншiк иесiнiң өз мүлкiн пайдалану немесе оған билiк ету құқығын жүзеге асыруына кедергi келтiрiлген үшiншi жақтың заңсыз әрекеттерiнен туындаған зиянды өтеу тәсiлдерiмен. Иелiктен айырумен байланысты емес бұзушылықтарды жою туралы талап құқық бұзушылықтың ұзаққа созылуымен байланысты қойылатындықтан, оған ескеру мерзiмi таралмайды.

Иелiктен айрыуымен байланысты емес құқық бұзушылықты жою туралы талап, әдетте, сондай бұзушылықтан келген шығынның (зиянның) орнын толтыру туралы талаппен бiрге қойылады.

3. Меншiк құқығын және өзге заттық құқықтарды қорғаудың мiндеттемелiк –құқықтық тәсiлдерi. Меншiк иесiнiң немесе өзге заттық құқық иесiнiң құқықтарын қорғаудың мiндеттемелiк құқықтық тәсiлдерi әрқилы болып келедi. Әдетте, қорғанудың мұндай тәсiлдерi меншiк иесiнiң немесе өзге заттық құқық иесiнiң құқықтарын қорғағанда емес, сонымен қатар,азаматтар мен заңды тұлғалардыңкез келген мүлiктiк құқықтары мен мүдделерiн қорғағанда да қолданады (мысалы, азаматтық құқықтарды қорғаудың меншiк иесiнiң мүлкiне келген шығынды өтеуге қатысты тәсiлдерi; мәмiленi, меншiк құқығын немесе өзге де заттық құқықты тоқтатудың негiзгi ретiнде заңсыз деп тану және т.б.)

Сонымен қатар меншiк иесiнiң және өзге заттық құқық иесiнiң құқықтарын қорғаудың кейбiр ерекше мiндеттемелiк – құқықтық тәсiлдерi бар, олар заттық құқықтық тәсiлдерiмен қатар меншiк құқығын және өзге заттық құқықты қорғаудың мiндеттемелiк-құқықтық (мiндеттемелiк) тәсiлдерiне жатады.

Мысалы меншiк құқығын немесе өзге заттық құқықты қорғаудың мiндеттмелiк құқықтық тәсiлдерiне қорғаудың мемлекеттiк басқару органдары мен лауазымды адамдардың меншiк иесiнiң немесе өзге заттық құқық иесiнiң құқығын бұзатын актiлерiн заңсыз деп тануға және мұндай актiлерден келген шығынның орнын толтыруға бағытталған тәсiлдерi жатады.

Меншiк құқығын және өзге заттық құқықты қорғаудың бұл тәсiлi АК-ның 9-бабында бекiмiн тапқан азаматтық құқықтарды қорғау туралыережелердiң жалғасы болып келедi. Мемлекеттiк басқару органдары мен лауазымды адамдардың меншiк иесiнiң немесе өзгедей заттық құқық иесiнiң құқықтарын бұзатын актiлер заңсыз деп тану сот тәртiбiнде жүзеге асырылады. Меншiк құқығын немесе өзге заттық құқықты бұзатын актiнi заңсыз деп тану туралы талап қою құқығы меншiк иесiне немесе өзге заттық құқық иесiне берiлген. Ондай актiнi сот заңсыз деп таныған жағдайда оны қандай да бiр қосымша бұзудың қажетi жоқ, ол ары қарай қолдануға жатпайды.

Сонымен қатар, меншiк құқығын қорғаудың мiндеттемелiк тәсiлiне меншiк құқығын сол заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша қорғау жатады, мұндай қорғау осы актiнi шығарудан меншiк иесiне келгген шығынды толық көлемде тiкелей төлету арқылы жүзеге асырлады. Меншiк құқығын қорғаудың бұл тәсiлiнiң ерекшелiгi сонда – бiрiншiден, шығынның орнын толтыру жөнiндегi мiндеттменiң туындауына заңды әрекет – заң актiсiн қабылдау негiз болады, екiншiден, мемлекеттiк мiндеттi тұлға болады. Заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша меншiк құқығы тоқтағанан кейiн шығынды өтеу туралы туындаған дауларды сот шешедi, ол шығынды анықтау тәртiбiн, шығынның орнын толтыру тәртiбi мен мерзiмiн және басқа қажетi мәселелердi белгiлейдi, егер бұл мәселелер меншiк құқығының тоқтатуына негiз болған заң актiсiнде, не осы мәселелердi реттейтiн арнайы заң актiсiнде анықталған болмаса

Бақылау сұрақтары:

1.Меншік құқығын тану.

2.Алдап алушыдан мүлікті талап етіп алдыру.

Тақырып 15: Мiндеттеменің ұғымы мен міндеттемедегі тараптары

Мақсаты: Азаматтық-құқықтық мiндеттемелердiң мәнiн ашу.

Сұрақтар:

1 Міндеттеме ұғымы.

2 Міндеттемелердің түрлері.

3 Міндеттеменің қатысушылары. Міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы.

4 Міндеттеменің туындау негіздері.

1. Міндеттеме ұғымы. Мiндеттемелiк құқықтың ерекшелiгi сол - ол коғамдағы калыпты қатынастарды да, сонымен катар қандай да бiр қатынастардың (қорғаушы мiндеттемелер, мiндеттеменi орындамағандық үшiн жауапкершiлiк, мiндеттеменi қамтамасыз ету) бұзылуын да реттейдi.

«Міндеттеме» ұғымы әртүрлі мағнада пайдаланылады: 1) құқық қатынасы; 2) борыш, міндет; 3) осы міндет көрсетілген құжат (қолхат, квитанция, вексель, чек, облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттеме).

АК-ның 268-бабында міңдеттеме құқықтық қатынастар ретінде беріледі: «Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышкерден өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышкерден атқарылғанды қабылдауға міндетті».

Міндеттемелік құқық қатынастарының негізгі ерекшеліктері, экономикалық тұрғыдан алғанда, еңбектің мүліктік нәтижелерінің ауысуынан туындайды (өндіріс өрісінен айналым өрісіне, ол арқылы тұтыну өрісіне ауысуы).

Егер өндіріс өрісінде сатып алу-сату ресімделсе, онда мүлік, еңбек нәтижесі ретінде өндіріс өрісінен айналым өрісіне, сонан соң қайтадан өндіріс өрісіне ауысады. Егер халық тұтыну тауарларын сатып алу-сату жүргізілсе, онда мүлік айналым өрісі арқылы өндіріс өрісінен тұтыну өрісіне ауысады. Мүліктің өндіріс өрісінен айналым және тұтыну өрісіне ауысуымен байланысты барлық қатынастар міндеттемелік қатынастар болып табылады.

Осыдан барып міндеттемелік қатынастардың ерекшеліктері және олардың басқалардан айырмашылығы туындайды:

1) міндеттеме – мүліктік емес азаматтық құқықтық қатынастармен салыстырғанда мүліктік құқық қатынастары болып табылады;

2) егер заттық құқық қатынастары үшін материалдық игіліктердің берілгендігін бекіту керек болса, міндеттемелік үшін - иеленіп қойған материалдық игіліктердің ауысуын бекіту керек, сондықтан заттық құқық қатынастарда тұрақтылық, ал міндеттемелік қатынастарда - жылжымалық сипат бар;

3) бұдан заттық құқық қатынастарындағы міндетті тұлғалардың пәс мінез-құлқы (заттық құқықтарды бұзбау міндеті) және міндеттемелік құқық қатынастарындағы міндетті тұлғалардың белсенді мінез-құлқы (борышкердің несие берушінің пайдасына нақты әрекеттер жасау міндеті) туындайды;

4) міндеттемеде құқық берілген адамға нақты міндетті адам қарсы тұрады (құқық қатынастарының салыстырмалы сипаты), ал заттық құқық қатынастарында құқық берілген адамға анықталмаған міндетті адамдар қарсы тұрады (құқық қатынастарының абсолюттік сипаты);

5) міндеттемеге заттық құқықтармен, бәрінен бұрын меншік құқығымен, тығыз байланыста болу тән. Міндеттемелік құқық қатынастар заттық құқықтық қатынастардың туындысы және олармен өзара байланысты. Міндеттемелік заттық құқықтық қатынас, туыңдаған кезде заттық қатынастардың болуын, көздейді, ал ол өз тарапынан міндеттемелік құқық қатынастарының дамуының заңдық нәтижесі болып табылады. Сатып алу-сату меншік құқығының болғандығын көздейді (шаруашылық жүргізу, оралымды басқару), сонымен қатар, сатып алу-сату нәтижесінде меншік құқығы пайда болады. Яғни, міндеттеменің көмегімен меншік құқығының немесе басқа заттық құқықтардың ауысуы болады.

Міндеттеменің жоғарыда келтірілген нышандарына сүйеніп оған анықтама беруге болады: міндеттеме дегеніміз - мүліктік салыстырмалы азаматтық құқықтық қатынас, оған сәйкес бір тарап (борышкер) екінші тараптың (несие берушінің) пайдасына мүлікті беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету жөнінде белгілі бір әрекет жасауға не белгілі бір әрекеттен бас тартуға міндеттенеді.

Міндеттеме субъектісі болып саналатын тараптар: борышкер және несие беруші. Міндеттеме, әдетте, көпжақты емес, екіжақты болып келеді. Егер бірнеше борышкер немесе бірнеше несие беруші болса, ол міндеттемедегі адамдардың көптігін білдіреді, бірақ бәрі бір бұл жерде екі тарап бар.

Міндеттеменің мазмұны оның тараптарының құқықтары мен міндеттерін құрайды. Құқық берілген тарапқа тиесілі субъективтік құқықты талап ету құқығы деп, ал міндетті жақта жатқан міндетті - борыш деп атау қабылданған.

2. Міндеттемелердің түрлері. 1) Міндеттемелерді олардың негіздері бойынша топтастыру міндеттемелік құқықтың құқықтық институттарын шарттық және шарттан тыс деп топтастырумен сәйкес келеді, ол жайында бұрындары айтылған. Бұл тарауда міндеттемелік құқық қатынастарын өзге негіздемелер бойынша топтастыру келтіріледі, ал олар міндеттемелік құқық жүйесінде құқық институттарын бөлумен сәйкес келмейді, бірақ топтастырудың неғүрлым ортақ негіздеріне сүйеніп тұрғызылады.

2) Құқықтар мен міндеттердің ара қатынастары бойынша міндеттемелер былайша бөлінеді:

- біржақты - міндеттеменің бір тарапында тек құқық болады, ал екінші жағында – тек міндеттер (заем, зиян келтіру);

- өзара немесе екіжақты - міндеттеменің әрбір қатысушысында құқық та, міндеттеме де бар, яғни олар борышкердің де, несие берушінің де рөлінде болады (АК-ның 269-бабының 3-тармағы). Мысалы, сатып алу-сату шартында сатушы тауарды беру міндеттемесі бойынша борышкер және тауарға ақша төлеу мiндеттемесі бойынша несие беруші; ал, сатып алушы - керісінше.

3) Орыңдау нысанының анықтылығы тұрғысынан міндеттемелер былайша бөлінеді:

- белгілі бір мазмұндағы міндеттемелер - дағдылы және көп таралған;

- балама міндеттемелер - борышкер өзі жасауға тиісті бірнеше әрекеттердің ішінен біреуін тандауға құқылы. Мысалы, өсиет қалдырушы мұрагерге бас тартылғанды пәтермен қамтамасыз ету, немесе оның жалдаған пәтері үшін белгілі бір уақыт бойы ақы төлеп тұру құқығын береді. Зиян келтірудегі міндеттемеде борышкер зиянның орнын заттай толтыруға, немесе келген шығынды толық төлеуге міндетті;

- факультативтік міндеттемелер - борышкер белгілі бір әрекет жасауға міндетті, ал ол мүмкін болмаса - басқа әрекет жасайды. Мысалы, борышкер несие берушіге автомобиль беруге міндетті, бірақ ол оны қандай да бір себептермен жасай алмаса, автомобильдің құнын төлеуге немесе сондай мүлік беруге тиіс.

Кейде альтернативтік және факультативтік міндеттемелер арасындағы айырмашылық байқалмайды, дегенмен ол бар. Көбіне, ол, орындау нысаны кездейсоқ жойылғанда пайда болады. Мысалы, автомобиль кездейсоқ жойылса оның салдары әртүрлі болады: альтернативтік міндеттемеде (не автомобиль, не ақша) ақша төлеу міндеті қалады; факультативтік міндеттемеде (автомобиль, егер ол болмаса - ақша) міндеттеме тоқтайды, себебі факультативтік орындау нысанының тағдыры түгелдей негізгі заттың тағдырына байланысты.

Бір-бірімен өзара байланысының сипатына қарай міндеттемелер басты және қосымша (акцессорлық) болып бөлінеді. Мысалы, түрақсыздық айыбын төлеу міндеті негізгімен салыстырғанда акцессорлық міндеттемеге жатады. Акцессорлық міндеттеме негізгімен тығыз байланысты, негізгі міндеттеме тоқтағанда ол да тоқтайды.

4) Міндеттеме нысанының сипаттамасына қарай олар бөлінетін (бөліп орындауға болатындар - заем, дайындап жеткізу) және бөлінбейтін (бөліп орыңдауға болмайды, мысалы - үй құрылысы, сурет салу, т.б.) деп бөлінеді.

Борышкердің жеке басымен байланыс бойынша жеке сипаттағы міндеттеме туындайды, оның борышкердің жеке басымен байланысы соншалықты тығыз, оны басқа адамға тапсыруға тыйым салынған, борышкердің өзі ғана орындайды. Борышкердің немесе несие берушінің қайтыс болуына (заңды тұлғалардың тарауына) байланысты бұл міндеттемелер тоқтайды. Мысалы, ғалымның ғылыми мақала жазу жөніндегі ғылыми журнал алдындағы міндеттемесі. Қатынастардың жеке-сенімдік сипаты кепілдік шарттарына, сенімгерлікпен басқару, жай серіктестік шарттарына, толық серіктестіктердегі қатынастарға және т.б. тән.

3. Міндеттеменің қатысушылары. Міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы. Әдебиетте, әдетте, міндеттеменің субъектілері ретінде міндеттеменің тараптарын (борышкер мен несие берушіні) қарастырады. Бірақ, қазіргі қоғамда азаматтық-құқықтық қатынастардың өзара шытырман байланыстылығынан үшінші жақтың бұл қатынастардағы рөлі артуда. Көбіне олар міндеттеменің мазмұнына әсер етеді, оның құқықтық мәнін анықтайды.

Міндеттемеге қатысушылар: міндеттеменің тараптары (борышкер және несие беруші); үшінші жақ.

Міндеттемедегі тұлғалардың көптігі. АК-ның 286-бабында былай делінген: «Егер міндеттемеге бірнеше несие беруші немесе бірнеше борышкер қатысса (адамдар көп болған міндеттеме), несие берушілердің әрқайсысы міндеттемені орындауды талап етуге құқылы, ал борышкерлердің әрқайсысы заңдардан немесе міндеттеме шарттарынан өзгеше туындамайтындықтан, басқалармен тең үлесте орындауға міндетті (үлесті міндеттеме)".

Адамдар көптiгi болғанда міндеттеме үлесті және ортақтасқан болып бөлінеді. Жалпы ереже ретінде үлесті міндет пен үлесті талап белгіленеді, ол теңдей үлес принципінен шығады. Мысалы, белсенді көптік міндеттемелерінде (бірнеше несие беруші - бір борышкер), жалпы ереже бойынша әрбір несие беруші борышкерден бірдей үлесте орындауды талап етуге құқылы. Өз орындау бөлігін алған несие беруші (жоғарыдағы мысалда - үйдің өз бөлігіне қоныстанған) міндеттемеден шығып қалады, ал борышкер басқа несие бергендер алдындағы міндетін орындауды жалғастырады (үйдің басқа бөліктеріне қоныстандыру үшін босату). Пәс көптіктің міндеттемелерiнде (бір несие беруші - бірнеше борышкер) міндеттемедегі өз бөлігін орындаған борышкер де (ортақ үйдің өзі тұрған бөлігін босатқан) міндеттемеден шығып қалады. Бірақ соңғысы басқа борышкерлердің міндеттерін орындауы тұрғысынан сақталады (үйдің олар тұратын бөліктерін босату). Сонымен, несие беруші борышкерге басқа борышкерлердің орындамағандығына байланысты қандай да бір талап қоюға құқылы емес, бір несие берушіге мiндеттеменің, бөлігін орындаған борышкер қалған несие берушілерге неге орындау жасалмағаны жайында есеп беруге тиіс емес.

Ортақтас міндеттемеде несие беруші орындауды өз қалауы бойынша кез келген борышкерден талап етуі мүмкін. Субсидиялық міндеттемеде субсидиялық борышкерге талап мұндай талап негізгі борышкерге қойылғаннан кейін қойылуы мүмкін, егер негізгі борышкер талапты толықтай немесе жарым жартылай қанағаттандырмаған болса. Бұл айырмашылықтар кепіл болушылық және кепілдік үғымдарының арасын ашқанда анық байқалады, себебі олардың негізіне жауапкершіліктердің сипаты алынады. Кепіл болушы субсидиялық, ал кепілші - ортақтас жауап береді (АК-ның 329-336 баптары).

Үшінші жақтың міндеттемеде алатын орыны ерекше. Үшінші жақты міңдеттеме шеңберіне кіргізу олардың міндеттемелердің туындау, орындалу және тоқтау процесіндегі алатын ерекше рөлімен байланысты. Үшінші жақтың маңыздылығының арқасында азаматтық құқықта үшінші жақ қатысатын міндеттемелер көзделген.

Міндеттеме тараптарының біреуіне міндеттемелер немесе өзге де құқық қатынастары арқылы байланысты жақтар үшінші жақтар деп саналады (АК-ның 270-бабының 2-тармағы).

Регрестік міндеттеме. Басқа адамның міндеттемесін орындаған борышкер орындалған міндеттеменің мөлшерінде сол адамға кері талап (регресс) қоюға құқылы.

Үшінші жақтын әрекеттері салдарынан міндеттемені орындамаған борышкер сол жақтың шығынды төлеуін талап етуге құқылы (АК-ның 289-бабының 1-тармағы).

Регрестік міндеттеме үшінші жақтар қатысатын міндеттемелердің бір түрі болып табылады. Регрестік құқықты, тағы да, кері талап құқығы, ал регрестік міндеттемені - кері міндеттеме деп атайды.

4. Міндеттеменің туындау негіздері: бұл - заңдық фактылар, яғни құқық нормалары олармен құқықтық қатынастардың туындауын, өзгеруін немесе тоқтауын байланыстыратын мән-жайлар. Заңдық фактылар әрекеттерге (саналы және адамның еркімен жасалынатын) және оқиғаларға (адамдардың ықтиярынсыз болатын, мысалы, баланың тууы, табиғи құбылыстар) бөлінеді.

Әрекеттер занды және заңсыз болып бөлінеді. Барлық заңды әрекеттер заңдық актілерге және қылықтарға топтастырылады. Заңдық актілер, олар - қандай да бір заңдық салдарларға жетуге бағытталған әрекеттер (мысалы, мәмілелер, әкімшілік актілері). Заңдық қылықтар, олар - адамдардың ниетіне байланыссыз заңдық салдарлардың туындауына алып келетін әрекеттер (мысалы, автордың өз шығармасын жариялауы).

271-бапқа сәйкес міндеттеме шарттан, зиян келтіруден немесе 7-бапта көрсетілген өзге де негіздерден туындайды. Міндеттеме туындауының мынадай маңызды негіздерін атауға болады: 1) шарт; 2) әкімшілік акт (заңды әрекеттер); 3) зиян келтіру (деликттер) және басқа заңсыз әрекеттер; 4) интеллектуалдық мешіктің әртүрлі объектілерін құру және пайдалану; 5) азаматтар мен эаңды тұлғалардың өзге әрекеттері; 6) оқиға.

Тақырып 16: Міндеттеменің орындалуы

Мақсаты: Мiндеттемелердi орындаудың негiзгi қағидаларын қарастыру.

Сұрақтар:

1 Міндеттемені орындау ұғымы және оның принциптері.

2 Міндеттемені орындау нысаны.

1. Міндеттемені орындау ұғымы және оның принциптері. Міндеттемені орындау - борышкердің несие беруші өзінен талап етуге құқылы әрекетті жасауы (немесе әрекеттен тартынуы). Бұл әрекеттің нақты сипаты орындалуға жататын міндеттеменің түріне байланысты (тауарларды беру, жұмыс жасау, қызмет көрсету, шығынды өтеу жене т.б.) Әрекеттен тартыну орындалуы әрқашан да белсенділікті керек ететін міндеттемелерге тән емес. Мысал ретінде автордың басқа баспаға қолжазбасын өткізбеу міндетін келтіруге болады. Сондықтан да, авторлық шартты орындаудың мазмұнына қолжазбаны басқа баспаға беру әрекетінен тартыну кіреді. Принциптер: 1) тиісінше орындалу принципі - тиісті борышкердің, тиісті несие берушіге, тиісті мерзімде, тиісті орында, тиісті затқа қатысты және тиісті тәсілмен орындауы; 2) нақты орындау принципі - залалдың өтелгендігіне қарамастан міндеттемені заттай орындау керектігінде (яғни, міндеттеменің нысаны болып келетін сол әрекеттерді жасау).

2. Міндеттемені орындау нысаны - борышкер міндеттемеге сәйкес несие берушіге беруге, орындауға немесе көрсетуге тиісті зат, жұмыс немесе қызмет. Нысанға қойылатын тиісінше талап сапа және сан ұғымы арқылы көрініс табады. Сапа шартқа сәйкес анықталады. Егер ол затқа мемлекеттік стандарттар немесе техникалық шарттар болса, онда сапа Госттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес, егер болмаса - әдетте қойылатын талаптарға сәйкес анықталады.

Орындау нысаны, бұл - мүлік (АК-ның 115-бабы). Бірінші кезектегі орындау нысаны - зат. Мысалы, жеке-белгілі бір зат жайында 355-бапта айтылған. Заттардың айрықша түрі болып табылатын орындау нысаны ретінде АК-да ақша алынған (282-бап). Орындау нысаны зат емес мүліктер де, атап айтқанда, міндеттемелік құқық та, интеллектуалдық меншік те болуы мүмкін. Орындау нысаны өзіне затты да, талап қою құқығын да, борыштарды да, интеллектуалдық меншікті де (айрықша құқықты) қамтитын мүліктік кешен болуы мүмкін. Сөз мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорын жайында болып отыр (119-бап).

Міндеттемені орындау процесіндегі өте маңызды мәселе - орындау мерзімі және орны. Міндеттемелер орындалу мерзімі анықталған және орындалу мерзімі талап етілетін кезбен анықталған болып бөлінеді.

Бақылау сұрақтары:

1.Міндеттеме ұғымы.

2.Міндеттеменің қатысушылары.

3.Міндеттемелердің түрлері.

Тақырып 17: Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету

Мақсаты: Мiндеттеменi қамтамасыз ету тәсiлi түрлерi мен мәнiн сипаттау.

Сұрақтар:

1 Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері үғымы және олардың түрлері.

2 Міндеттемені қамтамасыз ету тәсілдерін сипаттау.

1. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері үғымы және олардың түрлері. Азаматтық құқықта міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін тәсілдерге заңда немесе шартта көзделген, борышкердің міндеттемені тиісінше орындауына ынта беретін және несие берушінің мүдделерін қорғауды жеңілдететін, мүліктік сипаттағы арнаулы шаралар жатады. Бұл шаралар, әдетте, мына мақсаттарды көздейді:

  • борышкердің жауапкершілігінiң ауқымын ұлғайту және залалдың барлық мөлшерін немесе оның бір бөлігін өндіруді оңайлату - бұл шараларға мерзімді өткзіп алғандық үшін өсімақы немесе міндеттемені орындамағаңдық немесе тиiсінше орындамағандық үшін айыппұл жатады;

  • борышкердің жауапкершілігін үшінші жаққа тарату және оларды орындауға жауапты адамдар қатарына тарту - бұл шараларға, атап айтқанда, кепілдік және кепілдік беру жатады;

  • несие берушіге белгілі бір заттар есебінен өз талаптарын артықшылықпен қанағаттандыруға құқық беру («адамға емес, заттың құнына сенемін») - бұл шараларға, мысалы, кепіл зат жатады;

  • борышкер міндеттемені орындаудан бас тартқан жағдайда несие берушінің қайтарылмайтын аванс алуы - бұл шараларға кепілақы мен кепілдік жарна жатады;

  • борышкердің қарсы, әдетте, ақшалай міндеттемені орындағанына дейін несие берушінің затты немесе өзге мүлікті беру жөніндегі міндеттемені орындамауына құқық беру - бұл шараларға мүлікті ұстап қалу жатады.

Мміндеттемені қамтамасыз ету тәсілдерінің тізбесі АК-ның 292-бабының 1-тармағында тұрақсыздық айыппұл, кепілзат, кепілдік, кепілдік берушілік, кепіл немесе мүлікті ұстап қалу сияқты дәстүрлі тәсілдермен шектелмейді. Борышкерді міндеттемені тиісінше орындауға ынталандыратындардың барлығы, сөзсіз, егер заңды болса, міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдеріне жатады. Аталған дәстүрлі тәсілдермен қатар міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің басқа да көптеген конструкциялары болуы мүмкін, олар қамтамасыз етуші шаралар ретінде заңнамада әдейі көзделуі де (мысалы, кепілдік жарна, қаржыландыру шарты бойынша ақша талабынан қайту туралы жағдайды пайдалану), заңнамада көзделмей шартта белгіленуі де мүмкін.

Міндеттемені қамтамасыз ету тәсілдері, жалпы ереже бойынша, қамтамасыз етілетін міндеттемеге қатысты қосымша (акцессорлық) болып табылады, яғни оның заңдылығына және заңдық күшіне тәуелді болып келеді. Бірақ бұған банк кепілдігі жатпайды, оның қамтамасыз етілетін міндеттеменің заңдылығына тәуелсіздігі заңдастырылған, бұл банк кепілдігін берудің кәсіпкерлік сипатына және соған ілеспе кәсіпкерлік қауіпке негізделген.

Несие берушінің борышкердің міндеттемені орындамағаны үшін жауаптылығының азаматтық-құқықтық принциптеріне негізделген, міндеттеменің бұзылуынан келген залалды борышкер мүлкі есебінен өндіріп алу құқығына қарағанда міндеттемелерді қамтамасыз ету жөніндегі арнаулы шараларды қолдану өзінен өзі болмайды. Міндеттемелерді қамтамасыз ету жөніндегі жалпы ереже қамтамасыз етуші шараларды қолдану мүмкіндігін ғана қарастырады. Қандай да бір міндеттеме қандай да бір нақты тәсілмен қамтамасыз етілуі үшін тараптардың келісімі немесе заңның арнайы міндеттеуі керек. Бұл ретте, міндеттемені қамтамасыз етудің кейбір тәсілдері заңнамада да, тараптар келісімінде де (мысалы, кепіл зат, тұрақсыздық айыппүл, мүлікті ұстап қалу), кейбіреулері - тек тараптар келісімінде (мысалы, кепілақы) көзделуі мүмкін.

Міндеттемені қамтамасыз етудің кейбір тәсілдері (тұрақсыздық айыппүлы, кепілақы) бір жағынан заңдық жауапкершілік шаралары да болып табылады, себебі олар міндеттемені орындамаған немесе тиісінше орындамаған адамға қосымша мүліктен айырылуды (ауыртпалық) жүктейді, ол сөзсіз және тікелей міндеттемені орындамаудан туындайды. Басқалары (кепіл зат, мүлікті ұстап қалу, кепілдік және т.б.) жауапкершілік шараларына жатпайды, себебі оларды қолдану олардың туындау негіздерін дәлелдеудің кейбір процедураларымен және қамтамасыз етілген міндеттемеден заңда немесе тараптар келісімінде көзделген тәуелсіз жағдайлардың туындауымен байланысты.